Астралылар тұқымдасының жалған тілше гүлдерінің құрылысы және формуласы

Астралылар тұқымдасының жалған тілше гүлдерінің құрылысы және формуласы Астралылар тұқымдасы (лат. Asteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Compósitae) — қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады. 1. Кәдімгі бақбақ тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).

2. Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі жалған тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).

3. Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) жалған тілшегүлі: Т0К(0+3)А0Ж(2).

4. Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар. Жалған тілшелі гүлдері себет гүлшоғырының жиегінде (шетінде) орналасады, ол жеміс бермейді; формуласы: Т0К(0+3) немесе 3А()Ж(). Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі - гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. жалған, тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А(5)Ж(2)(бақбақ гүлі). Тілше гүлдің трубка төрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді. Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді, бірақ ол өте қысқа болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы: Т Са(5)- О-рар. Со(5) 5) С(2).
Жалғантілше гүлді екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның күлтесінің тек бір ғана астыңғы еріні болады. Жалғантілшегүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Тiлшелi тұқымдастар себетгүлдерiнде тiлшелi қосжынысты гүлiнiң болуымен жəне сүт жолдарының жоқтығымен сипатталады. Бұл топқа 70-тей туыс жəне 2300-дей түр кiредi. Тағамдық өсiмдiктер қатарынан бұл топқа жататындар таусағыз туысы - негiзiнен Кавказда жəне Орталық Азияда өсетiн 170-тей түр тамыры көкөнiс ретiнде пайдаланылады, тəттi не қара түстi болып келедi. Желкектiң тамырлары да жеуге жарамды. Таусағыз тамырының құрамында каучук бар. Дəрi-дəрмектiк өсiмдiктер қатарына дəрiлiк бақбақ, кəдiмгi цикорий жəне т.б. жатады

59 Астралылар тұқымдасының воронкатәрізді гүлдерінің биологиялық ерекшеліктері және формуласы Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл аталығы да, аналығы да болмайды.
Себеті біржағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден. тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка тәрізді гүлдерден, ал шет жағы жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлдерден түрады. Үлкен шет жағындағы гүлдерінің түсі ұсақ ортаңғы гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып гүлшоғырында әртүрлі түстілік (ала-құлалық) қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек

60 Астралылар тұқымдасының тозаңдануға қабылетті және бедеу гүлдеріне өкілдеріне сипаттама Себетгүлге орналасқан кішкене гүлдердің тостағаншасы үлпекті айдаршаға айналған, күлтесі 5 күлтежапырақшадан құралады. Себетгүлдегі гүлдердің барлығы жеміс бере бермейді. Көбінесе қосжынысты (аталықтар және аналықтар) гүлдер болғанымен, жеміс түзбейтін дара жынысты аталық гүлдер де кездеседі. Жемісі айдарлы немесе айдарсыз тұқымша. Күрделігүлділердің тозаңданбай-ақ жеміс түзетін бірнеше түрлері бар (бақбақ).

61Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі. Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы Тұқымдастардың мəнi зор, өйткенi оның тұрғысында жай гүлсерiктен қос гүлсерiкке, гүл бөлiктерiнiң ацикльдiк орналасуынан гемицикльдiк жəне тiптi цикльдiк орналасуына дейiн, актипоморфтық құрылысынан зигоморфтық құрылысына дейiн, көптұқымды жемiстерден даратұқымды жемiстерге дейiнгi гүл мен жемiстiң эволюциялық жолдарын зерттеп бiлуге болады. Кейде даражарнақты өсiмдiктер класына тəн белгiлер де кездесiп (гүлсерiгi үш бөлiктi, тамыр жүйесi шашақ, тұқымжарнағы бiреу, өткiзгiш шоқтары тұйық). Тұқымдастың тiршiлiк ету формалары: сирек бiржылдық шөптесiн өсiмдiктер, жартылай бұталар, ағаштектес лиана, шамамен 50 туысы мен 2000-нан аса түрлерi бар. Бұл тұқымдастың өкiлдерi негiзiнен жер шарының қоңыржай бойлықтарында, сонымен қатар Қазақстанда да кездеседi. Өкiлдерiнiң негiзгi бөлiгiн мезофиттер құрайды, олардың бiрқатары ылғалдылығы жоғары жерлерде өседi (батбақ қалтагүлi, күйдiргi сарғалдақ), сирек гидрофиттер кездеседi (сусарғалдақ). . Қазақстанда сарғалдақ, тегеурiнгүл, шөмiшгүл, күнгелдi, уқорғасын, маралоты, жiбiлген туыстастары неғұрлым көп таралған. Гүлдерiнiң формуласы: сарғалдақта - * Са5Со5А∞G∞, тегеурiнгүл - Са5Со2+1А∞G1, жiбiлген - * Р4А∞G∞. Сарғалдақ туыстарының жемiсi - таптама, көптұқымды жаңғақша, кейде жидек тəрiздi. Бұл тұқымдастың өкiлдерiнiң практикалық маңызы зор, себебi олардың көпшiлiгi - құрамында медицинада қолданылатын алкалоидтары бар улы өсiмдiктер. Мысалы, медицинада тегеурiнгүл, уқорғасын, жанаргүл, таушымылдық жəне басқа түрлердiң алкалоидтерi пайдаланылады. Шөмiшгүл, уқорғасын, тегеурiнгүл, маралоты тұқымдарында лак-бояу, автомобиль, тамақ өнеркəсiбiнде жəне медицинада қолданылатын сұйық май көп. Кейбiр түрлерi (тегеурiнгүл, таушымылдық) сəндiк өсiмдiктер ретiнде мəдени өсiрiледi. Қоргауға алынған түрлерге мыналар кiредi: азия күнгелдiсi, орман желайдары, көктем жанаргүлi, түзу жiбiлген жəне басқалар.

