Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар.

Республикада экология мәселелерін кең көлемді мемлекеттік органдар басқарады. Жалпы мақұлданған үлгіге сейкес олар негізінен үш топқа жіктеледі: өкілді биліктің органдары, атқарушы билік, сот билігі. Осы топтардың әрқайсысының нысаналы мақсатымен, сипатымен және жұмыс көлемімен, нысандары мен әдістерімен өзара өзгешелігі бар. Бірақ бұл органдар мемлекеттік экологиялық қызметті жүзеге асыруда қалыпты жүйеге түскен.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент — Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Ол 5 жыл мерзімге (Мәжіліс) және 6 жыл мерзімге (Сенат) сайланады.

Парламент сондай-ақ бірден-бір заң шығарушы орган болып табылады, Республиканың Конституциясьш, заңдарын, кодекстерін және өзге де шешімдерін қабылдайды, оларға ресми түсіндірме береді. Парламент қабылдайтын нормативтік актілер мемлекеттің экологиялық саясатын анықтайды, барлық қоғамдық экологиялық қатынастарды реттейді, табиғи ресурстарға меншік нысанын белгілейді. Парламент атқарушы биліктің жүйесіндегі лауазымды адамдарды тағайындауға келісім беру арқылы аткарушы органдарды бақылайды. Олар сондай-ақ экономикалық өмірдің аса маңызды мәселелерін шешеді, республикалық бюджетті бекітеді және оның орындалуын бақылайды, Республиканың ақша жүйесі анықталады, мемлекеттік заемдар ұсынылады. Сонымен бірге Парламент қызметінің маңызды бағыттарының бірі Республиканың сот жүйесін қүру болып табылады. Ол Жоғарғы Сотты сайлайды, төменгі тұрған соттарды құру тәртібін белгілейді.

Жергілікті өкілді органдардың құзыретіне облыстың, ауданның, қаланың экологиялық ахуалына ықпал ететін маңызды мәселелер жатады. Мәслихат аумақты басқарудың схемасын, әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспары мен бағдарламасын, бюджеттің жобасын бекітеді. Жергілікті әкімшіліктің қабылдаған шешімдерінің орындалуын бақылайды, ол үшін тұрақлы комиссиялар құрады. «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы оргаңдары туралы» жаңа Заң мәслихаттардың жергілікті өкілді органдарының құзыретіне міндетті ережелерді бүзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін осы ережелерді бекіту кұқығын енгізді.

Құқық қолдану органдардың іс-қимылындағы негізгі орынды атқарушы биліктің лауазымды адамдары алады. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы және республиканың атқарушы билігінің бірыңғай жүйесін басқарады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы). Президенттің экология саласьшдағы басқаруды ұйымдастыру жөніндегі өкілеттігі мейлінше кең ауқымды. Президент республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, жарлықтар, қаулылар мен өкімдер шығарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыратын жалпы құзырет органының қызметті болып табылды. Бүл органның зерттеліп отырған мәселе бойынша қүзыретінің шектері Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 16-бабында белгіленген.

Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;

2) мемлекеттiк экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың түрлi бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi;

3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;

4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды;

5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;

6) табиғи ресурстардың әрбiр түрiнiң мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

7) мыналарды:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;

ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;

эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелердi сату тәртiбiн;

ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының базалық және шектi ставкаларын;

қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау ережелерiн бекiтедi;

8) мыналарды:

шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;

айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;

сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;

қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;

9) мыналарды:

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;

кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;

парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртiбiн;

озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;

парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын

заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн;

аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерiн;
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;

қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн белгiлейдi;

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды.

Арнайы органға Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері жатады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) бiртұтас мемлекеттiк экологиялық саясатты жүргiзедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;

2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi;

3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;

4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердiң озон қабатын қорғау, биоәртүрлiлiктi сақтау, жердiң шөлейттенуi мен жұтаңдауы саласындағы қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;

5) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;

6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi;

7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;

8) экологиялық рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгiлейдi;

9) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады;

11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келiсiмшарттарды) өз құзыретi шегiнде келiседi;

12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу және оны жою құқығымен, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу қызметiне бақылауды жүзеге асырады;

14) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекiтедi;

15) қоршаған орта жай-күйiнiң мемлекеттiк мониторингiн және мониторингтiң жекелеген арнайы түрлерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi үйлестiредi;

16) Табиғи ресурстар кадастрларының бiрыңғай жүйесiн жүргiзедi;

17) Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;

18) Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына жiберудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi;

19) қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады;

20) Парниктiк газдардың мемлекеттiк кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;

21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бередi;

22)Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;

23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын жүргiзудi ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiне және белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;

24) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн әзiрлейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

25) әр түрлi дәрежедегi полигондарда орналастыру үшiн қалдықтар тiзбесiн айқындайды;

26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

27) мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

28) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;

29) мыналарды:қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
қалдықтар сыныптамасын;қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелерi бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметiне бақылауды жүзеге асыру ережесiн;мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмiн;

топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануын;
өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын келiсу тәртiбiн бекiтедi және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiкке қойылатын талаптарды белгiлейдi;

30) мыналарды:

қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн;

парниктiк газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шектi нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн;
парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн;

31) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдары жүйесiндегi зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiредi;

32) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (өңiрлiк және бассейндiк) бағдарламалар әзiрлеуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;

33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

34) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер, меморандумдар жасасады;

35) Ұлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды ұйымдастырады;

36) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмiн жүргiзедi.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
ЭК-тің 20-бабына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында келесі өкілеттіктері бар:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады;

2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi;

3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;

5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;

7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;

8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi;

10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi;

11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;

12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды;

14) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;

15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;

16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.

Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. Экологиялық нормалары және қоршаған ортаға әсердің жол беруге болатын шекті нормативтері.

Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.

Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.

Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:

1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi;

2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi;

3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi: топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары; аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi; ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi; табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi;

4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.

Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн.

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.

Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:

1) қоныстану аумағы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) рекреациялық аймақтар;

4) шөл және шөлейт аудандар;

5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.

Эмиссиялар нормативтерiне:

1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi;

2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi;

3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi;

4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң) нормативтерi жатады.
Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi.
Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.

Эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау құрамында не жекелеген құжаттар түрiнде негiзделедi.

Эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не қоршаған орта сапасының нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы айқындалады.

Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi.

рәсiм.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Жобаланып жатқан және жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң перспективалық қызметi осы Кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалауға жатады.

Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдерi ескерiле отырып, дәйектi түрде жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдердi қамтиды:

1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйiн шолу), объектiнi орналастыруға арналған учаскенi оңтайлы таңдауды негiздеу үшiн орындалады;

2-кезең. Инвестициялардың негiздемесiне (жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiне) iлесе жасалатын қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау;

3-кезең. Әсердi бағалау, ол жобаны iске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асырудың ықтимал әсерлерiн толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалады;

4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтиды;

5-кезең. Жобалаудан кейiнгi талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру басталғаннан кейiн бiр жыл өткен соң объектiнiң қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн растау және табиғат қорғау iс-шараларына түзету енгiзу үшiн жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаға әсердi бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау әзiрленiмiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуден алынған нәтижелердiң дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшiн тапсырыс берушi алдында жауапты болады.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:

1) тiкелей әсер - объектiнi орналастыру ауданында жоспарланып отырған негiзгi және iлеспе қызмет түрлерiнiң тiкелей тигiзетiн әсерi;

2) жанама әсер - жобаны iске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейiнгi) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;

3) кумулятивтiк әсер - жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиiс.

Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi.

I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады.

II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады.

III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Наши рекомендации