Ішкі аурулар» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарының күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Ішкі аурулар» пәні бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспары

2016- 2017 оқу жылына арналған 051301 «Жалпы медицина» мамандығы 7 курс интерн-терапевтердің

Ішкі аурулар» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарының күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Сабақтардың тақырыбы Оқу сағаттарының көлемі
Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
Күндер Аудит. сағаттар Күндер Сағаттар
  БЛОК Кардиология
1. Атеросклероз, қауіп факторлары мен даму механизмі. Клиникалық көріністері, дислипидемияның диагностикасы. Медикаментозды және медикаментозды емес емі, ҚР ДСМ- нің стандарттарына сәйкес.
2. Кардиологияда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы. Антиатеросклеротикалық, антигипертензивтік, антиишемиялық, антиангинальдық, антитромботикалық (антиагреганттар, антикоагулянттар, тромболитиктер, жаңа пероральдық антикоагулянттар): цитопротекторлардың, диуретиктердің, минералокортикоидты рецепторлардың антогонистерінің, оң инотропты әсерлі дәрілердің жіктемесі.
3.   Артериальдық гипертензия. АҚҚ қөтерілу механизмдері. АГ гемодинамикалық салдары. Нысана мүшелердің зақымдануы. Клиникалық көріністері, диагностика. Медикаментозды және медикаментозды емес емі, ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес. Гипертоникалық криз, жіктелуі. Алғашқы көмек. АГ-мен жүктілерді жүргізу.  
4. СЖИА. СЖИА жіктелуі. Коронарлы жетіспеушіліктің механизмі. Клиникалық көріністері, диагностика. Коронарогенді және коронарогенді емес кардиалгиялардың салыстырмалы диагностикасы. ЖИА-ның емдеу принциптері, ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес.    
5. Жедел коронарлық синдром, анықтамасы, жіктелуі, патогенезі. Атеросклероздық табақшаның дестабилизациясы мен коронарлы артерияларда тромб дамуының механизмі. Браунвальд бойынша тұрақты емес стенокардияның жіктелуі. Клиникалық көріністері. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес диагностикасы мен емдеу тактикасы.  
6. Миокард инфаркты (МИ). Жіктелуі. Клиникалық көріністері. Лабораторлық және инструментальдық диагностикасы. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес асқынбаған миокард инфарктын емдеу.  
7. Миокард инфарктының асқынулары. Killip бойынша жіктелуі. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі.
8. Миокард инфарктын өткізген және жүрекке операция жасалған науқастардың реабилитациясы. Реабилитация этаптарының жіктемесі. Реабилитациялық потенциал түсінігі. Реабилитация уақыттары. - -
9. Ритм және өткізгіштік бұзылысы. Аритмияның электрофизиологиялық механизмі, ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес диагностикасы мен емі.
10. Жүре пайда болған жүрек ақаулары. Гемодинамика өзгерістері. Клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес жүкті әйелдерді жүргізу тактикасы.
11. Туа пайда болған жүрек ақаулары. Гемодинамика өзгерістері. Клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес жүкті әйелдерді жүргізу тактикасы.
   
12. Инфекциялық эндокардит.ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес диагностикалық критерийлері (Дьюк бойынша) мен емі.  
13. Миокардиттер. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі.
14. Кардиомиопатиялар. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі.
15. Перикардиттер. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі.
16. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Жіктелуі (NYHA, Стражеско-Василенко). Ю.Мареев бойынша клиникалық жағдайларды бағалау шкаласы. 6-минуттық жүру тесті. ҚР ДСМ-нің стандарттарына сәйкес клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі.
17. Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы - -
             
І№ Сабақтардың тақырыбы Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
ККүндер ААудит. сағаттар ДКүндер чСағаттар
  БЛОК Ревматология
11. Жедел ревматикалық қызба және созылмалы ревматикалық жүрек ауруы
22. Ревматоидты артрит. Серонегативті спондилоартропатиялар
   
33. Жүйелі қызыл жегі мен антифософолипидтік синдром
44. Дәнекер тіннің жүйелі аурулары
65. Жүйелі васкулиттер
76. Зат алмасу бұзылыстары әсерінен дамыған артропатиялар, паранеопластикалық синдромдар. Остеоартроз. Остеопороз   - -
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы   - -
Сабақтардың тақырыбы Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
Күндер Аудит. сағаттар Күндер Сағаттар
  БЛОК Пульмонология
Пневмониялар. Пневмониялардың классификациясы. Ауруханадан тыс пневмонияның қауіп факторлары. Этиологиясына қарай ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық көрінісі. Әртүрлі жас топтарындағы науқастарда пневмонияның негізгі қоздырғыштары. Ажырату диагностикасы. Пневмония кезінде госпитализация критериилері. CURB-65. Госпитальды пневмонияның диагностикалық критериилері. Негізгі қоздырғыштары. ӨЖВ жағдайындағы науқастарда пневмонияның ағымының ерекшеліктері. Пневмониямен жүкті әйелдерді жүргізу тактикасы. Пульмонологияда қолданылатын антибиотиктердің классификациясы, әсер ету механизмі, фармакокинетикасы, жанама әсерлері, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Микробқа қарсы терапияны таңдау әдісінің принциптері. Мукоцилиарлық клиренске әсер ететін препараттардың (муколитиктер) классификациясы, әсер ету механизмі, фармакокинетикасы, жанама әсерлері, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Дәлелдік медицина тұрғысынан пневмонияның емдеу алгоритмі және рационалды антибиотикотерапиясы. Иммуномодуляциялық терапия принциптері. Иммунокомпроментирленген науқастардағы пневмония. Қауіп топтары. Қоздырғыштары. Емі. Біріншілік және екігшілік профилактика. Аспирациялық пневмонияның қауіп топтары. Вирустық пневмония. Легионеллез, орнитоз. Өкпе патологиясы кезіндегі физиотерапия әдістері мен құралдары. Оксигенотерапия.
2. Пневмонияның асқынулары. Инфекциялық-токсикалық шок. ЖТЖ. Респираторлық дистресс-синдром. Клиникалық көрінісі. Дифференциалды-диагностикалық критериилері. Жедел көмек. Профилактикасы. Плевриттер, классификациясы, плевра қуысындағы сұйықтықтың пайда болу себебі. Клиникалық көрінісі. Плевра қуысында сұйықтық пайда болуының үш сатысы. Плевроцентезге көрсеткіштер, плевра сұйықтығын лабораторлық әдіспен зерттеу. Плевралық сұйықтықты идентификациялау. Өкпенің, плевраның инфекциялық аурулары, қатерлі ісіктері, дәнекер тіннің аурулары, ОАТЭ кезінде дамитын плевриттердің дифференциалдық диагностикасы. Басқа мүшелер ауруларындағы плевриттер. Лабораторлық және инструменталдық зерттеу әдістері. Емі. Өкпе абсцессі және өкпе гангренасының этиологиясы, клиникалық көрінісі. Консервативтік емі. Хирургиялық емге көрсеткіштер. Бронхоэктаз ауруының этиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, дифференциалдық диагностикасы. Бронхографияға көрсеткіштер. Емі.Хирургиялық емге көрсеткіштер. Кеуде қуысы органдарын рентгендік әдістермен зерттеу, көрсеткіштері, жүргізу ережелері, зерттеу әдісінің диагностикалық бағалылығы. Өкпе патологиясындағы негізгі Р-синдромдар: қараю, ошақ, диссеменирленген өзгерістер, өкпе түбірінің өзгерістері, өкпе суретінің өзгерістері, ағару. Плевра қуысындағы сұйықтық синдромы. Пневмоторакс синдромы. Визуализация әдістері: рентгенологиялық, эндоскопиялық (МРТ, КТ, бронхоскопия, бронхография, ангиография) Мәліметтерді интерпретациялау, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Радиоизотопты зерттеу әдістері, жүргізу әдістері, қаіпсіздік ережелері. Қалдықтарды жою. Сепсис. Жіктелуі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты.
 
3. ӨСОА. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы. ӨСОА дәлелденген және мумкін қауіп факторлары. ӨСОА кезіндегі тыныс жолдарының қабынуының негізгі иммунологиялық механизмдері. ӨСОА диагностикасы, бронхтар обструкциясының қайтымсыздығын анықтау. ӨСОА халықаралық классификациясы. ӨСОА асқынған науқастарды жүргізу, госпитализацияға көрсеткіштер. Тұрақты ӨСОА бар науқастарды жүргізу, терапия принциптері, негізгі дәрілік зат топтары. Дәрілік әсерлесу. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты.
4. Өкпенің диссеминирленген үрдістерінің классификациясы (клиникалық топтары). Жедел, жеделдеу және созылмалы саркоидоздың клиникасы. Дифференциалдық диагнозы. Емдеу принциптері, болжамы. Өкпенің диссеминирленген ауруларына тән рентгенологиялық белнілер. Спирография және қан құрамының газдарының көрсеткіштерінің ерекшеліктері. Экзогенді және эндогенді альвеолиттер. Экзогенді альвеолиттер: аллергиялық альвеолит, эозинофильді пневмония (дәрілік пневмониттер), токсикалық альвеолит. Емі. Дифференциалдық диагнозы. Идиопатифлық фиброздаушы альвеолит, Гудпасчер синдромы, гистиоцитоз Х. Гематогенді-диссеминирленген туберкулезбен, өкпе карциноматозымен, бронхоальвеолярлы ракпен, пневмомикозбен, пневмокониозбен дифференциалдық диагнозы. ДТДА кезіндегі өкпе васкулиттері. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын өкпенің диссеминирленген аурулары (өкпенің идиопатиялық гемосидерозы, өкпенің біріншілік протеинозы, біріншілік бронхөкпелік амилоидоз, микролитиаз). Морфологиялық зерттеу әдістерінің ролі.
