Бақылау сұрақтары. Тақырыбы:Мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелер мен технологиялар

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Дәріс №1

Тақырыбы:Мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Қазақстанда ақпараттық қоғам құрудың кейбір аспектілері.

Мақсаты:Мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелер мен технологиялармен ақпараттық қоғам құрудың аспектілерін ұғындыру.

Жоспары:

1. Мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелер мен технологиялардың мәні.

2. Қазақстанда ақпараттық қоғам құрудың кейбір аспектілері.

1.Барлық адамзат шығармашылығының аумағында ақпарат деген түсінік кеңінен қолданылады, себебі кез келген өзара байланыс пен жұмыс үйлесімділігі тек ақпарат арқылы іске асады. Адамзат шынайы ақпараттық жүйелерді жасады, өйткені шешімдерді қабылдау және бақылау үшін өндірісті ақпаратпен қамтамасыз ету қажеттілігі туды және сол ақпаратты жинап, қорытып, өз бағытында таратуды үйренді. Ал нарықтық экономика тұсында ақпарат ең маңызды тауарлардың бірі болып саналады.

Ақпарат деп – қабылдау, жіберу, түрлендіру, сақтау және қолдану сияқты операциялардың объектісі болып табылатын қандай да бір оқиға, болмыс, үрдіс туралы кез келген мәліметті айтамыз. Ақпаратты өңдеудің әр түрлі әдістері мен құралдарын жасау проблемасына әрқашан үлкен көңіл бөлінген. Бірақ ақпаратты өңдеу саласындағы сапалы қадам 40 жылдардың соңында электронды есептеу машиналарын (ЭЕМ) – компьютерлерді ойлап табу нәтижесінде болды. Қазіргі кезде, кейбір дамыған елдерде ақпаратты компьютерлік өңдеу сферасында еңбекке қабілетті тұрғындардың жартысы жұмыс атқаруда, ал осы бағытқа жұмсалынған ақша үлкен табыс әкелуде. Ақпаратты компьютерлік өңдеу – жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ) негізінде жасалады, оның тиімді қолданылуын адам шығармашылығының кез келген аумақтарының үрдісі анықтайды.Белгілі типтегі ақпараттарды өңдеуді орындауға бағытталған арнайы программалық жүйелер – қолданбалы программаларға жатады. Олардың көмегімен ақпараттарды компьютерлік технологиялар өңдеуге негізделген ақпараттық технологиялар іске асады. 60 жылдары дерекқор жүйесі (ДҚЖ) түсініктеріне негізделген, ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру үрдістеріне жаңа шешім табылды. Дерекқор (ДҚ) деп – есептеу жүйесінде (ЕЖ) сақталатын арнайы аталатын ұйымдастырылған мәліметтерді атайды. Деректер базасы белгілі бір пәндік аймақ үшін (банк, биржа, дүкен, қойма, кітапхана және т.б.) жасалады. Бүгінгі таңда деректер қорын шамамен барлық жерде кездестіруге болады. ДҚ медицинада, транспортта, құқық қорғау органдарында, қалалық анықтама қызметтерінде, өндірісте және оқу орындарында қолданады. ДҚ компьютер пернетақтасының бірнеше пернесін басу арқылы санаулы секундтарда алуға болатын әр түрлі ақпараттарды өзінде сақтайды.Программалық жабдықтау аумағының мөлшерінде және біздің күнделікті өмірімізде ерекше орын алатын деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – ДҚ жасау және қолдану үшін қызмет атқарады. ДҚБЖ ДҚ технологиялық негізінде ақпараттық жүйелер құру арқылы ақпараттық қызметтерді ұйымдастыруда жаңа концепциялардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде муниципальді, банкілік, биржалық ақпарат жүйелері, көтерме және бөлшектеп сату ақпараттық жүйелері, сауда үйлері, еңбек және жұмыс басқару қызметтері, тауар және қызмет нарығының ДҚ, анықтамалық және аналитикалық болжау ақпараттарының ДҚ және т.б. Бұл жүйелердің жұмысы глобальді интернет желісі көмегімен ғана әрі қарай интеграцияланатын әр түрлі сәулетті немесе олардың қосындыларынан тұратын локальді (жергілікті) есептеу желілерінде, яғни корпоративті желілер атына ие болған желілерде жүзеге асады.
