ХирургиялыҚ стоматологияда жергілікті жансыздандыруҒа Қолданылатын дӘрілерге клиника-фармакологиялыҚ талдау жасау
Сезімтал жүйке (нерв) талшықтарына (афферентті) жанасқанда ондағы жүйке серпінін (нерв импульсін) тоқтататын дәрілерді жергілікті жансыздандыру дәрілері немесе анестетик деп атайды. Олар кейде жүйке (нерв) сабақтарына, яки оны қоршаған тінге енгізілсе тағы бірде ерітінді, май күйінде кілегей қабыққа жағу арқылы әсер етеді.
Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын жансыздандыру дәрілері немесе анестетиктер: новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин және дикаин. Химиялық құрылымы жағынан олар екі топқа бөлінеді.
1. Күрделі эфирлер, 2. Амидтер тобы.
Жансыздандыратын дәрі-дәрмектердің молекулалық құрамы 3 бөлімнен тұрады:
- Липодильді- майлы ( хош иісті топ)
- Гидрофильді- сулы ( аминді топ)
- Аралық қоспалар (эфир және амид қоспалары)
Күрделі эфирлер тобы. Күрделі эфирлердің құрамы өте тұрақсыз болғандықтан, олар қанның плазмасында тез ыдырайды, өте улы емес, эфирлік байланысы тұрақсыз және нашар болғандықтан суда тез ериді, сондықтан жансыздандыру уақыты ұзақ емес, қысқа. Кокаин өте улы болғандықтан қазір қолданылмайды. Новокаин, дикаин, анестезин.
Новокаин (пирокаин, аллокаин)күрделі эфирлердің хлорсутекті тұзы. Ол түссіз, иіссіз қырлы біртекті қатты зат (кристал). Суда (1:1), спиртте (1:8) оңай ериді. Хлорлы натрий изотоник ерітіндісінде (100°) 30 минут қайнатып дайындауға болады. Новокаин сілтіде тез суға ыдырайды, гидролизге ұшырайды. Улылығы аз, қолдануға ыңғайлы болғандықтан басқаларына қарағанда новокаин көбірек қолданылады. Жергілікті жансыздандыруға (инфильтрацияға)-0,25-0,5-1,0% ерітін-ділері, жақ пен тіске өткізгіш, Жергілікті жансыздандыруға (инфильтрация анестезиясына)- 2% ерітінді қолданылады. Терминальды (беткей) Жергілікті жансыздандыруға (анестезияға) әсерінің аздығынан қолданылмайды. Құрғақ новокаинның бір реттік жоғары мөлшері 1 грамм. Ересек адамға бір ретте 1% новокаиннен 75-100 мл-ден, ал 2% ерітіндіден 50 мл-ден артық енгізуге болмайды.
Дикаин (тетракаин)де күрделі эфирдің хлорсутекті тұзы, түссіз, иіссіз, кристалды ұнтақ. Суда, спиртте оңай ериді. Дикаин новокаинге қарағанда 10-15 есе күшті жансыздандыру дәрілері немесе анестетик, соған қарай оның улағыш әсері де соншама рет артық. Кілегей қабықтан оңай өтіп әсер етуі мүмкін, оның 1-3% ерітінділерін терминальды (беткей) жансыздандыру дәрілері немесе анестетик ретінде пайдалануға болатындығының дәлелі. Жоғары улағыштығын ескеріп оны 10 жасқа толмаған балаларға қолдануға, инъекция (егу) жасауға болмайды. Бір реттік жоғары мөлшері ересек адамға 0,09 г құрғақ зат (немесе 3% ерітіндіден 3 мл).
Амидтер тобы.Бұлар күрделі эфир тобымен салыстырғанда ұзағырақ уақыт әсер ететін жаңа жансыздандыру дәрілері немесе анестетиктер, құрамы тұрақты, РН-тың төмендеуіне төтеп бере алатын,тіндерге ену дәрежесі жоғары (қабыну кезеңдерде), жансызандыру нәтижесі өте жоғары. Сол үшін заманауи хирургиялық стоматологиялық көмек көрсетуде көпшілік жағдайларда негізінен амидтер тобына жататын жансыздандыру дәрі-дәрмектерінен қолданылады. Олар: лидокаин (сикоин, лигноспан, ксилонор, ксилодонт,ксилокаин), мепивакаин (карбокаин, мепивастезин, скандонест), артикаин (ультракаин, септонест,альфакаин, убистезин, суперкаин), бупивакаин (маркаин, дуракаин).
