Тесты гематология педиатрлар

1. Төменде көрсетілген қандай жағдайда тромбоциттердің адгезиясын және агрегациясын артыратын дәрілік заттарды қолданады:

а. +микроциркуляторлы (капиллярлы) қанағуда

б. гематомды қанағуда

в. фибринолитикалық жүйе шамадан тыс белсендендірілген жағдайда қан ағу кезінде

г. васкулитті-пурпурлы қан ағуда

д. фибрин пайда болуы жетіспеген жағдайдағы қан ағуда

2. Төменде көрсетілгендердің қайсысы адроксонның жанама әсерлерін көрсетеді:

а. адроксон адреналиннің метаболиты, бірақ ол адренорецепторларды қоздыра алмайды

б. адроксон тромбоциттердің беткейлі адренрецепторларына әсер етеді.

в. адроксон жергілікті, б/е, к/т қолдануға болады

г. +бас ауру,депрессия,алжасулар болады

д. адроксонды паре нхиматозды және капилярлы қан ағуда қолданады

1. Төменде көрсетілгендердің ішінен Ха факторының ең таңдамалы тежегішін атаңыз?

а. Гепарин

б. недикумарин

в. синкумар

г. + Ривароксабан

д. фенилин

2. Төменде көрсетілгендердің ішінен Ха факторының ең Жоғарғы селективті және белсенді тежегішін атаңыз?

а. викасол

б. аспирин

в. кардиомагнил

г. +Апиксабан

д. гепарин

3. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы қазіргі заманғы қатарлы тікелей антикоагулянттарға жатады:

а. фенилин

б. +клексан

в. варфарин .

г. стрептаза

д. урокиназа

4. Тікелей антикоагулянттар ең алдымен нені белсендендіреді?

а. +тромбин (фактор Па).

б. протромбин

в. плазмин

г. фибрин

д. плазминоген

5. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы тромбоздың алдын алу және емдеу мақсатында қосымша дәріге жатады:

а. кардиомагнил

б. +пентоксифиллин

в. фенилин

г. протамина сульфат

д. аспирин

6. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы қазіргі заманғы тікелей емес антикоагулянттарға жатады:

а. фрагмин

б. клексан

в. +варфарин .

г. стрептаза

д. урокиназа

7. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы қазіргі заманғы тромболитикалық дәріге жатады:

а. +кабикеназа

б. плазмин

в. флуксом

г. кливарин

д. урокиназа

8. Антитромбоцитарлық дәрілердің әсер ету механизміне қайсысы жатады?

а. факторларды белсендендіруі

б. +тромбоциттардың адгезиясы мен агрегациясы

в. тромболизис

г. Ха факторының тежелуі

д. фибринолиз

9. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы төменгі молекулярлы гепариндерді анықтайды:

а. молекулярлық салмағы 3000-5000 дальтон жоғарғы септік полисахарид ДЗ-ы

б. +молекулярлық салмағы 4000-7000 дальтон қысқа септік мукополисахарид ДЗ-ы

в. молекулярлық салмағы 2000-5000 дальтон сахарид ДЗ-ы

г. молекулярлық салмағы 2000-5000 дальтон дисахарид ДЗ-ы

д. молекулярлық салмағы 500-1000 дальтон дисахарид ДЗ-ы

10. Қандай ауруларда Клексан 300-ді емдік дозада қолдануға болмайды:

а. +миішілік қан құйылу;

б. глаукомада

в. эмболида

г. тромбозда

д. гематомада

11. Биожетістіктің қай анықтамасы дұрыс болып есептелінеді:

а. +Пайызбен берілгендегі, енгізілген дәрілік заттың мөлшерінің жүйелі қанға түскендегі көлемі

б. қан сарысуындағы бос заттың концентрациясы

в. енгізілген мөлшеріне қатысты қандағы бос заттың құрамы

г. Организмдегі дәрілік заттың биотрансформациясы және сіңірілу дәрежесі

д. дәрілік заттың жартылай шығарылу кезеңіне тең мөлшер

12. Ішектің ішіндегі дәрілік заттың сорылу механизіміне жатпайтыны:

а. Пассивтік диффузия

б. Фильтрация

в. Активті транспорт.