Ақпараттық-есептеу жүйесінің жоғары деңгейде интернетті қолдану арқылы ұйымдастырылуы - мамандардың тек қана еңбегі мен уақытын үнемдеу ғана емес, осы жүйені жұмысында пайдаланатын әр түрлі категориялы жұмысшылар еңбегінің шығармашылық үлесін арттырады. Басқаша айтқанда, мұндай жүйені қолдану, ең біріншіден, еңбек сапасын артырып, кей жағдайларда, тікелей экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. ДҚЖ технологиясы – қолданбалы есептерді шешу үшін аз шығынданумен және өте жоғары әсерлікпен ақпарат жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, деректерді өңдеуде перспективті технологиялардың бірі болып табылады.
2. Деректер деп – кезекті өңдеуге, сақтауға және жіберуге қажет, белгілі формада бекітілген ақпаратты айтамыз. Деректер – белгілі объектілер немесе шынайы өмір құ- былыстарының тіркелген факторларына сәйкес келеді.
Деректерді өңдеудің дәстүрлі технологисында әрбір программа деректерді қосарлануға алып келетін, өзінің деректер файлдарымен жұмыс атқарады. Әр түрлі программаларды бір деректер файлдарын қолдану арқылы деректердің қосарлануын болдырмау әрекеттері, - программалардың бір-біріне тәуелді болуына соқтырады. Осыған тоқталсақ, деректерді өңдеудің дәстүрлі жүйесінде сақталатын деректер пішімі мен деректер файлының құрылымы – оны түзейтін (жасайтын) программамен анықталады және осы файлды пайдаланатын программаларда ескерілуі керек. Деректер файлының құрылымындағы өзгерістер - оларды қолданатын программалардағы өзгерістерге алып келеді.
Деректер қосарлануының және деректер мен программалар арасындағы тәуелділіктің алдын алу үшін түзу және құрылымның өзгеруі белгілі бір нақты қолданушы программасымен анықталмайтын деректер файлдары болу қажет және осы файлдар жиынтығын –дерекқор деп атайды. Ал, осы дерекқорды құру және басқару үшін ойлап табылған программалық жүйелер дерекқорды басқару жүйелері атына ие болды.
Дерекқор (ДҚ) – есептеу жүйесінде сақталатын және оларды пайдаланатын программаларға тәуелсіз (объектілердің күйін және олардың пәндік аймақтағы қаралуына қатынасын көрсететін деректердің аттары бар жиынтығы), арнай ұйымдастырылған деректер массиві. Пәндік аймақ (ПА) деп – пайдаланушыны қызықтыратын шынайы әлемнің бөлігі, яғни нақты ДҚ қолданылу аймағы. ДҚ ұжымдар мен серіктестіктерді басқару ортасында, транспорт, медицина, ғылыми зерттеуде және т.б. қолданылатын түрлерін ажыратады. Дерекқор басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп – ДҚ көптеген қолданушылардың түзу-жасауға, жүргізуге және бірге қолданылған арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығын айтамыз. Дерекқор жүйесі (ДҚЖ) – бұл деректерді орталықтан жинақтауды қамтамасыз етуге және көп бағытты коллективті пайдалануға бағытталған, арнайы түрдегі ұйымдастырылған деректердің – ДҚ, программалық, техникалық, тілдік, ұйымдастыру – методикалық құралдардың жиынтығынан тұратын жүйе.ДҚБЖ даму тарихы 40 жылдан аса уақытқа созылған. 1968 ж. IBM фирмасының ең бірінші өндірістік ДҚБЖ жүйесі эксплуатацияға енгізілген. 1975 ж. ДҚ жүйесінің теориясында бірқатар фундаментальды түсініктерді анықтаған және әлі күнге дейін деректердің желілік үлгісі үшін негіз болып табылатын – деректер жүйесінің тілдер бойынша бірінші ассоциациялық стандартты – Conference of Data System Languages (CODASYL) пайда болды. ДҚ әрі қарай теориялық дамуына – деректердің реляционды үлгісін ойлап тапқан америкалық математик Э.Ф. Код үлкен үлес қосты. 1981 ж. Э.Ф. Код реляционды үлгі мен реляционды алгебраны жасағаны үшін есептеу техникасының америкалық ассоциациясының дәрежелі тьюринг премиясын алды.


