Гастроэнтерология, гематология

Марат Оспанов атындағы БҚММУ

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІ

ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

ІШКІ АУРУЛАР» пәні

ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ, ГЕМАТОЛОГИЯ

1. Қай ауруда қарында, қарын сөлі қалыптан тыс көбірек бөлінеді?

2. Қай ауруда өңеш көлеңкесінің бірқалапты кеңеюі кездеседі?

3. Қарынның қатерлі ісігінде кілегейлі қабық қатпарларының рельефі қандай болып көрінеді?

4. Жара ойығы (ниша) қарынның кіші иінінде қандай болып көрінеді?

5. Тостағанша тәріздес қатерлі ісіктің рентгендік суреті қандай?

6. Жара ойығы (ниша) кілегейлі қабықтың рельефінде қалай көрінеді?

7. Өңеш көлеңкесінің ықшамдалған жерде үшбұрышты кеңеюі қай ауруға тән?

8. Өңеш кілегейлі қабаты рельефінде көптеген, сопақша пішінді жарықтанулардың пайда болуы қай ауруда кездеседі?

9. Ішектің өтпей қалуына қандай рентгендік белгі тән?

10. Жараның тесілуіне (перфорация) тән рентгендік белгі:

11. Қарынның кіші иінінде, жараның қабыну валы қалай көрінеді?

12. Кішкентай, дөңгелек пішінді (0,5-2 см) шеттері тегіс, толу дефектісі қарынның қай ауруына тән?

13. Қабыну валы рельефте қалай көрінеді?

14. Кілегейлі қабық қатпарларының конвергенциясы дегеніміз не?

15. 12-елі ішектің дивертикуласы қай жерде жиі кездеседі?

16. Спленомегалияда бірінші реттік қолданатын әдіс:

17. Лимфомалардың ерте рецидивтерін бағалайтын әдіс:

18. Спленопотография не үшін жасалады?

19. Не себепті 1 жасқа дейінгі балаларда УДЗ кезінде айырықша безді анық визуализациялауға мүмкіндік бар?

20. Тимомегалияның рентгенологиялық белгілері:

21. Тимоманың рентгендік белгілері:

22. Лимфоангиография кезінде қандай рентгенік контрасты зат қолданылады?

23. Балаларда лимфотүйіндерінің ірінді емес қабынуының эхографиялық белгілері:

24. Лимфа түйіндерінің ірінді қабынуының эхографиялық белгілері:

25. Қандай зерттеу әдісі талақ ауруы туралы нақты мәлімет береді?

26. Талақ ангиографиясы қандай жағдайда қолданылады?

27. Лимфа түйіндерінің қай тобы рентгенологиялық әдіс арқылы жақсы көрінеді?

28. Лимфатүйіндерінің ең көп мағлұмат беретін зерттеу әдісі:

29. Балаларда ірінің алғашқы айларында айырша безді зерттеудің негізгі әдісі:

30. Қаптал проекциялы рентгенограммада тимус қай жерде орналасады?

31. Емханаға төс артының қызып ауыруына, оның физикалық күштемемен байланысты еместігіне және тамақтанғаннан кейін дереу пайда болатынына, ауыру сезімі нитроглицерин ішкеннен басылмайтындығына шағымданып келген науқасқа аспаптық зерттеуден кейін гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, 2 дәрежесі диагнозы қойылды. Осы науқасты емдегенде қай антисекреторлы дәріні таңдайсыз?

32. Денеге түсетін салмақпен анық байланысы жоқ, тамақ ішкеннен кейін бірден пайда болатын және нитроглицерин қабылдағаннан кейін тоқтамайтын төссүйектің артындағы шыдатпайтын ауру және қыжылға шағымданып емханаға келген ауруға аспаптық тексеру кезінде соңғы диагноз қойылды: 2 дәрежедегі гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру және сөл шығаруға қарсы зат ретінде бейтараптау және сөл шығаруға қарсы заттар тағайындау шешімі қабылданды. Бұл жағдайда қандай препаратты таңдайсыз?

33. Науқас 52 жаста, төс астының түнде және аш қарынға ауырып, тамақ ішкенде басылатынына шағымданады. Ауыру сезімі кейде тұйық, тамақтанғаннан кейін эпигастрдың оң жақ аймағы ауырлап тұратыны мазалайды. Қыжылдау және қышқыл дәммен кекіру болады. Осы шағымдардың пайда болғанына жарты жылдай уақыт өтті. Эндоскопиялық зерттеуден өтті. Атрофиялық гастрит белгілері бар деген шешім қабылданған. Амбулаторлы терапевт созылмалы гастрит диагнозымен емдеген, бірақ айтарлықтай көмегі жоқ. Қарап тексергенде: дене тұрқы қалыпты. Тілі таза, ылғал. Іші жұмсақ, пальпацияда іштің локальді қатайған жерлері анықталмайды. Терең пальпацияда эпигастр аймағының оң жағында локальді ауыру сезімі бар. Бауыр, өт жолдарының, ұйқы безі, көк бауыр, және ішектерде еш симптомдар байқалмайды. Үлкен дәреті іш қатуға бейім, зәр бөлінуі қалыпты. Жалпы қан, зәр анализдері, копрограмма өзгеріссіз. Бауыр сынамалары да қалыпты.

Жүргізілген зерттеулер барысында айтарлықтай макроскопиялық өзгерістер анықталмады, тек асқазанның антральді бөлігінің шырыш қабатында гиперемия бар, сол жерден биопсия алынды. Гистологиялық зерттеу шырыш қабатта лимфоцитарлы және макроциталы инфильтрация бар, атрофия белгілері жоқ, НР ++. Іш құрылыстарының УДЗ зерттеуінде өзгеріс жоқ.

Науқасқа НР-ассоцияланған созылмалы антралді атрофиялық емес гастрит, өршу кезеңі диагнозы қойылды.

Төмендегі келтірілген ем әдістерінің ішінен осы науқасқа тиімдісін таңдаңыз:

34. Шағымдары, анамнезі, объективті қарау және ректороманоскопия, ирриго- және колоноскопия зерттеулері мәліметтерінің , сол сияқты гистологиялық зерттеу мәліметтерінің негізінде диагностикалаудың III Римдік критерилерін ескере отырып науқасқа қорытынды диагноз қойылды: Аралас тітіркенген ішек синдромы. Төмендегі дәрілердің қайсысын патогенетикалық тұрғыдан негізделмеген деп ойлайсыз?

