Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі. Силлабус «Фармакотерапия» пәнінен 051103 «Фармация» мамандығы бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде фармакология

СИЛЛАБУС

Пән Фармакотерапия

Код FT - 3220

Мамандығы 051103 «Фармация»

Сағат саны 135 (3 кредит)

Курс 3

Семестр 6

Оқу жылы

Силлабус «Фармакотерапия» пәнінен 051103 «Фармация» мамандығы бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасымен дайындалған.

Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №___ « » 2016ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор ____ Керимбаева З.А.

Оқытушылар туралы мәлімет:

Керімбаева Закира Әмірқызы – м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі.Негізгі ғылыми бағыты фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология және қоғамдық денсаулық сақтауда 120 аса ғылыми еңбектері бар.

- Артериялық гипертензияның біріншілік және екіншілік профилактикасының интеграциялық сызбасын негіздеу үшін фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеулерді қолданудың медициналық-әлеуметтік аспектілері.

Орманова Ляззат Намазбайқызы- м.ғ.к, доц.м.а.доцент міндетін атқарушы. «Созылмалы гепатитпен ауыратын науқастардың алдын-алу және емдеу жолдары»

І дәрежелі дәрігер-педиатр. Ғылыми жұмыстардың, оқу-құралдарының, әдістемелік нұсқаулардың авторы

Боранбай Құрмет Боранбайқызы- оқытушы. Кафедраның оқу ісінің меңгерушісі.

Ким Ольга Трофимовна- м.ғ.магистрі. Лечение орфанных заболеваний. Ғылыми жұмыстардың, оқу-құралдарының, әдістемелік нұсқаулардың авторы

Байланыс ақпараты.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы, Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы, Аль-Фараби алаңы 1, 4-ші қабат 425-435 оқу бөлмелері.

Телефон (АТС) 40-82-06, ішкі 227

1.Керімбаева Закира Әмірқызы- zakira [email protected]

2. Орманова Ләззат Намазбаевна- E-mail: [email protected]

3. Боранбай Құрмет Боранбайқызы- E-mail:[email protected]

4. Ким Ольга Трофимовна - E-mail: [email protected]

Бағдарлама

Кіріспе

Медицина ғылымының дамуы, дәрілік құралдардың көп түрінің болуы (синтетикалық, өсімдік текті) қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі көз қарасынан дәрілік препараттарға қойылатын талаптардың өсуіне алып келуімен қатар науқастардағы дәрілердің фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, бір-бірімен әсерлесуін және жанама әсерлерін зерттеу бойынша бірыңғай әдістемені құруға алып келеді. Бұл фармацевтіні дайындау бағдарламасына клиникалық фармакологияның элементтері бар фармакотерапия пәнін енгізуді негіздейді. Бұл алғашқы кезекте дәрілердің жекеленген қолдануы бойынша тәжірибенің, медико- биологиялық білім берудің көптеген аймақтарының интегрирленген тәжірибесі болып табылады.

Берілген пән үнемді фармакотерапия аймағында фармацевтермен дәрігерлердің тығыз қарым-қатынасы мақсатында фармацевтикалық білім берудің жүйесінде оқу бағдарламасына енгізілді. Сонымен бірге фармакотерапия курсын игеру процесінде студенттер патология бойынша білімдерін мықтылап, толықтырады, клиникалық пәндердің аймағында қажетті білімдер алады, аурудың негізгі симптомдарымен, синдромдарымен, сонымен бірге аурудың ағым ерекшелігіме,н жіктелуімен танысады.

Демек, фармацевтикалық білім беру жүйесінде фармакотерапияны оқыту фармация мен клиниканы жақындатады, тиімді, қауіпсіз және экономикалық үнемді фармакотерапияның негізгі сұрақтарын бірге шешуде провизорлар мен дәрігерлердің тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Фармакотерапия бойынша бағдарлама нақты аурулар кезінде дәрілер қолдануын ескере отырып, нозологиялық принцип бойынша құрылған.