62 Өріктер тұқымдас тармағының өкілдері: бадам, өрік, алма, сары өрік (абрикос) морфологиялық құрылысы. Бадам,Жабайы түрі бұта болып өседі, бұтақшалары тікенекті, тамырлары топыраққа терең бойлайды.[2] Бадамның жемісі сүйекті, салм. 0,6 — 5,4 г, дәнінің үлесі 12 — 80 г. Жемісі тәтті немесе қышқылтым келеді. Жемісі тәтті сорттарының құрамында 40 — 80 г май, 20 — 25 грамм белок, 5 грамм қант және 3-ке жуық шырыш, ал жемісі ащы сорттарында 2,5 граммэфир майы (амигдолин) болады. Бадам — жылу, жарық сүйгіш өсімдік, ол сондай-ақ қуаңшылыққа, суыққа төзімді, ағаштар түріндегілері — 27 С° аязға дейін шыдайды. Жыл сайын өнім береді. Бадамды тұқымынан өсіруге, немесе өсімді (вегетативті) жолмен көбейтуге болады. Ағаштары 100 жылдай жасайды, 30—40 жыл жақсы жеміс береді. Өрік – жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 – 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 – 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 – 20 (7 жылдық ағаш), 60 – 100 кг (15 – 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 – 70 г. Жемісінің құрамында 4 – 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 – 1,3% пектин заттары, ал тұқымында 29 – 58% май болады. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу үшін өсіріледі.Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.

Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатаушапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

63 Раушангүлділер тұқымдасының халық-шаруашылығындағы практикалық маңызыСәндік гүл раушанды алатын болсақ, ол жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме.Итмұрында аталықтар саны өте көп,жүзге тарта.Соларды адамның еңбегінің арқасында күлтеге айналдырды , содан бұйраланған раушан гүлі пайда болған. Қазіргі кезде жиырма бес іріктемесі шығарылған. Олардан май алынады. Парфюмерия саласында пайдаланылады.
Алма бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың 96,7 %-ы алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді.Алма мидың жұмысын жақсартады.Тәтті алмалар қан құрамын жақсартып,организмнен артық тамақ қалдықтарын сыртқа шығарады.Алманы қабығымен жеген пайдалы.Алма қабығында ағзаға ағзаға пайдалы дәрумендер бар.Ол тамыр соғысын жақсартып,жүрек талмасынан сақтайды.Сонымен қатар алма қабығында рактан қорғайтын дәрумендер де бар. Алмұрттың шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді.

Шиеде калий өте көп болғандықтан,ол жүрекке пайдалы.Қаназдықпен зардап шеккендер үшін табылмас ем.Шие дәруменге өте бай.Оны үнемі пайдаланып жүретін адамдардың жүрек жұмысы жақсарады,асқазандағы аурулар азайып,жүйке жүйесі қалыпқа келеді. Алманың табиғатқа берер пайдасы өте көп. Біріншіден табиғатқа көрік береді. Екіншіден жұпар иісімен ауаны тазартады.

алманың

Адамға берер пайдасы өте көп. Біріншіден жесе тамақ. Екіншіден одан неше түрлі сусындар, тағамдар жасалады. Үшіншіден адамға пайдалы емдік қасиеті бар. Олардың бойында А, В1, С дәрумендері, кальций, калий, магний, натрий, фосфор микроэлементтері, минеральды тұздар бар.

- Қандай ауруларға емдік қасиеті бар?

Жүрек қан тамырлары ауруларына, ас қорыту жүйесі, бас ауруы, ревматизм, күйік ауруларына және тұмауға ем.

