Тақырып. Визуальды бағдарламалау. Delphi ортасы.

Жоспары:

1. Delphi 7 ортасының жұмыс аумағы.

2. DELPHI–дің артықшылықтары.

1. Delphi 7 ортасының жұмыс аумағы. Delphi 7 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.

Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.

Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.

Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.

Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.

Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.

Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.

Delphi ортасын – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.

Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:

1. Негізгі терезе (Project 1)

2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)

3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)

4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).

Тақырып. Визуальды бағдарламалау. Delphi ортасы. - student2.ru

2 DELPHI–дің артықшылықтары:

Ø қосымшаны өндеу жылдамдығы;

Ø жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;

Ø жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;

Ø Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;

Ø Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі.

Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері енгізіледі. Уақиғалар тізімі жазылады. Мұны View/obgect inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз. Obgect inspector терезесі екі жапсырмада тұрады.

1. Propertiеs ( қасиет ).

2. Events (жағдай).

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің уақиғалар тізімі және сол уақиға сәйкес командалар жазылады.

Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі компоненттері

2. Жұмыс облысының негізгі компоненттері

3. Оқиғалар аймағының міндеті

Наши рекомендации