Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
26. Қайталау (10 сағат):
1. 1000-ға дейінгі сандар (оқу, жазу, салыстыру);
2. 1000-ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау;
3. шамалар;
4. тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
5. текшенің көлемі;
6. өрнек. Теңдеу;
7. есепті шығару;
8. геометриялық фигуралар;
9. кесінділерді қосу және азайту.
27. 1000-нан 1 000 000-ға дейінгі сандар. Шамалар арасындағы тәуелділік. Шеңбер және дөңгелек (50 сағат):
1) разрядтар және кластар кестесі;
2) миллионға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
3) сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу;
4) шамалар арасындағы тәуелділіктер: жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт; өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы;
5) қозғалысқа берілген есептер. Бірігіп атқарылған жұмысқа берілген есептер. 3-4 амалдан тұратын есептер;
4) шеңбер және дөңгелек. Шеңбер мен дөңгелектің центрі, радиусы және диаметрі.
28. Миллионға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау. Текше және тікбұрышты параллелепипед (70 сағат):
1) бөліндінің мәні көптаңбалы сан болғанданөлге аяқталатын сандарға бөлу;
2) 10, 100, 1000 сандарына қалдықпен бөлу. Санды көбейтіндіге бөлу;
3) бөліндінің мәні бір сан болғанда нөлге аяқталатын сандарға қалдықпен бөлу. Бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда нөлге аяқталған сандарға бөлу. Нөлмен аяқталатын сандарға қалдықпен бөлу;
4) қосындыны санға және санды қосындыға көбейту. Санды қосындыға көбейту ережесін қолданып, екітаңбалы санға ауызша көбейту.
5) екітаңбалы санға жазбаша көбейту. Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда екітаңбалы санға жазбаша қалдықсыз бөлу. Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда екітаңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу;
6) бөліндінің мәнінде көптаңбалы сандар болғанда екітаңбалы санға жазбаша бөлу;
7) бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда екітаңбалы санға жазбаша бөлу;
8) санды қосындыға көбейту ережесін қолданып, үштаңбалы санға ауызша көбейту;
9) үштаңбалы санға жазбаша көбейту;
10) бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда үштаңбалы санға жазбаша қалдықсыз бөлу;
11) Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда үштаңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу;
12) бөліндінің мәнінде көптаңбалы сандар болғанда үштаңбалы санға жазбаша бөлу;
13) бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда үштаңбалы санға жазбаша бөлу;
14) қарама-қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы;
15) қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Қашықтық жылдамдығы;
16) бір бағыттағы жылдамдық;
17) белгісізді екі айырым бойынша табуға арналған есептер;
18) әріпті теңдіктердің (формулалардың) көмегімен қосу мен көбейтудің қасиеттерін жазу. Екі әрпі бар өрнектің мәнін табу;
19) геометриялық салу: циркульдің және сызғыштың көмегімен кесіндіні қақ бөлу;
20) ауданның бірлігі – гектар (1 га). Аудан бірліктері арасындағы қатынастар: 1 га = 10 000 м2;
21) тікбұрышты параллелепипед және оның өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі). Тікбұрышты параллелепипедтің төбелері, қырлары және жақтары;
22) көлем. Тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемі;
23) көлем бірліктері – кубтық миллиметр (1 мм3), кубтық сантиметр (1 см3), кубтық дециметр (1 дм3), кубтық метр (1 м3).
29. Білімді жүйелеу және қайталау (40 сағат):
1. натурал сандар және нөл саны. Натурал сандар. Натурал сандарды қолдану;
2. натурал сандар және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау;
3. натурал сандар және нөл санымен орындалатын арифметикалық амалдардың қасиеттері,
4. арифметикалық амалдардың компоненттерінің атаулары. Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табудың ережелері;
5. қосу мен азайтудың, көбейту мен бөлудің байланыстары;
6. микрокалькулятордың көмегімен есептеу. Микрокалькулятор. Калькуляторда сандарды енгізу және өшіру;
7. калькулятордың көмегімен арифметикалық амалдарды орындау;
8. жақшалармен, жақшаларсыз берілген және 4-5 амалдан тұратын өрнектің мәнін табу;
9. өрнектер мен теңдеулер. Санды және әріпті өрнектер. Өрнектің мәні. Санды өрнектің мәнін табу ережелері;
10. өрнектің мәнін табуда арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолдану;
11. теңдеу. Теңдеудің шешімі (түбірі);
12. арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері; тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдана отырып таңдау тәсілімен теңдеулерді шығару;
13. шамалар. Шамалар: ұзындық, аудан, көлем (сыйымдылық), масса, уақыт, баға, құн, жылдамдық, өнімділік, түсім;
14. шамалар бірліктері. Шамаларды салыстыру;
15. шамаларға арифметикалық амалдар қолдану: шамаларды қосу, азайту, бөлу, шаманы санға көбейту. Шамалар арасындағы тәуелділік;
16. көпбұрыштың периметрі және тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
17. тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемі;
18. есептер. Есептің құрылымы: шарты, сұрағы. Есептің шешуі. Есептің жауабы. 1-4 арифметикалық амалмен (есептің шешуін амалдар бойынша жазу; өрнек және оның мәнін табу) және теңдеудің көмегімен шығарылатын есептер;
19. геометриялық фигуралар. Нүкте, сызық (түзу, қисық, сынық), кесінді, бұрыш (тік, сүйір, доғал, жазыңқы), көпбұрыш (үшбұрыш, төртбұрыш және т.б.), тіктөртбұрыш (шаршы);
20. тікбұрышты параллелепипед (текше). Шеңбер, дөңгелек. Шеңбер мен дөңгелектің центрі, радиусы, диаметрі.