35. Науқас 23 жаста. Күніне 10 ретке дейін қан және шырыш араласқан жиі сұйық үлкен дәрет, көбінесе түнгі уақытта және таңертең мазалайды, тамақ қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, ол үлкен дәреттен кейін азаяды, жүдеу, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік мазалайды. Бір рет дене қызуы 380 -қа дейін көтерілді. Өзін 1 аптадан бері ауру сезінеді. Бұдан 2 ай бұрын коньюнктивитті емдеп пероралды және жергілікті антибактериалды ем қабылдаған.

Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Тері жабындылары мен шырыш қабықтар бозғылт түсті. Іші кебіңкі, іштің пальпациясы мен аускультациясында ішектер шұрылы күшейген, сигма тәрізді және соқыр ішек маңында, кіндік маңында ауыру сезімдері бар. Шағымдары, анамнезі, объективті қарап тексеру мәліметтерінің негізінде Арнайы емес ойық жаралы колит, Крон ауруы диагнозы қойылды.

Колоноскопияда сигма тәрізді және тік ішек шырыш қабаттарының эрозивті жаралы зақымданғандығы, гиперемияланған шырыш қабатының контактті қанағыштығы байқалады. Эзофагогастродуоденоскопияда патология жоқ. Арнайы емес ойық жаралы дистальді колит, орташа ауырлығы диагнозы қойылды

Пациентіңізді емдеуге қандай дәріні таңдайсыз:

36. Шағымдары, анамнезі, объективті қарау және ректороманоскопия, ирриго- және колоноскопия зерттеулері мәліметтерінің, сол сияқты гистологиялық зерттеу мәліметтерінің негізінде науқасқа қорытынды диагноз қойылды: Арнайы емес ойық жаралы тотальді колит, орташа дәрежелі ауырлықта, түінді эритема және олигоартрит түріндегі жүйелі көріністермен. Алғашқы базисті терапия үшін осы науқасқа қандай дәрілер беру керек?

37. 25 жастағы науқасты осыдан бір ай бұрын гастроэнтерологиялық бөлімге келгенінде жиі, қан аралас сұйық үлкен дәреттің пайда болғандығын, мықын аймағы мен кіндік маңының толғақ тәрізді ауыру сезімімен болатынын айтты. Кешке дене қызуы 37-37,50 көтеріледі. Үйінде левомицетин және мезим форте қабылдаған. Жағдайы жақсармады.

Қарап тексергенде: жүдеу. Дене қызуы = 37,20. Іші жұмсақ, мықын аймағы мен кіндік маңында ауыру сезімі бар, бауыры және көк бауыры ұлғаймаған. Мықын ішекте ісінген және ауыратын соқыр ішектің медиальді жағында шұжық тәрізді, аз қимылдайтын, ұстағанда ауыратын инфильтрат анықталды. Шұғыл жасалған қан анализінде аздаған лейкоцитоз бар. Илеоцекальді бұрыштың зақымдануымен Крон ауруы диагнозы қойылды. Гастроэнтерологиялық бөлімге жатқызылып колонофиброскопиямен соқыр ішек және мықын ішектің терминальді бөлігі қаралды. Қаралған бөліктердің шырыш қабаты қалыңдаған, грануляциялармен қоршалған афтозды эрозиялар және бірең-сараң терең сызықты жаралар бар, беттері шырыш пен іріңмен қапталған. Биоптатты гистологиялық зерттеуде шырыш асты қабатының қабыну-жасушалы инфильтрациясы, құрамында Лангганс гигант жасушалары бар түйіндер анықталады. Науқасқа қорытынды диагноз қойылды: Соқыр ішек және мықын ішектің терминальді бөлігі зақымданған Крон ауруы, созылмалы ағымды. Алғашқы негізгі ем кестесіне төмендегі қай дәрілерді қосасыз?

38. Науқас 42 жаста клиникалық, биохимиялық, серологиялық және аспаптық зерттеулер барысында cозылмалы С гепатит, жоғары дәрежелі белсенділік, компенсация диагнозы қойылды. Осы науқасты емдеу үшін дұрыс дәріліер терапия кестесін таңдаңыз:

39. Науқас 15 жаста, сарғаюға, буындарының ауыруына, дене қызуының 38,5°С-дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Сарғаюға дейінгі кезеңде астено-вегетативті синдром, анорексия байқалған. Жедел вирусты гепатитпен инфекциялық стационарға жатқызылды. Қарап тексергенде: терісі және шырыш қабаттары сарғайған, кеудесінің және арқасының терісінде "қан тамырлық жұлдызшалар" бар, бетінде геморрагиялық пурпура. Бауыр қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, пальпацияда ауырады. Көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде - жеңіл дәрежелі анемия (Нв = 90 г/л), ЭТЖ=55 мм/сағ. Биохимиялық анализінде: тимол сынағы - 16 ед., ?-глобулины - 40,2%, трансаминаз белсендігі 5 есеге көбейген, Жалпы билирубин - 35,5 мкмоль/л (тікелей - 25,5 мкмоль/л, тікелей емес - 10 мкмоль/л). LE-жасушалары жоқ, вирусты гепатиттің серологиялық маркерлары жоқ.

Шағымдары, анамнезі жалпы қарап тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа: аутоиммунды гепатит I тип диагнозы қойылды. Ол диагнозды тегіс салалы бұлшық етке және антиядролық антигендерге антиденелер титрінің жоғары болуы дәлелдеді.

Осы науқасты емдеуге қандай дәрілер бересіз?