Негізгі әдебиет: [1] с.3-7, [2] с.4-:5, [3] с.3-5.
Қосымша әдебиет: [8] с.13-28, [9] с.35-44.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат түсінігіне анықтама беріңіз.
  2. Деректер түсінігіне анықтама беріңіз.
  3. ДҚ анықтама беріңіз

Дәріс №2

Тақырыбы:Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
Мақсаты:Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерiн ұғындыру.

Жоспары:

1. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәні.

2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi

ҚР реформасы дамуының қазiргi кезеңiнде экономиканы мемлекеттiк басқарудағы ақпараттанған жүйесi маңызды болып табылады. Экономикадағы басқару процесiн ақпараттандыру мәселесi бүгiнде баспасөз беттерiнде кеңiнен айтылуда. Мысалы, В.Решетников былай деп жазады: "Ғылым мен техниканың қарқынды дамуын бағалай отырып, қоғамның алға басу шапшаңдығының төмендемейтiнiн түсiнуге болады. Жаңа бiлiм мен технологияға дайын емес мемлекеттер, экономикалық және әлеуметтiк деңгейi жағынан әлемде алдыңғы қатарлы орынға ие бола алмайды".
Өткен ғасырдың басты жетiстiгi-алынған қорытындыларды күрделi ой-өрiстiк талдаудан өткiзетiн және үлкен көлемдi есептеу эксперименттерiн жүргiзетiн есептеуiш техниканың ойлап табылуы. Басқару шешiмдерiн дайындау мен қабылдау кезiнде дұрыс қабылдабаған шешiм, дамудың экономикалық жолын таңдағанда, миллиондаған адамдар өмiрiне керi әсерiн тигiзуi мүмкiн.
Есептеу экспериментi мен модельдеудi техникалық құптау секiлдi, басқару және экономикаға жаңа технологияларды енгiзу көзқарасы мұндай байланыста маңызды болып табылады. Ғаламдық жүйенi басқаруды, оның iшiнде экономика мен бақаруда есептеу эксперименттерiн жүргiзудi жүзеге асыру есептеудiң үлкен қуатын талап етедi. Мұндай есептердi шешуде ақпаратты талдау, тiкелей өңдеу, жинақтау супер ЭВМ класына жататын компьютерлердi қолдану арқылы орындалады. Басқару шешiмдерiн дайындауды жасырын түрде сақтауды ұйғарады, бiрақ шетелдiк өндiрiстегi супер ЭЕМ жасауды қамтамасыз ету қиын.
Ақпараттық қоғам ерекшелiктерi қатарынан келесi белгiлердi атап айтуға болады:
-тұрғындардың мамандық деңгейiмен жоғары бiлiмдi қолдауға мүмкiндiк беретiн, қоғамның ой-өрiсi мен ғылыми күш-жiгерiн арттыруды ұдайы өндiретiн бiлiм жүйесiнiң өсiңкi дамуының болуы;
-жаңа технология төңiрегiнде құрастырып өндiру және зерттеу жүргiзуге мүмкiндiк беретiн орнықты ғылым бөлiмiнiң бар болуы;
-дәстүрлi элементтермен (кiтапхана, мұрағат) бiрге көптеген есептеуiш бекеттерi, мамандандырылған бекеттер, жергiлiктi желi мен жеке компьютер, сондай-ақ, ақпараттық арна мен қатынас жүйесiн құрайтын ақпараттарды беру, сақтау, өңдеу, жинақтау бойынша ерекше экономика бөлiмiнiң болуы;
-тез әрекет ететiн, сыртқы құрылғылармен жабдықталған, бағдарламалармен қамтамасыз етiлген, еске сақтайтын тез үдегiш параметрлерi бар сенiмдi де, қымбат емес компьютерлердiң көптеп өндiрiлуi;
-қызметтiң барлық саласына адамдардың тұрмысы мен қоғамдық қызметiне, өндiрiстi ұйымдастыруға қатысатын машиналардың, құрылғылардың, аспаптардың және басқа элементтер тиiмдiлiгiн шапшаң арттыратын процессорлардың ендiрiлуi мен жаппай өндiрiлуi;
-байланыстың әр алуан түрлерiнiң тармақталған желiсiнiң қалыптастырылуы және ақпараттық құралдар жиынтығының болуы.
Ақпаратты өңдеу, тарату жылдамдығы мен сенiмдiлiгi, жүйе және ақпарат құралдарымен қамтамасыз етiлу деңгейi ақпараттық қоғам дамуы дәрежесiнiң басты көрсеткiшi саналады. Мысалы, дамыған елдерде желiлiк, радио- және спутниктiк байланыспен қамтамасыз етiлу жоғары дәрежеге жеткен. Осылайша, Германияда тұрғындардың 82 млн.адамына 45 млн.жуық абоненттiк номер тiркелген, Ұлыбританияда бұл көрсеткiш 60 млн.сәйкес 30,2 млн., Канадада-29 млн. және 18 млн., Гонконгте 5,8 млн. және 3 млн. адам.
