Тақырып: Жұкті әйелдерге физиопсихопрофилактикалық дайындық жұргізу.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАУ
Маман жалпы медицина: Жалпы медицина
Пән: акушерлік іс
Кафедра: акушерлік және гинекологии
Курс 4
Тақырып №3, блок 5. Жүкті әйелдерге физиопсихопрофилактикалық дайындық жұргізу.
Орындаған: Сахипова Г.Ж.
Должность: ассистент
Ғылыми дәрежесі: м. ғ.к.
звание, _________________________
Актобе – 2010 г.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 200_ж.
№ __ хаттамасы
Кафедра (курс) жетекшісі г.
Кафедра жетекшісі: _______________________Тусупкалиев А.Б.
М.ғ.к., доцент
Тақырып: Жұкті әйелдерге физиопсихопрофилактикалық дайындық жұргізу.
2. Сабақтың мақсаты: тәліпкерлерді жұктілік кезінде әйелдерге физиопсихопрофилактикалық дайындық жұргізу ге ұйрету. Жұктілікті қаупсыз жұргізу протоколдарымен таныстыру. Жұкті әйелдерге физиопсихопрофилактикалық дайындық жұргізу сабақтарынын жоспарымен таныстыру.
3.Оқытудын мақсаты:
Тәліпкерлер білуі қажет:
1. физиопсихопрофилактикалық дайындық мақсаты
2. физиопсихопрофилактикалық дайындықтын тұрлері
3. физиопсихопрофилактикалық дайындыққа байланысты сабақтардын құрамы
Тәліпкерлер істей білуі қажет:
- физиопсихопрофилактикалық дайындық сабақтарды өткізу
- аурсыну сезімді төмендету ұшін арнайы әдістерді қолдану
4. Тақырыптың маңызды сұрақтары;
1. физиопсихопрофилактикалық дайындық дегеніміз не
2. қашан және қай жерде физиопсихопрофилактикалық дайындық жұргізіледі
3. 1 сабақтын құрамы
4. 2 сабақтын құрамы
5. 3 сабақтын құрамы
6. 4 сабақтын құрамы
7. 5 сабақтын құрамы
5.Өқытудын және сабақ жұргізудін әдісіпрезентация және дискуссия тқрінде сабақ жұргізіледі. Тақырып бойынша презентация қателермен көрсетіліді. Тәліпкерлердін мақсаты дискуссия тұрінде қателерді табу. Сабақтын аяғында тәліпкерлер тестермен ситуациялық есептер шығарады.
6. Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Раисова А.Т. Акушерия жэне гинекология / А. Т. Раисова, Р. Г. Нуркасымова. - Алматы : Асем-Систем, 2006. - 296 б.
2. Укiбасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдык курс: оку куралы / Т. М. Укiбасова, А. Б. Тусiпкалиев. - Актобе, 2008. - 172 б.
3. Акушерияга кіріспе / Х. Н. Нуржанов. - Алматы: Каз УМУ, 2002. - 92 б.
4. Бейсембаева Р. Акушерия / Р. Бейсембаева. - Алматы : Білім, 2004, 2006.
7. Тексеру (вопросы, тесты, задачи и пр.)
1 босануды жансызданырудын түрлері қандай
2.жүкті әйелдерді босануға дйындауға не жатады
3. босану кезінде аурудын патогенезі
4. физиопсихопрофилактикалық дайындық сабақтарды қалай өткізу керек
Ақпаратты блогі Жүүкті әйелдерді босануға дйындауға жатады:
1. Емдік жаттығу
2. Ультракүлгін сәулету
3. Арнайы сабақтар.
Жүкті әйелдерді босануға дайындаудың психопрофилактикалық түрінде дайындаудың әдісі босану ауруы іліміне негізделеді. Бұл ілім арқылы түсіну бойынша босану кезінде ауырсыну тек қана нерв жүйесінің тітеркенуіне байланысты емес, оған қосымша екінші сигналды жүйеге тигізетін әсермен байланысты шартты рефлекторлы компонентке байланысты. Әдістің мәні – сөз арқылы ми қыртысы мен қыртыс асты түщзелістер арасында дұрыс функционалдық қарым-қатынасты қалыптастыру, қыртыс асты орталықтарында қозуды төмендету, ми қыртысындағы қозу мен тежеудің арасын теңестіру. Босану кезінде ауырсыну сезімдері пайда болғанда жетекші орын бас ми қыртысында екені расталады. Психопрофилактикалық дайындықтың мақсаты – босану алдындағы қорқыныш сезімін және жүктілік кезінде пайда болған басқа да теріс эмоцияларды жою, босану актісінің физиологиялық және ауырсынусыз процесс ретінде ойын тудыру және бекіту, болашақ аналықпен байланысты жаңа жақсы сезімді тәрбиелеу. Күнделікті дене жаттығулары ағзаның қарсы тұруын жоғарылатады, шапшаңдылық сезімін тудырады, нерв жүйесін күшейтеді, жалпы жағдайын, ұйқысын, тәбетін, жүрек- қантамыр жұмысын, тыныс алу, асқорыту ішек трактін жақсартады. Дене жаттығулары үшперде, жамбас түбінің бұлшықеттерін кіші жамбас және аяқтардың стаз болмауына, жатыр қуысында ұрықтың дұрыс орналасуына, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің физиолгиялық ағымына алып келеді. Жатыққан әйелдер өзінің тынысын қадағалау арқылы ағзаны тезірек, толығырақ оттегімен қамтамасыз етуге жол ашады.
