Гүлзардағы еңбек. Гүлзарды солған өсімдіктерден тазарту

Күз

1. Ауа райын бақылау

Бақылау

Табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы балалардың білімдерін қалыптастыру. Қ ы р к ү й е к – күн қысқарды, күн көзі жаздағыға қарағанда төмендеді, ал ауа температурасы болса тәулік ішінде бірден өзгереді. Күндіз ауа райы жылы, кейде тіпті ыстық та, бірақ түндер салқынырақ болып барады. Қ а з а н – суық түсе бастады, бұлыңғыр күндер көбірек болып жиі жаңбыр жауатын болды, күшті жел соғатын болды. Ауа температурасы төмендеді. Күн бұрынғыдан да қысқарды. Қ а р а ш а – күндер қысқарды, күн көзі жоғары көтерілмейді, күндер бұрынғыдан да суытты. Аспан бұлыңғырланып, қар аралас жаңбыр жиі жауады. Ауа температурасы 00 -тен төмен болып, жер қата бастайды, тоғандарды мұз жабады. Балалардың байқағыштықтарын дамыту, сөз белсенділігін арттыру.

Көркем сөз Санай бер, Қарай бер, Бояуы – жүз, Келді күз

***

Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

ЫрымҚыркүйек құрғақ та жылы болса, қыс кешірек түседіЖаз жаңбырлы, ал күз жылы болса, қыс ұзақ болады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Орамалмен ойнау»

Еңбектену әрекеті

Учаскені қоқыстан тазарту

Тырнауышпен, күрекпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Еңбек нәтижесіне барлығы бірдей жауап беру. Еңбектегі ұжымдық сезімді қалыптастыру

Дидактикалық ойыдар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Сөздік ойын «Ауа райы туралы айтып бер»

Балаларды ауа райын сипаттайтын сөздерді тауып айтуға үйрету (жылы, ашық, құрғақ, желді, жаңбырлы, бұлтты т.б.)

Өзіндік іс-әрекет

Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға мүмкіндік беру

2. Желді бақылау

Бақылау

Балаларға желдің неліктен соғатынын түсіндіру. Жел – бұл ауа қозғалысы. Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету (күшті, әлсіз; әлсіз жел жапырақты ақырын тербетеді, түсіп жатқан жапырақты сәл ғана жылжытады; күшті жел – ірі бұтақтарды шайқалтады, ағаштардың жапырақтарын жұлады). Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу, балалардың ақыл - ой, тіл белсенділігін дамыту

Көркем сөз Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел)

Жел де ауа кәдімгі, Жел дегенің тек бірақ. Ойға-қырға шапқылап, Байыз таппас ауа ғой. (М. Әлімбай)

Ырым

Жануарлар қай жағына жатса – сол жақтан жел соғады.

Егер түнге қарай жел күшейсе – ауа райы бұзылады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Жел мен жапырақшалар»Әр түрлі бағытта жүгіруді дамыту, белгі бойынша қимыл жасай білу.

Еңбектену әрекеті

Табиғат бұрышында өсімдіктерді өсіру үшін жер дайындау

Балаларды тапсырылған іске тыңғылықты қарауға үйрету. Жұмысты тату жасау, бір - біріне көмектесу

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау.

«Жел» сөзіне анықтама айт»

Заттардың сапасын білдіретін сөздердің қорын кеңейту

Т ә ж і р и б е. Шардың желін шығару.

Қ о р ы т ы н д ы. Жел дегеніміз – кейде қатты, кейде баяу горизонтальды бағытта қозғалып соғатын ауаның ағымы.

Өзіндік іс-әрекет

Қуанышты тыныш жағдайды тудыру және оны сақтауға көмектесу; ынталарын және өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу

3. Күнді бақылау

Бақылау

Балалар назарын күзгі күн көзінің қалай шығатынына, қалай қыздыратынына аудару. Күннің қай уақытында күн көзі қатты қыздырады және неліктен? Күннің орны мен күздегі күн ұзақтығының арасындағы өзара байланысты айту (күн жоғары көтерілмейді, күндер қысқарып барады). Табиғатқа деген байқағыштығын, білуге құштарлығын, сүйіспеншілігін дамыту.

Көркем сөз

«Анамыздай мейірлі күн, Аймалайды шыңда тұрып».

Май берейін, құрт берейін, Күннің көзі шық, шық! Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты, Жер үстіне нұр шықты!

Ырым

Егер таңертең күн қызарып шықса, ауа райы бұзылады, жаңбыр және жел болуы мүмкін.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Бұлт пен күн»

Батылдыққа, қауіптіліктен құтылу мақсатындағы жұмылу қабілетіне тәрбиелеу, еркін дамыту

Еңбектену әрекеті

Гүлзардағы еңбек. Гүлзарды солған өсімдіктерден тазарту

Балаларды қолынан келетін еңбекке араластыру. Ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне кедергі жасамауға, ортақ тапсырманы орындауға үйрету. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

1-тапсырма «Күн жолын көрсет»

Балаларға шығыстан батысқа қарай күн жолын қолмен суреттеуге үйрету.

2-тапсырма «Күн таңертең, күндіз, кешке болған жерлерге тұр»

Кеңістікті бағдарлауға үйрету

Өзіндік іс-әрекет

Ынталарын, өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу.

4. Бұлтты бақылау

Бақылау

Балаларға бұлттар деген не екенін, олардың неліктен аспанда бірде ақырын, бірде тез жылжитынын түсіндіру. Ерте күзде аспан көбінесе көгілдір, таза болып аспанда бұлттар ақырын жүйткиді. Бұлттар қозғалысының жел күшімен байланысын айтуға үйрету.

Көркем сөз

Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып (Бұлт)

Ырым

Бұлттар төмен болса, жаңбыр жауады, күн суытады.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Біз көңілді балалармыз»

Балалардың қозғалыс белсенділігін, ойын тәртібін орындай білуін дамыту

Еңбектену әрекеті

Еңбек тапсырмалары

Өз өзіне қызмет ету; серуен соңында ойыншықтарды жинау. Еңбек ете алу қабілетін дамыту, үлкендерге көмек бергісі келетін тілегін тәрбиелеу

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Бұлтты суретте»

Бұлтты суреттейтін сөздерді тауып айтуға үйрету

«Аспан денелерін ата»

Күн, Ай, жұлдыздар, планеталар – аспан денелері екендігі жайлы балалардың білімдерін бекіту

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың ойындарын қызғылықты етіп ойнауларын ұйымдастыруға көмектесу

5. Жаңбырды бақылау

Бақылау

Балаларға жаңбырдың неден болатынын түсіндіру, жаңбырдың қандай түрлері болатыны туралы түсіндіру (жылы, суық). Жаңбырдан кейін күн салқындайтынын, шалшықтар ақырын кеуіп кетінін атап айту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді есте сақтауға үйрету.

Көркем сөз

Жау,жау, жаңбыр, Жау жаңбыр! Арық суы мол болсын! Өсімдіктер көп болсын! Жауған жерің шөп болсын!

Ырым

Шөпке қырау түссе, жаңбыр жауады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Төпешіктен төпешікке», «Дөңгелектен секіріп шық», «Кегляға тигіз» (верандада ойналатын ойындар)

Қос аяқпен секіруді, биік емес жерлерден секіруді үйретуді жалғастыру. Ойындарға спорттық құралдарын дайындауға үйрету.

Еңбектену әрекеті

Наши рекомендации