Тiптi, Чили, Колумбия, Пәкiстан, Таиланд және баса дамыған елдердiң өзiнде автоматты телефон жүйесi жедел қарқынмен дамуда. Сонымен 90-шы дылдары АҚШ-та тұрғындардың 1000 адамына 319 компьютерден, Германияда-152, Италияда-87, Ресейде-11.
Қазiргi әлемдегi кез-келген елдiң алатын орны сол қоғамның ақпараттық процеске қосылу дәрежесiмен анықталады.
Осылайша, АҚШ, Канада, ЕО-қа мүше елдер, Оңтүстiк-Шығыс Азияның кейбiр елдерi ақпараттық қоғам құруға қадам басты, ал Жапония болса, 2002 дж. дейiн жаппай ақпараттық қоғам құру және елдiң жаппай ақпараттануы жөнiнде 5 жылдық бағдарламасын ұсынды. Бұл елдердегi мемлекеттiк ұйымдар мен мемлекеттiк емес ұйымдағы бiлiм мен ғылымды қаржыландырудың тұрақты өсуiн белгiлеуге болады. Мұны әлемдiк бизнестiң таңдаулы тобының және әр түрлi саладағы корпорацияны жүргiзетiн басшылықтың ақпараттық, қоғамдағы "жаңа экономикалық тәртiптiң" маңыздылығын айқын түсiнуiмен жеткiзуге болады. Бұл бұдан былай бәсекелестiк мүмкiндiгiнiң ұйым мен басқарма нәтижесiне, байланыстың дамыған құралдарының бар болуына, тапсырыс берушi мен серiктес арасындағы бiрлестiктiң болуына кәсiптiк жинақталған бiлiм көлемi мен оларды қарқынды пайдалануға қаншалықты тәуелдi болса, материалдық қорға да соншалықты тәуелдi бола бастайтынын бiлдiредi.
Осылайша, қоғамның ақпараттану дәрежесiн бейнелейтiн басқа да көрсеткiштердiң бар екенiн бiлдiруге болады. Бұл - тұрғындардың бiлiм деңгейi, еңбек қорындағы мамандар деңгейi және мамандар дайындау мен бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнiң болуы, ғылымның даму деңгейi, ақпараттық саланың дамуына мемлекеттiң ақша қаражатын жұмсау деңгейi.
Сонымен, ақпараттау дәрежесi қандай-да бiр шексiз көрсеткiшке ие бола алмайды. Жалпы әлемдiк даму тұжырымдамасы және ұлттық экономиканы жаңарту жағдайын құру жөнiнде әр түрлi елдердiң күш салуының ұлттық табыс шамасын көрсететiн жиынтық көптеген жеке өлшеу аспаптары арқылы кескiнделедi.
Ақпараттандыру ғаламдық сипатта бола тұрып, өзi ғаламдық көлемдегi, яғни, әлемдiк экономиканы жаһандандырудағы шаруашылық қызметте ұлттар арасындағы деректердi тасымаладу негiздегi байланыс түрi болып табылады.
Мұндайда ақпараттық қоғамның экономикалық бiрлiгi ретiнде алға басатын жаңа типтегi ұйымдар мен мекемелер және қайта инженерлiк мекемелердi құру туралы аса қажеттiлiк туындайды.
Белгiлi американ менеджерi Ли Якокка шешiм қабыладуда ақпаратты 95% сәйкес аймаққа орналастыру керек екенiн мақұлдайды. Қалған 5 пайызы (этропия) шешiм қабылдау кезiндегi қауiп-қатерге әкеледi. Олар сондай-ақ кейбiр авторлардың толық аппараттанушылықты белгiсiздiктi тануға ұмтылушылықты асықтыратын шығармашылық әуесқойлықты шектейдi деп есептейтiнiн атап көрсетедi.
Дамып келе жатқан мекемелердiң менеджерлерi өзiнiң жұмыс уақытының орташа есеппен алғанда 30% ақпарат iздестiруге жұмсауға мәжбүр. Э.Дудинск пен М.Мизлдiң есептеуiнше, қазiргi кезде, бұдан он жыл бұрынғыға қарағанда олардың қарамағында арнайы ақпараттың 60% жинақталған. Бiрақ, шешiм қабылдауға кеткен уақыт 3 есеге қысқарды.
Бүгiнде болып жатқан өзгерiстер басқару жүйесiн жетiлдiру үшiн, болашаққа бағытталған тiкелей жүзеге асыратын басқаруды стратегиялық басқаруға ауыстырып қою қажетiлiгiн туғызып, негiзгi әсер ақпараттық пирамиданың шыңына орналасуына сәйкес келедi.