40. Науқас 56 жаста, терінің қышынуымен, сарғаюмен, оң қабырға астының ауыруымен, жауырын аралығы мен иықтарында қара түсті дақтарының пайда болуымен ауруханаға түсті. Анамнезінде: 7 жыл бұрын жауырын аралығы мен иықтарында пигментация пайда болған. 3-4 жылдан бері терінің қышынуы мазалайды. Дерматологтарда емделгенімен еш көмегі болмады. Соңғы кездері терінің қышынуы күшейіп, сарғаю пайда болды. Анализдерінде: тікелей фракциясына байланысты гипербилирубинеми, СФ мен ГГТП өте жоғарылаған, трансаминазалар деңгейі аздап жоғарылаған. Болжам диагноз: Бауырдың біріншілік циррозы. Осы науқасқа қандай дәрілерді міндетті түрде тағайындау керек?

41. Науқас 42 жаста клиникалық, биохимиялық, серологиялық және аспаптық зерттеулер барысында Созылмалы белсенді В гепатит диагнозы қойылды. Осы науқасты емдеу үшін дұрыс дәрілер терапия кестесін таңдаңыз:

42. Науқас Б., 16 жаста, лимфоаденопатиямен, айқын әлсіздікке шағымданады. ЖҚА.: Эр. 2,5 х 1012/л; Нв = 79 г/л, ЦП = 0,8; лейк. = 6,1 х 109/л, в лейкограмма - бласттар - 85%, лимфоцит - 10 %, с/я - 5 %, тромбоцит - 100 х 109/л. Миелопероксидаза мен липидтерге цитохимия - теріс, Шик-реакция – түйіршіктер түрінде оң.Емдеу кестесін тағайындаңыз:

43. Науқас А., 53 жаста., ветеринар, айқын спленомегалиямен ауруханаға түсті. ЖҚА: Эр. 3,2 х 1012/л; Нв = 98 г/л, ЦП = 0,9, лейкоцит 120 х 109/л, промиелоцит = 12%, миелоцит - 10%, п/я - 12%, с/я - 32%, лимф. - 19%, баз. - 7%, эоз. - 8%. СОЭ - 42 мм/с. Райта және Хеддельсона реакциясы - теріс. Қандай ем шараларын қолданасыз:

44. Науқас Р., 25 жаста, бала кезінен тізе, шынтақ буындарының артрозымен науқастанады, мұрнынан жиі қан кетеді, анамнезінде – бұлшықеттер аралығында гематомалар анықталады. Шешесі жағынан тыс ағасы да осылай ауырған, миына қан кету салдарынан өліп кеткен. ЖҚА-өзгеріссіз, тромбоцит - 220,0 х 109/л; АЧТВ - ұзарған, Ваалер-Розе реакциясы - теріс. Ем шарасын таңдаңыз:

45. Науқас К., 36 жаста, денесінде петехиальді-дақты бөртпелер пайда болды, мұрнының және қызыл иектерінің қан ағыштығы мазалайды. Көк бауырдың шеті пальпацияланады. Қан анализінде - Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоцит 4,5 х 109/л, лейкоформула - өзгеріссіз, тромбоцит 12 х 109/л, қан ағу уақыты ұзарған. Ауруды алғаш анықтағанда қандай ем тағайындайсыз:

46. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі салдарынан дамыған анемияда (НВ - 70 г/л), нені қолдануға болады:

47. Фоль-тапшылықты анемияның емінде қолданады:

48. Науқаста себебі белгісіз мегалобласты анемия анықталғанда емді қай дәріден бастау керек.

49.В12 жетіспеушілік анемиямен ауыратын науқасқа В12 витаминін тағайындағанда ретикулоцитоздың пайда болатын уақыты:

50. 49 жастағы науқас, 5 жыл бұрын асқазан жарасының тесілуі себебінен қан кетуіне байланысты операция жасалған. Сол жақ эпигастрий аймағында бұрынғы жара ауруындағы сияқты ауырғандық бар. Ауырғандық күшейгенде құсу анықталады, жүдеген. Консервативті ем нәтижесіз. Нәжісте Грегерсен реакциясы (+++). Ауруда не болуы мүмкін:

51. 45 жасар науқас тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, ауамен кекіруге, кезеңді ішінің шұрылдауына, нәжісінің тұрақсызданғанына шағым айтады. Соңғы жылы 3 кг-ға жүдеген. Терісі құрғақ, бозғылт, тырнақтары сынғыш. Тілі ақ жабындымен жабылған. Эпигастрий аймағында жайылмалы ауырғандық бар. АҚҚ с.б.б. 100/60 мм тең. ФГДС-те: асқазанның кілегейлі қабаты жұқарған, атрофияланған, қыртыстары тегістелген. Асқазан қуысында көп мөлшерде кілегей бар. Қалтқы үңірейіп тұр, асқазан перистальтикасы әлсіз. Сіздің болжам диагнозыңыз:

52. Бауыр циррозы созылмалы гепатиттен ажыратылады:

53. 53 жасар науқас ас ішкеннен кейін 15-20 минут өткен соң эпигастрий аймағында пайда болатын ауырғандыққа шағым айтады. Ауырғандық жүрек тұсына тарайды, кекіру, кейде құсумен бірге жүреді. Ауырғандық синдромының күштілігі әлсіздеу. 3 жылдан бері ауырады. Бұдан бұрын тексерілмеген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

54. Асқазан жара ауруы диагнозын қоюда ең информативті тәсіл:

55. Науқас 30 жаста, бір ай бұрын қансыраған он екі елі ішек жарасына операция жасалған. Жедел түрде үйінен ауруханаға жеткізілген. Көп тамақ ішкеннен кейін 30 мин. өткен соң жүрек соғу, бас айналу, малшынып терлеу, ортостатикалық гипотония пайда болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады:

56. Демпинг-синдромы бар науқасты тексергенде қанның биохимиялық анализінде өзгеріс табылуы мүмкін:

57. Портальды гипертензия кездеседі:

58. Науқас алкоголь қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсты, соңғы құсық ал қызыл қан аралас болып келді. Сіздің болжам диагнозыңыз:

59. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың асқынулары қандай ағзаларда жиірек кездеседі:

60. «Бауыр үстілік сарғаюы» дегеніміз:

