Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Жай бөлшектердің жазылу ерекшелітерін атаңыз.
1. Жай бөлшектердің жазылу ерекшелітерін атаңыз.
2.Жәй және ондық бөлшектерді оқытудың міндеттері мен мазмұнына тоқталыңыз.
3.Арнайы мектепте ондық бөлшектердің жазылу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
4. Ондық бөлшектердің өзгертілуін оқытуда қолданатын көрнекі - құралдар, дидактикалық жабдықтарды атаңыз.
5.Арнайы мектепте жай және ондық бөлшектерді оқыту әдістемесіне тоқталыңыз.
6.«Арнайы мектепте жай және ондық бөлшектерді оқыту әдістемесі» мазмұнындағы сабақ жоспарын құрыңыз.
ГЛОССАРИЙ
Арифметикалық амал – берілген сандар бойынша тиісті шартты қанағаттандыратын басқа бір санды табу әдісі.
Азайту – берілген қосынды мен бір қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу амалын айтады.
Абактар- сандарды нөмірлеуді қарастырғанда, ондық арқылы өтіпсандарды қосқанда 10 санының құрамын қарастырғанда пайдаланылады. Олардың тараған түрі 2 немесе 3 қатар вертикаль қалталары бар бір жазықтықта орналасқан аспап.2 қатарлы абакқа 2 түсті есептеу материалдарын (көк түсті, оған керісі қызыл түсті) дайындайды.
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Бөлу – Екі көбейткіштің көбейтіндісінеп сол кобейткіштердің бірі арқылы екіншісін табу амалы
Бөлшек арифметикада —бірліктің (бір бүтіннің) бір не бірнеше тең үлестерінен құралған сан. Ол (немесе m/n) белгісімен өрнектеледі, мұндағы m —Бөлшектің алымы, ол бірліктен алынған үлес санын көрсетеді, ал n — Бөлшектің бөлімі, ол бірліктің тең бөлікке бөлінгендігін көрсетеді. Бір санды екінші санға бөлгеннен шығатын сан бөлінді деп аталады. Алымы бөлімінен кіші Бөлшек дұрыс Бөлшек деп, ал алымы бөліміне тең не одан үлкен Бөлшек бұрыс Бөлшек деп аталады. Бөлімі 10 санының бүтін дәрежесі болатын Бөлшек ондық бөлшек деп аталады. Ондық бөлшек бөлімсіз жазылады. Оның бөлімінде қанша нөл болса, алымының оң жағынан сонша цифр (орын) үтір арқылы ажыратылады.
Бірлік - натурал сандардың ішіндегі ең кішісі.
Геометрия - (гр. geometrіa, ge — Жер және metrio — өлшеймін) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Дециметр(лат. decem – он және гр. metron – өлшем) – метрдің оннан бір бөлігі.
Жүздік - оқушылар санау бірлігі ондықпен санау жүйесінің ең маңызды ұғымы.
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды.
Көбейту – бірдей қосылғыштардыц қосындысын табу амалып айтады.
Километр - 1000 метрге тең қашықтық мөлшері.
Көлем – геометриялық денелердің кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама. Көлем геометриялық денелерге байланысты негізгі шамалардың бірі болып табылады. Қарапайым жағдайда Көлем дене ішіне сиятын бірлік кубтардың санымен өлшенеді.
Қарапайым геометрия — геометрияның карапайым математикаға енетін бөлімі.
Қосу – сол сандарда қанша бірлік болса, сонша бірліктерден құралған санды табу амалын айтады.
Масса - белгілі бір заттың салмағын білдіретін өлшем бірлік.
кесте
Миллиме́тр (милли… және метрден) — ең кіші ұзындық өлшем бірлігі, метрдің 1/1000 бөлігіне тең.
Метр (фр. metre, гр. metron – өлшем) – бірліктердің жүйесіндегі ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі.
Нумерация – математикадағы сандардың реттілігі.
Ондық – бөлімі 10 санының бүтін дәрежесі болатын бөлшек.
Планиметрия - (лат. planum — жазықтық және ...метрия) элементар геометрияның жазықтықта жатқан фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі
Разряд - санат, қайсыбір белгілерінің ортақтығына қарай біріктірілген заттардың, құбылыстардың тобы.
Сан - сан мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланатын абстракт нәрсе. Математиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Санау жүйесі, санау, нөмірлеу — натурал сандарды атау және цифрлық символдар арқылы белгілеу әдістерінің жиынтығы.
Стереометрия (гр. stereo -кеңістік, metreo -өлшеймін)элементар геометрияның кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі.
Төртбұрыш — төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура.
Тік төртбұрыш - барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограммды тік төртбұрыш деп атайды.
Үшбұрыш - ең қарапайым көпбұрыш, үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады немесе бір түзу бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесінділер шектейтін жазықтық бөлігі.
Шама – бізді қоршаған дүниенің жалпыланған қасиетін көосететін математикадағы ең маңызды ұғым
Шаршы (Квадрат) — шаршы деп сыбайлас қабырғалары өзара тең тіктөртбүрышты айтады. Техникада Шаршы тәрізді тесіктері бар тетіктер көп кезігеді.
Цилиндр- (көне грекше: — білік, цилиндр) цилиндр немесе цилиндрлік бет берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;