Қанқызыл долананың жемісі, гүлдері және жапырақтары дәрі ретінде жүрек ауруын емдеуге пайдаланады. Ол коронарлық тамырларды, ми тамырларын кеңейтеді. Жүрекпен миға оттегінің көбірек келуін қамтамасыз етеді. Ұйқыны ретке келтіріп, ауыр науқастан соң, жүйкенің қозғыштығын төмендетіп, денсаулықты бұрыңғы қалына келтіреді.

Итмұрынның кейбір түрлерінің құрамында апельсин лимоннан он есе көп дәрумен болады. Жеміс құрамындағы С витамині 2-ден 18 пайызға дейін жетеді. Сондай-ақ, Р, К, және В тобының митаминдері бар. Итмұрынның кептірілген 10-15 жемісі адамның тәуліктік мұқтаждығын қанағаттандыра алады. Раушангүлдер көп мақсаттарда қолданылады:

1. Раушангүлдің суы теріні ылғандандыру мен жұмсартуда,сондай-ақ терінің тітіркенуінде қолданылады.

2. Раушангүл суы көз ауырғанда оны жуу үшін қолданылады.

3. Ароматерапияда қолданылатын раушангүл суы денсаулыққа пайдалы

4. Итмұрын жемістерінен табиғи дәмі бар шай әзірлеуге болады

5. Итмұрын жемістері С, А, В3, Д және Е дәрумендерінің көзі болып табылады.

64 Итмұрындар тұқымдас тармағының халық-шаруашылығындағы практикалық маңызы Итмұрын жемістерінен табиғи дәмі бар шай әзірлеуге болады,Итмұрын жемістері С, А, В3, Д және Е дәрумендерінің көзі болып табылады Итмүрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазанжәне бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.

65 Алмалар тұқымдас тармағының халық-шаруашылығындағы практикалық маңызы Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.

Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

66 Өріктер тұқымдас тармағының халық-шаруашылығындағы практикалық маңызы Өрік құрамында 21% қант, органикалық қышқылдар, азоттық және пектиндік заттар, витаминдер (Ві Вг С, каротин т. б.), минералдық тұздар бар. Өріктің әр түрлі сорттары орталық ендікте тамыздың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін, оңтүстікте — шілденіңбасынан қазанның аяғына дейін пісіп жетіледі. Өріктің барлық сорттарын (ренклодтан басқа) әбден пісіп-жетілгенде жинап алады.Ренклодты шала піскенде жинайды. Температура 0˚С градус шамасында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% кезінде ерікті 2—3 апта сақтауға болады.

67 Мимозалықтар тұқымдасына сипаттама, өкілдері Мимоза (Mіmosa) – Бұршақ тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын мәңгі жасыл бұталар. Ағаш, шырмауық, көп жылдық шөп түрінде кездесетін түрлері де бар. Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтарда өседі. Дүние жүзінде 400 – 500-дей түрі белгілі.Қазақстанда 1 түрі: ұялшақ Мимоза – қолдан өсіріледі. Оның биіктігі 0,5 – 1 метрдей. Жапырағы күрделі құрылысты, оған қол тиіп кетсе, шыбын - шіркей қонса және қараңғы түскенде жиырылып, бір-біріне қабысып қалады. Өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Гүлі ұсақ, қызғылт түсті, олар масақ гүлшоғырына топталған. Ақпан – наурыз айларында гүлдейді. Жемісі – бұршақ. Мимозаны әсемдік үшін өсіреді, қабығынан бояу алынады.

68 Бұршақтар тұқымдасынның мал-азықтық өсімдіктеріне сипаттама Бұршақ тұқымдастардың көптеген өкiлдерi - бағалы мал азықтық дақылдар. Бiржылдық мал азықтық дақылдардың арасында 200-ге тарта бөрiбұршақтың, 80-дей тышқан бұршақтың түрлерi бар жəне де олардың алатын орны айрықша. Көпжылдық мал азықтық шөптер: беде, жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет жəне басқалары. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі

69 Бұршақтар тұқымдасының тағамдық өсімдіктеріне сипаттама Бұршақтар тұқымдасының тағамдық өсімдіктеріне сипаттама Бұршақ тұқымдастардың практикалық маңызы зор. Тағамдық дақылдардың арасынан ас бұршақ, соя, жер жаңғағы, мал азықтың бұршақтар айрықша орын алады. Мысалы ретiнде, ас бұршақ, мал азықтың, сояның тұқымында 30-дан 44%-ке дейiн ақуыз, соңдай-ақ крахмал мен майлылығы жоғары заттар бар. Жер жаңғағының тұқымында ақуыз мөлшерi 50-59%.

70 Бұршақтар тұқымдасының халық-шаруашылығындағы маңызы Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азотжинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері – дәрілік өсімдіктер.

