ЖҰтҚьіншаҚ аурулары

Баспа (ангина) — жұтқыншақтың (глотка) (көбіне таңдайдың) бадамша безінің лимфалық тканьдерінің қабынуы.

Бұл жалпы инфекциялық ауру. Оны стрептококк, стафилококк, пневмококк сияқты микроорганизмдер қоздырады. Ауру организмнің қарсылығы төмендегенде және сырттан немесе мұрын, ауыз қуыстарынан ауру тудырғыш микроорганизмдер түскенде туады. Аурудың сипаты, орны, ауыр не жеңіл өтуіне қарап катаральды, фолликулалы (көпіршікті), лакуналы (шұңқырлы) баспа деп ажыратады. Қатаральды баспада дене қызуы онша жоғары емес, бірақ кішкентай балаларда жоғары да болуы мүмкін. Ауру көбіне тамақтың құрғап қалуына, одан кейін жұтынғанда ауыратынына шағым жасайды.

Тексеріп қарағанда, таңдай бадамшасының ісіп қызарғаны көрінеді. Фолликулалы және лакуналы баспа ауырлау өтеді. Мұнда температура көтеріліп, жұтынғанда тамақ қатты ауырады, жақасты және иекасты лимфа түйіндері үлкейеді. Қанда лейкоцитоз (25Х109 дейін),.СОЭ (50 мм/с-қа дейін) жылдамдайды.

Фолликулалы баспада бадамша безде ақшыл-сарғыш нүктелер көрінеді, ал лакуналы баспада — ақ немесе ақшыл сары жабыспалар (налет) көрінеді.

Созылмалы тонзиллит — үлкен адамдарда да, балаларда да жиі кездесетін ауру.

Бұл аурудың шығуына мұрынның, тістің қабынуы,организм қарсылығының төмендеуі себеп болады. Ауру негізінен ауыздан шығатын жағымсыз иіске, баспаның жиі қайталанып тұратынына шағым жасайды және тамағында бөгде зат тұрғандай сезінеді. Кейде созылмалы тонзиллит баспасыз да пайда болады, кей уақытта кешкісін дене қызуы көтеріліп, денесі ауырлап, әлсіздік пайда болады, басы ауырады.

Бұл аурудың 3 түрі бар:

1) сирек болатын баспа (компенсированный); 2)жылына 1—2 рет болатын баспа (субкомпенсированный); 3) ай сайын болатын баспа (декомпенсированный).

Фарингит — жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығының қабынуы. Оның жіті, созылмалы, аллергиялық түрлері бар.

Жіті фарингитте тамағы жыбырлап, құрғақ жөтеледі, тамағы ауырып, ол құлаққа беріледі.

Тексеріп қарағанда жұтқыншақтың шырышты қабығы қызарып, ісіген, кейбір жерлері шырышты-іріңді секретпен жабылған.

ҚӨМЕЙ АУРУЛАРЫ

Көмекейдің (гортань) тіс-жақ жүйесі пятологиясына байланысты туатын аурулары негізінен тұрмыста және соғыстағы зақымдануларда болады, өйткені жақтардың,. жұтқыншақтың жарақаттануында тыныс жолының тарылуына (стеноз) байланысты көмек көрсетуге тура келеді. Кейде кейбір дәріні мыс, йод тұнбасын, көтере алмаудан көмейдің тарылуы пайда болады. Мұндай жағдайда жедел жәрдем көмегі керек. Оның үстіне бала кездегі көмейдің кейбір қабынулары кез-келген мамандықтан дәрігердің қажетті көмек көрсете білуін талап етеді.

Жіті ларингит. Көмейдің шырышты қабығының көп таралған ауруларының бірі — жіті ларингит. Бұл жеке ауру түрін, дауыстың зорығуы нәтижесінде тууы мүмкін. Көбіне ол тұмаумен, тыныс жолдарының жіті ауруларымен қатар жүреді. Кейде ауру өндіріс орындарындағы шаң-тозаңның, газдың әсеріне байланысты болады. Жіті катаральды ларингитте көмейдің шырышты қабығындағы өзгерістер шырышты қабықтың қабынуымен, көмейдің барлық бөлімдерінің қан кернеуімен (гиперемия) сипатталады, ол әсіресе дауыс қатпарларында айқын көрінеді. Қалыпты жағдайда қатпарлардың шеті үшкір, жұқа, фонация кезінде барлық жері жабылады, ал қабынғанда қатпарлар қалыңдап, шеттері болбырланып, олардың керілу және жабылу қабілеті өзгеріп, фонациясы бұзылады. Қабынған кезде дем алу қуысына жиналған секрет қатпарлардың жабылуына одан әрі кедергі жасайды.