5. Тыныс жетіспеушілігі. Жедел және созылмалы өкпелік жүрек. Анықтамасы. Даму механизмдері. Классификациясы. Тыныс жетіспеушілігі типтерінің дифференциалдық диагностикасы. Қалыпты жағдайда және патологиялық жағдайда қанның газдық құрамының көрсеткіштері, пульсоксиметрияның диагностикалық маңыздылығы. Ұзақ уақыт оттегімен емдеуге көрсеткіштер. Өкпе гипертензиясы. Классификациясы: біріншілік, екіншілік. Себептері, патогенезі, клиникалық критериилері. Диагностикада инструментальдық зерттеу әдістерінің ролі. Клинико-диагностикалық және дифференциальды-диагностикалық критериилері. Асқынулары. Болжамы. Өкпе гипертензиясының және созылмалы өкпелік жүректің емі. Жедел өкпелік жүрек. ӨТЭА. Диагностикасы және емі. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты.
6. Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы - -
Сабақтардың тақырыбы Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
Күндер Аудит. сағаттар Күндер Сағаттар
  БЛОК Гастроэнтерология
1. Асқазан-ішек жолдары ауруларының негізгі синдромдары. Гастроэнтерологиядағы негізгі синдромдардың салыстырмалы диагностикасы (соның ішінде хирургиялық және жұқпалы патологиямен): ауру, қызба, мальабсорбция, цитолитикалық, мезенхимальді қабыну, астено - вегетативтік, геморрагиялық, холестатикалық, ашығу диспепсияның , диареяның.
Өңеш аурулары. Кардия ахалазиясы, эзофагоспазм, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, диафрагманың өңешті тесіктің жарығының салыстырмалы диагностикасы. Емдеудің замануи әдістері. Баррет өңеші.
Созылмалы гастриттер, дуодениттер. Гастриттердің жіктелуі, диагностиканың морфологиялық критерийлері. Helicobacter pylori анықтаудың әдістері. Қазіргі замануи диагностика және емдеу әдістері, салыстырмалы диагноз. АҚЖ хеликобактер-ассоциирленген ауруларының емдеуінің консенсусы. Жұту актісінің бұзылысы, лоқсу, құсу бар науқастардың зерттеу алгоритмі. Негізгі аурудың сипатына байланысты диспепсиялық синдромының клиникалық ерекшеліктері (асқазан - ішек жолының, орталық жүйке жүйесінің, зат алмасудың, вестибулярлы аппараттың, эндокринді бұзылыстардың, қан-тамыр жүйенің ауруларының, жұқпалы және жедел хирургиялық патологияның, жедел және созылмалы экзогенді уланулардың, дәрілік терапияның асқынуларының анықталуы). Асқазанның секреторлы және моторлы қызметінің зерттелуі. Рентгенологиялық зерттеу мен ФГС-ң маңыздылығы. Құсуға қарсы дәрілік терапия. Диагноздың критерийлері. Ауру синдромының салыстырмалы диагностикасы. Емдеудің замануи тактикасы. Ойық жараның асқынулары. Хирургиялық емдеу әдістерінің көрсеткіші. Алдын алу. Helicobacter pylori – инфекцияның асқазаннан және ішектен тыс көріністері.
Өт қабының дискиензиясы, созылмалы холецистит, өт-тас ауруы. Негізгі симптомдар. Дуоденальды зондылауды жүргізудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Өт қабындағы конкременттерінің диагностикасының УДЗ әдістері, ретроградты холангиопанкреатография. Лапароскопиялық холецистэктомия. Холецистэктомиядан кейін науқасты жүргізу. Емдеудің заманауи әдістері. Урсодезоксихолий қышқылының туындылары. Өт жолдары мен ұйқы безі ауруларының салыстырмалы диагностикасы мен емі: өт тас ауруы, созылмалы холецистит, өт жолдарының дискинезиясы, созылмалы панкреатиттің әр түрлі клиникалық варианттары, ұйқы безінің ісігі. Өтті шаншуда және жедел панкреатитте шұғыл көмек көрсету. Ұйқы безінің функциялары. Ұйқы безінің ағысты жүйенің ерекшеліктері. Созылмалы панкреатиттің жіктелуі. РХПГ. Созылмалы панкреатиттің биохимиялық маркерлері. Капрограмма . Аурудың клиника-диагностикалық критерийлері. Ұйқы безі ауруларының диетотерапиясының рациональді принциптері. Препараттардың негізгі топтары. Жедел панкреатитте көрсетілетін жедел жәрдем.  
