Тарау. Зертханада терең микоздар қоздырғыштарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

119. Мицелиалды фазадағы өсірінділермен әрекет жасау, грибоктардың өміршеңдігінің барлық фазаларын зерделеу БҚБ-да жүргізіледі.
120. Егер жұмыс кезінде бокста ауаны сору тоқтап қалса, онда жұмыс та бірден тоқтатылады. Аптасына кемінде бір рет бокстың ауасына бактериологиялық зерттеу, сүзгіштің жұмысына айына бір рет бақылау жүргізіледі.
121. Мицелиалды фазадағы өсірінділерді егу бокстарда физиологиялық ерітіндімен немесе сорпамен түтікке және матрасқа алдын ала енгізгеннен кейін жүргізіледі. Өсірінділер шайындысы барысында сұйықтықты матрасқа ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. Өсірінділерді металл сыйымдылықтарда инкубациялайды.
122. Грибоктардың мицелиалды фазасымен жұмыс істеу кезінде агар пластинкаларын себінділерімен 5 тәуліктен аспайтын уақытқа (спора пайда болғанға дейін) термостатта ұстайды, себінділері бар матрастарды, түтіктерді бокстан тыс жерде ашпайды. Бокстарда себінділерді қарау 4 типті костюммен, мақта-дәке бетпердесін киіп жүргізеді. Грибоктардың ашытқы фазасымен жұмысты бокста бетпердемен 3 типті костюммен, серологиялық зерттеуді – 4 типті костюммен жүргізеді.
123. Грибок жүзгіндерінің жасушалық элементтерін есептеу алдында автоклавтайды немесе 10% дейінгі формалинді қосады және термостатта 37оС температурада 2 сағат ұстайды.
124. Антигендерді, вакциналарды алу мақсатында өсірілген грибоктарды 30 минут бойы 0,5 атмосфера жағдайында немесе формалинді ақырғы шоғырлануына дейін 0,5% қоса отырып, автоклавтау арқылы залалсыздандырады.

Тарау. Зертханаларда паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

125. Ішінде стробила, онкосфера, жұмыртқалар, құрттар, ересек гельминттер мен ішек қарапайымдылары болуы ықтимал материал тығыз жабылатын қақпағы бар шыны немесе пластикалық ыдыста жеткізіледі.
126. Гельминттердің, ішек қарапайымдыларының және қан паразиттерінің болуына зерттеуді және дайындауды копроовоскопия, байыту және перианальді қырынды әдісімен ауа шығару шкафында жүргізеді. Байыту әдістерін қолдану арқылы зерттеуге арналған зертханалық ыдыс кюветте орнатылады. Зерттеу үшін дайындалған препараттар арнайы подностарға қойылып, жағындылар бар заттық шынылардың астына көлемі үлкен шыныларды салады.
127. Зерттелетін материалмен, ыдыспен, жабдықпен жасалатын барлық әрекеттер резеңке қолғаппен жүргізіледі.
128. Пайдаланылған тамшуырлар, түтіктер, капиллярлар, заттық және жабынды шынылар дезинфекцияланады.
129. Гельминттерді жұқтыруы ықтимал материал жеке тоңазытқышта сақталуы тиіс, ол жұмыс күнінің соңында сүргіленеді.

Тарау. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жүргізілетін жұмысқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

130. Меншік нысандарына, ведомстволық тиістілігіне қарамастан зертхананың (бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, молекулярлық-биологиялық, иммундық-биологиялық) патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жүргізілетін жұмысқа санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі тиісті комиссияның рұқсаты болуы керек.
131. Биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – режімдік комиссия) туралы ережені және орталық режімдік комиссияның құрамын халықтың санитариялық-ээпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.
132. Патогендігі І-ІV топтардың микроорганизмдерінің сыныптамасы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
133. Рұқсат мынадай микроорганизмдермен:
1) патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдеріне және гельминттерге: ғылыми-зерттеу институттарына (Ғылыми орталық), облыстық, қалалық (Астана, Алматы) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына, обаға қарсы күрес станцияларға, сондай-ақ республикалық маңызы бар басқа ведомстволардың мекемелеріне – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органының орталық режімдік комиссиясы (ОРК);
2) патогендігі ІІI-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен: облыстар, қалалар мен аудандардың аумақтарында орналасқан зертханаларға – облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы жанындағы тиісті режімдік комиссия ғылыми-зерттеу, тәжірибелік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге беріледі. Режімдік комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары енеді.
134. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс жүргізуге рұқсат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес қағидаларға 10-қосымшадағы нысанға сәйкес беріледі:
1) 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) зертхананы оның бейініне сәйкес режімдік комиссия мамандарының тексеру актісі;
3) зертхананың бейініне сәйкес сарапшыларының қорытындысы;
4) орындалатын зерттеулер номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіби дайындығы көрсетілген түсіндірме жазба.
135. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдері мен гельминттердің қоздырғыштарын жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізуге берілетін рұқсаттың шарттары мыналар болып табылады:
1) мамандардың жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтуі;
2) профилактикалық егулер алуы (қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесі бойынша, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілген егулер жүргізу ережесіне сәйкес және жоспарлы егуге жататын халықтың топтары бойынша);
136. Патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе оларды жұқтыруы ықтимал биологиялық материалмен жұмыс істеуге берілетін рұқсаттың шарттары мыналар болып табылады:
1) қызметкерлердің эпидемиология, бактериология, вирусология, паразитология және аса қауіпті инфекциялар бойынша маманданудан өтуі;
2) патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе оларды жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік техникасын білуіне, ұйым басшысының бұйрығымен ресімделген мерзімдік (екі жылда бір реттен жиі емес) аттестаттаудан өтуі.
137. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің үй-жайларға тұрақты баруына зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша олар арнайы нұсқамадан өткеннен кейін ұйым басшысының өкімімен рұқсат беріледі.
Олар келген кезде зертханада жұқпалы немесе жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс тоқтатылады. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің үй-жайларды аралауы зертхана қызметкерінің біреуі ілесе жүруімен жүзеге асырылады және арнайы журналда еркін нысанда тіркеледі.

Наши рекомендации