Симптомдары. Дауыстың бұзылуы, тамақтың жыбырлауы, жөтел. Дауыстың бұзылуы әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Дауыс жуан, төмен, қарлыққан болады, Дауыс кейде мүлдем шықпай қалады (афония). Ларингоскоппен қарағанда көмейдің барлық бөлімдерінің тегіс қызарғаны, дауыс қуысында шырыш пен іріңді, жабысқақ секреттің жиналғаны көрінеді.

Созылмалы ларингит. Ауру үш түрде кездеседі: катаральды, гиперпластикалы, атрофиялық. Балық түрге де көмейдің дауыс қызметінің бузылуы тән. Бұл аурудың көбіне кәсіптік зиянды заттар, темекі шегу, дауыстың зорығуы әсер етеді. Темекі түтіні жоғары температурада болатындықтан көмей, кеңірдек, өңештің шырышты қабығын кептіреді және осы қабықтың үнемі қызарып қанталап тұруына, сөйтіп қабыну құбылысының созылуына әкеледі. Қабыну әсіресе шылымды көп шегетін адамдарда таңертеңгілік жөтел туғызатын қақырықтың көп мөлшерде бөлінуімен қосарлана жүреді. Бұлай болатын себебі, темекінің түтіні көмейдің, өңештің және бронхтардың кірпікшелі эпителий қызметін басып тастайды. Сондықтан жөтел рефлексі күндіз бәсеңдейді, жиналған қақырықтың дауысасты кеңістігіне тасымалдануы қиындайды. Түнде эпителийдің функционалдық қызметі біршама орнына келіп, қақырықты көмейдің төменгі бөліміне әкеледі, бұл жөтел рефлексін тудырып қақырықтың сыртқа шығуына себеп болады. Қақырық қабырғаға жабысып қалса қиындықпен бөлінеді, сондықтан жөтел қатты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда көмейдің шырышты қабығы зақымданып қабыну құбылысының созылуына себеп болады.

Созылмалы катаральды ларингит. Бұл ауруға көмейдің барлық бөлімінің шырышты қабығының тұрақты, көмескі және біркелкі қанталауы тән, сонымен бірге аздап ісік те көрінеді.

Созылмалы гиперпластикалы (гипертрофты) ларингит. Ожау тәрізді қуыс аралығы шырышты қабығының дауыс, кіреберіс қатпарларының қалыңдауы тән. Қалыңдаған дауыс қатпарлары дауыс саңылауын толық жаба алмайды, сондықтан саңылау толық жабылу үшін бұлшық еттің жұмыла жұмыс істеуін қажет етеді, бұл еттердің шашауына, нәтижесінде дауыстық бұзылуына әкеліп соғады. Дауыс қатпарларының қалыңдауы аралас және шектелген түрде болуы мүмкін. Созылмалы ларингиттің бір түрі «әнші түйіні». Бұл жағдайда дауыс қатпарларының бос шетінде, алдыңғы және ортаңғы бөлім: шекарасының 1/3 қатпарларының жабылуына кедергі жасайтын кішігірім төмпешіктер пайда болады. Ларингиттің бұл түрі әдетте дауыстың зорығуына байланысты.

Созылмалы атрофикалық (құрғақ) ларингит. Өте қиын емделетін ауру, өйткені мұнда тек ауруға уақытша жеңілдік беретін, ауыру сезімін алуға бағытталған терапия әдісін ғана қолдануға болады. Созылмалы ларингиттің бұл түрінің негізінде тек көмейдің шырышты қабығында ғана емес, сонымен бірге мұрын, жұтқыншақ, кеңірдектің шырышты қабықтарындағы дистрофикалық құбылыстар да жатады. Бұл шырышты қабықтың жүйелі ауруы. Оториноларингологқа келген ауру тамағының қатты құрғап, бөгде заттың болу сезіміне, дауысының кейде жоғалып кетуіне, бұзылуына, қабыршақтың пайда болуына шағынады. Ақырғы диагнозды ларингоскопия жасау арқылы қояды. Мұнда көмейдің бозарып, қансызданғанын, шырышты қабығының және дауыс қатпарларының жұқарғанын анықтайды. Толық жабылмауына байланысты дауыс қуысы саңылауынан жабысқақ сары түсті қақырықтың жиналғаны көрінеді.

