Сенімділік көрсеткіштерінің статистикалық қатарын құрастыру
Сынаққа түскен қозғалтқыштардың саны немесе алғашқы ақпараттар саны N-таңбасымен белгіленеді..
Егер, N<25 болса, онда ақпараттың статистикалық қатары кестесін құрмайды. Қарастырып отырған мысалда бақылаудағы қозғалтқыштар саны N=70>25(кесте 1) болғандықтан, ақпараттардың статистикалық қатарының кестесі құрылады.
Ақпараттардың статистикалық қатары кестесін құру үшін берілген ақпараттық көрсеткіштерді(N) біркелкі «n» интервалға бөледі. Келесі интервалдың мәні оның алдындағы интервалдың мәнімен жалғасып жатуы тиіс. Интервалдың жалпы саны көбейген сайын есептеудің дәлдігі де арта береді.
Статистикалық қатардағы интервалдар санын мына формуламен анықтайды
n = √N+1
Мұндағы алғашқы берілген ақпараттар саны N=66.
Интервалдар санын анықтаймыз
n =√70 + 1=8,36 + 1= 9,36 = 9
Есептеулер нәтижесін тұтас санға дейін келтіріп қабылдаймыз.Сондықтан n=9.
Интервал қашықтығы А-деп белгіленеді.
Оның мәнін мына формуламен анықтаймыз
А = (tmax – tmin)/n
мұнда tmax , tmin – сенімділік көрсеткіштерінің немесе қозғалтқыш ресурсының максимальды және минимальді мәндері
А = (62000 – 10000)/9=5777,777
Көрсеткіштің аталуы | Интервал бойынша көрсеткіштердің мәні | ||||||||
Интервал, tі,мың.мото-с | 10- 15,77 | 15,77- 21,55 | 21,55- 27,33 | 27,33- 33,11 | 33,11- 38,88 | 38,88- 44,66 | 44,66- 50,44 | 50,44- 56,22 | 56,22- 62,0 |
Интервал ортасы, tci | 12,88 | 18,66 | 24,44 | 30,22 | 36,00 | 41,7 | 47,55 | 55,33 | 59,11 |
Тәжірибелік жиілік, mi | |||||||||
Тәжірибелік ықтималдылық, рі | 0,11 | 0,1 | 0,17 | 0,14 | 0,24 | 0,15 | 0,05 | 0,01 | |
Тәжірибелік ықтималдылық жиынтығы, | 0,11 | 0,21 | 0,38 | 0,66 | 0,91 | 1,06 | 1,12 | 1,12 | 1,13 |
Кестенің «Интервал» жолында сенімділік көрсеткішінің өлшем бірлігіндегі әрбір интервалдың шекарасын, одан кейінгі жолдарда тәжірибелік жиілікті -mi немесе әрбір интервалдағы қарсылықтар санын, тәжірибелік ықтималдылықты т.с.с. көрсетеді.
Егер ақпарат нүктесі тура шекараға түсетін болса, онда ол нүктенің мәні шекаралас интервалдарға 0,5- тен беріледі.
Тәжірибелік ықтималдылық мына формуламен анықталады рі = mi / N
мұнда mi – статистикалық қатардың і-интервалындағы тәжірибелік жиілік немесе интервалдағы қарсылық саны;
N – сынауға жіберілген жалпы қозғалтқыштар(машиналар,объектілер) саны.
Формула бойынша бірінші интервалдағы тәжірибелік ықтималдылық рі=9/70=0,12 мәніне тең, екінші интервалдағы тәжірибелік ықтималдылық рі=0,13тең. Интервалдардағы тәжірибелік ықтималдылықтар мәні кестеде келтірілген.
Тәжірибелік ықтималдылықтар жиынтығы статистикалық қатардағы интервалдардың тәжірибелік ықтималдылықтарының қосындысымен анықталады. Бірінші интервалдағы жиынтық тәжірибелік ықтималдылық сол интервалдың тәжірибелік ықтималдылығына тең болады. Екінші интервалдағы жиынтық тәжірибелік ықтималдылық бірінші және екінші интервалдардың тәжірибелік ықтималдылықтарының қосындысына тең:
. = 0,12 + 0,12 = 0,24
Үшінші интервалдағы жиынтық тәжірибелік ықтималдылық бірінші, екінші және үшінші интервалдардың тәжірибелік ықтималдылықтарының қосындысына тең.
Статистикалық қатардың жиынтық тәжірибелік ықтималдылықтары 3-кестеде келтірілген.
Сонымен қатар, статистикалық қатардың жиынтық тәжірибелік ықтималдылықтарының қосындысы бірге тең болады.