Ақпарат көлеiм мен оның элементiнiң байланыс саны арасында тiкелей тәуелдiлiк бар. Басқару үшiн қажеттi ақпарат көлемi арифметикалық прогрессия жағынан өскен шағында, оның элементтерiнiң мүмкiн болатын үйлестiк саны геометриялық прогрессия жағдайында ұлғаяды. Мысалы, қолда бар ақпараттық элементтердiң әр бiрi басқасымен байланысып, байланыстың жалпы саны 45-ке тең болса, 1 мың элемент кезiнде бұл сан 500 мыңға жетедi. Осыдан, ақпаратты өңдеуге кеткен шығынды ауыстыру, салыстыру, сондай-ақ шешiм қабылдауды қоса есептеп қайта бағалау қажет.
Көбiнесе басқару деңгейiнiң мөлшерiн қысқарту арқылы ұйымдастыру құрылым өзгерту жолымен бұл мәселенi шешуге болады. Э.Дудинска және М.Мизла пiкiрiне толығымен қосылып, осыған байланысты жүйе бөлiмiнiң санымен қоса, жоғалтқан және дұрыс талқыланбаған ақпарат көлемi, жұмыс iстеушiлер мен қате жiберетiн орындаушылар саны, мәлiметтер арасындағы байланыста саны азаяды. Мұның нәтижесiнде басқару тиiмдiлiгi толығымен ұлғаяды. Ақпарат көлемiнiң өсуiнен басқару деңгейлер мөлшерiнiң артуы мiндеттi емес. Мысалы, 80-шi жылдары "Pore" компаниясы 17 деңгейден құралған кезде, ал "Toyota"-5 деңгейден құралған.
Ақпаратқа деген көптеген жоғары талаптар шешiм қабылдау кезiнде көрсетiледi. Сонымен бiрге, күнделiктi iс-тәжiрибеде мәлiмет, ақпарат, бiлiм тәрiздi ұғымдар синоним ретiнде қарастырылады. Шын мәнiнде бұлар, шешiм қабылдау процесiндегi бiлiм мен мәлiметтер функциясының кескiнi ретiнде бекiтiледi. Басқару қызметiндегi ақпаратпен қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгi шешiм қабыладу процесiнiң ерекшелiктерiмен анықталады.
Қазақстан ғалымы Т.Садықовтың айтуынша, ақпарат жетекшi экономикалық қорға айналуда, ендiгi жерде рухани, заттық емес өндiрiске ден қойылып, оны тұтыну инновациялық сипатқа ие делiнген. Дамыған елдерде ақпараттық экономикаға қатысты жинақтар туындап тез арада дамуда, осыдан келiп, экономикалық қызмет пен заңдылықты ерекшелеп көрсетуге тура келедi.
Ақпараттық қоғамның дамуының және қалыптасуының негiзi бола отырып, ақпараттық экономика өзiнiң қасиетi жағынан ғаламдық сипатқа ие.
Ғылыми экономикалық ақпаратты кодпен хабарлау немесе алғашқы күйiне қайта түрлендiру процестерi ақпараттық қоғам жағдайында бiлiм көлемiн жыл сайын екi еселену дәрежесiне жеткiзедi. Сондықтан, ақпараттық ұлғайған көлемiн меңгеруге қазiргi ғылыми-технологиялық және экономикалық өмiрдiң қарқынымен артта қалмас үшiн кез келген жеке адамға, мамандарға, қызметкерлерге өзiнiң бiлiмiн үздiксiз жетiлдiру қажет.
Бұл ақпараттың негiзгi бастамасы өмiрге енген жағдайда, жоғары ақпараттық мәдениет пен дамыған тармақталған ақпараттық қызмет нарығы жеткiлiктi болғанда орындалады.
Мұндай дамудың бағыты арқасында, ақпараттық қоғам ұлттық мемлекеттiң шегiнен шығып, ғаламдық жалпы планеталық нарық қауымдастығымен бiрiгедi. Професоор В.П.Колесов және профессор М.Н.Осьмова "Ақпараттандыру ғаламдық сипатқа ие бола отырып, өзi ғаламдық көлемде ұлттар арасындағы шаруашылық қызметтi тасымалдау, яғни әлемдiк экономиканы жаһандандырудың қозғалтқышына айналады" деп, көрсеткен. Қазiргi ақпараттық-нарықтық қатынаста жүзеге асырылған ақпараттық өнiмдi тұтыну және өндiру ақпараттық қоғамды қалыптастырудың қозғаушы күшi болып табылады.
Ақпараттық өнiм феноменiн Ю.Шрейдер, Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко және т.б. ғалымдар зерттеуде.
Ақпараттық өнiм ретiнде "өндiрiстiк-шаруашылық қызмет туралы берiлген мәлiметтердi, бiлiмнiң әр түрлi көзқарастарды, дәстүрлi жолмен, не электрондық техника көмегiмен алынған өнер туындыларын, басқа да ақпарттар мен ермек түрлерiн" қарастыруға болады.