Дене жаттығу сабақтары әйелдерге кеңес беру мекемесінде топпен дәрігердің бақылаумен инструктор жүргізеді. Жаттығуды үйде жасауға болады, бірақ 10 күн сайын әйелдер кеңес үйіне келіп, жаттығулардың дұрыс орындарын бақылау қажет.
Жаттығуларды жүктілік мерзіміне сай өзгерту керек. Жатығудың ұзықтығы 15-20 минуттан аспау керек. Жатттығуды таңғы асқа дейін немесе 1-2 сағат астан кейін жақсы желдетілген және ашық арнайы бөлмеде қимыл-істі шектемейтін киіммен жүргізу керек. Жаттығулар шаршуға немесе тыныс алудың қиындығына, жүрек соғысының жиілігіне алып келген жағдайда дәрігерменақылдасып жаттығуларды жеңілдету керек. Жаттығу кешенінен секіруді және күшенуді, шапшаң қимылдарды алып тастау қажет. Жаттығумен айналысуды тек қана дені сау және жүктілігі қалыпты ағымда өтетін әйелдерге кеңес беріледі.
Психопрофилактикалық дайындық жүкті әйелдер жүктілікпен тіркелгеннен бастап жүргізіледі. Оны өткізу үшін арнайы дәрігер немесе арнайы оқытылған акушерка, кушеткалармен және оқулықтармен жабдықталған арнайы бөлме беріледі. Барлығы 5 сабақ өткізіледі.
Босану мерзіміне 4-5 апта қалғанда жүкті әйелдермен арнайы сабақтар өткізіледі (аптасына 4-5 сабақ). Бірінші сабақта әйел жыныс мүшелерінің түсінікті түрде анатомиялық құрамымен, жүктілік және босану кезінде ағзадағы өзгерістермен, босану ағымының физиологиясымен таныстырылады. Толғақ туралы, жатыр мойнының ашылуына қағанақ суының орны, босану кезеңдері туралы әңгіме жүргізіледі. Екінші сабақта толғақ кезінде өзін-өзі қалай ұстау керек екенін түсіндіреді, ауырсыну сезімдерін жеңілдететін арнайы әдістерді үйретеді. Оларға жатады: толғақ кезінде сабырлы, ретті дем алу, іштің төменгі бөлігін alba сызығы бойымен қасағаға сырттан жоғарыға қарай сaсаусақтың ұштарымен сипау, бел-жамбас аймағын сипалау, үлкен саусақтардың ұштарымен мықын сүйектерінің жоғарғы-алдыңғы аймақтарын теріге басу, Мехаэлис ромбы аймағын жұдырықты түйіп басу, толғақ арасында дем алу, босанудың екінші кезеңінде күш сақтау үшін. Үшінші сабақта босанушы екінші кезінде өз-өзінқалай ұстау керек екендігі жайында әңгімелейді. Күшенудің нәтижесін күшейту үшін терең тыныс алғаннан кейін тынысты 10-15 секундқа ұстап қалу қажет. Бұл бұлшықеттердің тырысуына алып келеді. Осыны толғақ кезінде 2-3 рет қайталау қажет. Толғақтың күшін төмендету үшін (ұрықтың басын шығару кезінде) барлық бұлшықеттерді босату қажет. Содан соң бала жолдасын босану кезеңінің ағымын түсіндіреді. Төртінші сабақ босану үйіне түсу тәртібімен, босану кезінде жүргізілетін манипуляциялармен, босанғаннан кейінгі ерте кезеңі ағымының ерекшеліктерімен таныстырылады.
Бесінші сабақта өткен сабақтардың тақырыптарын бекітеді.
Жүкті әелдерге сабақтарда өткен жаттығуларды үйде қайталауына кеңес беру қажет. Егержүкті әйел жүктілік кезінде психопрофилактикалық дайындықты өтпеген жағдайда барлық жаттығуларды босану үйінде үйретеді. Бірақ оның нәтижесі ұзаққа созылған психопрофилактикалық дайындыққа қарағанда төмен болады. Жүкті әйелдерге босануға психопрофилактикалық дайындыққа кіреді: алғашқы анаға босануды физиологиялық процесс ретінде көрсету, босану кезінде өз-өзін дұрыс ұстау, сонымен бірге ауырсынуды төмендететін әдістерге үйрету. Психопрофилактикалық дайындық босану ауырсынуының шартты рефлекторлы компонентін жоюына алып келеді. Осылайша ауырсыну сезімінің төмендеуіне және жақсы босану ақырына жол ашады. Психопрофилактикалық дайындықта тәртіптің маңызы зор. Психопрофилактикалық дайындықты барлық жүкті әйелдер өту қажет. Ең біріншіден, әйелдің жүктілікке қары-қатынасын, сонымен бірге қорқыныш сезімін анықтайды.Әйелдерге кеңес беру мекемесіне әрсайын барғанда босану алдында қорқыныш сезімін жою, оң эмоцияларды қалыптастыру, психопрофилактикалық дайындықтың нәтижесі бар екендігі туралы әңгіме жүргізеді. Жүкті әйелдерге босану ауырсынусыз өтеді деп уәде беруге болмайды. Физикалық және психикалық күш жоғалтса да, бала босану терең көңілді қобалжу әкеледі.