г. +Жеңілденген транспорт

б. Пиноцитоз

13. Төменде көрсетілген анықтаманың қайсысы идиосинкрозияға қатысты:

а. +Тұқым қуалаушылыққа байланысты дамыған патологиялық реакциясы*

б. аллергиялық реакцияның баяу өршитін типі

в. аллергиялық реакцияның тез өршитін типі

г. дәрілік затты жеке қабылдай алмау

д. дәрілік затты енгізген кездегі цитотоксикалық реакциялар

14. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы бауыр клиренсін анықтайды:
а. заттың өтпен шығуы
б. +қан плазмасының дәрілік заттардан тазарылу жылдамдығы
в. әсердің пайда болу жылдамдығы

г. дәрілік заттың дәрілік препараттардан босатылуы

д . дәрілік заттың организмнен шығарылуы

15. Төменде көрсетілгендердің қайсысы фармакокинетиканы анықтайды:

а. заттардың әсер ету механизмі

б. фармакокинетикалық өзараәсер

в. заттардың әсері

г. дәрілік заттың кумуляциясы

д. +дәрілік заттың организмнен шығарылуы

16. Төменде көрсетілгендердің қайсысы жартылай шығарылу кезеңін көрсетеді:

а. қан плазмасындағы дәрілік заттың максималды концентрациясын көрсететін уақыт

б. дәрілік заттың жүйелік қанайналымға жететін уақыты

в. дәрілік заттың организмге таралатын уақыты

г. қан плазмасындағы дәрілік заттың концентрация уақытының 50% төмендеуі

д. +енгізілген мөлшердің нысана-органга жету уақыты

17. Терапиялық индекс дегеніміз не?

а. дәрілік заттың терапиялық дозасы;

б. Органдағы немесе тіндегі дәрілік заттың концентрациясының қан плазмасындағы дәрілік заттың концентрациясына қатынасы;

в. +Плазмадағы дәрілік заттың минимальды және улы концентрациясының арақатынасы

г. дәрілік заттың белокпен байланыспаған пайызы;

д. дәрілік заттың организмдегі минимальды және улы концентрациясының арақатынасы

18. Төменде көрсетілген жанама әсердің қайсысы мөлшерге тәуелді болып табылады:

а. фармацевтикалық;

б. фармакогенетикалық;

в. аллергиялық;

г. мутагендік;

д. +алып тастау синдромы.

19. Қандай дәрілік заттардың тобын қолданған кезде терапиялық мониторинг жүргізу керек:

а. +тырысуға қарсы*

б. в -блокаторлар

в. кальций антогонистері

г. глюкокортикоидтар

д. М-холинолитиктер

20. Перзентханада баланың өмірінің үшінші күнінде геморрагиялық бөртпе, қан құсуы, үлкен дәреті қара түсті болуы пайда болады. Тексеру кезінде қан азаюы, қан ұюының мерзімінің ұзаруы, гипопротромбинемия, тромбоциттердің қалыпты саны анықталды. Сырқатты емдеудің оңтайлы әдісі қандай?

а. +Витамин К
б. Этамзилат натрий
в Аминокапрон қышқылы
г. Фибриноген
д.Глюконат кальций

21. Төменде көрсетілгендердің ішінен Ха факторының ең таңдамалы тежегішін атаңыз?

а. Гепарин

б. недикумарин

в. синкумар

г. + Ривароксабан

д. фенилин

22. Төменде көрсетілгендердің ішінен Ха факторының ең Жоғарғы селективті және белсенді тежегішін атаңыз?