Ұйқы безінің функциялары. Ұйқы безінің ағысты жүйенің ерекшеліктері. Созылмалы панкреатиттің жіктелуі. РХПГ. Созылмалы панкреатиттің биохимиялық маркерлері. Капрограмма. Аурудың клиника-диагностикалық критерийлері. Ұйқы безі ауруларының диетотерапиясының рациональді принциптері. Препараттардың негізгі топтары. Жедел панкреатитте көрсетілетін жедел жәрдем
Бейспецификалық жаралы колит. Крон ауруы. Жаралы емес ішектік диспепсиялар. Диареямен өтетін аурулар (асқазан – ішек трактінің ісіктері, спецификалық емес жаралы колит, Крон ауруы, созылмалы энтероколит, моно - және дисахаридазды мальабсорбция, целиакия, функциональді бұзылыстар, жұқпалы аурулар). Сіңудің бұзылу синдромы. Іш қату (жуан ішектің кеңеюі, жуан ішектің шамадан тыс кеңеюі (перерастяжение), ісіктері, дивертикулез , жуан ішектің дистальді бөлімінің аурулары, қоздырған ішек синдромы). Диагностика мүмкіншіліктері (ішектің рентгеноконтрастты зерттеуі, нәжісті, ферменттерді зерттеу, ішектің шырышты қабатының биопсиясы). СЖК (НЯК) және Крон ауруындағы ішектің зақымдалуының негізгі себептері мен механизмдері. Клиниканың ерекшеліктері. Аурудың ішекті және ішектен тыс көріністері. Аурудың салыстырмалы - диагностикалық белгілері. Замануи емдік тактика. Алдын алу, болжау. Асқазан-ішек жолдары ауруларының медикаментозды емес емінің негізгі принциптері. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Рациональды тамақтанудың негіздері. Тамақтану сипатын бағалау. Диеталық ем-дәмдер. Жасанды және парентаральды тамақтану дәрмектеріне көрсеткіштер. Гипо және гипервитаминоздардың, микроэлементоздардың диагностикасы.  
Вирусты гепатиттер. Вирусты гепатиттердің жіктелуі. Бауыр зақымдалуының биохимиялық маркерлері. Вирусты гепатиттердің ИФА, ПЦР - диагностикасы. Вирусты гепатиттердің клиникалық көріністері. Негізгі синдромдар. Бауырдың функциональді жағдайын бағалау. Вирусты гепатиттердің жүйелік көріністері. Аутоиммунды патологиясының салыстырмалы диагностикасының проблемалары. Морфологиялық диагностика. Нәтижелер. Біріншілік алдын алу, халықтың вакцинациясы және қауіп қатер тобы. Бауыр патологиясындағы негізгі синдромдардың салыстырмалы диагностикасы: холестаз, цитолитикалық, бауыр-клеткалық жетіспеушілік, портальді гипертензия, асцит, диффузды өзгерістер, бауырдағы көлемді түзілімдер т.б. Вирусқа қарсы терапиясы көрсетілмеген науқастарды емдеу. Асқынулардың алдын алуы. Созылмалы вирусты гепатиті бар науқастарды жүргізу принциптері. Вирусқа қарсы дәрілермен емдеу. Вирусқа қарсы терапияның тағайындауына негізгі көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Емдеудің эффективтілігінің предикторлары. Интерферондардың, нуклеозидтер аналогтарының, вирусты протеазалардың ингибиторларының әсер ету механизмі. Болжамы.    
Бауырдың вирусты емес аурулары. Диагностикасы мен клиникалық көріністері, емі. Дәрілік, токсикалық, алкогольді гепатиттер, майлы гепатоз. Диагностика критерийлері. Терапияның негізгі принциптері. Вильсон – Коновалов ауруы, Жильбер синдромы. Жүкті әйелдердегі бауыр патологиясы: холестаз, бауырдың жедел майлы дистрофиясы, HELLP - синдромы. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеудің заманауи әдістері. Асқынулардың алдын-алу.  
Бауыр циррозы. Диагностикасы мен клиникалық көріністері, емі. Цирроздың даму себептері. Аурудың негізгі критерийлері. Ерте диагностикасы. Бауыр циррозының Чайлд - Пью бойынша жіктелуі. Процесстің активтілігінің критерийлері. Биопсия өткізуіне көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштері. Морфологиялық жіктелуі Metavir, Knodell. Емі. Дәрілердің негізгі топтары. Әсер ету механизмі. Бауыр циррозы бар науқастарды жүргізу. Порто – кавальді шунттауға, бауырдың трансплантациясына көрсеткіштер.      