71 Шатыршалар тұқымдасына сипаттама биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, өкілдері Шатыршагүлділер тұқымдасы (Apіaceae) — қос жарнақты өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, әсіресе Солтүстік жарты шардың тропиктік емес аймақтарында таралған 300-дей туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 82 туысы, 227 түрі белгілі. Шатыршагүлділер тұқымдасы негізінен бір не көп жылдық өсімдіктер, сирек бұта немесе ағаш түрінде өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тілімденген, сабағы көбінесе қуысты. Гүлдері уақ, қос жынысты, күлтесі бес желекті, бес аталықты. Гүлшоғыры күрделі не жай шатырша немесе шоқпарбас. Жәндіктермен тозаңданады. Жемісі — тұқымша, жаңғақша. Шатыршагүлділер тұқымдасының көпшілік түрі — пайдалы өсімдіктер. Араларында көкөністік түрлері (ботташық, сәбіз, балдыркөк, ақжелкек), тех. маңызды түрлері (сасыр, кориандр), эфир майлылары (анис, зире, айован, кориандр), дәрілік түрлері (аскөк, амми, сасыр, т.б.) және сәндік үшін өсірілетіндері (шоқсары, астранция, балдырған) бар. Кейбір түрі өте улы — утамыр, убалдырған, арамшөп түрлері де көп (әлпен, бежір, скандикс,), көптеген түрі — құнды жайылым шөбі және балды өсімдіктер

72 Шатыршалар тұқымдасының халық-шаруашылығындағы практикалық маңызы Шатыршагүлділер тұқымдасының көпшілік түрі — пайдалы өсімдіктер. Араларында көкөністік түрлері (ботташық, сәбіз, балдыркөк, ақжелкек), тех. маңызды түрлері (сасыр, кориандр), эфир майлылары (анис, зире, айован, кориандр), дәрілік түрлері (аскөк, амми, сасыр, т.б.) және сәндік үшін өсірілетіндері (шоқсары, астранция, балдырған) бар. Кейбір түрі өте улы — утамыр, убалдырған, арамшөп түрлері де көп (әлпен, бежір, скандикс,), көптеген түрі — құнды жайылым шөбі және балды өсімдіктер.

73 Алаботалар тұқымдасы өкілдерінің практикалық маңызы Алабұталар тұқымдастары екi тұқымдасқа дейiнгi тармаққа: алабұта жəне сораң болып бөлiнедi. Алабұталар тұқымдастарының тармағына жататын барлық түрiнiң тұқымы сақина тəрiздi иiлiп бiткен жəне эндоспермдi жетiлген. Сораң тармағының өкiлдерiнде тұқым спираль тəрiздi орналасқан жəне онда эндоспермi жетiлмеген. Алабұталар тұқымдастарының адам өмiрiнде алатын маңызы зор. Қант алудың басты көзi кəдiмгi қызылша. Тамырында 25%-ке дейiн қызылша бар будандар шығарылған. Құрамында А, В, С витамины жəне темiр, фосфор бар басқа шпинаты кеңiнен таралған. Көптеген алабұта тұқымдастары дəрiлiк өсiмдiктер (амброзия түрлi алабұта, құртқа қарсы алабұта). Бiрқатар алабұталар тұқымдастарынан жасанды жайылым жасап, табиғи жайылымды жақсарту мақсатында мəдени дақыл ретiнде шығарылуда (малазықтық көкпек, Рихтер сораңы жəне т.б.). Қазақстанның шөл аймағында жергiлiктi тұрғындар отын, ретiнде пайдаланылатын ақ жəне қара сексеуiл кең таралған.

74 Қалампырлар тұқымдасына сипаттама, өкілдері Қалампырлар тұқымдасы (Caryophyllaceae) – қос жарнақты өсімдіктердің бір тобы. Шала бұта не бұта түрінде өседі. Жер шарының солтүстік жартысының қоңыржай аймақтарында көп таралған. 80-ге жуық туысқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі, оның ішінде Қазақстанда 30 туысқа жататын 212 түрі өседі. Жапырақтары жіңішке, көбіне қарамауылықарсы орналасқан гүлдері қос жынысты, араларында дара жыныстылары да кездеседі. Гүлшоғыры сыпыртқы не шашақ тәрізді, кейде дара гүлді. Аталығы 10, кейде 5 не бұдан да аз, аналығы – біреу. Қалампырлар тұқымдасының көп түрлері түнде гүлдейді (мысалы, салбыр сылдыршөп, т.б.) және гүлінен шырын бөлінеді. Осыған байланысты бұлар түнгі жәндіктер арқылы (негізінен көбелектермен) тозаңданады. Жемісі – қорапша, кейде жаңғақ не жидек тәрізді болады

75 Қалампырлар тұқымдасының практикалық маңызы Бұлардың арасында мал азықтық, улы арамшөп, әсемдік үшін өсірілетін, дәрі жасауда, тағам, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылатын, тамырында сапониндер, алкалоидтар болатын түрлері бар.[1]

Наши рекомендации