а. викасол

б. аспирин

в. кардиомагнил

г. +Апиксабан

д. гепарин

23. Төменде көрсетілгендердің қайсысы кальций хлоридын қолдануға көрсеткіш болып табылады:

а. геморрагиялық диатез

б. диабетикалық микроангиопатия

в. Верльгофа, Виллебранда ауруы

г. цитостатиктерді қолданғаннан кейін пайда болған геморрагиялар

д. +цитратты қанды көп мөлшерде құйғанда пайда болған геморрагиялар

24. Төменде көрсетілгендердің қайсысы этамзилатқа тән емес:

а. этамзилат — ең әсерлі агрегант

б. этамзилат ты ауыз қуысы арқылы және б/е, к/т енгізеді

в. +Этамзилатты қандай жолмен организмге енгізседе ,оның максимальды гемостатикалық әсері 1-2 күнде пайда болады

г. этамзилатты қолданғанда бас айналу және бас ауру болады

д. этамзилаттың паренхиматозды және капиллярлы қан ағу кезінде әсері өте жоғары болады

25. Төменде көрсетілгендердің қайсысы фибриндік тромбтың түзілуін арттырады:

а. эпсилон-аминокапрон қышқылы

б. контрикал

в. клопидогрель

г. неодикумарин

д. +викасол

26. Төменде көрсетілгендердің қайсысы тромбинге тән емес

а. тромбин және фибриногенді донорлық қаннан алады

б. +тромбинді көк тамыр ішіне енгізеді

в. фибриногенді жергілікті қолданады және көк тамыр ішіне енгізеді

г. фибриногенді және тромбинді гинекологияда көп қолданады

д. тромбинді гемофилияда қолданады

27. Гемофилия сырқатымен ауыратын 8 жастағы балаға эритромасса құю кезінде, кенеттен кеуде қуысының ауыруы, бел ауыруы, ентігу және суық тер басуы пайда болды. Объективті: терісі бозарған, жүрек соғу саны минутына 100 рет, қан қысымы 60/40 мм сынап бағанасы, олигурия, зәрі қоңыр түсті. Бұл асқынуды емдеу үшін бірінші ретте қандай дәрі-дәрмекті қолдану керек?

а. Эуфиллин
б. Лазикс
в. Адреналин
г. +Преднизолон
д. Анальгин

28. 10 жастағы гемофилия сырқатымен ауырған балада безгек пен өткір респираторлық вирустық инфекциялар құбылысы байқалды. Осы сырқатқа төменде көрсетілген дене қызуын басатын дәрі-дәрмектердің қайсысын қолдануға болмайды?

аПипольфен
б. Анальгин
в. +Ацетилсалицил қышқылы
г. Парацетамол
д. Панадол extra

29. Төмендегі жағдайлардың қайсысы В6 витаминінің фармакодинамикасына тән:

а. дегидрогеназа процесіне қатысады

б. метионин түзілу процесіне қатысады

в. аминокапрон қышқылының түзілуіне қатысады

г. +пурин мен пиримидин нуклеотидтерінің түзілуіне қатысады

д. энзим транскетолаза түзілуіне қатысады

30. Антикоагулянттарды шамадан тыс қабылдағанда ең алдымен байқалатыны:

а. нәжісте жасырын қан болуы

б. зәрде эритроциттер пайда болуы*

в. инсульт

г. инфаркт

д. геморрагиялық бөртпелер

31. Цитрат жоқ кезде қанды консервирлеу үшін төмендегілердің ішінен қайсысын қолдануға болады:

а. +гепарин

б. фенилин

в. аминокапроновая кислота

г. дицинон

д. викасол

32. Төмендегілердің қайсысы темір препараттарын қабылдауға қарсы көрсеткіш болып табылады:

а. + темір мөлшері көп гипохромды анемияда

б. қан кетулер

в. ОЖЖ аурулары

г. жүктілік

д. темір көрсеткіші аз гипохромды анемияда

33. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы стрептокиназа және осыған ұқсас дәрілердің қолдану көрсеткішіне жатпайды: *+қан кетулер

а. периферических артериялардың эмболиясы

б. аяқтың көк тамырының тромбозы

в. миокард инфаркты

г. өкпе артерия тамырларының тромбоэмболиясы

34. Егер коронарлық тамырдың, ми тамырларының және аяқ тамырларының тромбозы бар науқастраға аспирин беруге болмайтын болса, төменде көрсетілген қайсы дәрілерді беруге болады:

а. парацетамол, ибупрофен, нимесулид

б. +клопидогрель, дипирадамол, пентоксифилин, тиклопидин

в. этамзилат, адроксон, кальций глюканаты, парацетамол

г. пирацетам, аминалон, пиридитол, пентоксифилин

д. депакин, карбомазепин, ламиктал, дипирадамол

35. 16 жастағы жасөспірім мұрыннан тоқтамай қан ағуына және оң шынтақ буынында күшті ауру сезімінің болуына шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Объективті: ауырған буын көлемі ұлғайған, үсті қызарып тұр. Басқа буындарда артропатия белгілері байқалады. Ps - 90/мин. Жалпы қан анализінде: эр.- 3,9o10*12 /л Нb-130 г/л, ц.п.-1,0, лейк.-5,6o10* 9/л, тр.-220o10*9/л, СОЭ- 6 мм/ч. Ли- Уайту бойынша қан ағу уақыты: басталуы-24', аяқталуы-27'10''. Осы науқасқа төмендегі дәрілердің қайсысы берге өте тиімді болып табылады:
а. +Криопреципитат
б. кальций хлориды
в. Эритромасса
г. Аминокапрон қышқылы
д. Викасо

36. Ауыр аяқты әйелде ревматизм процессінің активациясы басталды.Бұл науқасқа төменде көрсетілген антикоагулянттардың қасысын беруге болады?

а. Фенилин

б. Синкумар

в. Варфарин

г. +Гепарин

д. неодикумарин

37. ТТА – ға біреуінен басқасының бәрі тән:

а. сүйек кемігіндегі темірдің жоқ болуы

б. қандағы ферритиннің деңгейі төмен

в. эритроциттердің гипохромиясы және микроцитозы

г. +1 ай көлемінде темір препараттарымен емделудің тиімді әсері

д. сүйек кемігінің мегалобластозы

38. Мына тағамдарда гемоглобинді құруға арналған темір көп:

а. +бауырда

б. анарда

в. балықта

г. сиыр етінде

д. жаңғақта

39. Мегалобласты анемияның емі:

а. темір препараттарын ұзақ уақыт қолдану

б. пиридоксинді курстық тағайындау

в. анаболикалық стероидтарды ұзақ уақыт қолдану

г. + цианкобаламинді инъекция түрінде қолдану

д. плазма трансфузиясын қайталап жүргізу

40. Темірдің сіңірілуі жүреді:

а. ауыз қуысында

б. асқазанда

в. +12 елі ішекте

г. тоқ ішекте

д. тік ішекте

41. Темір сульфаты және аскорбин қышқылы бар темір препараты:

а. мальтофер

б. тардиферон

в. +ферроплекс

г. ферронат

д. гемофер

42. Гино-тардиферонның құрамында бар:

а. темір глюконаты

б. +темір және аскорбин қышқылы

в. гидроксид полимальтозды комплексі бар темір

г. темір сульфаты

д. темір және фолий қышқылы

43. Ішке қабылдаған темір препараттарының жанама әсерлері, біреуінен басқасы:

а. терінің гиперемиясы

б. тәбеттің төмендеуі, анорексияға дейін

в. іш қату

г. + кеуде қуысындағы қысып ауру сезімі

д. эпигастральды аймақтағы ауру сезімі

44. Парентеральды жолмен енгізілген темір препараттарының кейін пайда болатын жанама әсерлері:

а. анафилактикалық шок

б. артралгиялар

в. жайылған лимфоаденопатиялар

г. қызу, бөртпелер

д. +гемолиз

45. Мына дәріні ішкеннен кейін темірдің сіңірілуі төмендемейді:

а. ұйқы безінің ферменттері:

б. +аскорбин қышқылы

в. антацидтер

г. холестирамин

д. дефероксамин

46. Темірдің сіңірілуін арттырмайды:

а. лактоза

б. күкірті бар аминқышқылдары

в. янтар қышқылы

г. +тетрациклиндер

д. глюкоза

47. Темір препараттарын ішкенде болатын интоксикацияны арттырады:

а. сүт және сүт тағамдары

б. дәнді дақылдардың шикі дәндері

в. +алкоголь

г. жұмыртқа

д. оксалаты көп көкөністер

48. ТТА емдеудің манифесті кезеңінде қанда анықтайды:

а. эритроциттердің саны

б. +ретикулоциттердің саны

в. гемоглобиннің саны

г. түсті көрсеткіш

д. қан плазмасының ферритині және трансферрин

49. ТТА емінің тиімділік көрсеткіштері:

а. қан сары суындағы темір концентрациясының қалпына келуі

б. эритроциттер концентрациясының қалпына келуі

в. гемоглобин концентрациясының қалпына келуі

г. +ретикулоцитарлы реакцияның басталуы.

д . сүйек кемігінде гемосидериннің пайда болуы

50. Ағзадағы В12 витаминінің жетіспеушілігін шақыратыны, біреуінен басқасы:

а. мегалобластты анемия

б. жүйке жүйесіндегі дегенеративті өзгерістер

в. эпителиальды тіннің өзгеруі

г. +лейкоцит қатарындағы клеткалардың өсуінің бұзылуы

д. гипохромды анемия

51. В12 витаминін енгізудің қажеті жоқ:

а. мегалобластты анемияда

б. сіңірілу бұзылған асқазан ауруларында

в. полиневриттерде

г. +себебі белгісіз анемияларда

д. ішкі кастл факторының өндірілуі бұзылғанда

52. Фолий қышқылының жетіспеушілігі қай кезде дамиды, біреуінен басқасы:

а. жүктілік кезінде

б. созылмалы гемолитикалық анемияларда

в. спруда

г. тырысуға қарсы дәрілерді қолданғанда

д. +темір тапшылық анемияда

53. Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінен пентоксифиллиннің (трентал) әсер ету механизіміне жатпайтынын анықтаңыз:

а. тромбоциттегі аденозин (пуриндік) рецепторын және фосфодиэстеразаны тежейді.

б. +эндотелиалды клеткадағы тромбоксан А2-ның түзелуін төмендетеді

в. тромбоцитттердің арнайы GPIIb/IIIa рецепторларын тежейді

г. ісікті некроздайтын альфа-факторының синтезін бұзады

д. эритроциттердегі гликолиз үрдісін арттырады

54. Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінен фибриндік тромбтың түзелуіне әсер етпейтін дәріні анықтаңыз:

а. гепарин

б. +фраксипарин

в. синкумар

г. гордокс

д. варфарин

55. Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінен гепариннің логипариннен айырмашылығы және басқа төменгімолекулярлы (фракциялық) гепариннің дұрыс емесін табыңыз:

а. +қан ұю уақытын бірдей емес жоғарлатады

б. әт түрлі молекулярлы массасы бар

в. б/е,тері астына енгізгенде әр түрлі биожетімділігі бар,сондай-ақ қан плазмасындағы белокпен байланысу дәрежесі әр түрлі

г. фракционды гепарин препараттары тромбоцитопенияның екінші түрі мен геморрагияны аз шақырады.

д. фракционды гепарин препараттарын қолдануда көрсеткіштері жоғары

56. Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінен үлкенмолекулярлы(фракциялы емес) гепарин туралы дұрыс емесін табыңыз:

а. гепарин молекуласында теріс заряд бар

б . орташа молекулярлы масссасы 2,5 нан 8кД дейін

в. гепарин антиагрегант, антикоагулянт және фибринолитикалық жүйенің стимуляторы

г. +гепарин көк тамырға, бұлшық етке,тері астына, ингаляциялық, эндолюмбальдық және электрофорез жолымен енгізеді

57. Төменде көрсетілгендердің ішінен стрептокиназа және оған ұқсас препараттарды тағайындауда ең дұрысырақ қарама қарсы көрсеткішті:

а. +қан ағу

б. перифериялық артерия эмболиясы

в. аяқ веналарының тромбозы

г. инфаркт миокарда

д. өкпе артериясының тамырларының тромбоэмболиясы

Наши рекомендации