Бауыр циррозының асқынулары. Диагностикасы мен клиникалық көріністері, емі. Портальды гипертензия синдромы. Асқынулары: өңештің варикозды көк тамырларынан қан кету, портальді гастропатия. Өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кетулер, біріншілік және екіншілік алдын алуы. Бауырлық энцефалопатия . Бауырлық энцефалопатияны бағалау. Жедел бауырлық энцефалопатия, даму себептері. Ауырлық дәрежесін бағалауы. Шұғыл көмек. Асцит және оның асқынулары. Терапия сатылары. Рефрактерлі асцит, себептері. Лапароцентез. Спонтанды бактериальді перитонит. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты.      
11. Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы       -   -
  БЛОК Гематология
1. Геморрагиялық синдром. Коагулограмма.Тромбоцитопатиялар мен тромбоцитопениялар. Гемостаз туралы ұғым. Гемофилиялар. Трансфузиологияның негізгі принциптері. Гемостаздың негізгі тізбектерінің сипаты (тамырлы – тромбоцитарлы, коагуляциялық, фибринолиз жүйесі). Қалыптыдағы коагулограмма. Патология кезінде коагулограмма өзгерістері. Балаларда гемокоагуляцияның жастық ерекшеліктері. Қан кетудің Баркаган З.С. (1978) бойынша жіктелуі. Геморрагиялық синдромда диагностиканың негізгі принциптері. Антитромболитикалық терапия (антикоагулянттар, тромболитиктер). Антитромболитикалық терапиядағы лабораторлық бақылау. Сарысулы гемостаздың бұзылысы: әр түрлі факторлардың тапшылықтары, гемофилиялар. Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура, Верльгоф ауруы, туа пайда болған тромбоцитопатиялар, екіншілік тромбоцитопениялар (симптоматикалық). Вазопатиялар (геморрагиялық васкулит, Рандю-Ослер, Луи-Барр, Казабаха-Меррита аурулары т.б.), Виллебранд ауруы. Клиникасы, диагностика және емдеу принциптері. ҚШТҰ – синдромы. Баркаган З.С. бойынша жіктелуі. Гиперкоагуляциялық, аралық, гипокоагуляциялық фазалардың клиника-лабораторлы диагностикасы. Коагулограмма  
2. Гемобластоздар. Жедел лейкоздар. Созылмалы лейкоздар. Парапротеинемиялық гемобластоздар. Лимфоидтық неоплазиялар. Жедел лейкоздар. FAB – жіктелуі. Жедел лейкоздар мен варианттарының диагностикалық критерийлері. Салыстырмалы диагностика. Емдеудің негізгі принциптері (полихимиотерапия, емдеудің сатылылығы, клиника –гематологиялық ремиссия мен клиника-гематологиялық жақсарудың критерийлері). Жедел лейкоздардағы сүйек кемігінің трансплантациясы. Жедел лимфобластты және жедел миелобластты лейкоздардың емінің негізгі протоколдары. Болжауы. Қалыпты миелограмма. Стернальдық пункция мен трепанобиопсияға көрсеткіштер. Сүйек кемігінің цитохимиялық зерттеулері және иммунофенотиптеу туралы ұғым. Негізгі гематологиялық аурулар кезіндегі миелограмманың диагностикалық маңызы. Созылмалы лейкоздар. Олардың жіктелуі. Созылмалы лейкоздардың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: созылмалы лимфолейкоз, созылмалы миелолейкоз, сублейкемиялық миелоз, эритремия, созылмалы моноцитарлы лейкоз. Гематологиялық суреттің ерекшеліктері (гемограмма, пунктаттар). Ерте диагностикасы. Емдеу принциптері. Гематологиялық аурулардағы сүйек кемігінің және гемопоэтикалық бағаналық клеткалардың трансплантациясына көрсеткіштер, трансплантацияның иммунологиялық проблемалары, трансплантацияға реципиенттерді дайындау және сүйек кемігінің немесе гемопоэтикалық бағаналық клеткалардың трансплантациясын өткерген пациентті жүргізу. Көптік миелома. Диагностикалық критерийлері. Ig – патияға күдікті болғандағы зерттеуі. Емдеу принциптері. В-лимфомалар, Т және НК-клеткалы ісіктер. Лимфогрануломатоз. Лимфопролиферативті ауруларға күдікті болғандағы диагностикалық жолдары. Дәлелді медицина тұрғысынан замануй емдеу бағыты.    