61. 53 жастағы науқасты 2-3 айдан бері тамақ ішкеннен кейін жарты сағаттан соң физикалық күш түскенде және денесі иілгенде, жүрек аймағына таралатын төстің семсерше өсіндісіндегі күйдіріп ауырғандық мазалайды. Ауырғандық алмагель қабылдаумен басылмайды. Сонымен қатар ауамен кекіру, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексергенде: контраст массасының асқазаннан өңешке рефлюксі анықталған. Барлық аталғандар күмән туғызады:

62. Диафрагмальды өңеш тесігінің жарығына тән симптомдарды тудыратын патологиялық механизмдерге жататындар:

63.Диафрагманың өңеш тесігінің жарығында болатын ауырғандықты басу үшін өте нәтижелі:

64. 40 жасар науқас оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі және ауырғандыққа, дене қызуының 380С-ға дейін жоғарылауына, буындарындағы ауырғандыққа, етеккірінің жоқтығына, терісінің сарғаюына шағым айтады. Қарағанда: терісі және склерасы сарғайған, пальмарлы эритема, «тамыр жұлдызшалары», гепатоспленомегалия анықталады. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ – 52 мм/сағ., Нв – 92 г/л, эр. 2,5х1012/л, LE клеткалары 1/128 титрінде, ядроға қарсы антиденелер анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

65. Созылмалы аутоиммунды гепатит диагнозын қою үшін жетекші әдісті таңдаңыз:

66. Созылмалы аутоиммунды гепатиттегі холестатикалық синдромда анықталады:

67. В вирусты гепатитте бауыр энцефалопатиясының дамуының ерте белгілері:

68. Төменде аталғандардың БІРЕУІ асқазан жарасының асқынуларына ЖАТПАЙДЫ және оперативтік емге көрсетпе болып САНАЛМАЙДЫ:

69. Холат-холестерин коэффициенті азайғанда қандай ауруларға бейімділік болады:

70. Асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің фиброэндоскопиясын өткізуге ҚАРСЫ көрсетпе болады:

71. 38 жасар ер адамда 6 ай бойы айқын қышқыл сұйықтықпен кекіру, қыжылдау мен түнгі уақытта төс артында күйдіру мазалайды. Дене салмағы азаймаған. Физикалық тексеру патология анықталған жоқ. Зардап шегудің ең ықтимал себептері:

72. Қыжылдауға анықтама беріңіз:

73. «Бауырастылық сарғаю» түсінігіне анықтама беріңіз:

74. Мейо-Робсон симптомы қандай ауруда кездеседі:

75. Жара ауруы бар науқаста қалтқы стенозымен асқынғанда қандай жетекші симптом анықталады:

76. Науқаста В12-зәрулік анемия дамуының мүмкін патогенетикалық даму факторлары қандай:

77. Тұқым қуалайтын ферментопатиядан туындаған гемолитикалық анемия қандай тұқым қуалау типіне жатады:

78. 17 жасар науқаста ерте балалық шақ кезінен оқтын-оқтын тері жамылғысының сарғыштығы пайда болған. Қарағанда: бас сүйегінің («бас мұнарасы») деформациясы, микро-офтальмия, «биік» таңдай, спленомегалия. Бауыры мен лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қан анализі: Нв – 100 г/л, эр. 3,2х1012/л, ретикулоциттер – 3,6%, лейк. 5,2х109/л, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Қан жұғындысының микроскопиясында микросфероцитоз анықталған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

79. Қанаудың васкулярлы-пурпуралық түрі тән:

80. 20 жасар ұлты әзербайжан ер адам, баспамен ауырып бисептол тағайындалды. 3-ші тәулікте зәр түсінің күңгірттенуі, склерасының сарғаюын байқаған. Дәрі қабылдауын жедел тоқтатқан, бұрын дәріден соң мұндай құбылыстар болып тұрған. Тексергенде талағы аздап ұлғайған. Қан анализінде: Нв – 115 г/л, эр. 3,9х1012/л, ретик. – 24%, лейк. 12х109/л, нейтрофильдер: т/я – 6%, с/я – 71%, лимф. – 17%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Болжам диагнозы:

81. Жедел постгеморрагиялық анемияға тән белгілерді көрсетіңіз:

82. 32 жастағы науқас әйелді соңғы 1 жыл ішінде денесі мен аяқ-қолдарының терісінде көлемі әртүрлі «көгерулер» түріндегі қан құйылулардың пайда болуы мазалайды. Онымен бір мезгілде етеккір көлемі көбейіп, ұзаққа созылған. Қан анализі: Нв – 106 г/л, эр. – 3,6х1012/л, лейк. – 6,2х109/л, т/я – 2%, с/я – 70%, лимф. – 20%, мон. – 8%, ЭТЖ – 26 мм/сағ., ретик. – 6%, тромб. – 34х109/л. Қараған кезде «көгерген» түрдегі терілік геморрагиялардан басқа патология табылған жоқ. Болжам диагноз: идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура. Қандай белгілер идиопатиялық аутоиммунды тромбоцитопенияға тән:

83.Науқас А., 18 жаста жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, дене қызуының 37,50С-қа көтерілуіне, терідегі ұсақ қан құйылуларға, сүйектердегі сыздап ауырғандыққа шағым айтады. 2 аптадан бері ауырады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бозарған, кеуде және аяқ-қол терісінде ұсақ қан құйылулар бар. Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері сипағанда ұсақ, эластикалық. Күйлілігі орташа. Төсті басқанда ауырсынады. Жүрек тондары тынықталған, тахикардия. Қанда: Нв – 100 г/л, эр. – 3,1х1012/л, т. к. – 0,9, тромб. – 90х106/л, лейк. – 25,0х109/л, Э – 1%, т/я – 4%, с/я – 33%, Л – 18%, М – 7%, бласттар - 37%. Зәрде өзгеріс жоқ. Сүйек миы пунктатында бласттар – 78%. Сіздің диагнозыңыз:

84. Төмендегі аурулардың қайсысына қанның тамырішілік себінді ұю синдромының дамуы ТӘН ЕМЕС:

85. Жас адамдарда қандай анемиялар жиі байқалады:

86. Тәбетінің бұрмалануы (борға, шикі етке құмарлық) тән:

87. Теміржетіспеушілік анемияны емдеуде біріншілік таңдау:

88. Верльгоф ауруын емдеуде біріншілік таңдау:

89. Жоғары ретикулоцитоз тән анемия:

90. В12 жетіспеушілікті анемияда табанның сезімталдығының төмендеуі мен жүрістің тұрақсыздығының болуы неге байланысты:

91. Буын қуысына қан құйылу ең тән:

92. 12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын 42 - жастағы әйел, әлсіздік, бас айналуы, ентігу, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастриде ауыру сезімі. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың.

