Перзентхана құрылымы мен оның жұмысын ұйымдастыру

1. XVIII ғасырдың атақты акушері, акушерия бойынша алғаш орыс төлтуындысының авторы «емші өнері немесе әйелді босандыру туралы ғылым»:

* + Н.М. Максимович-Амбодик

* Я. Крассовский

* И.П. Лазаревич

* Н.Н. Феноменов

* С. Груздев

2. Ресейде ең алғаш овариотомияны жасаған, жамбас ауытқулары мен босану биомеханизмі туралы түсінікті қалыптастырған, Петербург медико-хирургиялық академиясының акушерия бөлімінің жетекшісі болған Академик:

* Н.М. Максимович-Амбодик

* + Я. Крассовский

* И.П. Лазаревич

* Н.Н. Феноменов

* С. Груздев

3. Акушерия бойынша екі томдық төлтуындының авторы, акушерлік қысқыштарды ойлап тапқан, босануды ауырсыздандыру бойынша зерттеулер жүргізген Харковь университетінің профессоры:

* С. Груздев

* + И.П. Лазаревич

* Н.Н. Феноменов

* Я. Крассовский

* Н.М. Максимович-Амбодик

4. Көптеген акушерлік оталардың әдісін жетілдірген, оперативті акушерия кітабының авторы Қазан университетінің профессоры:

* Н.М.Максимович-Амбодик

* Я. Крассовский

* + Н.Н. Феноменов

* И.П. Лазаревич

* С. Груздев

5. Әйел денсаулығын қорғау туралы озық ойлар мен гинекология бойынша сапалы кітап авторы, Ресейдегі гинекологияның ғылыми пән ретінде негізін қалаған:

* Н.М. Максимович-Амбодик

* Я. Крассовский

* Н.Н. Феноменов

* И.П. Лазаревич

* + Ф.Снегирев

6. Нәрестенің аяқ-қолдарының басы мен денесіне қатынасы аталады:

* + мүшебейімділігі

* жатуы

* орналасуы

* позициясы

* түрі

7. Нәрестенің қалыпты мүшебейімділігі саналады:

* + бүгілуі

* жазылуы

* ұзынша

* көлденең

* қиғаш

8. Нәрестенің тік осінің жатырдың тік осіне қатынасы аталады:

* мүшебейімділік

* жату

* + орналасу

* позиция

* түр

9. Нәресте орналасуының келесі түрлерін ажыратады:

* бірінші, екінші

* алдыңғы, артқы

* баспен, жамбаспен

* бүгілу, жазылуы

* +ұзынша, көлденең, қиғаш

10. Нәрестенің арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы аталады:

* мүшебейімділігі

* жатуы

* орналасуы

* + позициясы

* Түрі

11. Нәресте позициясының келесі түрлерін ажыратады:

* + бірінші, екінші

* алдыңғы, артқы

* баспен, жамбаспен

* бүгілу, жазылуы

* ұзынша, көлденең, қиғаш

12. Нәресте арқасының жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасына қатынасы аталады:

* мүшебейімділігі

* жатуы

* орналасуы

* позициясы

* + түрі

13. Нәрестенің жатуының келесі түрлерін ажыратады:

* бірінші, екінші

* + алдыңғы, артқы

* баспен, жамбаспен

* бүгілу, жазылуы

* ұзынша, көлденең, қиғаш

14. Нәрестенің ірі бөлігінің (бас не жамбасының) жамбастың кіреберісіне қатынасы аталады:

* мүшебейімділігі

* + жатуы

* орналасуы

* позициясы

* түрі

15. Нәрестенің келесі жатуын ажыратады:

* бірінші, екінші

* алдыңғы, артқы

* + баспен, жамбаспен

* бүгілу, жазылуы

* тігінен, көлденең, қиғаш

16. Жамбастың кіреберісінде орналасқан және босану жолдарынан бірінші өтетін нәрестенің бөлігі аталады:

* мүшебейімділігі

* + жатуы

* орналасуы

* позициясы

* түрі

17. Нәресте жатуының келесі түрі жиі кездеседі:

* алдыңғы баспен

* + шүйдемен

* бетпен

* жамбаспен

* маңдаймен

18. Жүктіліктің 22 аптасында нәрестенің салмағы құрайды (грамм):

* 300

* 400

* + 500

* 600

* 700

19. Сыртқы пельвиометрияда келесі жамбас өлшемдері өлшенеді:

* + 3 көлденең, 1 тік

* 2 көлденең, 2 тік

* 1 көлденең, 3 тік

* 3 көлденең, 2 тік

* 3 көлденең, 3 тік

20. Михаэлис ромбысы – сегізкөздің келесі беткейіндегі аймақ:

* алдыңғы

* + артқы

* негізінде

* ұшында

* латералды

21. Сегізкөз ромбысы аталатын ромб:

* Гентер

* Соловьев

* Пискачек

* + Михаэлис

* Купперман

22. Қалыпты жағдайда әйел жамбасының сыртқы өлшемдері келесі өлшемдерге тең (см):

* +25-28-31-20

* 24-26-28-18

* 26-29-30-18

* 23-26-28-20

* 26-26-31-17

23. Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қылқандарының арасындағы қашықтық және қалыпты жағдайда тең болады (см):

* 23-24

* +25-26

* 27-28

* 29-30

* 31-32

24. Distantia cristarum - мықын сүйектері қанаттарының ең алшақ нүктелерінің арасындағы қашықтық және қалыпты жағдайда тең болады (см):

* 21-22

* 23-24

* 25-26

* + 28-29

* 30-31

25. Distantia trochanterica – ортан жіліктің үлкен төмпешіктерінің арасындағы қашықтық және қалыпты жағдайда тең болады (см):

* 21-22

* 23-24

* 25-26

* 28-29

* + 30-31

26. Сonjugata externa – сыртқы коньюгата немесе жамбастың тік өлшемі және қалыпты жағдайда тең болады (см):

* 11-12

* 12,5-13

* 18-19

* + 20-21

* 30-31

27. Сonjugata vera – шынайы коньюгата немесе қалыпты жағдайда тең болады (см):

* 9

* 9,5-10

* + 11

* 11,5-12

* 12,5-13

28. Сonjugata diagonalis – симфиздің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы нүктесі мүйіске дейінгі қашықтық және қалыпты жағдайда тең болады (см):

* 9

* 9,5-10

* 11

* 11,5-12

* +12,5-13

29. Шынайы конъюгатаны анықтау үшін диагоналды конъюгата өлшемінен шегереді (см):

* 0,5-1,0

* + 1,5-2,0

* 2,5-3,0

* 3,5-4,0

* 4,5-5,0

30. Шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгата өлшемінен шегереді (см):

* 1,5-2,0

* 7,5-8,0 см

* + * 9,0 см

* 10,0 см

* 11,0-12,0

31. Диагональды конъюгатаны анықтауға көмектесетін арнайы акушерлік зерттеу әдісі:

* айнамен қарау

*+қынаптық зерттеу

*пельвиометрия

* сыртқы акушерлік зертттеу

* сыртқы жыныс мүшелерін қарап бағалау

32. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының тік өлшемі тең (см):

* 9

* 10

* + 11

* 12

* 13

33. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең өлшемі тең (см):

* 10

* 11

* 12

* + 13

* 14

34. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының оң және сол қиғаш өлшемдері тең (см):

* 10

* 11

* + 12

* 13

* 14

35. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының алдыңғы шекарасы:

* сегізкөз мүйісі

* + симфиздің жоғарғы қыры

* симфиздің төменгі қыры

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* мықын сүйектерінің доға тәріздес сызықтары

36. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының артқы шекарасы:

* + сегізкөз мүйісі

* симфиздің жоғарғы қыры

* симфиздің төменгі қыры

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* мықын сүйектерінің доға тәріздес сызықтары

37. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының бүйірінен шекаралары:

* + мықын сүйектерінің доға тәріздес сызықтары

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* симфиздің жоғарғы қыры

* симфиздің төменгі қыры

* сегізкөз мүйісі

38. Кіші жамбастың кең жазықтығының тік өлшемі тең (см):

* 10,5

* 11,5

* +12,5

* 13,5

* 14,5

39. Кіші жамбастың кең жазықтығының алдыңғы шекарасы:

* симфиздің төменгі қыры

* ұршық ойықтарының ортасы

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* 2-3 сегізкөз омыртқаларының байланысқан орны

* + симфиздің ішкі беткейінің ортасы

40. Кіші жамбастың кең жазықтығының артқы шекарасы:

* симфиздің төменгі қыры

* ұршық ойықтарының ортасы

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* + 2-3 сегізкөз омыртқаларының байланысқан орны

* симфиздің ішкі беткейінің ортасы

41. Кіші жамбастың кең жазықтығының бүйірінен шекаралары:

* симфиздің төменгі қыры

* + ұршық ойықтарының ортасы

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* 2-3 сегізкөз омыртқаларының байланысқан орны

* симфиздің ішкі беткейінің ортасы

42. Кіші жамбастың тар жазықтығының алдыңғы шекарасы:

* + симфиздің төменгі қыры

* симфиздің жоғарғы қыры

* шонданай сүйектерінің қылқандары

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* симфиздің ішкі беткейінің ортасы

43. Кіші жамбастың тар жазықтығының бүйірінен шекаралары:

* симфиздің төменгі қыры

* + шонданай сүйектерінің қылқандары

* ұршық ойықтарының ортасы

* сегізкөз-құйымшақ байламы

* мықын сүйектерінің доға тәріздес сызықтары

44. Кіші жамбастың тар жазықтығының артқы шекарасы:

* сегізкөз мүйісі

* шонданай сүйектерінің қылқандары

* + сегізкөз-құйымшақ байламы

* мықын сүйектерінің доға тәріздес сызықтары

* 2-3 сегізкөз омыртқаларының байланысқан орны

45. Босану жолдарының сүйекті бөлігі құралады:

* + Кіші жамбаспен

* Байламдармен

* Жамбас түбі бұлшықеттерімен

* Жамбас түбі фасцияларымен

* Зәр-жыныс диафрагмасымен

46. Кіші жамбас босану жолдарының келесі тініне жатады:

* дәнекер тіндік

* шандырлық

* фиброздық

* бұлшықеттік

* + сүйектік

47. Кіші жамбас қуысын құрайтын қабырғалар саны:

* 2

* 3

* + 4

* 5

* 6

48. Кіші жамбас қуысының артқы қабырғасы құралады:

* мықын сүйектің қанаттарынан

* отырықшы сүйектен

* + сегізкөз бен құйымшақтан

* қасағадан

* симфизден

49. Кіші жамбас қуысының алдыңғы қабырғасы құралады:

* мықын сүйектің қанаттарынан

* + қасаға сүйектен, симфизден

* отырықшы сүйектен

* сегізкөзден

* құйымшақтан

50. Кіші жамбас қуысының бүйір қабырғаларын құрайды:

* сегізкөзден

* құйымшақтан

* + отырықшы сүйектері

* қасаға сүйектері, симфизден

* мықын сүйектің қанаттары

51. Кіші жамбас қуысының артқы қабырғасы алдынғы қабырғасынан ұзын (еса):

* 2

* + 3

* 4

* 5

* 6

52. Кіші жамбас қуысының жоғары бөлігі келесі сипаттағы сүйектік сақинамен көрінеді:

* +Тұтас, иілгіш

* Тұтас емес, иілгіш

* Үзікті

* Бір тұтас

* Иілмейтін

53. Кіші жамбас қуысының төменгі бөлігі келесі сипатта көрінеді:

* +Тұтас емес

* Үзікті

* Бұдырлы

* Тұтас

* Иірімделген

54. Кіші жамбастың төменгі бөлігінде орналасқан бекіткіш тесік және отырықшы сүйектің ойығы келесі байламдармен шектелген:

* сегізкөз –жатыр және жатырдың жалпақ байламы

* +сегізкөз -өсінді және сегізкөз-төмпешік байламы

* сегізкөз-жатыр және кардиналды байлам

* кардиналды және оймыш-жамбас байламы

* оймыш-жамбас және жұмыр байламы

55. Кіші жамбас қуысының жазықтығы алдынан - симфиздің жоғары қырынан және қасағаның жоғарғы-ішкі шетінен, екі бүйірінен – атаусыз сызықпен, артынан- сегізкөз мүйісімен шектелсе, сәйкес келеді:

* + кіші жамбас кіреберісіне

* кіші жамбас шығаберісіне

* кіші жамбас кіреберіс үстіне

* кіші жамбас қуысының тар бөлігіне

* кіші жамбас қуысының кең бөлігіне

56. Кіші жамбас қуысының жазықтығы алдынан-симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен – ұршық ойысының ортасымен, артынан 2-3 сегізкөз омыртқасының байланысқан жерімен шектелсе, сәйкес келеді:

* кіші жамбас кіреберісіне

* кіші жамбас шығаберісіне

* кіші жамбас кіреберіс үстіне

* кіші жамбас қуысының тар бөлігіне

* + кіші жамбас қуысының кең бөлігіне

57. Кіші жамбас қуысының жазықтығы алдынан – симфиздің төменгі қырымен, бүйірінен - отырықшы сүйегінің өсінділерімен, артынан - сегізкөз-құйымшақ буынымен шектелсе, сәйкес келеді:

* кіші жамбас кіреберісіне

* кіші жамбас шығаберісіне

* кіші жамбас кіреберіс үстіне

* + кіші жамбас қуысының тар бөлігіне

* кіші жамбас қуысының кең бөлігіне

58. Кіші жамбас қуысының жазықтығы алдынан симфиздің төменгі қырымен, жанынан – отырықшы сүйек төмпешіктерімен, артынан - құйымшақтың ұшымен шектелсе, сәйкес келеді:

* кіші жамбас кіреберісіне

* + кіші жамбас шығаберісіне

* кіші жамбас кіреберіс үстінне

* кіші жамбас қуысының тар бөлігіне

* кіші жамбас қуысының кең бөлігіне

59. Кіші жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының алдыңғы шекарасы тұрады:

* отырықшы сүйектің төмпешіктері

* құйымшақ ұшы

* + симфиздің төменгі қыры

* симфиздің жоғарғы қыры

* симфиздің ішкі бетінің ортасы

60. Кіші жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының бүйірінен шекарасы тұрады:

* + Отырықшы сүйектің төмпешіктері

* Симфиздің төменгі қыры

* Отырықшы сүйектің өсінділері

* Ұршық ойысының ортасы

* Мықын сүйегінің доға тәрізді сызығы

61. Кіші жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының артқы шекарасы тұрады:

* 2-3 сегізкөз омыртқаларының қосылған жері

* Сегізкөз-құйымшақ қосылған жері

* Симфиздің төменгі қыры

* + Құйымшақтың ұшы

* Сегізкөз мүйісі

62. Кіші жамбас қуысының тар жазықтығының тік өлшемі қалыпты жағдайда тең (см):

* 9

* 10

* +11

* 12

* 13

63. Кіші жамбас қуысының тар жазықтығының көлденең өлшемі қалыпты жағдайда тең (см):

* 9,5

* + 10,5

* 11

* 11,5

* 12,5

64. Кіші жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының көлденең өлшемі қалыпты жағдайда тең (см):

* 10

* + 11

* 12

* 12,5

* 13

65. Мерзімі жеткен нәрестің басының тік өлшемі (diameterfronto-occipitalis) тең (см):

* 9

* 10

* 11

* + 12

* 13

66. Мерзімі жеткен нәресте басының үлкен қиғаш өлшемі (diameterмento-occipitalis) тең (см):

* 9-9,5

* 10-10,5

* 11-11,5

* 12 -12,5

* + 13-13,5

67. Мерземі жеткен нәресте басының кіші қиғаш өлшемі (diametersuboccipito-bregimenticus) тең (см):