Мұрын дифтериясы (күл ауруы)

Дифтерия инфекциялық ауру, оны дифтерия таяқшасы қоздырады. Клиникалық жағынан шырышты қабықтың қабыршақтануымен, патологиялық анатомияда — эпителийдің ұйып (коагуляция) шіруімен, эпителийасты жабындыда экссудаттың пайда болуымен және тромбо кинез әсерінен экссудаттың ұюымен сипатталады. Осы құбылыстың бәрі қабаттың пайда болуына әкеледі.

Дифтерия мұрынның жеке ауруы болуы мүмкін және мұрыннан мұрын-жұтқыншаққа, жұтқыншаққа, көмейге (төмендеу түрі) түсуі немесе керісінше, екіншілік жұтқыншақ пен мұрын-жұтқыншақ дифтериясынан хоана арқылы мұрынға таралуы мүмқін (ерлеме түрі). Жекеленген түрі емшектегі балаларда да болады. Мұрынның біріншілік дифтериясы әлсіздікпен, қалжыраумен басталады. Дененің қалтырауы міндетті түрде емес температура көбіне субфибрилді. Мұрын біткендей сезім пайда болып, көбіне оның бір бөлімінен көп мөлшерде қанды ірің бөлінеді. Қанды іріңнің болуы әдеттен тыс, тереңдіктегі қан жүйесінің бұзылғандығын көрсетеді. Бұл бөлінетін зат кір түсті, ащы болады, сондықтан мұрынның кіреберісі мен жоғарғы ерін қызарып, жарылып, қабыршақтанады (тері дифтерияална ұқсас), аймақтық лимфа түйіндері ісіп, басқанда ауырады.

Риноскопиялық көрінісі. Мұрын пердесі мен кеуілжірде орналасқан сұр түсті қабақ көрінеді; бара-бара қабат мұрынның барлық қуысын жабады; мұрын саңылауы бітіп, дем алу қиындайды, кейде қабат мұрынның артқы бөлімінде болады. Кейде мұрын дифтериясы шырышты қабықтың қабыршақсыз катаральды немесе катаральды-жаралы қабынуы түрінде өтеді. Қабат көрінбейді, кейде мұрынның шырышты қабығында қабыршақтанған беткей жолақтар (изьязвления) көрінеді. Аурудың мұндай түрі байқаусыз қалады. Бірақ мұрыннан бөлінетін қанды ірің әр уақытта дифтерия туралы күдік туғызу керек. Катаральды құбылыстар кенет круппен (көмей дифтериясы) асқынуы мүмкін. Оны әдетте біріншілік ошақ ретінде қабылдайды. Жас балаларда мұрын дифтериясы — ауыр ауру бала әлсіз, селқос, тамақ алмайды, көп ұйықтайды, ауызбен дем алып, аузы ашық, температурасы жоғары, 2—3 күн бойы дене қалтырап, кейін кетіп, 3—4 күннен кейін қайта басталуы мүмкін. Осы уақытта мұрыннан қанды ірің бөлінеді.

Емшектегі балаларда мұрын дифтериясы кезіндегі жалпы интоксикациясы (улану) басқа белгілерсіз, тамақ алуы нашарлауынсыз болуы мүмкін. Диагноз қойылып, көмек көрсетілмеген жағдайда бала тез өліп кетеді.

Ересек балалардың мұрын дифтериясы басқаларымен салыстырғанда жайлы өтеді, ұзақ уақыт бойы ауру мұрын қуысында болып, кейде қосалқы қуыстарды қамтиды.

Арнайы емдеудің, әсерінен дифтерия әрі қарай дамымайды, сырқаттың жалпы жағдайы жақсарып, қабаттар біртіңдеп кетеді. Оның орнында жалақтар қалады. Ол тез эпителиймен жабылады. ІІІырышты қабық бозарып өз қалпына келе бастайды. Терең жалақтар орнында тыртықтар қалады, кейде кеуілжір мен перде арасында синехия (жабысу) пайда болады.

Дифтерияның асқынған түрінде қосалқы қуыстарға (гайлеф және торлы), дем алу жолының төменгі бөліміне (жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, өкпе), ортаңғы құлаққа, сонымен бірге жүрекке, бүйрекке және нервке (тоқсикалық сал ауруы) жайылады. Ауыр септикалық түрінде баланың қансырауына соқтыратын мұрыннан қан кетуін асқыну деп есептеу керек. Капиллярлардан кеткен шағын қан көбіне қабаттарға сіңіп оны қара түске бояйды.