Негізгі әдебиет: [1] с.3-7, [2] с.4-:5, [3] с.3-5.
Қосымша әдебиет: [8] с.13-28, [9] с.35-44.

Бақылау сұрақтары

1. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту қалай жүргізіледі?

2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi

Дәріс №3

Тақырыбы:Электрондық үкімет қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі.

Мақсаты:Электрондық үкімет қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін түсіндіру.

Жоспары:

1. Электрондық үкімет қалыптастырудың мәні

2. Электрондық үкімет қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі

1. Қазір қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы тұрақты даму үстінде. «Е-government» термині — мемлекеттік органдардың басын біріктіретін жүйе, яғни ғаламтор арқылы халық пен мемлекеттік органдардың арасын жалғайтын алтын көпір. Ол арқылы мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға ғаламтордың, электронды терминалдардың немесе ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Мәселен, АҚШ біртұтас үкіметтік ғаламтор порталы FirstGov 2000 жылы қыркүйек айында ашылып, оның тұсауын сол кездегі ел Президенті Билл Клинтон кесті. FirstGov американдық мемлекеттік мекемелердің жаңа ақпараттық технологияларға көшіруге бағытталған ұлттық бағдарламаны жүзеге асырудың бастамасы болды. Ғаламтор портал 20 мыңға жуық мемлекеттік веб-тораптардың басын қосып, ондағы өкілдігі бар ұйымдар саны 30 мыңнан асып жығылды. Бір жылдан соң АҚШ сенаторлары Дж.Либерман мен Дж.Тернер ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет тарапынан қызмет көрсетуді жақсарту үшін «Электрондық үкімет туралы» Заң қабылдауды ұсынды. Заң жобасы тура біл жылдан кейін қабылданды да. Америкада үкіметтің қызмет түрлерін е-қызметке көшіру арқылы бюрократиялық рәсімдерді жетілдіру халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтерді және оны ұстауға кететін шығынды азайтты. Бір ғана Ауыл шаруашылығы департаменті электрондық төлем жүйесін орнатқаннан кейін келісімшарт рәсімдеуге кететін әкімшілік шығындар 77-ден 17 долларға төмендеген. Ал канадалық тәжірибеде бір канадалық азаматты қабылдап, арыз-шағымын өңдеу үшін 44 Канада доллары шығындалса, осы қызметті пошта арқылы орындау – 38, телефонмен 8 доллар жұмсалған. Дәл осы қызметті электрондық форматта көрсету небәрі 1 канадалық долларға тең болған. Канадалық тәжірибемен салыстырсақ, еліміздегі электрондық қызметте бірқатар проблема баршылық. Мәселен, қазақстандық азаматтардың электрондық үкіметті кеңінен пайдалану мен ақпараттық ресурстарға деген сенімді арттыру үшін канадалықтар сияқты жарнама мен үгіт-насихаттың әлеуетін әлі де күшейту қажет.

