Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары

Тыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жіктелуі

Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары - student2.ru

І. Этиологиясы вирустар

1. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар: Тұмау, парагрипп, аденовирустар, РС вирустар, риновирустар, реовирустар

2. Ұшықты инфекциялар: Жұқпалы мононуклеозі, цитомегаловирусты инфекция, желшешек, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық - антропоноздар, (маймыл шешегі, сиыр шешегі-зоонозды инфекциялар).

ІІ. Этиологиясы бактериялар: Күл, көкжөтел, скарлатина, алапес, легионеллез, стафилококкты, стрептококкты, пневмококкты, гемофильді, микоплазмалы инфекциялар, хламидиоздар, пневмохламидиоз - антропоноздар, туберкулез-антропозооноз, орнитоз-зооноз.

· Жедел респираторлы вирусты инфекциялар және тұмау

Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.

Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері:

· Таралу жолының жеңіл болуы.

· —Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары.

· —Қызылша,қызамық,желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары.

· —Бұл аурулар эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.

· —Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді.

ЖРВИ тобына кіреді

§ грипп;

§ парагрипп;

§ аденовирусты инфекция;

§ риновирусты инфекция;

§ RS- немесе респираторлы-синтициальді инфекция;

§ реовирусты инфекция;

§ Микоплазмалық инфекция және т.б

Тұмау инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайтын ,тыныс алу жолдарын жедел зақымдайтын ауру. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән.

Тұмау ( грипп) вирусының этиологиясы –РНК құрылымды, үш типті ( А,В,С ), екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.

Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары - student2.ru

Инфекцияның таралу көздерi:

§ —әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде — 25 күн және одан көп;

§ —вирус тасушылар (аденовирусты инфекция).

Берiлу жолдары:

§ —(негiзгiсi ) ауа-тамшы;

§ —Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар);

§ —алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде)

§ —Маусымдық — күзгi-қысқы.

§ —Жоғары қабылдағыштық.

§ —Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.

Алдын-алу шаралары:

—1.Денені шынықтыру

—2.Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек.

Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады

§ Гриппан (Россия) б/е;

§ Флюарикс (Бельгия) б/е;

§ Инфлювак (Нидерланды) б/е;

§ Бегрубак (Германия) б/е;

§ Заксикгрипп (Франция) б/е т.б..

Наши рекомендации