* + 9,5

* 10,5

* 11,5

* 12,5

* 13,5

68. Мерзімі жеткен нәресте басының ортаңғы қиғаш өлшемі (diametersuboccipitio-frontalis) тең (см):

* 9

* +10

* 11

* 12

* 13

69. Нәресте басының шүйде асты ойысынан бастап үлкен еңбектің алдыңғы бұрышына дейінгі аралық келесі өлшемге сәйкес:

* Ортаңғы қиғаш

* Вертикальді

* +Кіші қиғаш

* Көлденең

* Тік

70. Нәресте басының шүйде ойысынан маңдайдың шашты бөлігіне дейінгі аралық келесі өлшемге сәйкес келеді:

* Тік

* Көлденең

* Вертикальді

* Кіші қиғаш

* +Ортаңғы қиғаш

71. Нәресте басының өлшемі иектен бастап шүйде бұдырына дейіңгі аралық келесі өлшемге сәйкес келеді:

* Тік

* Вертикальді

* Кіші қиғаш

* Ортаңғы қиғаш

* +Үлкен қиғаш

72. Мерзімі жеткен нәресте басының үлкен көлденең өлшемі қалыпты жағдайда тең (см):

* + 9,5

* 10,5

* 11,5

* 12,5

* 13,5

73. Нәресте басының үлкен көлденең өлшемі (diameter biparietalis) - бұл ең алшақ нүктелерінің арасы:

* шүйде асты ойысы мен үлкен еңбектің алдыңғы бұрышының

* нәресте шаш бөлігінің шекарасы және шүйде бұдырының

* тәж жігінің ең алшақтаған нүктесінің

* кеңсірік үсті және шүйде бұдырының

* +төбе сүйегі төмпешіктерінің

74. Нәресте басының вертикальды өлшемі – бұл қашықтық арасы:

* шүйде асты ойысы мен үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы

* нәрестенің шаш шыққан жерінен шүйде бұдыры

* + төбе мен тіл асты сүйек

* кеңсірік үсті мен шүйде бұдыры

* төбе сүйегінің төмпешіктер

75. Мерзіміне жеткен нәрестенің иықтарының өлшемдері (diameter biacromialis) қалыпты жағдайда тең (см):

* 9

* 10

* 11

* +12

* 13

76. Нәресте басының тік өлшемі (diameter fronto–occipitalis) – бұл қашықтық арасы:

* шүйде бұдыры мен иек

* +кеңсірік үсті мен шүйде бұдыры

* үлкен еңбек ортасы мен тіл асты сүйек

* нәрестенің шаш шыққан жері мен шүйде асты ойысы

* үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы мен шүйдеасты ойысы

77. Нәресте басының кіші көлденең өлшемі (diameter bitemporalis) – бұл қашықтық арасы:

* төбе төмпешіктері

* кеңсірік үсті мен шүйде бұдыры

* +тәж жігінің ең алшақтаған нүктесі

* нәрестенің шаш шыққан жері мен шүйде асты ойысы

* үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы мен шүйдеасты ойысы

78. Мерзімі жеткен нәресте басының кіші көлденең өлшемі (diameter bitemporalis) қалыпты жағдайда тең (см):

* 7

* +8

* 9

* 10

* 11

79. Нәресте басының конфигурациясы – бұл:

* бұрылуы

* бүгілуі

* жазылуы

* қойылуы

* + формасының өзгеруі

80. Нәресте басының сүйектік бөлігі біріккен:

* +фиброзды жарғақпен

* бұлшықетті жарғақпен

* сүйектік жарғақпен

* байламдармен

* мықтылығымен

81. Нәресте басының бет бөлігінің сүйектері біріккен:

* фиброзды жарғақпен

* бұлшықетті жарғақпен

* сүйектік жарғақпен

* байламдармен

* + мықтылығымен

82. Нәресте басының сүйектік бөлігі фиброзды жарғақтармен қосылған, олар анықталады:

* мықтылығымен

* серпімділігімен

* +жылжымалылығы, ығысумен

* қозғалыссыз, тұрақтылығымен

* пішінін сақтау қабілетімен

83. Нәрестенің бас сүйегі құралады:

* екі төбе, екі самай, бір шүйде, маңдай, сына тәрізді және торлы сүйектерден

* екі маңдай, екі төбе, екі самай, екі торлы және бір шүйде және сына тәрізді сүйектен

* екі маңдай, екі төбе, екі самай, екі шүйде, бір сынатәрізді және торлы сүйектен

* екі маңдай, екі төбе, екі самай, екі сынатәрізді және торлы сүйектен

* +екі маңдай, екі төбе, екі самай, бір шүйде, сына тәрізді және торлы сүйектен

84. Акушерияда нәресте басындағы жіктер маңызды орын алады. Олар келесі сандардан тұрады:

* 1

* 2

* 3

* +4

* 5

85. Нәресте басының жебе тәрізді жігі келесі сүйектер арасынан өтеді:

* маңдай

* + төбе

* самай

* маңдай және төбе

* шүйде мен төбе

86. Нәресте басының маңдай жігі келесі сүйектер арасынан өтеді:

* +маңдай

* төбе

* маңдай мен самай

* маңдай мен төбе

* шүйде мен төбе

87. Нәресте басының тәж тәрізді жігі келесі сүйектер арасынан өтеді:

* төбе

* маңдай

* маңдай мен самай

* +маңдай мен төбе

* шүйде мен төбе

88. Нәресте басының ламб тәрізді (шүйде)жігі келесі сүйектер арасынан өтеді:

* төбе

* маңдай

* маңдай мен самай

* маңдай мен төбе

* +шүйде мен төбе

89. Жіктер қосылған аймақатарда сүйек тіндерден бөлек кеңістік орналасқан, ол кеңістік аталады:

* жарғақ

* жалғастырғыш

* + еңбек

* байлам

* жік

90. Нәресте басының жебе тәрізді жігі алдынан келесі еңбекке өтеді:

* ламбдтәрізді

* қанаттәрізді

* жұлдыз тәрізді

* + үлкен

* кіші

91. Нәресте басының жебе тәрізді жігі артынан келесі еңбекке өтеді:

* ламбдтәрізді

* қанаттәрізді

* жұлдыз тәрізді

* үлкен

* + кіші

92. Кіші еңбек келесі түзілістер қосылуынан пайда болатын шамалы тереңдеген ойыс болып табылады:

* + жебе тәрізді және ламбдтәрізді жіктерінің

* төбе, самай, шүйде сүйектерінің

* жебе тәрізді, маңдай және тәж жіктерінің

* бас сүйектің негізі, төбе, маңдай, самай сүйектердің

* төбе, маңдай, самай, торлы сүйектерінің

93. Үлкен еңбек келесі түзілістер қосылуынан пайда болатын аздаған тереңдеген ойыс болып табылады:

* жебе тәрізді және ламбдтәрізді жіктердің

* төбе, самай, шүйде сүйектердің

* +жебе тәрізді, маңдай және тәж жіктердің

* төбе, маңдай, самай, сына тәрізді сүйектердің

* төбе, маңдай, самай, торлы сүйектердің

94. Қанат тәрізді еңбек келесі түзілістердің қосылған жерінде орналасқан:

* жебе тәрізді және ламбдтәрізді жіктердің

* төбе, самай, шүйде сүйектердің

* жебе тәрізді, маңдай және тәж жіктердің

* + төбе, маңдай, самай, сына тәрізді сүйектердің

* төбе, маңдай, самай, торлы сүйектердің

95. Жұлдыз тәрізді еңбек келесі түзілістердің қосылған жерінде орналасқан:

* жебе тәрізді және ламбдтәрізді жіктердің

* + төбе, самай, шүйде сүйектердің

* жебе тәрізді, маңдай және тәж жіктердің

* төбе, маңдай, самай, сына тәрізді сүйектердің

* төбе, маңдай, самай, торлы сүйектердің

Наши рекомендации