Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі. 6.3.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендті» іске асырыңыз:

6.3.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендті» іске асырыңыз:

- Work/Objects6 папкасынан Simulink ортасына «объекттің» блок-диаграммасын жүктеңіз (нұсқа бойынша);

- объект кірісіне сатылы x=a (a мәні еркін таңдалынады) сигналды беріңіз беріңіз; шығыс сигналдарды тіркеңіз;

- тәжірибелер нәтижелерін яғни шығыс сигналдардың өлшенген мәндерін бағдарламаның жұмыс ортасына орнатыңыз; ол үшін сигналды To Workspace блогына беріңіз, блок атауына сәйкес айнымалының атын орнатыңыз.

6.3.2 Идентификациялау процедурасын бастау үшін бұйрық терезеде ident бұйрығын теріңіз. Интерфейстің диалогты терезесі пайда болады.

6.3.3 Жұмыс ортадан тәжірибе мәліметтерін жүктеңіз:

- ашылатын тізімнен Data-Import бұйрығн таңдаңыз;

-пайда болған терезеде кіріс және шығыс сигналдарының аттарын енгізіңіз, бастапқы уақыт - 0, дискреттеу интервалы – 0.08 деп орнатыңыз; Import батырмасын басыңыз, мәліметтерді импорттау терезесін жабыңыз;

- Time Plot жалауын орнатып, бастапқы мәліметтерді зерттеңіз.

6.3.4 Тұрақты құрамдасушын жойып зерттелетін объекттің сигналдарын алдын-ала өңдеңіз:

- Preprocess-Remove Means; Data Views өрісінде жаңа мәліметтер туралы ақпарат пайда болады;

- қайтадан Time Plot терезесіне көшіп, тұрақты құрамдасушылары жойылған сигналдарды қарап шығыңыз;

- Preprocess-Select Range таңдаңыз, пайда болған терезеде мәліметтер диапазонын орнатыңыз; жаңа мәліметтер интерфейс терезесінде көрсетіледі;

- осы жаңа ақпаратты WorkingData өрісіне тасымалдаңыз.

6.3.5 Моделді тексеру үшін мәліметтерді орнату диапазонды таңдау операцияны қайталаңыз (мысалы, бастапқы диапазонның қалған бөлігінен), осы мәліметтерде интерфейс терезесінде көрсетіледі; оларды мышкамен ValidationData өрісіне тасымалдаңыз.

6.3.6 Корреляциялық моделді бағалаңыз:

- ашылатын Estimate тізімінен Correlation Model жолын таңдаңыз;

- пайда болған терезеде фильтрдің мәліметтерін орнатуға болады (біздер ештеңені өзгертпейміз), Estimate батырмасын басыңыз;

- интерфейстің Model Views терезесінде imp белгісі пайда болады, яғни таңдалынған модел құрылды;

-Transient Response жалауын орнатыңыз, бөлек терезеде корреляциялық әдісімен табылған өтпелі процестің графигі пайда болады;

- Optoins менюды қолданып өтпелі процестің графигінің орнына импульсты өтпелі прооцестің графигін шығаруға болады;

6.3.7 Объекттің жиілік сипаттамаларын бағалаңыз:

- Estimate-Spectral Model таңдаңыз;

- алдыңғы тарамдағы әрекеттерді қайталаңыз;

- интерфейстің Model Views терезесінде spad белгісі пайда болады, ол спектрлік әдісімен табылған жиілік сипаттамалар түріндегі модел;

- Frequency Response жалауды орнатып, нәтижені көрсетіңіз.

6.3.8 Параметрлік моделді бағалаңыз:

- Estimate-Parametric mode таңдаңыз.Моделдің құрылымын орнату терезесі пайда болады (Structure өрісінде); келісім бойынша параметрлері na = 4, nb = 4, nk = 1 тең ARX типті модел ұсынылады (ашылатын тізімнен басқа моделді таңдауға болады). na және nb параметрлер модел теңдеуінің оң жағымен сол жағының реттерін белгілейді. nk параметрі объектте шамасы Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі. 6.3.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендті» іске асырыңыз: - student2.ru тең кешугідің бар болатынын белгілейді. Параметрлерін өзгерту үшін модел ретін жөндеу терезесінде (Order Editor батырмасы), константалар мәндері орнатылады;

- моделдің ұсынылған параметрлері орнатыңыз, Estimate батырмасын басыңыз. Нәтижесінде arx441 аты бар моделбелгісі пайда болады;

- параметрлі моделді бағалау әрекеттерін параметрлері na = 2, nb = 2, nk =3. nk=3 ( Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі. 6.3.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендті» іске асырыңыз: - student2.ru кешігуді белгілейді) болатын ARX-моделге қайталаңыз. Моделдің тағы бір arx223 белгісі пайда болады.

6.3.9 Құрылған моделдерді салыстыру үшін Transient Response жалауын орнатыңыз, мұнда үш құрылған моделдерге сәйкес өтпелі процестердің графиктері көрсетіледі.

6.3.10 Параметрлік моделдерді Model output жалауын орнатып, салыстырамыз.

6.3.11 Моделдер параметрлерінің бағаларын Matlab ортаның бұйрық терезесінде орнату үшін, модел пиктограммасына тінтуірдің оң жақ батырмасымен екі рет басып, пайда болған терезеде «Present» батырмасын басамыз.

Есеп беру құрамы

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру келесіден тұрады:

-зертханалық жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;

-«өлшеу стендтің» блок-диаграммасы;

- Matlab жүйенің жұмыс ортасына орнатылған объектте өткізілген тәжірибелер нәтижелері;

- мәліметтерді жүктеу, өңдеу, идентификациялау өрісінде орнату және верификациялау қадамдарын көрсететін ident интерфейстің терезелері;

-объекттікорреляциялық әдісімен идентификациялау нәтижесі;

- объекттіспектрлік әдісімен идентификациялау нәтижесі;

- жасалған моделдердің салыстырмалы графиктері;

- объекттіәртүрлі реттері барпараметрлік моделдерімен идентификациялау нәтижесі;

- параметрлік моделдердің салыстырмалы графиктері;

- Matlab ортасының бұйрық терезесінде орнатылған моделдер параметрлерінің бағалары;

- жұмыс бойынша қорытынды.

Наши рекомендации