Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
32. Пәнді оқытуға аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
33. Оқу пәнінің білім мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
34. «Кіріспе». Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра (1 сағат).
35. «Әдеби тілдің грамматикалық нормалары» (4 сағат):
1) тілдегі грамматикалық тұлғалардың бірқалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы. Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні. Нормадан жөнімен ауытқу. Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы жататындығы. Сөздердің тіркесу қабілеті, олардың мағыналық үйлесімі мен грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі. Мәтіндерге тілдік талдау;
2) қоғам, ұлт, өнер, махаббат тақырыбындағы мәтіндердің ой түйіндерін анықтату. Ойдың желісін сақтап, қайта әңгімелету. Жаңа сөздердің қолданысына түсінік бергізу. Ауыспалы мағынадағы сөздер мен фразеологизмдердің мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын айқындау. Лексикалық тіркестер мен граматикалық тіркестердің, сондай-ақ жаңа тіркестердің тіркесімдік мүмкіндіктеріне талдау жасау.
36. «Синтаксис» (89 сағат):
1) «Сөйлем» (6 сағат). Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер. Сөйлемнің сөз тіркесінен құралатындығы. Сөйлем болудың шарттары. Сөйлемдердің мазмұнына, айтылу мақсаты мен интонациясына қарай бөлінетіндігі;
2) «Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері»;
3) «Хабарлы сөйлем». Оның мазмұны. Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірлерін білдіретіні туралы. Хабарлы сөйлемнің баяндауыш формалары;
4) «Сұраулы сөйлем». Оның жасалу жолдары, мағыналары. Негізгі сұрақ, жетек сұрақ, анықтауыш сұрақ. Лепті сөйлемдердің жасалу жолдары. Лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлем, оның мағыналары. Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары. Бұйрықты сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері;
5) «Көне түркі жазбаларындағы сөйлем түрлері»;
6) «Сөйлемнің құрамы» (28 сағат);
7) «Сөйлем мүшелері». Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып бөлінетіндігі;
8) «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері»;
9) «Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүше болатын себептері. Бастауыш, бастауыш болатын сөз таптары». Дара бастауыш. Күрделі және үйірлі бастауыш. Бастауыштың сұрақтары, сөйлемдегі орны;
10) «Баяндауыш, баяндауыш болатын сөз таптары». Дара баяндауыш. Күрделі баяндауыш. Үйірлі баяндауыш. Бар, жоқ сөздерінің баяндауыштық қызметте жұмсалатындығы. Баяндауышқа сұрақ қою ерекшеліктері. Баяндауыштың сөйлемдегі орны;
11) «Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша»;
12) «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері»;
13) «Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштардың тұрлаусыз мүше аталу себептері»;
14) «Толықтауыш». Оның түрлері: тура толықтауыш, жанама толықтауыш. Толықтауыш болатын сөз таптары. Дара және күрделі толықтауыш. Үйірлі толықтауыш. Толықтауыштың баяндауышпен байланысты екендігі. Толықтауыштың сұрақтары, мағынасы;
15) «Анықтауыш». Анықтауыш болатын сөз таптары. Дара, күрделі және үйірлі анықтауыштар. Анықтауыштың бастауыш және толықтауышпен байланысты екендігі. Анықтауыштың сұрақтары, мағыналары;
16) «Пысықтауыш». Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер. Дара және күрделі, үйірлі пысықтауыштар;
17) «Пысықтауыштың мағыналық түрлері». Мезгіл пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, мекен пысықтауыш, амал пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш. Пысықтауыштың баяндауышпен байланысты екендігі;
18) «Пысықтауыштың сұрақтары, мағыналары»;
19) «Сөйлемнің айқындауыш мүшелері». Оның анықтауыштан айырмашылығы. Айқындауыштың түрлері, қызметі, тыныс белгілері. Оңашаланған, қосарлы айқындауыштар;
20) «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері». Бірыңғай мүше болудың шарттары. Бір сөз табынан болатындығы, бірдей сұраққа жауап беретіндігі, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратындығы. Бірыңғайлана байланысатын сөйлем мүшелері. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгілері;
21) «Көне түркі жазбаларындағы сөйлем мүшелері». Сөйлем мүшесі болмайтын сөздер тобы;
22) «Оқшау сөздер». Оқшау сөздердің синтаксистік ерекшеліктері. Оқшау сөздерге тән ортақ белгілер. Оқшау сөздердің түрлері;
23) «Қаратпа сөз». Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер. Қаратпа сөздің сөйлемдегі мәні, орны, тыныс белгілері;
24) «Қыстырма сөздер». Қыстырма қызметінде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері. Қыстырма сөздердің беретін мағыналары. Қыстырма сөздің сөйлемдегі орны, тыныс белгілері;
25) «Одағай сөздер». Одағайдың мағыналық топтары. Одағайдың сөйлемдегі мәні, орны, тыныс белгілері;
26) «Жай сөйлемнің түрлері» (7 сағат). Жай сөйлемдер құрамына қарай, сөйлем мүшелерінің қатысына қарай жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы болып бөлінетіндігі;
27) «Жақты, жақсыз сөйлемдер». Олардың сипаттамасы, жасалу жолдары;
