Лшеу нәтижелерін өңдеу бағдарламасы

Беріліс функцияның коэффициенттерін анықтау үшін реті жоғары теңдеулер жүйесін есептеу қажет болады. Зертханалық жұмыста бұл үшін Delphi тілінде өңделген Lab4 бағдарламасы қолданылады. Бағдарламаның негізгі терезесі 4.1 суретте келтірілген.

Бұл терезеде жұмыс келесі тәртіппен орындалады:

- ωi жиіліктердің және әр жиілік үшін анықталған амплитудалары мен фазалық ығысуларының мәндерін енгізіңіз;

- «Рассчитать P(jω) и Q(jω)» батырмасын басыңыз, кестеде нақты және жорамал сипаттамаларының мәндері бар тағы екі жол пайда болады;

- қайта қосу көмегімен объекттің ретін орнатыңыз;

- ашылатын тізімдерден жиіліктердің мәндерін таңдаңыз;

- «Рассчитать систему» батырмасын басыңыз;

- бағдарлама терезесінің төменгі оң жағында объекттің беріліс функциясының есептелген коэффициенттерінің мәндері орнатылады.

Зертханалық жұмысты орындауға тапсырма

4.4.1 Simulink пакетінің терезесіне Work/Objects4 папкасынан өзіңіздің «объектті» жүктеңіз (нұсқа бойынша).

4.4.2 «Объект» кірісіне белгілі амплитудасы бар синустік сигналды беріңіз, шығыста Scope терезесін орнатыңыз.

4.4.3 1 кестесін толтырыңыз. Ол үшін кірістегі сигналдың жиіліктерін өзгертіп отырып сәйкес шығудағы сигналдарды жазып алыңыз. Әр жиілік үшін объекттің амплитудалық және фазалық сипаттамаларын анықтаңыз.

1 к е с т е

ωi ω1 ω2 ω10
A(ωi)        
φ(ωi)        

Лшеу нәтижелерін өңдеу бағдарламасы - student2.ru

4.1 Сурет – Тәжірибе нәтижелерін өңдеу бағдарламасының негізгі терезесі

4.3.4 Lab4 бағдарламасын жүктеңіз.

4.3.5 1 кестедегі мәліметтерді бағдарлама терезесіне орнатыңыз. P(jω) және Q(jω) есептеңіз.

4.3.6 Объект ретін 2 деп таңдаңыз, жиілік мәндерін орнатыңыз, (1) жүйесін есептеңіз.

4.3.7 Коэффициенттердің алынған мәндерін дәлелдеу үшін басқа жиілік мәндеріне есептеулерді қайталаңыз (объект реті – 2), екі есептеулердің орта мәндерін алыңыз.

4.3.8 Объект ретін 3 деп таңдаңыз, жиілік мәндерін орнатыңыз, (2) жүйесін есептеңіз.

4.3.7 Коэффициенттердің алынған мәндерін дәлелдеу үшін басқа жиілік мәндеріне есептеулерді қайталаңыз (объект реті – 3), екі есептеулердің орта мәндерін алыңыз.

4.3.10 Объекттің сәйкес келетін ретін таңдаңыз, қалпына келтірілген беріліс функцияның өрнегін жазыңыз.

4.3.11 Simulink пакетінде алынған беріліс функциясы бар объект моделін жинаңыз. «Объект» кірісіне берілген сигналдарды модел кірісіне орнатып, бір терезеде объект пен модел шығыстарын шығарып, салыстырыңыз.

Есеп беру қүрамы

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру келесіден тұрады:

- зертханалық жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;

- тәжірибелерді өткізудің блок-диаграммасы;

- тәжірибе арқылы объектте алынған графиктер;

- толтырылған 1 кестесі;

- беріліс функциясының коэффициентерін анықтауға теңдеулер жүйесі;

- объекттің әр түрлі реті үшін модел коэффициенттері;

- объект пен моделдің шығыстарын салыстыру блок-диаграммасы;

- моделдегі имитациялық тәжірибелердің салыстыру нәтижелері;

- жұмыс бойынша қорытынды.

-тәжірибелерден объектте алынған графиктар;

- объекттің амплитудалық және фазалық сипаттамалары;

- толтырылған 1 кестесі;

- жүйенің әр түрлі реттері үшін коэффициентерінің мәндері;

-модельде өткізілген имитациялық тәжірибелер нәтижелері.

Наши рекомендации