Ойық жара ауруының асқынуы фонынында қандай анемия дамуы барынша мүмкін?

93. Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуі және 1 айдай темір препараттарымен емдеудңғ оң нәтиже беруі қандай ауруға барынша тән?

94. 26 - жастағы ер адам, үдемелі әлсіздікке, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 2 ай болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозарған; кеуде, іш, сан терілерінде петехия және экхимоздар. Қанында: эритроциттер - 1,8 млн., Нв - 56 г/л, ТК - 0,93, лейкоциттер - 2,6 мың, тромбоциттер - 30 мың. ЭТЖ - 50 мм/сағ. Стерналды пунктатта –майлы сүйек кемігі басым. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы барынша тиімді?

95. Мына қан анализі қандай анемияға Барынша тән: эритроциттер -1,8 х 1012 , Нв – 36 г/л, ТК – 0,9; лейкоциттер – 1,6х109/л, тромбоциттер – 5,0х109 /л?

96. 34 - жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, дем жетіспеу сезіміне шағымданады. Геморроймен ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар бар. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ - 119 рет минутына. Қанда: эритроциттер - 2,7 млн., Нв - 82 г/л, ТК -0,75, лейкоциттер - 4,8 мың, тромбоциттер - 200 мың, ЭТЖ - 17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір – 6,4 мкмоль/л. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді:

97. 30 - жастағы әйел, соңғы жарты жылдың ішінде әлсіздік, жүрек қағуы, меноррагияға шағымданады. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақта көлденең сызықтар, койлонихия. Жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоциттер - 4,2 мың, тромбоциттер - 192 мың. ЭТЖ - 16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробластар - 12%.Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсетілгендердің қайсысы Барынша ақпаратты?

98. В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына БАРЫНША тән:

99. 60-жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 104 г/л, ТК - 1,2, лейкоциттер - 2,7 мың, тромбоциттер -115 мың. ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты типті қан түзілу. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

100. Панцитопения, эритроциттер гиперхромиясы, қан жасаудың мегалобластық түрі мынаған Барынша тән:

101. Қай ауруда өңеш көлеңкесінің бірқалапты кеңеюі кездеседі?

102. Жара ойығы (ниша) кілегейлі қабықтың рельефінде қандай болып көрінеді?

103. Төмендегі көрсетілген аурудың қайсысында патологиялық процестің өзі табиғи контрастық көрініс туыдырады?

104. Жараның пенетрациясына тән рентгендік белгі?

105. Ас қорыту жүйесін рентгенмен зерттеуде қандай контрастық зат қолданылады?

106. Рентгеноскопия кезінде қарынның кілегейлі кабығы рельефін қалай көруге болады?

107. Өңештің көлемді жерде көлеңкесінің бірқалыпты тарылуы қай ауруға тән?

108. Ценкеров дивертикуласының жиі кездесетін орны:

109. Өңештің қай ауруында қабырғасының жиырылуы жоғалады?

110. Қарын жарасының (язваның) қанша морфологиялық белгілерін білесіз?

111. Өңеш пен асқазанды зерттеудің негізгі әдісі:

112. Қарынның безоары бұл:

113. Іш қүрсағында табиғаты белгісіз шұғыл ауырсыну болғанда зерттеуді бастау керек:

114. Өңештегі өсімдік тектес бөгде заттарды қалай айыруға болады?

115. Көкеттегі өңеш саңылауының жарығына қандай негізгі белгі тән?

116. Сүйек кемігін ең жақсы визуализациялауға мүмкіндік беретін әдіс қандай?

117. Сүйек кемігін зерттеуде ең алдымен қандай әдіс қолданылады?

118. Спленомегалияның жанама рентгендік белгілірін атаныз:

119. Спленомегалияның урограммадағы жаңама рентгендік белгілері;

120. Талақ инфарктісі кезінде ангиограммада нені көреміз?

121. Қосымша талақ бөлшектері УДЗ-да қалай бағаланады?

122. Іштің жарақаты кезіндегі талақтын жыртылуы қандай визуальды зерттеу әдісімен анықталады?

123. Талақ кальцинаттары қандай зерттеу әдісі кезінде жақсы көрінеді?

124. Шеткі лимфа түйіндерінің УДЗ-ге көрсеткіші:

125. Қандай лимфа түйіндерін рентгенологиялық зерттеу әдісімен визуализациялауға болады?

126. Паратрахеалды лимфатүіндерінің ұлғаюы рентгенограммада қалай көрінеді?

127. Ұлғайған бронхопульмональды лимфа түйіндерінің рентгендік көрінісі:

128. Балалардың эпифиз шеміршегін зерттейтін әдіс:

129. Сүйектегі остеолитикалық метастаздардың сипаты:

130. Сүйектегі остеосклеротикалық метастаздардың сипаты:

131. Науқас 45 жаста, ұзақ уақыт бойы қызба себебінен антибактериальді ем қабылдағаннан кейін сұйық диарея, ішінің толғақ тәрізді ауыруы, қызба пайда болды, қан анализінде – лейкоцитоз. Ректороманоскопия және сигмоскопия зерттеулерінде қабынған шырыш қабатында ақ-сары түсті зақымданған ошақтар пайда болды. Псевдомембранозды колит диагнозы қойылды. Нәжістен не анықталғанда диагноз дәлелденеді?

132. Науқас 45 жаста, ұзақ уақыт бойы қызба себебінен антибактериальді ем қабылдағаннан кейін сұйық диарея, ішінің толғақ тәрізді ауыруы, қызба пайда болды, қан анализінде – лейкоцитоз. Ректороманоскопия және сигмоскопия зерттеулерінде қабынған шырыш қабатында ақ-сары түсті зақымданған ошақтар пайда болды. Псевдомембранозды колит диагнозы қойылып, ол нәжісте Cl.difficilе анықталумен дәлелденді. Осы ауруды емдеуге төмендегі дәрілердің қайсысы қолданады?

