Нды қағаздардың негізгі түрлері, олардың сипаттамасы.

Бағалы қағаздың түрлері:

Эмитенті бойынша: Мемлекеттік; корпорациялық; жеке меншіктік; шетелдік

Қызмет ету мерзімі бойынша: мерзімді – бұл бекітілген қызмет ету мерзімі бар бағалы қағаздар; мерзімсіз – белгілі мерзімі жоқ бағалы қағаздар

Қызмет ету формалары бойынша: қағаздық (құжаттық); қағаздық емес (құжаттық емес) – бұл электронды жазбалар жиынтығы түрінде шығарылған бағалы қағаздар

Ұлттық қатыстылығы бойынша: отандық; шетелдік

Пайдалану типі: инвестициялық немесе капиталдық – бұл капиталға салым объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар); Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (коносаменттер)

Иемденуіне байланысты: ұсынушылық – иемденушілердің аты тіркелмейтін және олардың айналысы бір тұлғадан екінші тұлғаға қарапайым беру арқылы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар; атаулы бағалы қағаздар – иемденушінің аты болатын және арнайы реестрде тіркелетін бағалы қағаздар; ордерлік – бұл беру жазбасы жолымен басқа тұлғаларға берілетін бағалы қағаздар; Беру жазбасы – индоссамент

Шығарылу нысанына қарай: эмиссиялық – бұл ірі сериялармен үлкен көлемде шығарылатын және әрбір серияның ішіндегі бағалы қағаздар біртекті болатын бағалы қағаздар; эмиссиялық емес – бір данадан немесе шағын сериялармен шығарылатын бағалы қағаздар

Меншік нысанына қарай: мемлекеттік – мемкелеттік органмен шығарылатын бағалы қағаздар; мемлекеттік емес – корпорациялар, банктер мен компаниялар шығаратын бағалы қағаздар

Тәуекел деңгейі: тәуекелсіз – бұл пайдалану тәуекелі болмайтын бағалы қағаздар. Әлемдік тәжірибеде оларға қысқа мерзімді мемлекеттік қарыздық міндеттемелер (1-3 ай) қарыздық векселдер жатады; тәуекелді бағалы қағаздар, тәуекел деңгейіне қарай:

-төменгі тәуекелді (мемлекеттік б.қ.)

-орта тәуекелді (корпорациялық облигациялар)

- жоғары тәуекелді (акциялар)

Табыстылығына қарай: табысты табыс әкелетін; табыссыз табыс әкелмейді

Эмитент міндеттемелері: үлестік; борыштық;тауарды иелену құжаты.

Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:

а) ақшалай бағалы қағаздар;

б) капиталды бағалы қағаздар.

Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.

Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

• қарыздық бағалы қағаздар;

• инвестициялық бағалы қағаздар.

Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

• қорлы бағалы қағаздар;

• саудалық бағалы қазаздар.

Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

• нарықтық бағалы қағаздар;

• нарықтық емес бағалы қағаздар.

Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

• негізгі (акция, облигация);

• көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;

• туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

• жәй акциялар;

• артықшылығы бар акциялар.

Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады. АҚ-ның заңдылығына сәйкес келесі акция түрлері шығарылады:

Наши рекомендации