Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
Гигиенаның көп ғасырлық дамуын 2 кезеңге бөлуге болады: эмприкалық және ғылыми-сараптамалық. Эмприкалық, халық гигиенасының жетекші элементтері болып тұрғын үй, тамақтану, су көздерін пайдалану, ауруларды оңашалау, жеке бас гигиенасын шектеу сипатындағы ұсыныстар болды. Эмприкалық гигиена ары қарай даму кезеңдері ерте Индияда, Қытайда, Египетте, Грецияда, Рим империясында жалғасты. Эмприкалық гигиена туралы алғашқы ойлар ертедегі атақты дәрігер Гиппократтың мына: «ауа, су және жер жайлы» трактатында келтірілген.Сонымен қатар, гигиенаның дамуына үлес қосқан Асклепий, Гален, Демокрит.Орта ғасырда санитарлық жағдай төменгі сипат ала бастаған кезде, араб дәрігері Авиценнаның «Медицина каноны» атты еңбегі бүкіл әлемге белгілі болған. 17-18 ғасырларда гигиена қарқынды дами бастады. Бұл кезде кәсіптік гигиена бойынша Б Рамаццинийдің алғашқы еңбектері мен М.В. Ломоносовтың атақты еңбектері жарық көре бастады. 18-19 жүзжылдықта капитализм қарқынды дами бастаған уақытта ғылыми-сараптамалық медицина пайда болды, оның негізін неміс ғалымы М.Петтенкофер салды. Л.Пастер, Р.Кох, Э.Паркс, М.Петтенкофер, И.Франктың еңбектері алдын алулық медицинаның бірінші рет ғылыми негізге жүгінуге септігін тигізді. Ресейде гигиенаның дамуына көп үлес қосқан ғалым А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды, бұлар гигиена кафедрасын алғашқы ұйымдастырушылар болып табылады, экспреминтальды жұмыстарды кеңінен қолданып, гигииена бойынша нұсқаулар жазды. Революциядан кейін алдын алу сөзі денсаулық сақтаудың даму барысында кеңінен орын алды. 1922 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдастырылды. Бұған үлкен үлес қосқан Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев және т.б. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерінің және мазмұнының кеңеюі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тарауларының өзінше бөлінуіне әкелді. Гигиена ғылымы мен тәжірибенің дамуына ғылыми-институттар мен гигиена кафедраларының құрылуы септігін тигізді.
1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша ( Т.Ш.Шарманов , С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Қоршаған орта гигиенасы мен адам экологиясының еңбектері мұнай газ аймақтарында және ракета-ядролық сынақ аймақтарында қолданылса, ал тамақтану гигиенасының еңбектері Республика аумағында фундаментальды және қолданбалы аспектілерінің негізін салды.
IXжәне XX ғасырлардың басындағы гигиена ғылымның негізін қалаушылар және көрнекті өкілдері: ЭрисманФ.Ф., ДоброславинА.П., ХлопинГ.В., СысинА.Н., Мольков А.В. және т.б. ғалымдардың еңбектерін атаңыз.
Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады.
Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым.
Ресейде гигиенаның дамуына көп үлес қосқан ғалым А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды, бұлар гигиена кафедрасын алғашқы ұйымдастырушылар болып табылады, экспреминтальды жұмыстарды кеңінен қолданып, гигииена бойынша нұсқаулар жазды. Революциядан кейін алдын алу сөзі денсаулық сақтаудың даму барысында кеңінен орын алды. 1922 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдастырылды. Бұған үлкен үлес қосқан Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев және т.б. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерінің және мазмұнының кеңеюі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тарауларының өзінше бөлінуіне әкелді. Гигиена ғылымы мен тәжірибенің дамуына ғылыми-институттар мен гигиена кафедраларының құрылуы септігін тигізді.
Азіргі замандағы ҚР-ң және ТМД елдерінің әйгілі ғалым-гигиенистері: СидоренкоГ.И., Буштуева К.А., Измеров Н.Ф., Амрин К.Р., Шарманов Т.Ш., Алтынбеков Б.Е., Неменко Б.А., КенесариевУ.И. және т.б. ғалымдардың еңбектерін атаңыз.
Төрегелді Шарманов (1930 жылы туған), гигиенист-нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1968), ҚР ғылым академиясының академигі (1994). Ұлытаудың түлегі. Қарағанды медицина институтын бітірген (1955). 1958-1962 жылдары Ұлытау ауданы ауруханасының бас дәрігері. 1962-1968 жылдары Қарағанды облысында Өлкелік патология ғылым зерттеу институтында қызмет атқарды. 1968-1971 жылы Ақтөбе медицина институтының ректоры, 1971-1982 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министрі, 1973-1984 жылдары КСРО Медицина ҒА Тағам институты Қазақ филиалының директоры. 1985-1988 жылдары КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталык дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі. 1988 жылдан ҚР ҒА Тағам инститының директоры. Негізгі ғылым еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Шарманов ғылыми-зерттеу еңбектері мен монографияларында «денсаулық» ұғымын ауқымы кең категория және ең биік парасаттылық құндылық әрі дүние жүзі халықтарын түсіністікке әкелетін дәнекер ретінде қарастырады. Ол БҰҰ дүние жүзі денсаулык сақтау ісіндегі ең ірі оқиға деп таныған декларациясы «20 ғасыр денсаулық сақтау ісінің Ұлы хартиясы» атанған Алматы халықаралық конференциясын (ВОЗ/ЮНИСЕФ;1978) өткізуге басшылык жасады. 30 авторлық куәлігі бар. 8-10-сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Парасат», Октябрь революциясы, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. Жезқазған қаласының құрметті азаматы.
1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша ( Т.Ш.Шарманов , С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Қоршаған орта гигиенасы мен адам экологиясының еңбектері мұнай газ аймақтарында және ракета-ядролық сынақ аймақтарында қолданылса, ал тамақтану гигиенасының еңбектері Республика аумағында фундаментальды және қолданбалы аспектілерінің негізін салды.