Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуінің негізі Borland Database Engine (BDE) – Borland фирмасы мәліметтер қорының процессоры болып табылады. BDE мәліметтер қоры мен қосымша арасында делдал қызметін атқарады. Ол мәліметтер қорын реализациялауда қолданушыға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мәліметтер қоры реализациясын ауыстырғанда қосымшаны өзгертуге болады.
Delphi қосымшасы ешқашан да мәліметтер қорымен тікелей жұмыс істемей, BDE арқылы ғана жұмыс істейді.Delphi қосымшасы мәліметтер қорымен байланысар кезде BDE-ге барады да, мәліметтер қорының псевдонимін және ондағы қажет кестені хабарлайды.BDE динамикалық тіркестірілген кітапханалар Dle түрінде ұйымдастырылған.Олар, басқа кітапханалар сияқты IDAPI (Integerated Database Application Program Interface) деп аталатын API-мен Application Program Interface-қолданбалы программалар интерфейсімен қамтамасыз етілген. Бұл қосымша пайдаланатын мәліметтер қорымен жұмыс істеу процедуралар мен функциялар тізімі.
14-сурет. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
BDE псевдоним арқылы көрсетілген мәліметтер қорына сәйкес драйвер табады. Драйвер – бұл қандай да бір анықталған типті мәліметтер қорымен қалай хабарласу керек екенін көрсететін көмекші программа. Егер BDE-ның мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса, онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады, қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына өздігінен ене алады.
Егер BDE-нің өзінде қажет мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады. ODBC (Open Database Connectivity)- бұл BDE функцияларына аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй жүргізіледі. Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп, қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.
BDE SQL- сұраныстардың стандарт тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында жұмыс кезінде кеңінен қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған құралдың түрлері
2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланыс орнату қалай жүзеге асырылады?
Әдебиеттер:
[4], [5], [6], [8], [9].
ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
Дәріс.
Тақырыбы:МҚ алиастары мен каталогтарын құру және редакциялау
Дәріс мақсаты:Мәліметтер қорын құру қадамдарын анықтау. Мәліметтердің типтерімен танысу.
Кілттік сөздер:кесте, псевдоним, мәлімет типі, paradox7, dbase, Database Desktop, BDE Administrator.
Жоспары:
9.1. Кесте құру
9.2. Псевдоним құру
9.3. Мәліметтердің типтері
Реляциялық мәліметтер қоры - өзара байланысқан кестелерден тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, нақты бір каталогқа орналастырылады. Әрбір кестелер өріс-бағандардан, жолдар-жазбалардан тұрады. Байланысқан кестелер: негізгі және тәуелді болып байланысады.
Бір кесте біреумен негізгі байланыста болады да, екінші біреумен тәуелді болып байланыста болуы мүмкін.
Delphi - де арнайы кестелер форматы қаравстырылмаған. Бірақ Paradox, Dbase кестелерімен үйлеседі. Олардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Мысалы, Dbase – кілттік өріс қойылмайды. Келісім бойынша Paradox7 типі таңдалынсын. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
1. Мәліметтерді анықтауға әртүрлі типтер қолданылады;
2. Мәліметтердің бүтіндігін сақтайды (целостность);
3. Енгізілетін мәндердің тексерілуін ұйымдастыруға болады;
4. Кестені пароль мүмкіндігін қою арқылы қорғауға болады.
Кесте құру.
Кесте Database Desktop утилитасында құрылады. Database Desktop BDE Administrator сияқты Delphi қойылымына кіреді. Ол жаңа мәліметтер қорын құруға және бар мәліметтер қоры кестелерін редакциялауға, сонымен қатар визуальды және SQL сұраныстарымен және мәліметтер қоры псевдонимімен жұмыс жасауға арналған.
Мәліметтер қорының жаңа кестесін құру үшін Database Desktop утилитасы қолданылады. Жаңа кесте құру үшін File→New→Table (Файл→Құру→Кесте) командалары таңдалынады. Осыдан кейін құрылатын кесте типі таңдалынатын (1-суреттегі) диалогты терезе пайда болады. Келісім бойынша программа Paradox 7 типін ұсынады.
15-сурет. Жаңа кестені құру терезесі.
Тип таңдалынып, ОК батырмасы шертілсе төмендегі терезе ашылады.
16-сурет Кесте құрылымын құру терезесі.
Бұл терезенің төмендегідей мүмкіндіктері бар:
- Өрістерді құру және сипаттау;
- Кілттік өрістерді беру;
- Индекстерді беру;
- Өрістер мәніне шектеулер қою;
- Параллельдер беру (егер олар қолданылса);
- Қолданылатын тілдік драйверді көрсету;
- Мәнді таңдау үшін кестені беру.
Реляциялық кестеде ең болмағанда бір өріс болуы керек. Кесте құрылымында өрісті анықтау үшін кесте құрылымын құру терезесіндегі Field Name (өріс аты) мәтіндік өрісіне кесте өрістерінің аты, Type (Tип) өрісінде мәліметтердің типі, Size (өлшемі) мәтіндік өрісінде өріс өлшемі көрсетіледі.
Псевдоним құру.
Мәліметтер қорының псевдониминін құру арқылы Delphi-де мәліметтер қорының файлынның қайда орналасқанын көрсетте алады. Псевдоним (Alias) - бұл мәліметтер қорына қойылған шын атының қысқартылған тұрі. Программа мәліметтер қорымен жұмыс жасауда шын аты емес осы псевдоним қолданады.
Программа информациямен алмасу үшін, мәліметтер қорының жұмысын қамтамасыз ете отырып, Borland Database Engine (BDE мен алмасу үшін) кітапханасы қосылған, конфигурациондық файлды қолданып, информацияның мазмұны барлық тіркелген системалық псевдонимин.
BDEAdministrator-дың утилиті қолдану арқылы мәліметтер қорының псевдонимі құрылуы(тіркелуі) мүмкін. Бұл утилит псевдонимоммен байланысқан каталогты өзгертуге мүмкіндік береді.
Псевдонимин құру. Мәліметтер қорында псевдоним Delphi ден шығатын утилиты BDE Administrator көмегімен құрылады.BDE Administrator диалокты терезесі 17-суретте көрсетілген.
17-сурет. BDE Administrator терезесі
Жаңа псевдоним құру үшін, Object меню іннен таңдау керек. Одан кейін ашылған New Database Alias (Жаңа псевдоним мәліметтер қоры) диалогты терезеден Database Driver Name тізіміннен Standard драйверін таңдап аламын. Драйвер STANDARD (default driver) драйвері Paradox форматтағы кестеге мәліметті алмасуды (доступ) қамтасыз етеді.
18-сурет. New Database Alias диалогты терезе
Псевдонимнің атын берледі. Мәліметтер қорының жолын көрсету үшін Definition кладкасында Path жолының соңындағы үш нүктені басып көрсету керек.
Құрылған псевдонимді тіркеу үшін Apply (Применить) батырмасын баcсақ жеткілікті.
19-сурет. Құрылған псевдонимнің нәтижесі.