Жел шығаратын түтік тазарту клизмасын қою
Мақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.
Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас корыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.
Қарсы көрсетілімдсрі: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, аш ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған үштікті, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәкс тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысы судноны (егер де процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, кленканы, жаялықты, кленкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Қаіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған қапсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).
3. Халатты, масканы, кленкалы алжапқышты киіңіз.
4. Гигиеналық деңгейде колыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
5. Эсмарх крушкасына 20-22 С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.
6. Науқастың дене деңгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған үштікті кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.
7. Резеңке түтіктегі қысқышты, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.
8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.
9. Кушетка үстіне кленканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.
11. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.
12. Қыскышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтьң қалпын өзгертіңіз). ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезілуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыныз.
13. Су ішекке енгеннен кеііш (ішекке ауа түспес үшін, крушканын тар түбінде су қалуы керек) кысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.
14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.
15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.
16. Анус тесгінің айналасын тазартыңыз.
17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне
салыңыз.
18. Кленкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.
19. Қолыңызды жуып, кетіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз
жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;
атопиялық іш қатуда судың температурасы 12-20°С-тан төмен болмауы қажет, ал спастикалық - жоғары (37-42°С-қа дейін), іш қатуда - 20-25°С;
егер де наукас нәжісті аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
Стандарт