Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

СИЛЛАБУС

Пән: Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

Кредит: 3

Семестр: 5

Пән атауы - Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

Кредит саны – (3) 45 сағат

Оқытушы:ф.ғ.д., доцент Жолшаева Майра Сатыбалдықызы.

Байланыс ақпараты:

Телефон: 87012729208

e-mail: [email protected]

Пәннің өтетін орын мен уақыты:

Аудитория: филология факультеті, 2 - қабат;

Уақыты:сабақ кестесі бойынша.

Оқытушы туралы мәлімет:

Жолшаева Майра Сатыбалдықызы–филология ғылымдарының докторы, 2001 жылы 25 мамырда қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің валентілігі мәселесі бойынша кандидаттық, ал 2009 жылы 16 қазанда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми кеңесінде «Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн» атты докторлық диссертациясын қорғаған. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы, лингвистикалық семантиканың грамматикалық семантика мәселелерімен айналысады. Грамматика мәселелеріне тікелей қатысты 60 астам ғылыми мақала жариялаған және 3 ғылыми монографияның, бес деңгейге арналған қазақ тілін оқытудың лексика-грамматикалық кешенінің (5 кітап), лексикалық-тақырыптық сөздіктің (2 кітап), қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігінің, қазақша-қытайша-орысша дипломатиялық сөздіктердің авторларының бірі.

Курстың пререквизиті.Нормативті қазақ тілі. Тіл біліміне кіріспе. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы.

Курстың постреквизиті.Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі. Аалдағы уақытта (магистратура, докторантурада) оқытылатын түрлі ғылыми пәндерді, мәселен, «Коммуникативті-функционалды синтаксис», «Мәтін лингвистикасы», жете түсінуге негіз болады.

Пәннің өзектілігі. Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі пәнін оқытудың қажеттілігі туралы: біріншіден,сөз тіркесі және сөйлем синтаксисінен жүйелі білім алады және аталған синтаксистік бірліктердің граммтаикалық, семантикалық сипаты мен олардың түрлі өлшемдер бойынша топтастыру ұстанымдарыымен танысып, сөз тіркестері, олардың түрлері мен сөздердің өзара байланысу тәсілдері, сөйлемнің түрлері, құрмалас сөйлем, олардың арасындағы синтаксистік байланыстар мен тәсілдер жайында ақпарат алып шығады.

Курс сөз тіркесі негізінде қалыптасатын жай сөйлем, жай сөйлемдер негізінде қалыптасатын құрмалас сөйлемдердің қалыптасуы мен даму жолдарын, синтаксистік бірліктердің грамматикалық-семантикалық белгілерін ажырата білуге үйретеді.

Пәннің мақсаты мен міндеттері.Қазақ тілінің синтаксисі ойды жеткізу үшін сөздердің өзара тұлғалық және мазмұндық жағынан байланысқа түсіп, сөз тіркесі мен сөйлем түзудегі ерекшеліктерін, сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін қарастырады.

Мақсаты - қазақ тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау; студенттің әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу; болашақ ұстазға қажетті тілдік әдістемелік біліммен қаруландыру.

Негізгі міндеттері:студенттерді қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруландыру; сөз бен сөздің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларымен таныстыру; сөз тіркесі деп танудың шарттары; жай сөйлем синтаксисінің нысаны, жай сөйлем түрлері мен жасалу жолдары; сөйлем мүшелері, бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер, олардың тыныс белгілері; құрмалас сөйлем және оның жіктемесін; жасалу жолдары; құрмалас сөйлемнің түрлері; теориялық білім негізінде студенттердің мектепте жұмыс жүргізуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

Наши рекомендации