3. Анемиялар. ТТА, В12- тапшылықты анемия. Созылмалы аурулардағы анемиялық синдром. Апластикалық анемиялар. Цитопениялар. Гемолитикалық анемиялар. Анемиялардың этиология және патогенезі. Анемияның маңызды патогенетикалық вариантын анықтау, нақты науқастағы анемияның негізінде жататын аурудың диагностикалық ізденісі. Теміртапшылықты анемия. Темірдің тәуліктік қажеттілігі. Темірдің сіңуі. Сидеропениялық және анемиялық синдромының клиника-лабораторлы диагностикасы. Жас өспірімдерде, жүкті әйелдерде және егде адамдардағы ТТА ерекшеліктері. Емі. Темір препараттардың сипаттамасы. Темір препараттарының пероральді және парентеральді қолданылудың көрсеткіштері. Гемотрансфузияларға көрсеткіш. Емдеудің бақылауы. Қан түзудегі В- 12 витаминінің ролі. Патогенезінде аутоиммунды механизмнің маңыздылығы. Негізгі клиникалық синдромдар. Лабораторлы – аспаптық диагностикасы. Мегалобластты анемиялардың диагностикасында миелограмманың маңызы. Фолий – тапшылықты, гипопластикалық анемиялармен, жедел лейкозбен салыстырмалы диагностикасы. Емі ( оксикобаламин, цианокобаламин ). Онкологиялық науқастардағы қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. Бауыр патологиясында, алкоголизм, бүйрек патологиясында, созылмалы қабынуларда (ревматикалық ауруларда), жұқпалы ауруларда, АИВ кезіндегі қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. СБЖ-гі анемия және оның емі. Апластикалық анемиялар, апластикалық синдром және парциалді қызыл клеткалы аплазия. Клиникалық критерийлері, салыстырмалы диагностикасы. Вирустардың ролі . Диспансерлік бақылау. Тұқымқуалайтын (мембранопатиялар, гемоглобинопатиялар, ферментопатиялар) және жүре пайда болған (иммунды, иммунды емес) гемолитикалық анемиялар. Гемограмма, миелограмма, трепанобиопсия мәліметтерін, арнайы тестілердің нәтижелерін, қан жағындысында формалы элементтердің морфологиялық өзгерістерін білу. Емдеу принциптері. Диспансерлік бақылау.    
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы     - -
                   
Сабақтардың тақырыбы   Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
Күндер Аудит. сағаттар Күндер Сағаттар
  БЛОК Эндокринология және диабетология
БЛОК Эндокринология
  Гипертиреоз синдромы. Жайылмалы уытты жемсау. Тиреотоксикалық криз. Қалқанша безінің қабыну аурулары. Диагностикалық шаралардың алгоритмі. Емдеу принциптері.        
2. Гипотиреоз синдромы. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит. Иодтапшылықты аурулар. Гипотиреоидты кома. Диагностикалық шаралардың алгоритмі. Емдеу принциптері мен алдын-алуы.  
Қалқанша маңы безі ауруларының патологиясы. Гипопаратиреоз. Гиперпаратиреоз.  
Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің анатомиясы мен физеологиясы. Гипоталамо-гипофизарлы жүйе қызметінің регуляциясы. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының сипаты. Гипофиздің артқы бөлігі, оның қызметі. Акромегалия и гигантизм. Пролактинома. Клиника, диагностика, емі.  
Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының анатомиясы мен физеологиясы. Иценко – Кушинг ауруы. Иценко-Кушинг синдромы және ауруының дифференциальды диагностикасы. Этиология, патогенез, клиника, диагностика,емі.
Гипопитуитаризм. Шиен синдромы. Қантсыз диабет. Эндокринологияда синдромдарды анықтау және олардың салыстырмалы диагностикасы: соматогендік нанизм, плюрегландулярлы жетіспеушілік.  
Бүйрек үсті безінің аурулары. Анатомия, физиологиясы. Гормондардың сипаттамасы. Бүйрек үсті безі қызметінің реттелуі. Ішкі аурулар клиникасында жедел және созылмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі. Диагностикасы, емі.  
Бүйрек үсті безі қыртыс асты қабатының ісіктері. Альдостерома. Кортикоэстрома. Феохромоцитома. Лабораторлы диагностика әдістері, емі.  
Климакс. Патологиялық климакс: классификация, клиника, дифференциальды диагностика. Постменопауза кезіндегі орын алмастырушы гормональды терапия, оның оң жақтары мен кемщіліктері. Жасқа байланысты андрогендік дефицит. Диагностикалық критерийлері. Емі.
Жыныс мүшелері қызметінің бұзылысы. Гипогонадизм. Аменорея. Бедеулік. Этиология, клиника, диагностика, емі.  
                   
    БЛОК Диабетология     Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
Күндер Аудит. сағаттар Күндер Сағаттар
Қант диабеті. Қант диабетінің жіктелуі. 1 және 2- типті қант диабеті : этиология, патогенез, клиника, диагностика. LADA, MOD-Y және неонатальды диабет.    
2-типті қант диабетінің патогенезіндегі семіздік пен метаболикалық синдромның ролі.