133. Науқас 43 жаста, шағымдары: оң қабырға астының ауыруы, майлы тамақ және алкоголь ішкеннен кейін күшееді. Ауыру сезімі оң иыққа мойынға беріледі және оң қабырға астында қысым пайда болумен ұласады, ол оң бүйірінде жатқанда, алға еңкейгенде күшееді. Сонымен қатар жүрегінің айнуы, аузына ащы дәм келу, дене қызуы субфебрилді сандарға дейін көтерілуі, ашуланшықтық мазалайды. Лабораторлы-аспаптық зерттеулер нәтижесінде Созылмалы тассыз холецистит, өршу кезеңі, өт жолдарының гипомоторлық дискинезиясы клиникалық диагнозы қойылды. Осы науқасты емдеудің алғашқы күндерінде қандай дәрілерді қолдануға болмайды?

134. Науқас 46 жаста, клинико-лабораторлық және аспаптық зерттеуле нәтижесінің негізінде Созылмалы рецидивті панкреатит, сыртқы секреторлық қызметінің жетіспеушілігі, өршу кезеңі клиникалық диагнозы қойылды. Нәжісті қоректі ортаға сепкенде III дәрежелі дисбактериоз анықталды. Оның сипаты бифидо- және лактобактериялар санының азаюы, гемолитикалық және лактозонегативті эшерихиялар, патогенді стафилококктар, протей санының көбеюі түрінде болды. Дисбиотикалық бұзылыстарды реттеу үшін науқасқа этиопатогенетикалық емнен басқа не тағайындау керек?

135. Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың І дәрежесінде 4 апта бойы жүргізілетін емде келесі дәрілерді қолданады:

136. Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың ІІ және ІІІ дәрежелерін емдегенде келесі дәрілерді қолданады:

137. Руlori-мен ассоциияланған созылмалы атрофиялық емес гастриттің емі үшін дұрыс жауапты көрсетіңіз:

138. Руlori-мен ассоциияланған гастриттегі эрадикациялық емінің әсерлігін бақылайды:

139. Төмендегі дәрілердің қайсы панкреатикалық секрецияның ең күшті ингибиторы:

140. Аталғандардың қайсы пребиотиктерге жатады?

141. Аталғандардың қайсы пробиотиктерге жатады?

142. Эритремия II "А" сатысындағы негізгі ем әдісі:

143. Қан тамыр ішілік диссеинирленген қан ұю синдромының емінде қолданады:

144. Фибринолизді төмендететін заттарға жатады:

145. Қан тамыр ішілік диссеинирленген қан ұю синдромында жаңа қатырылған қан сарысуы трансфузиясының әсер ету механизмі қандай?

146. А гемофилияда геморрагиялық синдромды жою үшін қолданады:

147. Анемиялық комада, тіпті оның себебіне де байланыссыз ең маңызды болып келеді:

148. В12 витаминімен емдеудің 6-шы тәулігінде мегалобластты анемиясы бар науқастың қан анализінде ретикулоцитоз жоқ. Ол жағдайда не істеу керек:

149. Мегалобластты анемиясы бар науқаcта В12 витаминімен емдеудің 5-ші тәулігінде қан анализінде ретикулоцитоз жоқ болған жағдайда не істеу керек?

150. 45 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін басталып, алға еңкейгенде күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, кекіру, құсу және спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін азаятын ауыру сезіміне шағымданады. Рентгенде асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы және диафрагманың өңеш тесігі тұсында асқазан пішінінің деформациясы анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

151. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

152. 72 жастағы әйел тез әлсіреу, іштегі тұйық ауырсыну, тәбетінің жоғалуы, соңғы жарты жылда 10 кг салмақ жоғалтқанына шағымданады. Обьективті: іші жұмсақ, сипағанда эпигастрии аймағында ауырсыну байқалады. Мойынның сол жағындағы бұғана үстінде және кіндік маңындағы лимфа түйіндері үлкейген. Қанда эритроциттер - 2,1 млн, Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 58 мм/сағ. ЭФГДС: асқазан денесінде, түбі тығыз ақшыл, шеттері биік тегіс емес, жиектері жыртылған, асқазан керілгенде өзгермейтін диаметрі 0,8х1,0 см жара анықталады. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

153. 56 жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналу, қаратүсті нәжіске шағымданады. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

154. 22 жастағы әйелде ЭФГДС да асқазанның антральді бөлігінде жара анықталған. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте тағайындау қажет?

155. 64 жастағы әйел алты айда 6 кг салмақ жоғалту, үдемелі әлсіздік пен кезеңді мұрнынан қан кетуді байқаған. Соңғы екі күнде нәжісі қара түсті болған. Тері жабындылары боз, эпигастрии аймағында ауырсынады, бауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, көк бауыры 3 см төмен. Қан кету көзінің болуы БАРЫНША мүмкін?

156. 38 жастағы әйел, эпигастрии аймағындағы өткір ауырсыну, кейін ауырсыну бүкіл ішке таралып, ауырсыну кезінде бір рет құсқып, ауырқанаға түсті. Обьективті: тері жабындылары бозғылт, суық тер басқан. Науқас мәжбүрлі жағдайда, аяқтарын ішіне тартып, арқасымен жатыр. Тынысы беткей, терең тыныс ішіндегі ауырсынуды күшейтеді. АҚ - 90/40 мм с.б.б. ЖЖЖ 50 рет мин. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Рентгенде іш қуысында бос газ анықталады. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

157. 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

158. 28 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

159. 74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

160. 49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда – лямблиялар. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

161. Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәліметті?

