Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
25. Пәнді оқытуғааптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
26. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
27. «Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі, мемлекеттік тіл» (2 сағат).
28. «Әдеби тілдің нормалары» (8 сағат):
1) орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың сақталу орындарын практикалық жұмыстар жүргізу арқылы қайталау;
2) «Әдеби тілдің лексикалық нормалары». Жалпы халыққа бірдей түсінікті, жиі қолданылатын сөздердің әдеби тіл нормасына жататындығы. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер. Дублет сөздер мен варианттардың мәні;
3) «Мәтіндерге тілдік талдау». Мәтіндердің тақырыптық және идеялық мәнін ашу. Ұлттық белгілерді білдіретін, ғылыми түсінік беретін және діни сипаттағы мәтіндермен жұмыс;
4) мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тілдің орфографиялық және орфоэпиялық нормалары тұрғысынан талдау. Орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істеу. Қосымшалардың орфографиялық нормаға сәйкес жалғануын анықтау. Оқшау сөздердің орфоэпиялық нормаға сәйкес оқылуын қалыптастыру. Мәтіндердегі сөз таптарының арақатынасын ашу.
29. «Морфология» (70 сағат):
1) «Зат есімнің түрленуі»;
2) «Зат есімнің көптелуі». Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдер. Көптік жалғауы жалғанбайтын зат есімдер. Көптелмейтін зат есімдерге көптік жалғауы белгілі бір мақсатта қосылатындығы;
3) «Зат есімнің тәуелденуі». Оңаша тәуелдеу ортақ тәуелдеу. Тәуелдік жалғаулардың беретін граматикалық мағыналар қызметі;
4) «Көне түркі ескерткішіндегі көптік немесе тәуелдік жалғаулар. Септік жалғаулар»;
5) «Зат есімнің септелуі». Жай септеу. Тәуелдеулі септеу. Септік жалғаулардың беретін мағыналары. Атау септіктің қызметі. Ілік септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Барыс септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Табыс септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Жатыс септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Шығыс септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Көмектес септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі;
6) «Зат есімнің жіктелуі». Жіктелген зат есімдер тобы. Зат есімге жалғанған жіктік жалғаудың қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі;
7) «Сын есімнің түрленуі»;
8) «Сын есімнің шырай формаларына енуі». Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары. Күшейтпелі шырай, жасалу жолдары;
9) «Сын есімнің сөйлемдегі қызметі»;
10) «Сын есімнің заттануы». Заттанған сын есімнің көптелуі, септелуі, жіктелуі;
11) «Сан есімнің түрленуі». Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Есімдіктің түрленуі. Жіктеу есімдіктерінің түрленуі. Сілтеу есімдіктерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің түрленуі. Өздік есімдіктерінің түрленуі. Болымсыздық есімдіктерінің түрленуі. Жалпылау есімдіктерінің түрленуі. Белгісіздік есімдіктерінің түрленуі. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі;
12) «Етістіктің түрленуі»;
13) «Есімшенің түрленуі». Есімшелердің сөйлемдегі қызметі;
14) «Көсемшенің түрленуі». Көсемшенің сөйлемдегі қызметі;
15) «Тұйық етістіктің түрленуі». Тұйық етістіктің емлесі;
16) «Етістіктің шақтары». Шақтың мазмұны соған лайық формалары мен қызметтері. Шақтық мезгіл ұғымдарымен байланысты екендігі. Шақ жасаудағы есімше мен көсемшенің қызметі;
17) «Осы шақ». Мазмұны, осы шақтың түрлері мен жасалу жолдары;
18) «Көне түркі ескерткіштеріндегі осы шақ»;
19) «Өткен шақ». Мазмұны, өткен шақтың түрлері және жасалу жолдары;
20) «Көне түркі ескерткішіндегі өткен шақ»;
21) «Келер шақ». Мазмұны, келер шақтың түрлері, жасалу жолдары. Көне түркі ескерткішіндегі келер шақ;
22) «Етістіктің райлары». Ашық рай. Ашық райдың мағынасы. Ашық райдың жасалу жолдары;
23) «Бұйрық рай». Бұйрық райдың мағынасы. Бұйрық райдың мағынасының 1, 2, 3-жақтардың бәріне қатыстылығы. Бұйрық райдың етістіктің жалаң я күрделі түрлері арқылы;
24) «Шартты рай». Шартты райдың мағынасы. Шартты райдың жасалу жолдары;
25) «Қалау рай». Қалау райдың мағынасы. Қалау райдың жасалу жолдары;
26) «Етістіктің жіктелуі». Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің жіктелуі. Жедел өткен шақ пен шартты рай формалы етістіктің жіктелуі. Бұйрық рай формалары етістіктердің жіктелуі;
27) «Етістіктің сөйлемдегі қызметі».
30. «Синтаксис» (12 сағат):
1) «Сөздердің байланысу түрлері». Қиысу. Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысуы. Матасу. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Матасу – есімді сөз тіркесі. Меңгеру. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысуы. Есімді, етістікті меңгеру болатындығы. Қабысу. Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысуы. Жанасу. Жанасудың дәнекер сөздер арқылы байланысатындығы. Жанасудың қабысудан айырмашылығы;
2) «Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар». Анықтауыштық қатынас. Матаса, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалуы. Толықтауыштық қатынас. Меңгеріле байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестері сыңарларының бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалуы. Пысықтауыштық қатынас. Меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестері сыңарларының бір-бірімен пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы.
31. «Тіл мәдениеті» (10 сағат):
1) тіл мәдениетінің білім беру, ғылым, әдебиет, өнер жалпы рухани өмірдің барлық саласында қызмет ететіні туралы. Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті. Сөйлеудің түрлері: диалог, монолог. Тіл мәдениеті және шығармашылық жазу жұмыстары. Қосымшалардың тіл мәдениетіне қатысы. Қосымшалардың сөзге жалғану шегі, сөзді таңдап, талғап барып жазуы. Қосымшаларды дұрыс жалғау дағдысын жетілдіру. Ісқағаздары үлгілері мен публицистикалық сипаттағы мәтіндерді талдау. Баспасөз бетінде қосымшаларды қолданудағы нормадан ауытқыған жағдайлар. Сөйлем мүшелерінің орын алмасуымен сөздердің тіркесіп жұмсалуда нормадан ауытқитын жағдайларды тапқызу.