КӘсіпкерлік саласындаҒы ҚылмыстардыҢ ҚылмыстыҚ ҚҰҚыҚтыҚ сипаттатмасы

Біздің бүгінгі зертеп отырған тақырыбымыз жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығына шолу жасай отырып оны жан – жақтама толығырақ, мағыналырақ ашып көрсетуге бағытталған. Осы күндері кез келген тәуелсіз мемлекеттің саясатының бір тармағына айналған экономика саласы мемлекет үшін де, халық үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] Сонымен қатар Конституцияның 26 – бабында әрбір азамат кәсіпкерлікпен еркін айналысу құқығына еге делінген. Сонымен қатар біздің мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікті , жалпы кәсіпкерлік саласын қорғау және қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр.

Кәсіпкерлік терминін XVIII ғасырда Р. Кантильон ғылымға енгізді. Оның берген анықтамасына қарағанда кәсіпкерлік ол алдын ала көре алу, тәуекелге бел буа алу және қылынған барша әрекеттерді өз жауапкершілігіне ала алатын субьект деп көрсетті.Бұл субьекттер негізгі капитарлдың егесі болуы міндетті емес деп айтылдып өтті.[20,86-96.б]

Саяси экономиканың класикалық мектебінің негізін қалаушы А. Смиттің анықтамасы Р. Кантальоның анықтамасынан біршама өзгешеліктері болды. Ол кәсіпкерді мүліктің иегері ретінде көрсетті және кәсіпкерлікпен пайда табу мақсатында айналысатынын айтып кетті.[21,124 – 130.б]

Ал, Й. Шумпетердің ойы бойынша кәсіпкер инаватор болуы тиіс, кәсіпкерік саланы болса шаруашылық салаларды ұйымдастырудың құралы деп есептеді. Оның ойы бойынша мүлік меншік құқығы боып есептелмеді.Шумплердің ойы бойынша кәсіпкерліктегі қандай да бір өзгерістер экономкаға да өзгерістер алып келеі деп айтып кетті.[22,169-170.б]

Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің” 10 – бабына сәйкес кәсіпкерлік дегеніміз - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Жоғарыдағы анықтаманы кеңірек ашып көрсету үшін мынандай амалды қолданғанымыз дұрыс болар. Кәсіпкерліктің басқа қызмет салаларынан ажырататын негізгі мынандай белгілері бар:

1. Нарықта өз өнімін, жұмысын, қызметін өндіру және сату арқылы пайда табатын қызмет түрі.

2. Бұл қызмет түрі ерікті түрде бастамашының мүддесі мен талаптары негізінде жүзеге асырылады.

3. Кәсіпкердің өзінің жекеменшік мүлкінің негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар барша мүліктік шығындар мен шығыстаға өз атынан жауап береді.

4. Кәсіпкер тек өз атынан қатынасады.

Жоғарыда аталған негіздердің біреуі жоқ болатын болса бұл қызмет түрін кісіпкерлік қызмет деп атауға келмейді. Бұны қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамымен ұқсатуға да болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда Астанадағы: “Қазақстан 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сратегиялық бағыты атты жолдауында : қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын реформалауы жайлы, сонымен қатар ілгерідегі ізгілендіру барысында, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарға мән беру керектігі жайында жазылған. Демек осыдан түсінуге болатыны мемлекеттің лайықты дамуы үшін маңызды екенін көрсетіп отыр.

Енділікте кәсіпкерлік жайлы шағын болса да түсінік болса өзіміздің негізгі тақырыбымыз жайлы жазайық. Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қымыстық кодексін зерттей отырып мынандай кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды таба алдық:

1. 214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет.

2. 215-бап. Жалған кәсіпкерлік

3. 216-бап. Іс – жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау

4. 364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

5. 365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жаcау

Осы қымыстарды кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар деп қарастырғанымыз дұрыс көзқарас болар деп есептейміз. Біздің тақырыбымыз да осы баптардың негізінде жазылатын болыды.

Кісіпкерлік саласындағы қымыстардың баршасына тән ортақ белгі олар мемлекеттің, немесе жеке тұлғалардың мүддесін, құқығын таптай отырып жүзеге асырылады.

Наши рекомендации