Аяқтағы тырнақты алу.
Мақсаты: аяқтағы тырнақтарды алу.
Көрсеткіші: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.
Жабдықтау: жылы суы бар ыдыс, сабын(сұйық), резеңке қолғаптар, аяққа арналған крем, қайшы, тырнақ алғыш, егеуіш, лоток, орамал, дезинфекциялык ерітіндісі бар ыдыс, қалдықтарға арналған контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке процедура барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғапты киіңіз.
3. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4. Пациенттің табанын 3-5 минутқа жылы суы бар ыдысқа жайғастырыңыз, оған аздап сұйық сабын қосыңыз.
5. Пациенттің табанын кезекпен алыңыз. Оларды сүртіп, орамалға ораңыз, аяғындағы тырнағын тиянақтылықпен тырнақ алғыш немесе қайшымен алыңыз.
6. Тырнағын егеуішпен немесе тырнақ алғышпен өңдеу.
7. Пациенттің табанына крем жағыңыз.
8. Қайшы, тырнақ алғышты,егеуішті дезерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, орамалды жаймаларға арналған қапшыққа салыңыз, резеңке қолғапты қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.
9. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Пациентті қырындыру
Мақсаты: Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрсеткіші: Пациенттің ауыр жағдайы.
Жабдықтау: Суы бар ыдыс, компреске арналған дәке, орамал, станок, қырынуға арналған жаққыш, қауіпсіз ұстара, крем, дез.ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, қалдыққа арналған контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап киіңіз.
2. Пациентке Фаулер жағдайын жасаңыз.
3. Үлкен дәкені ыстық суға салыңыз (t сығыңыз және оны пациенттің бетіне 1 минут қойыңыз, сосын алып тастаңыз.
4. Жаққыштың көмегімен пациенттің бетіне қырынуға арналған крем жағыңыз.
5. Пациенттің бетін тартып тұрып қырындырыңыз, станоктың қозғалысына қарама – қарсы.
6. Пациенттің бетін дымқыл дәкемен сүртіңіз, құрғақ дәкемен құрғатыңыз.
7. Қырынуға арналған заттарды дез.ерітіндіге салыңыз, қолғап, дәкелерді қалдыққа арналған контейнерге тастаңыз.
8. Қолды жуып құрғатыңыз.
Олтық астының түктерін қыру
Мақсаты: Қолтық астының түктерін қыру, жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрсеткіші: Ота жасау алдында.
Жабдықтау: жаққыш, сұйық сабын, қырынуға арналған станок, жеке ұстараның жүзі, қолғап, дәке, су.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап киіңіз.
3. Пациенттен қолтық астына жағатын сұйқ сабын, жаққыш сұраңыз.
4. Жаққыш көмегімен сұйық сабынды қолтық астына жағыңыз.
5. Ұстараның көмегімен қолтық астындағы түктің өсу жолымен қырыңыз.
6. Қолтық астын жылы сумен жуыңыз.
7. Теріні орамалмен құрғатып сүртіңіз.
8. Қолғапты шешіңіз.
9. Қолды жуып құрғатыңыз.
Асағадағы түкті қыру
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, қасағадағы түкті қыру.
Көрсеткіші: ота жасаудан алдында.
Жабдықтау: жаққыш, сұйық сабын, станок, жеке ұстараның жүзі, қолғап, дәке, су, Эсмарх кружкасы, судно.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап киіңіз.
3. Пациентке судно беріңіз.
4. Жаққыш көмегімен қасаға аралығына сұйық сабынды жағыңыз.
5. Ұстараның көмегімен станоктың көмегімен шаш өсу жолымен қырыңыз.
6. Пациенттің қасағасын, жыныс органдарын жуыңыз.
7. Қасаға аралығын дәкемен құрғатыңыз.
8. Судноны алып тастаңыз.
9. Қолғапты шешіп, қолды жуып құрғатыңыз.