Қант диабетінің 1-типіндегі инсулинотерапия: инсулиндердің жіктелуі, дозасын есептеу, емдеу схемалары. Инсулиндік помпалар, жұмыс принциптері.  
2-типті қант диабетін емдеу принциптері. Пероральдық қантты төмендететін препараттар: бигуани­дтер, сульфаниламидтер, тиазолидиндиондар, глинидтер, альфа-глюкозидазаның блокаторлары.  
2-типті қант диабетін емдеуде қазіргі кезеңдегі қантты төмендететін препараттар: ГПП-1 агонистері, ДПП-4 ингибиторлары, SGLT2 ингибиторлары 2-типті қант диабетінің инсулинотерапиясы.  
Қант диабетінің жедел асқынулары. Диабеттік кетоацидотикалық кома: этиопатогенез, клиника, емі. Гипогликемиялық кома: себептері, патогенез, клиника, диагностика және емі. Гиперосмолярлық және лактацедемиялық комалар: этиопатогенез, клиника және шұғыл көмек.
Диабеттік микроангиопатиялар: ретинопатия, нейропатия, нефропатия. Классификация, клиника, диагностика, емі. Диабеттік аяқ синдромы.  
Диабеттік макроангиопатиялар: ЖИА, ЖМҚБ. Клиника, диагностика және емі. 2-типті қант диабетімен науқастарда АГ және дислипидемияны емдеу.
Жүкті әйелдердегі көмірсу алмасуының ерекшеліктері. Гестационды диабет. Диагностика, емі, профилактика.
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы   - -
Эндокринологиядағы клиникалық фармакология
Қалқанша безі, қалқанша маңы безі, нейроэндокринді аурулардың емінде қолданылатын дәрілік заттардың клинико-фармакологиялық сипаттамасы. Емдеу принциптері, жанама әсерлері.
Әсер ету механизмі, жанама әсерлері, пероральды қантты төмендететін дәрілердің оң жақтары мен кемшіліктері. Инсулиндік дәрілердің классификациясы. 2-типті қант диабетімен науқастарға инсулинотерапияның көрсеткіштері.
Эндокринологиялық тәжірибедегі дәрілік формуляр.
Клинико-фармакологиялық экспертиза. Қателіктер мен негізсіз дәрігерлік тағайылымдар.
Эндокриндік ауруларды емдеудің халықаралық және ұлттық клиникалық ұсынылымдары мен протоколдары. Ұсынылымдардың дәлелдік деңгейі.
  Эндокринологиядағы клинико - лабораторлық диагностика        
Эндокриндік аурулармен науқастардың биохимиялық қан анализі және зәр анализі.
Қан мен зәрдегі гормондар деңгейін зерттеу.  
Эндокринологиядағы диагностикалық сынамалар.  
Сүйек тіні метаболизмінің биохимиялық маркерлары. Сүйек түзілуінің және сүйек резорбциясының маркерлары, олардың клиникалық маңызы.
Эндокринді аурулардың молекулярлық- генетикалық зерттеу әдістері.
  Эндокринологиядағы визуальды диагностика        
Қалқанша безі және қалқанша маңы безінің УДЗ. Тиреоидологияда қолданылатын цитологиялық/морфологиялық зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелеріне интерпретация жүргізу. Сцинтиграфия ЩЖ с 99mTc. Жіңішке инелі аспирациялық биопсия.
Гипоталамо-гипофизарлы жүйені визуализациялау әдістері: сәулелі диагностика, сцинтиграфия октреотидпен.
Түрік ершігі, омыртқаның, білезік және алақан сүйектерінің рентгенологиялық зерттеу әдістері.
Сүйектерді визуализациялау әдістері: денситометрия, сцинтиграфия. Биопсия.
Бүйрек үсті безінің визуальды диагностикасы: компьютерлі томография, МРТ, бүйрек үсті безінің қыртыстық және милық қабатының сцинтиграфиясы, позитронды эмиссионды томография.
                   
Сабақтардың тақырыбы Тәжірибелік сабақтар ИӨЖ
Күндер Аудит. сағаттар Күндер Сағаттар
  БЛОК Нефрология  
Бүйрек ауруларындағы негізгі синдромдар. Нефрологиядағы негізгі синдромдардың патогенезі және салыстырмалы диагнозы: гематурия, протеинурия, нефритикалық синдром, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілік синдромы, дизурия, артериальды гипертензия, ауру синдромы, тубулоинтерстициальды синдром. АГ ауруының патогенезі мен бүйрек патологиясының үдеуіндегі гиперфильтрацияның ролі . Бүйрек патологиясы кезіндегі АГемі: бүйрек гипертензиясында, реноваскулярлы, қатерлі АГ –ның емі.