Лидокаин (ксилокаин, ксикаин, лагнокаин)- бұл да хлорсутекті тұз. Ақшыл-сары кристалды ұнтақ. Суда, спиртте ериді. Дым тартқыш. Жарықта ұзақ тұрса сарғаяды. Ерітіндісін суда (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Новокаиннен 2,5 еседей күшті жансыздандыру дәрілері немесе анестетик, әсері ерте басталып ұзақ жалғасады. Улағыштығы аз, 0,5% ерітіндінің улағыштығы новокаинмен тең түссе, 1-2% ерітінділері новокаиннен 40-5 0%-тей артық. Терминальды өткізгіш және жансыздандыру дәрілері-инфильтрация анестезиясына ыңғайлы. Бір ота-операцияға 0,25% ерітіндінің 1000 мл-ден, ал 0,5% 500 мл-ден аспауы керек. Стоматологияда қолданылатын 1-2% ерітіндінің бір рет пайдалануға 50-20 мл-ге дейінғана жұмсалады.
Тримекаин (мезокаин) — химиялық құрамы лидокаинге ұқсас. Ақ, сарғыш, ащы ұнтақ. Суда, спиртте жақсы ериді. Оның ерітіндісін хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісіне (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Аппликация ретінде де әсері бар. Улағыштығы дикаиннен 16 есе аз десек те, оның 1% ерітіндісі новокаиннен 1,2-1,6 есе улағыш, тінді тітіркендірмейді. Стоматологияда 1-2% ерітінділері жиі қолданылады, жансыздандыру дәрілері-инфильтрацияға 0,25-0,5% ерітіндісі жарайды. Бір мезгілде 0,25%-800 мл, 0,5% -400 мл 1%-100 мл және 2% ерітіндіден 20 мл дейін енгізуге болады. «Б» тізімінде (дикаин „А" тізімінде) аузы тығыз жабылған, жарық түспейтін жерде сақталады. Дәріханада даярланған ерітіндіні 2-3 күннен артық сақтауға болмайды. Дәрі-дәрмек (фармацевтика) өндірісінде даярланған ампулаларды қолдану мерзімі көбірек. Ерітінді шартты түрде түссіз, мөлдір болуы керек. Қолдану алдында жаңылыстан сақтану үшін тексеріп көрген абзал. Бұл үшін Лукомскийдің новокаинге арналған сынағын жасауға болады. Сынақ өткізу үшін 2 пробирка алып, біреуіне реактив 1:1000 2 мл марганец қышқыл калий құйып, оған 2 мл тексерілетін ерітіндіні құяды. Екінші пробиркаға реактив құйып 1-2 минуттан соң оларды салыстырады. Бірінші пробиркада сарғыш түстің пайда болуы ерітіндінің новокаин екендігін дәлелдейді.
Мепивакаин(карбокаин,скандикаин)-амидтер тобына жатады. Әсер ету жағынан лидокаинге жақын, бірақ оған қарағанда әсер ету мерзімі ұзақ, улылау. Мепивакаин сорылуы баяу,сонымен қатар қан-тамырларды кеңейтпейді.2%-3%-ды ерітінділері жергілікті және өткізгіштік жансыздандыруда қолданылады. Ең жоғарғы мөлшері-4,4мг/кг.
Мепивакаиннің3%-ды ерітіндісі қолдануға ең тиімді болып саналады.
Артикаин -Суперкаин - Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын амидтер тобының тиофендер топшасына жатады. Әсер ету механизмі нейрондар мембранасының босаңсуымен және жүйке талшықтарының қозғалыстарының пайда болуымен және олардың өтуін тоқтатуымен байланысты болады. Әсер етуі тез пайда 1-3 минутта болады да ұзақтығы 45-75минутқа созылады. Дәрі қан-тамырларға және тіндерге кері әсерін тигізбегендіктен жараның біту мерзімі қысқарылады. Плазма протеиндері мен 95% байланыста болады. Бұл дәріні Өзбекістан Республикасы мен Туркия Республикасының біріккен фармацевтикалық «Тошкент-Samsung LTD» бірлестігі жасап шығарады. Суперкаинніңфармакологиялық қасиеттерін және нарықтық жағдайын егжей-текжей зерттеп үйренген ғалым медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі, I-ші Ташкент Мемлекеттік Медицина Институтының түлегі Темуров Фазладин Тұрабайұлы. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында тіркеуден өту үшін хұжаттар Фармация комитетіне тапсырылған.
Бупивакаин –амидтер тобына жатады, жансыздандыру әсері жағынан новокаиннан 6 есе, ал улылығы жағынан 7 есе асып түседі. Ең жоғарғы мөлшері-175мг.