Клиникалық диагностикасы. Өкпе ісінуі кезеңдердің реттілігімен сипатталады:интерстициальді (жүректік астма) және альвиолярлық

Өкпе ісінуі кезеңдердің реттілігімен сипатталады:интерстициальді (жүректік астма) және альвиолярлық. Жүректік астма ұстамасы кенеттен жиі түнгі уақытта (таңға таман) дамиды. Бала мазасыз, жүрек тұсының қысып ауруына, ауа жетпеуіне, өлім қорқынышына шағымданады. Мәжбүр қалыпта: аяқтарын төмен түсірген қалпында отырады.Қою қақырықпен қинайтын жөтел мазалайды. Аралас типті ентігу.Аускультацияда қатқыл тыныс, диффузды құрғақ сырылдар.Тұрақты симтом - өсуші тахикардия ЖСЖ мен ТАЖ 3:1 қатынасында өзгерістермен. Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.
Өрістеуші процессте өкпе ісінуінің альвиолярлы сатысы дамиды. Бала жағдайы критикалық. Тері мен көрінетін шырышты қабаттарда бозғылттану дамиды да цианоз анық байқалады. Жөтелгенде ауыз қуысынан алқызыл көпіршікті қақырық бөлінеді. Тыныс беткей, жиі, қосымша бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында үлкен көлемді ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Жүрек тондары әлсіреп, галоп ритмі естіледі. Пульс жіп тәрізді, АҚҚ аздап жоғарылаған немесе қалыпты, асқынулар мен ауыр ұстамаларда төмендейді.
Өкпе ісінуінің интерстициалды сатысы бронх демікпесі ұстамасы мен диф диагностика жүргізіледі (4 кесте). Альвиолярлық сатысы - жүректік емес өкпелік ісінумен (респираторлы дистресс синдромы) жүреді. Соңғысы балалар практикасында кардиогенді түрге қарағанда жиі ұшырасып, токсикозда, ДВС синдромында, барлық шок түрлерінде, суға батуда, бензин, керосин, скипидармен улануда болады.

Балаларда кардиогенді және бронхиальді астманың дифференциалды диагностикасы.

__________________________________________________________________
Белгілері Кардиальді астма Бронхтық астма
__________________________________________________________________
АнамнезКардиальді патология Қолайсыз
аллергоанамнез,
экспираторлы ентігу
эпизоттары
Алып келуші Физикалық күштеме, стресс Аллергенмен контакт
фактор сулық күштеме ЖРВИ, қолайсыз
метеожағдай
Ентікпенің түрі Аралас типті Экспираторлы типті
Мәжбүлді қалпы Отырып, аяқтың төмен, Отырған қалпында
бастың артқа шалқайған қолдарын кереует
қалпында жанына тіреп, иек
көтеріңкі, бас алға
иілген

Ысқырықты Тән емес Бар, алыстан естіледі
тыныс
Перкуссия Тығыздалу мен қорап Өкпенің кораптық дыбысы
тәрізді дыбыс кезекпен
анықталады
Аускультацияда Қатқыл тыныс, әлсіз құрғақ Жайылған ысқырықты
және шашыранды ылғалды сырылдар
сырыл
β-агонистерінің жоқ немес мардымсыз Айқын
әсері

Жедел көмек

1. Науқасқа қоолайлы қалып жасау, жартылай отырып, аяқтарын төмен түсірген қалпында. Аяқтарына (саны) веналық қанды 15-20 мин тоқтану үшін ширақ (жгут) салуға болады. (Дистальді артерияда пульс сақталуы керек!) Келесі дәрежесінде ширақты аздап босату керек.
2. Жоғары тыныс жоллдарыеның өтімсіздігін қалпына келтіру, ауыздан шырыштарды марлылық тампонмен алып тастау.
3. 100% ылғандандырылған оттегімен оксигенотерапия
4. Көпіршіктің пайда болуын алдын алу мақсатындат 30% этил спирті немесе 2-3 мл 10 % антифомсилан спирттік ерітіндісінен 15 мин оттегі өткізіп ингаляция жүргізу
5. Анық емес өепелік іркілісте, АҚҚ жоғарылаған немес қалыпты болғанда тағайындалады.
- нитроглицерин 1/2 - 1 таблетка тіл астына
- 1% ерітіндісі 0,1-0,2 мл/кг б/е немес к/і жылдам әсері болғанша 15-20 минутта осы препаратты қайта енгізу
- 0,5% седуксен ерітіндісі 0,02-0,05 мг/кг (0,1-0,3мг/кг) б/е немес к/т (2 жастан жоғары тыныс тежелгенде)
6. Аққ төмендегенде 3% прездизолон ерітіндісін 2-3 мг/кг к/т жылдам
7. Өкпе ісінуінің өрістеуші клиникасында, АҚҚ деңгейіне қарай кардиотоксикалық ем жүргізу.
АҚҚ төмендеген және миокардиальді жеткіліксіздіктің гипокинетикалық түрінде.
- допамин 3-6 мкг/кг мин дозада к/т титрлеп немес добутамин (добутрекс) 2,5-8 мкг /кг мин дозада к/т титрлеп енгізу
-поляризациялаушы қоспа (10% глюкоза ерітіндісін 5 мл/кг, панангин 0,5-1,0 мг/өмір жасына, инсулин 1ХБ 5 г құрғақ зат) к/т тамшылатып енгізу
- гемодинамика тұрақталғанда жүрек гликозиді: дигоксин 0,03 мг/кг қаныққан дозада жаймен (3 тәуліктк 1 тәулік 50% қаныққан дозада 3 рет 8 сағат сайын, 2 тәулік қаныққан дозада 2 рет 12 сағат сайын) к/т немес ішке; терапевтік әсерге жеткеннен кейін орта дозада 1/5 қаныққан дозада 2 рет 12 сағат сайын.
АҚҚ жоғарылағанда және миокардиальді жеткіліксіздіктің гиперкинетикалық түрінде:
- нитроглицерин 0,1-0,7 мкг/кг мин к/т титрлеп енгізу
- 0,25% дроперидол ерітіндісі 0,1 мл/кг дозада к/т немесе б/е
- 5% пентамин ерітіндісі балаларға 1-3 жаста 1-3мг/кг 3 жастан жоғары 0,5-1 мг/кг немес 2% бензогексоний ерітіндісі 1-3 жаста 0,5-1,5 мг/кг, 3 жастан жоғары 0,25-0,5 мг/кг дозада к/т (1 рет қолдану АҚҚ 40% дейін төмендетуге болады).
8. Ауыр жағдайда, жүрек тоқтауы және тыныс жоқтығында трахея интубациясы және ЖӨЖ-ге қосу көрсетіледі.
Госпитализация тез арада қарқынды терапмия және реанимациялық бөлімде жүргізіледі. Тасымалдау оксигенотерапия мен жартылай отырған қалыпта жасалады.

Ентікпе- цианотикалық ұстама
__________________________________________________________________
Ентікпе-цианотикалық ұстама - туа пайда болған жүректік көк типті ақауы бар балалардағы гипоксиялық ұстамасы, жиі Фалло тетрадасы мен оң жүрекшенің шығу жолындағы спазмында болады.
__________________________________________________________________

Ұстамалар бала өмірінің алғашқы жылдарында 4-6 айдан 3 жылға дейін дамиды.

Наши рекомендации