Рмекшітәрізділер топтамасы

Өрмекшітәрізділер (Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар.

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Сарышаяндардың (Scorpiones отряды) 1500-дей түрі бар.Адамға ең қауіптісі тропикалық түрлері.Сарышаяндар Орта Азия,Кавказ,Қырым және Қазақстанның Оңтүстігінде кездеседі. Сарышаяндар шөлейт жерлерде,ескі қыстақтарда мекендейді. Киім, төсектерге,үй ішіне кіріп, түнгі мезгілдерде шағады.

Клиникасы.Сарышаян шаққан кезде адам қатты ауырып,тырыса бастайды.Шаққан жері ісіп,тіпті өліеттену байқалады.Жалпы улану белгілері:бас айналу,бас ауыру,құсу,ентігу,әлсіздік,адинамия,жүрек соғуы байқалады.Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер етіп:есі бұлыңғырланып,аяқ қолы тартылады.Тіпті кейбір кезде жүрек жетіпеушілігі болуы мүмкін.

Емі.Алғашқы көмек ,уы жайылған жерді тығыз таңып,шаққан жерге суық ұстап,новокаин егіп анальгетик беру керек (наркотик салуға болмайды).Дезинтокцикациялық емдеу,аяқ қолдың тартылуын емдеу,ауруды сездірмейтін дәрілер қолдану.

Өрмекшілер (Araneі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған.

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Қарақұрт (лат. Lathrodectus tredecimguttatus) - улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті.

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Клиникасы. Қарақұрт шаққанда орны қат­ты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауы­рады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күр­­меледі, құсады, терлейді, санды­рақ­тай­ды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін.

Емі. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Бүйі (Lycosa sіngorіensіs) – өрмекшілер отрядының бүйі туысына жататын ірі өрмекші. Қазақстанның Шөл-шөлейтті, далалы аймақтарында кең тараған, әсіресе, ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі кездеседі. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңде 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Клиникасы. Бүйі шаққанда бірден білінеді.Шаққан жері ісіп,некроздалып бүкіл денеге тарайды. Адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін.Мұндай ауруды «тарантизм» деп те атайды.

Емі.Тері астына,ауыр жағдайда көк тамырға қарақұрттың уына сарысу енгізіледі.Жүрекке қолданылатын дәрілер көктамырға жіберіледі.

Кенелер

Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.

Эпидемиологиялық тұрғыда маңызды кенелер:иксод кенелері (Ixodes persulcatus),жайылым кенелері (Ixodes dermacentor), аргас және гамаз кенелері.

Даму кезеңдері:жұмыртқа-дернәсіл-нимфа-кене

Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады.Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы - тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордалы деп аталады.

Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салала академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты.

Қышыма кене.Адам үшін қышыма кене - өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырлан мазасызданіп, арып-талып, әлсірейді. Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы ем дейді.

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады.

«Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды.Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады, сондықтан кенелерді кездестірген жайылымнан малды 9 айдай кенесіз басқа табынға ауыстырса, мал пироплазмозбен ауырмайтын болады.

Рмекшітәрізділер топтамасы - student2.ru

Наши рекомендации