2. Қазақстанның да «электрондық үкімет» пор-талының қоғамдық сұраныстар үдесінен шығатын мүмкіндігі мол. БҰҰ Қазақстанның электронды үкіметті дайындау барысындағы былтырғы жұмыстарына оң көзімен қараған секілді. Ұйымның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті «электрондық үкімет» технологияларын пайдаланудағы елдер дайындығының жаңа рейтингісін жариялаған еді. Олардың көрсеткішінде Қазақстан 46 орынды иеленді. Украина – 54, Ресей – 59, Беларусь 64 болып тұр. Қазіргі таңда Қазақстанда 70 мыңға жуық тұтынушы е-үкімет қызметін пайдалану үшін тіркеуден өткен. Онда 192 елде «электрондық үкіметті» дамыту жағдайы туралы деректер келтіріліпті. 2008 жылғы 81 орынмен салыстырғанда бұл 35 деңгейге көтерілген. Онлайн қызметтерін беру бойынша еліміз 0,5270 индексімен орта әлемдік деңгейдегі 24 орынға жетсе, орта әлемдік деңгей 0,286, жаңа енгізілімдерге дайындық бойынша 22 орындамыз. Электрондық мемлекеттік жобаларда азаматтардың «электрондық қатысу» көрсеткіші бойынша классификацияда 2008 жылы еліміз 106 орынды иеленсе, былтыр 18 орынға табан тіреді. Қазір «электрондық үкімет» веб-порталында 1503 ақпараттық қызмет жарияланған. Веб-портал арқылы мемлекеттік электрондық қызметтерді ұсыну мақсатында ЭҚАБЖ ықпалдастырылған және мемлекеттік деректер қорын бағдарламалық қамтамасыз ету жасалды. Оның ішінде «Мемлекеттік жер кадастры», «Интегралданған салықтық ақпараттық жүйе», «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Адрестік тізім», «Жылжымайтын мүлік тізімі», Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының деректер қоры бар. Бүгінде «электрондық үкімет» порталында 41 электрондық қызмет іске асырылған. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында Әділет, Білім және ғылым, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 интерактивтік қызметтері көрсетілген. Ал 2014 жылға қарай «электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарланған. Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000-нан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Енді үйде отырып-ақ сырттың жұмысын бітіруге мүмкіндік мол. Осы қызмет арқылы салық түрлері мен айыппұлдарды төлеп, анықтамалар алып, некеге тұруға өтініш беруге және онлайн тәртібінде сотқа талап арыз беруге болады.

Негізгі әдебиет: [1] с.3-7, [2] с.4-:5, [3] с.3-5.


Қосымша әдебиет: [8] с.13-28, [9] с.35-44.


Бақылау сұрақтары:

1. Модем дегеніміз не және ол не үшін қажет?

2. Дербес компьютердің негізгі компоненттері мен қосымша құрылғыларын атап шығыңыз?

3. ДЭЕМ –де қандай принтерлер қолданылады?

4. Процессор дегеніміз не?

Дәріс №4

Тақырыбы:ҚР Электрондық үкіметті енгізуге арналған бағдарламалар жоспарларының орындалу барысы. Электрондық үкімет веб-порталының электрондық қызметтері.

Мақсаты:ҚР Электрондық үкімет енгізуге арналған бағдарламалар жоспарларының орындалу барысымен веб-порталының электрондық қызметтерін ұғындыру.

Жоспары:

1. ҚР Электрондық үкімет бағдарламсының іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

2. Е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру.

1. ҚР Электрондық үкімет бағдарламсының іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

2) мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;

3) е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін арттыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

4) е-үкіметтің порталы мен шлюзін, банк жүйесімен өзара іс-қимыл үшін «төлем шлюзін», ұлттық бірегейлендіру жүйесін, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын қамтитын е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру;

5) ведомствоаралық және үлгілік ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;

6) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру және дамыту;

7) халықаралық стандарттар базасында е-үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;

8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.

Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру

Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді дамыту қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, е-қызмет көрсетулерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құзыретін белгілеу, сондай-ақ е-үкіметтің жұмыс істеу жағдайларында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бөлігінде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын болады.

Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жүйелілік, объективтілік және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес принциптері бойынша жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік органдардың е-қызметтер көрсетуі үшін құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы әртүрлі аспектілерді реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасау жүзеге асырылатын болады және е-үкіметтің жұмыс істеу тәртібі мен жағдайларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер кешені әзірленеді.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында е-қызмет көрсетулерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетулер мен әкімшілік процестерді жүзеге асыру регламенттеріне талдау жүргізілетін болады, соның негізінде тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірленеді.

