Экономикалық теорияның даму кезеңіндегі мектептердің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой- пікір алғашқы адамдардың бірлесіп аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т.б) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылады. Мәселен Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниелер де, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды- заттай жүргізілді. Экономикалық ой- пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Алғашқы реет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол (мерканте-итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шетелдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейілінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлікі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажетті тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, сауда да емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т.б өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп Ф. Кенэ тұңғыш рет өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Ф.Кеннің «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой –пікірдегі күрделі жаңалық алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Маркстік саяси экономия- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себептері капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі пролетариат-қаналушы тап өмірсүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Бір топ дамығанелдер (АҚШ, Жапония, ФГР, Англия, Канада, Италия) соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар болған болатын.

Наши рекомендации