Гломерулонефриттер. Шумақтар зақымдалуы кезіндегі клиникалық синдромдар. Жалпы диагностикалық әдістер. Бүйректің шумақтық аппараты зақымдалуының үдеу механизмдері. Жедел гломерулонефрит (постстрептококктық), созылмалы гломерулонефриттердің клиникалық ерекшеліктері. Асқынулары. Гломерулонефриттердің морфологиялық классификациясы. Биопсия: көрсеткіш, қарсы көрсеткіш және асқынулары, методика. Гломерулопатиялардың морфологиялық варианттары: ГНМИ, ФСГН, мембранозды нефропатия, МПГН типтер 1,2,3, БПГН. Қазіргі заманғы селективтік иммуносупрессивті дәрілер.  
Бүйрек және жүктілік. Жүктілік кезіндегі бүйрек физиологиясының ерекшеліктері. Жүкті әйелдердегі зәр шығару жолдарының инфекциясы, асимптоматикалық бактериурия. Жүкті әйелдердегі преэклампсия мен эклампсия және гломерулонефриттердің салыстырмалы диагностикасы. Жүктілік кезіндегі бүйрек патологиясымен науқастарды жүргізу және емдеу ерекшеліктері. Жүктілердің преэклампсиясы мен эклампсиясы кезіндегі шұғыл көмек.
Жедел бүйректік зақымдалу (ЖБЗ). Преренальдық, ренальдық және постренальдық ЖБЗ. ЖБЗ: себептері, патогенез, клиникалық ағымының ерекшеліктері, салыстырмалы диагнозы. Классификация RIFLE. Емдеу цринциптері. Уремиялық жүрек. Гиперкалиемиядағы көмек. Гемодиализ. Гемодиализге абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер. Перитониальды диализ. Жедел бүйрек зақымдалуын өткерген науқастарды жүргізу.
Созылмалы бүйрек ауруы. СБА-ның стадиялары. Диагностикалық критерийлері. Бүйрек аурулары кезіндегі басқа ағзалар мен жүйелердің зақымдалуы. СБА-ның терминальдық стадиясында негізгі емдеу принциптері: перитонеальды диализ, бағдарламалық гемодиализ, бүйрек трансплантациясы. Науқасты трансплантацияға дайындау. Бүйрек трансплантатының жедел сылынуы.
Бүйрек, зәр шығару жолдары ауруларының клинико-лабораторлы диагностикасы. Бүйрек ауруларының жалпы клиникалық диагностикасы. Пальпация, перкуссия. Ісіктерді анықтау, АҚҚ, зәр шығарудың бұзылуы. Зәрді зерттеу әдістері. Нефрологиядағы биохимиялық (протеинограмма, липидограмма, креатинин, электролиттер және т.б) және иммунологиялық зерттеулер (С3, С4, АНЦА, АНА, анти-ДНК АТ және т.б). Нефрологиялық науқастардың лабораторлық зерттеу қорытындыларына клиникалық интерпретация жүргізу. Науқасты зерттеуге дұрыс емес дайындағанда және фармакотерапиямен байланысты жалған қорытындылардың себептеріне сараптама жүргізу. - -
Нефрологиядағы клиникалық фармакология және фармакотерапия. Бүйрек, зәр шығару жолдары ауруларының емдеу хаттамаларына сәйкес қазіргі заманғы фармакотерапиясы. Бүйрек, зәр шығару жолдары ауруларының клиникалық фармакологиясы мен фармакотерапиясы. Рациональды фармакотерапия негіздері, дәлелді медицина. Дәрігерлік тағайындамалардың негізділігіне, таңдауға, дозалық тәртібіне клинико-фармакологиялық тұрғыдан қарау. Нефрологиялық тәжірибеде қолданылатын дәрілік заттардың әсерлілігі мен қауіпсіздігін бағалау. Клинико-фармакологиялық экспертиза. Қателіктер мен негізсіз тағайындамалар. - -
Нефрологиядағы визуальды диагностика. Бүйрек, зәр шығару жолдары ауруларындағы сәулелік диагностика (рентген, УДЗ, КТ, МРТ, нефросцинтиграфия, динамикалық және статикалық, радионуклидті цистография, денситометрия). Көрсеткіш, бағалау критериилері. Зәр шығару жолдары инфекцияларында, зәр шығару жолдарының туа біткен аномалияларында, кистозды ауруларында, нефролитиазда УДЗ. Бүйрек қан-тамырларының допплерографиясы. Нефрологияда экскреторлы урография, микционды цистография, КТ, МРТ, радиоизотопты зерттеулерді жүргізуге көрсеткіш және жүргізу принциптері. - -
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы     - -

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді. Хаттама №___ «____» ____________ 2016 ж.

№2 Ішкі аурулар кафедрасы, аралас пәндер курсымен,

Наши рекомендации