28) «Жалаң және жайылма сөйлемдер». Олардың анықтамасы, стильдік қызметі;
29) «Толымды, толымсыз сөйлемдер». Сөйлемнің толымсыз болып, құралу себептері;
30) «Атаулы сөйлем». Оның стильдік мәні;
31) «Құрмалас сөйлем» (40 сағат). Құрмалас сөйлемге тән белгілер. Оның жай сөйлемнен өзгешелігі. Құрмаластағы жай сөйлемдердің байланысуы тәсілдері: салаласа, сабақтаса аралас байланысуы;
32) көне түркі жазбаларындағы құрмалас сөйлемдердің берілу жайы;
33) «Құрмалас сөйлемнің түрлері»;
34) «Құрмалас сөйлем жайында түсінік». Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса және араласа құрмаласуы арқылы берілетіндігі;
35) «Салалас құрмалас сөйлем». Оның жасалу жолдары туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері;
36) «Ыңғайлас салалас». Мағынасы, сұрақтары. Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мезгілдес, бағыттас ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің жалғаулық шылаулар арқылы, шылаусыз іргелес тұрып байланысуы. Тыныс белгілері;
37) «Себеп-салдар салалас». Мағынасы, сұрақтары. Себеп-салдарлық қатынастың салалас құрмалас арқылы берілуі. Салаласа құрмаласудың тәсілдері: жалғаулықты шылаусыз, іргелесе құрмаласу. Жалғаулықты шылаулар арқылы құрмаласуы. Тыныс белгілері;
38) «Қарсылықты салалас». Мағынасы, сұрақтары;
39) «Қарсы мағынаның салалас құрмалас арқылы берілуі». Салаласа құрмаласудың тәсілдері: жалғаулықсыз құрмаласу; жалғаулықты шылаулар арқылы құрмаласу;
40) «Қарсылықты салаластың тыныс белгілері»;
41) «Түсіндірмелі салалас». Мағыналық қарым-қатынасы.Түсіндірмелі салалас. Мағыналық қарым-қатынасы. Түсіндірмелі салалас құрмаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері;
42) «Талғаулы салалас». Мағыналық қарым-қатынастары. Талғаулы салалас құрмаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері;
43) «Кезекті салалас». Мағыналық қарым-қатынастары. Кезекті салалас құрмаластың жасалу жолдары,тыныс белгілері;
44) «Көп салалы құрмалас салалас сөйлем»;
45) «Сабақтас құрмалас сөйлем». Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік;
46) «Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері»;
47) «Шартты бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым қатынасы. Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары;
48) «Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары;
49) «Мезгіл бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналы қарым-қатынасы. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары;
50) «Себеп бағыныңқылы сабақтас». Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары. Құрамында жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы;
51) «Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты жасалу жолдары;
52) «Мақсат бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы. Мақсат бағыныңқы сабақтың жасалу жолдары;
53) «Көп бағыныңқылы сабақтас». Жарыспалы, сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем;
54) «Аралас құрмалас сөйлем». Құрамындағы жай сөйлемдердің әрі салаласып, әрі сабақтасып байланысатындығы. Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары;
55) «Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері». Салалас құрмаластардың тыныс белгілері. Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілері. Аралас құрмаластың тыныс белгілері;
56) «Орхон-Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері»;
57) «Төл сөз, төлеу сөз» (8 сағат);
58) «Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік». Төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылығы. Төл сөз бен автор сөзінің байланысы. Төл сөздің орналасу тәртібі. Төл сөздің тыныс белгілері. Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары. Төлеу сөздің жасалуы. Көне түркі ескерткіштер тіліндегі төл сөздің берілуі жайында қосымша мәлімет.
37. «Тіл мәдениеті» (8 сағат):
1) «Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары». Сөз қолданудың негізгі принциптері;
2) «Сөз әдебі». Сөз әдебі сөз иесінің сөзді сыпайы қолдану мәдениетімен байланысты екенін, сөйлеушінің, жазушының әр сөзі мәдениетті, сыпайы да ізетті болуын талап ету керектігін мысалдармен түсіндіру. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақалдың мәнін ашу. Бір ауыз жақсы сөз адамды жадыратып, көңілін көтеретіндігін: қуат беріп, шабыттандыратынын мәтін арқылы дәлелдеу;
3) сөз құдіретін танытатын мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді талдату. Тілдегі сөйлеу этикетіне жататын сөздер тізбегін жасату. Халқымыздың жақсы сақтап келген шешендік сөз үлгілерін әрі қарай дамытып , оны оқушылардың сөйлеу дағдысына сіңіру бағытындағы жұмыс түрлерін жүргізу;
4) халықтың салт-дәстүріне байланысты айтылатын табу сөздер мен дөрекі сөзді жұмсартып жеткізу мақсатындағы эвфемизмдердің тіл мәдениетіндегі орнын түсіндіру, олардың сөз әдебімен байланысын ашқызу, көркем мәтіндерден осындай тілдік құбылыстарды теріп жаздырту;
5) өркениетті елдер мен Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға баға бергізіп, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, сауаттылықты меңгерту.