162. Жас жігіт бір ай ішінде салмағының 5 кг төмендегенін, терісінің сарғайғанын байқаған. 1 аптадан кейін терінің қышуы, эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну қосылған. КТ-да холедохтың дистальді бөлімінде өлшемі 2 см түзілім анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

163. Ер адам 5 жыл бойы созылмалы калькулезді холециститпен ауырады. УДЗ - өлшемі 0,7 мм-ге боатын тас анықталып, оның еміне 3 ай бойы урсофальк қабылдаған. Жүргізілген ем әсерінің тиімділігін дәлелдеуге төмендегі көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

164. Спецификалық емес жаралы колиттің дамуына бейімдеуі БАРЫНША мүмкін:

165. 30 жастағы ер адамда қан аралас диарея, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, қызба пайда болған. Проктосигмоскопия кезінде шырышты қабаттың қансыраған, борпылдақтығы анықталды. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

166. 34 жастағы ер адам, құрсақтың төменгі бөлігінің сыздап ауыру, тәулігіне 10 ретке дейін болатын қан аралас сұйық нәжіс, салмақтың төмендеуіне шағымданып түсті. Қарағанда: тоқ ішектің ауыруы сезімі. Ирригоскопияда тоқ ішек саңылауының тарылуы, ішек контурынан шығып тұратын көптеген гаустрациялар анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

167. 45 жастағы әйел тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауыру, жүрек айнуына шағымданып түсті. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері қалыпты. ЭФГДС – асқазанның төменгі үштен бірінде және антральді бөлігінде үлкен иінінде – көптеген дөңгелек тәрізді мөлшері 0,5-1,0 см полиптер. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәліметті?

168. 42 жастағы ер адамды, ас қабылдағаннан соң бір сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезім, қышқылды ауамен кекіру, кенеттен тәбетінің төмендеуі мазалайды. Ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: терең сипағанда эпигастрий аймағында ауыру сезінеді. Қан анализі: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Эндоскопиялық зерттеуде: асқазанның шырышты қабатының рельефі ми иірімдеріне ұқсайды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

169. 34 жастғы ер адам, тағам қабылдағаннан соң 40-60 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезімге, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде асқазан полипі анықталған, операциядан бас тартқан. Сипағанда эпигастрий аймағында ауырсыну. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

170. Функциональды диспепсияның ойық жара тәрізді түрінің БАРЫНША мүмкін симтомдары:

171. 37 жастағы әйел, эпигастридегі ауырлық және толу сезімі, тамақ ішкеннен кейін тез тою сезімі, кейде жүрек айнуына шағымданады. ЭФГДС, УДЗ жүргізгенде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер жоқ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

172. 32 жастағы ер адам, 3 ай бойы ашқарынға эпигастрийдегі ауыру сезімі, «түнгі» уақыттағы ауыру сезімі, тамақ ішкен соң эпигастрийде ауырлық және толу сезімі, лоқсуға шағымданады. Жүргізілген зерттеулерде (уреаздық тыныстық сынама, ЭФГДС) өзгерістер анықтамады. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы БАРЫНША тиімді?

173. Тітіркенген ішексиндромының себептері болуы БАРЫНША мүмкін?

174. Тітіркенген ішек синдромының ішектен тыс көріністеріне мынаның жатуы БАРЫНША мүмкін:

175. 38 жастағы әйел, бас сақинасы тәрізді бастың ауыруына, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, психоэмоциональды жүктемеден кейін жүрек аймағының қағуына шағымданады. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет болатын аздаған көлемді сұйық нәжіс. Қандай зерттеу әдісі барынша мәліметті:

176. 32 - жастағы әйел, тіс экстракциясынан кейін ұзақ, бірақ қайталанбаған қан ағуға шағымданады. Анамнезінде: мұрыннан қан кету. Объективті: денесінің алдынғы жағында және аяқтарында петехиялар мен экхимоздар. Қанда: эритроциттер - 2,9 млн., Нв -77 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 4,2 мың, т/я – 3%, с/я – 70%, лимфоциттер – 26%, моноциттер – 1%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қан ағу ұзақтығы 24 минут, қан ұю уақыты 4 минут. Миелограммада: мегакариоциттер анықталмайды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

177. 22 - жастағы қыз, аяғындағы гемаррагиялық бөртпелерге және буындарындағы ұшпалы ауыру сезімге шағымданып түсті. 1 аптадан кейін ісіну, зәрінің түсінің өзгерісі пайда болған. Қарап тексергенде: васкулитті – пурпурлы қанағыштық Қанда: жедел фазалы реакциялар мен этанол сынамасы оң, ПДФ – 0,5 г/л, антитромбин III – 74 %, Виллебранд факторы кішкене жоғарлаған. Зәр анализінде: протеинурия, макрогематурия. Осы аурудың диагнозын нақтылауғаендегілердің қайсысын зерттеу барынша ақпаратты?

178. 18 - жастағы науқас, терідегі бөртпелерге, буындарының ұшпалы ауыруы, ішінің ауыру сезімі, түсі қара нәжіс, қызбаға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: аяғында басқанда жойылмайтын папуллезді-геморрагиялық бөртпелер. Буындары өзгермеген. Іші ауырмайды, жұмсақ, кей жерінде аздаған ауыру сезімі. Қанда: лейкоциттер – 12,8 мың, тромбоциттер – 420 мың, ЭТЖ – 21 мм/сағ, гиперальфа-2 және гаммаглобулинемия, фибриноген – 5,2 г/л. Коагулограмада – гиперкоагуляция. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

179. 24 - жастағы әйелде, босанғаннан кейін кенеттен қызба, дірілдеп тоңу, қатты тершеңдік басталды. Анамнезінде қағанақ суы ерте кеткен және жағымсыз иісті. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға жылжыған, ЭТЖ жоғары, тромбоциттердің агрегациясы кенет жоғарлаған, этанол сынамасы оң. 4-ші тәулікте теріде петехиальді бөртпелер және жатырдан қан кету пайда болған. Қанда: тромбоцитопения, гипофибриногенемия, эфолық сынамада қанның ұюы ұзарған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

180. 35 - жастағы әйел, қанды бөліністерге, қалтырауға, дене қызуының 39,8°С көтерілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде: үзілген жүктілік. Объективті: инъекция орындары қанталаған. Қанында: эртоциттер - 2,3 млн., Нв-63 г/л, тромбоциттер - 150 мың. Гемостаз жүйесін тексеру: АКТ - 12 мин., АПТВ - 76 сек., фибриноген - 6,3 г/л, этанолды және протаминсульфаттық сынамалар оң. ПДФ - 0,4 г/л, антитромбин III - 72%, эфо уына сынама гиперкоагуляцияны көрсетті. Емнің тиімділігін бағалауға төмендегі берілген гемостаз көрсеткіштерінің қайсысы Барынша мәліметті?