2.2 Пәннің мақсаты:

ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдау әдістемесін немесе дәрілердің фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, фармакогенетикасын, фармакоэкономикасын, бір-бірімен әсерлесу білімін ескере отырып, олардың қиыстырылуын жағымсыз дәрілік реакцияларын, дәлелді пән принциптерін үйрету.

2.3 Оқыту мақсаттары:

· фармакотерапиямен клиникалық фармакологияның жалпы принциптерін үйрету;

· дәрілердің фармакокинетикалық параметрлерін бағалауды үйрету;

· дәрілердің фармакодинамикалық эффектілерінің әдістемесін үйрету;

· дәрілердің жанама эффектілерін болжауды және бағалауды үйрету;

· дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының бір-бірімен қарым-қатынасымен бір-бірімен қамтылуын түсінуді үйрету;

· дәрілік препараттардың бір-бірімен болуы мүмкін әсерлесуін бағалауды үйрету;

· әртүрлі жасты топтарда (қарт, жас бала және жасөспірім жас), сонымен бірге жүкті әйелдерде қолданатын дәрілердің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын бағалауды үйрету.

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент:

білуі тиісті:

· жиі кездесетін аурулардың негізгі клиникалық көріністерін және оларды емдеу принциптерін;

· жүрек – тамыр, тыныс алу, жүйке жүйесі, ішек – қарын трактысының, бауыр және бүйрек, дәнекер ұлпаларының, қалқанша безінің ауруларында және қант диабетінде қолданатын дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін;

· дәрілердің негізгі жағымсыз реакцияларының клиникалық көріністерін және қауіпті факторларын;

· өмір сапасын бағалау әдістерін;

· адам ағзасының патологиялық және физиологиялық параметрлеріне байланысты дәрілер дозалануының негізгі принциптерін;

· дәрілердің бір-бірімен әсерлесуінің негізгі түрлерін;

· негізгі фармакологиялық топ препараттарының клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауды жүргізудің әдістері;

· дәрілерді белгілегендегі негізгі жанама байқалулар, жанама әсерлерді алдын-алу мен коррекциялау әдістері.

істей алуы тиісті:

· препараттың әсер ету механизміне және ағза функциясының жағдайына байланысты белгілі-бір ауруды емдеуге қолданатын дәрілердің тобын анықтауды;

· негізгі симптомокешендерді емдеу үшін қолданатын ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдауды жүргізуді;

· дозалаудың оптимальды режимін анықтауды;

· препараттың дәрілік түрін анықтауды;

· дәрілердің емдік және уытты дозасында препараттарды енгізу ұзақтығында ориенитирлене білуді;

· емді жүргізу қауіпсіздігіне бақылау әдістерін таңдауды және дәрілердің жанама әсерлерінің даму қаупін болжамдауды;

· дәріхана тізбелеріне түсетін жаңа дәрілердің фармакодинамикасы, фармакокинетикасы жөнінде дәрігерлерді хабардар ету, препарат жоқ мақсатында үнемді алмастыруды ұсыну;

· аналогты алмастырудың тізімін, емдік мекеменің формулярын құрастыруды;

· препараттың дәрілік түрін, дәрінің дозасын, жиілігін және ұзақтығын таңдауда дәрігерлерге ақпараттық –кеңестік көмек беруді.

Дағдыларды игеруге тиісті:

· пациенттерге фармацевтикалық кеңес беруді жүргізу;

· дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты жанама реакциялар дамығанда жедел көмек беру;

· клиникалық фармакология және дәлелді медицина бойынша оқу, ғылыми, нормативті, анықтама әдебиеттерімен мәліметтердің компьютерлік базаларын қолдану.

2.5 Реквизитке дейінгі: анатомия негіздерімен физиология, патологиялық физиология, микробиология, биохимия, фармакология.

2.6 Реквизиттен кейінгі:фармацияның басқарылуы мен экономикасы, дәрілер технологиясы, фармацевтикалық химия, фармакогнозия, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

Наши рекомендации