Тақырыбы: Курациядағы созылмалы ауруы бар балалардың диспанселік бақылау кестесін құру

Студенттің өзіндік жұмысы

Орындаған: Сабыр Асылбек, 513 «А»

Тексерген: Калжанова М. Ж.

Ақтөбе 2016

Науқастың аты-жөні: Тастанова Жанель Маратқызы

Туған күні: 18.08.2002ж.

Жынысы: қыз бала

Ұлты: қазақ

Білімі: орта

Қызметі: оқушы

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан көшесі, 13/15

Алғашқы диагноз: Бронх-өкпелік ауру.

Клиникалық диагноз: Созылмалы іріңді обструктивті бронхит, қайталау фазасы, тыныс жетіспеушілігі ІІ дәрежесі. Өкпе эмфиземасы. Компенсациялы созылмалы өкпе текті жүрек.

Шағымдары:

Негізгі: тұрақты жөтел, көп мөлшердегі кілегейлі-шырышты қақырық бөлу, ентігу.

Қосымша: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, тез шаршағыштық.

Anmnesis morbi: өзін жаздан бері аурумын деп санайды. Ауруын суық тиюмен байланыстырады. Өз бетімен ем қабылдамаған.

Anmnesis vitae: Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өсуі мен дамуы жасына сай, қатарынан қалмаған. СПИД, гепатит, тері-венерологиялық, туберкулез, тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Қан құйылулар, операциялар болмаған. Кішкентай кезінде жарақаттар алмаған. Зиянды әдеттері жоқ. Тағамдық заттарға, дәрілік препараттарға, тұрмыстық, химиялық заттарға аллергиясы жоқ. Ата-анасында тұқым қуалайтын аурулары тіркелмеген.

Status praesens communis:

Есі: айқын

Жағдайы: орташа ауырлықта

Жалпы келбеті:

٭а) дене пішіні - дұрыс

٭ә) конституциясы - нормостеник

٭б) денесін ұстауы және жүрісі дұрыс, жүрісі өзгеріссіз

Бойы: 160см

Салмағы: 48кг

ИМТ: 18,3

Дене температурасы: 37˚С

Тері жамылғылары: ауырған жақ бет ұшының қызаруы, аздаған цианоз. Ауыз айналасында ұшық бөртпелері анықталады. Басқалай қасынған тырнақ іздері, қан құйылу ошақтары, жара, ойықтар жоқ.

Кілегей қабықтары: тері асты шел май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.

Серпімділігі: сақталған, қалыпты.

Лимфа түйіндері: пальпацияланбайды, ұлғаймаған.

Бұлшық ет жүйесі: жақсы дамыған, сәл миалгия байқалады, тонусы сақталған, атрофиялық өзгерістер мен әр түрлі ақаулар анықталмайды.

Сүйек-буын жүйесі: тірек-қимыл жүйесі қалыпты, кеуде торы деформацияланбаған, буындары еркін қозғалады.

Бездері: ұлғаймаған, ауырсынусыз.

Тыныс алу жүйесі: өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ сырылдармен қоса орташа және ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Жөтелге ысылдаған тыныс пен ентігу қосылған.

Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек тондары тынықталған, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.

Асқорыту жүйесі: іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Несеп шығару жүйесі: несеп-жыныс жүйесі қалыпты. Жүйке, тірек-қимыл, эндокрин жүйесінде өзгерістер байқалмайды.

Жасалынған зерттеулер:

٭ЖҚА

٭Жалпы қақырық анализі

٭Рентгенологиялық зерттеу

٭ФСТ анықтау

٭ЭКГ

Зерттеу мәліметтері:

1. ЖҚА: гемоглобин – 160 г/л, гематокрит – 60%, эритроцит – 6*10¹³ /л, лейкоцитоз – 12*10’9/л солға ығысу, ЭТЖ – 1-ден төмен.

2. Қақарықтың жалпы анализі: қақырық жасыл-сары түсті. Қақырықта нейтрофильдер мен макрофагтардың болуы. Микроскопияда лейкоциттер көру алаңын толық жапқан.

3. Рентгенологиялық тексеру: өкпе эмфиземасы мен пневмосклероздың рентгенологиялық белгілері анықталады.

4. ФСТ анықтау: өлшенген ТСТ, %-тің тиісті мөлшерден азаюы. Тиффно индексінің 70%-ға дейін, одан да төмен азаюы.

5. ЭКГ: синусты ырғақ, минутына 65 рет соғады, жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясы анықталады.

Шаралар Бақылаудың 1-жылы Бақылаудың 2-жылы
Участкелік педиатр 2-3 айда 1 рет (оң мәнді динамика болған жағдайда). Аурудың ауыр ағымында – айына 1 рет, көрсеткіштер бойынша жиі 6 айда 1 рет (оң мәнді динамика болған жағдайда). Аурудың ауыр ағымында – айына 1 рет, көрсеткіштер бойынша жиі
Басқа мамандардың қарауы
Пульмонолог 3-6 айда 1 рет, көрсеткіштер бойынша Жылына 1 рет
ЛОР, стоматолог Санациялағанға дейін жылына 2 рет, санациядан кейін жылына 1 рет
Реабилитолог-дәрігер, ЛФК дәрігері, иммунолог Көрсеткіштер бойынша
Лабораториялық зерттеулер
ЖҚА, ЖЗА 6 айда 1 рет, көрсеткіштер болғанда – жиі (педиатрдың немесе пульмонологтың әрбір қарауында)
Қан биохимиясы(протеинограмма, жедел фаза ақуыздары, ß-липопротеидтер) 6 – 12 айда 1 рет
Капрограммаға нәжіс 6 айда 1 рет
Қақырықты микрофлораға және антибиотиктерге сезімталдыққа зерттеу Көрсеткіштер болғанда
Функционалдық зерттеулер
ФСТ (спирометрия, пневмотахометрия) Жылына 1 рет, көрсеткіштер болғанда - жиі
Кеуде клеткасының рентгенографиясы
Бронхоскопия және бронхография
ЭКГ Жылына 1 рет
           

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Н.Жаншахан «ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ» Ақтөбе – Алматы, 2011-2015ж.

2. Е.Т.Дадамбаев, Т.К.Кулмахан «Емханалық педиатрия».

3. В.Н.Чернышов, А.А.Сависько, А.А.Лебедько, М.С.Касьян, Т.Б.Козырева, В.Д.Павленко, Т.Д.Тараканова, Л.С.Щербак, С.Г.Гончаров «ПОЛИКЛИНИЧЕСКАЯ ПЕДИАТРИЯ» Москва – 2007ж.

4. Қазақша Уикипедия.

Наши рекомендации