181. Келесі көріністер: гемокоагуляционды шок, гемостаздың бұзылысы, геморрагиялық синдром, ағзалардағы микроциркуляцияның бөгемесі мен оның қызметінің бұзылысы және дистрофиясы, жедел бүйрек жетіспеушілігі, церебральді айналымының бұзылысы қандай ауруға барынша тән?

182. 38 - жастағы ер адам, ІІІ дәрежелі күйікпен түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары айқын бозарған. ЖЖЖ - 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б. 2-ші тәулікте мұрнынан қан кету, қан құйылулар мен теріасты гематомалар, олигоурия пайда болды. Қанда: эритроциттер - 5,6 млн., лейкоциттер - 12,4 мың, тромбоциттер - 102 мың, гемотакрит - 58 %, этанол сынамасы теріс, фибриноген – 1,2 г/л. Эфолық сынамасында қанның ұюы ұзарған, креатинин - 160 мкмоль/л. Зәрінде: протеинурия, микрогематурия. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

183. 28 - жастағы ер адам, 3 апта бойы күшейген әлсіздік, тершеңдік пен сипатталатын стоматитпен нәтижесіз емделді. Қарағанда: дене қызуы 38,8°С, тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, жаралы-некроздық стоматит. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімсіз. Қанында: эртроциттер - 3,0 млн., Нв - 95 г/л, ТК - 0,95, лейкоциттер - 14,5 мың, бластар - 32%, таяқша - 1%, сегменттер - 39%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 8%, тромбоциттер - 90 мың. ЭТЖ - 24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакция оң.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

184. 19 - жастағы жас жігіт, қызыл иегінің қанауына, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39°С. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимоздар. Көмекейінде-өліеттенген жұғынды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв - 75 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 29 мың, бластар - 98%, сегменттер - 2%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ - 66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсеткіштердің қайсысы Барынша мәліметті?

185. 23 - жастағы пациент, үдемелі ентігу, мұрынынан қан кету, дене температурасының 38ºС дейін жоғарылауына шағымданады. ЖРВИ-дан 10 күннен соң жағдайы нашарлаған. Объективті: терісі бозғылт, іші мен сандарында петехиальды-дақты бөртпелер. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет минутына. Көкбауыр қабырға астынан 3 см төмен, ауыру сезімсіз. Төмендегі белгілердің қайсысы аурудың толық ремиссиясын анықтауға көмектесуі барынша мүмкін?

186. 40 - жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімінсіз. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн., лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, таяқша - 12%, сегменттер - 52%, эозинофилдер - 5%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%, тромбоциттер - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы ауруды емдеудің тиімділігін бағалауға барынша мүмкіншілік береді?

187. Созылмалы миелолейкозға барынша тән қанның көрінісін көрсетіңіз:

188. 53 - жастағы әйел, басы, жүрек тұсының ауыруына, күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі гиперемияланған. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 74 рет мин., АҚ - 180/110 мм с.б.б. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, ауру сезімсіз. Қанда: эритроциттер - 6,9 млн., Нв - 198 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 11,3 мың, таяқша - 7%, сегменттер - 60%, эозинофилдер - 4%, лимфоциттер -25%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 480 мың, ЭТЖ - 1 мм/сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін ?

189. 55 - жастағы ер адам, әлсіздік, ентікпе, мұрнынан және қызыл иегіненн қан кету мен дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жақасты және қолтық бездері ұлғайған, ауыру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көк бауыры 4 см төмен. Қанында: эритроциттер – 2,5 млн., НВ - 76 г/л, ТК – 0,9, лейкоциттер – 4 мың, тромбоциттер - 180 мың. ЭТЖ – 48 мм/сағ. Жалпы белок – 105 г/л. IgМ – 45 г/л. Миелограммада: лимфоидты метаплазия. Төменде берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

190. 40 - жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

191. Қандағы темір мөлшерінің деңгейі белгісіз, гипохромды анемиясы бар науқасты темір препараттарымен парентериальді емдегенде қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін:

192. Түстік көрсеткіштің төмен болуы, сарысулық темірдің жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы, қант диабеті қандай ауруға БАРЫНША тән:

193. Меноррагамиямен сырқаттанатын 42 - жастағы әйел, тырнақтарының сынғыштығына, шашының түсуіне, терісінің құрғауына шағымданады. Қарап тексергенде: Нв – 90 г/л, эритроциттердің гипохромиясы, сарысулық темір – 6,9 ммоль/л. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

194. 48 - жастағы ер адам бас айналуы, әлсіздік, аяқ-қолдарының ұюы мен әлсіздігіне шағымданады. Анализінде созылмалы гастрит. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, склералары субиктериялы. Жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖСЖ – 93 рет мин. Тілі – «географиялық». Аздаған гепатоспленомегалия. Қанында: эрит. – 2,4 млн., Нв – 79 г/л, ТК – 1,3, лейк. – 3,6 мың, тромб – 134 мың, ЭТЖ – 34 мм/сағ. Төмендегі себептердің қайсысы анемияның дамуына әкелуі БАРЫНША мүмкін?

195. Генезі анықталмаған мегалобласты анемияның емін қандай препаратты тағайындаудан бастаған БАРЫНША тиімді?

196. Анемияның гемолиздік сипатын көрсететін БАРЫНША мүмкін белгі қайсы:

197. Қандай анемияда спленэктомия жасау БАРЫНША мүмкін?

198. 23 - жастағы студент қызда диспансерлеу кезінде сарғыштық, сипа,анда байқалатн көкбауыр анықталды. Қан анализінде: гемоглобин 110 г/л, ретикулоциттер – 17 %, жалпы билирубин – 68 мкмоль/л (4 мг %). Зәрі қошқыл, өт пигменттері жоқ. Бойжеткенде қандай синдромның дамуы БАРЫНША мүмкін?

Наши рекомендации