Диагноз — анамнез, ауруды жалпы зерттеу, алдыңғы, артқы риноскопия және бактериялық анализ негізінде қойылады. Аурудьң бастапқы кезін кәдімгі тұмаумен шатастыруға болады. Қанды ірің, қабаттың болуы, лимфаденит, жалпы токсикалық жағдай және бактериологиялық зерттеу ауруды ажыратуға көмектеседі.

Бірақ бактериологиялық зерттеу дифтерия таяқшасын әр уақытта анықтай алмайды. Мұндай жағдайда аурудың барлық клиникалық ағымын қарау қажет. Бактериологиялық зерттеулерде көбіне жалған дифтерия таяқшасы табылады. Микроорганизмнің бұл түрі клиницистке әр уақытта баланың дифтериямен ауыратынына, сондықтан қайта зерттеу жұмысын жүргізу керектігіне сілтеме болып есептеледі. Нағыз дифтерия – тұмауынан басқа фибринозды тұмау да кездеседі. Ол жұмсақ өтеді. Клиникалық көзқарас бойынша мұнда антитоксин жіберу көрсетілген. Бациллосақтаушылардың мұрнынан бөлінетін заттын дифтерия таяқшасы табылады, ал клиникалық көрінісі бойынша дифтерия анықталайды (қабаттар, қанды ірің болмайды). Бациллосақтаушылар инфекцияны тарата отырып өздері тек кейде организм әлсірегенде ауырады. Мысалы, кез-келген кездейсоқ инфекциядан кейін (грипп немесе операциядан соң).

Бациллосақтаушыларға жасалған антитоксин нәтижесіз, өйткені ол таяқшаны өлтіре алмайды. Олардың мұрнындағы таяқшалар белгісіз уақытқа дейін болып, кейін жоғалуы мүмкін.

Бациллосақтаумен күрестің ең тиімді әдісі тамақтың сапасын, организмнің жалпы жағдайын жақсарту, ұзақ уақыт таза ауада болу. Үй ішін жақсылап желдеткен жөн. Мұрынға күніне бірнеше рет 5—10 минуттан пенициллинге батырылған мақта тығып, сонымен бірге бұлшықетке пенициллин жіберіп көру керек.

Қызылша кезіндегі тұмау — оның симптомдары ішіндегі бірінші белгісі. Ол теріге, бөртпе шығудан 2—3 тәулік бұрын тұмсақ және қатты таңдай энантемасымен бірге пайда болады. Одан әрі тұмау аурудың барлық кезеңінде болып бөртпелер бозарғанда ғана кетеді. Ауыр түрінде мұрынның шырышты қабығының беткі қабаттары некрозданып, кейін эпителий пайда болады. Тұмау ларинготрахеобронхитпен конъюнктивитпен, жиірек ортаңғы отитпен бір мезгілде жүріп және мұрынның қосалқы қуыстарын қамтиды.

Қызылша тұмауында кейде қан кетіп, жиі дифтериямен бірге жүреді.

Диагноз— анамнез, риноскопия, стоматоскопия (Филатов дағы), сол кездегі трахеоларингит негізінде қойылады. Бөлінетін затты бактериологиялық зерттеудің маңызы зор. Бөртпе болған жағдайда диагноз қою жеңіл бодады.

Скарлатина кезінде мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы жиі байқалады.

Диагнозды скарлатинаға тән құбылыстар жиынтығы (токсикоз, бөртпе, баспа, тұмау) негізінде қояды.

А және Б вирустары туғызатын эпидермиялық грипте жіті тұмау өте ауыр жүреді, бас ауырып, қабыну құбылыстары қосалқы қуыстарға, ортаңғы құлаққа, көз коньюнктивасына жиі таралады. Иіс сезімі едәуір нашарлайды.

Сенозды қатарда тұмау сыртқы және ішкі ортаның қолайсыз жағдайы әсерінде пайда болады (салқын тию, қапырық бөлмеде көп уақыт болу). Мұнда тұмау жеңілірек өтеді.

Тұмаудың екі түрінде де кейде қанды ірің бөлінеді. Қан көрінісінің диагностикалық белгі ретінде пайдасы болуы мүмкін: эпидемиялық грипте салыстырмалы лимфацитозымен және эозинофилдер санының төменделуі, мен көрінетін лейкопения байқалады. СОЭ жылдамдығы баяулаған. Мезгілдік қатарда нейтрофилді лейкоцитоз болады. СОЭ-нің жылдамдығы орташа.

Наши рекомендации