Базалық құрамдас бөліктер мен ведомстволық ақпараттық жүйелерді құрған кезде бірыңғай көзқарасты жүзеге асыру және олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері мен сервистерін ықпалдастыру бірыңғай тетігін қамтамасыз ететін ұлттық технологиялық стандарттар әзірлеуді және/немесе халықаралық технологиялық стандарттар қабылдауды көздейтін е-үкімет инфрақұрылымының бірыңғай әдіснамалық базасы әзірленетін болады.

2.Е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру.

АКТ-ны пайдалануда халықтың түрлі әлеуметтік топтары мүмкіндіктерінің тең болмауы е-үкіметтің бастамаларын іске асырудағы негізгі кедергілердің бірі болып табылады. Ақпараттық теңсіздіктің жоғары дәрежелі басымдығы бар әлеуметтік проблема екенін мойындау және оны рет-ретімен жою стратегиясын әзірлеу қажет.

АКТ саласындағы кәсіби білімді жетілдіру жолымен «адами капиталға», әсіресе өскелең ұрпаққа инвестиция салу әлеуметтік-экономикалық проблемаларды еңсерудің басты бағыты болып табылады.

АКТ саласында білімді көтеру мен компьютерлік сауаттылықтың бірыңғай саясаты іске асырылатын болады, ол мынадай іс-шаралар орындауды көздейді:

ақпараттық қоғамның қажеттіктеріне байланысты жаңа мамандықтар енгізу мақсатында жоғары және орта арнаулы білім беру деңгейлерінде оқу бағдарламаларын қайта қарау;

білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту бағдарламаларының тізбесіне “электрондық үкімет” шеңберінде оқыту курстарын енгізу;

ұлттық оқу бағдарламаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептерге арналған электрондық көмекші оқу құралдары кешенін және АКТ бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу;

білім беру саласын ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту жүйесін дамытудың нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарының жобаларын әзірлеу;

е-үкіметтің порталы арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл негіздерін қашықтықтан оқыту орталығын құру.

Е-үкіметті қалыптастыру мен қолдауды ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-талдау және кадрмен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің компьютерлік біліктілігін арттыру семинарлары мен курстарын өткізу мақсатында е-үкіметтің құзырет орталығы құрылады.

Ақпараттық теңсіздікті еңсеру мақсатында мынадай іс-шараларды іске асыру жоспарланады:

консультациялық орталықтарды, компьютерлік курстарды қоса алғанда, компьютерлік сауаттылыққа оқытып-үйрететін жалпыға қолжетімді пункттер құру;

жалпы білім беретін мекемелердің Интернетке сенімді әрі арзан қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Е-қызмет көрсетулерге қоғамдық қолжетімділік желісін дамыту қоғамдық сектордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, атап айтқанда почта байланысы инфрақұрылымын тиімді пайдалану есебінен қамтамасыз етілетін болады. Пайдаланушылар санатына қарай е-қызмет көрсетулерге ақылы, тегін және жеңілдікті негіздегі қоғамдық қолжетімді пункттер желісі құрылады, бұл халықтың неғұрлым қалың жігін АКТ-ны пайдалануға тартуға мүмкіндік береді. Қоғамдық қолжетімділік пункттерін құру бірінші кезекте “Қазпочта” АҚ, “Қазақтелеком” АҚ құрылымдарын, сондай-ақ мектептерді, кітапханаларды, ойын-сауық орталықтарын, Интернет-кафе желісін қамтиды.

Компьютерлік техника өндірісінің көлемін ұлғайтуды және компьтерлік техника мен лизинг, Интернетке қолжетімділік және провайдерлердің қызмет көрсету тарифтері құнын төмендетуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы №1166 Жарлығымен құрылған “Ақпараттық технологиялар паркі” еркін экономикалық аймағының базасында арзан компьютерлік техникалар шығаруды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің тағы бір бағыты аудан орталығы деңгейіне дейін цифрлық көліктік орта құру, сондай-ақ ауылдық байланысты қаржыландыру тетігін іске асыру болып табылады. Ауыл халқы үшін телекоммуникациялардың сапалы қызмет көрсетулеріне қолжетімділікке кепілдік беретін мемлекеттік реттеу жүйесі іске асырылып, Үкіметтің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде телекоммуникациялар саласын тұрақты дамыту үшін негіз қаланатын болады.

Ақпараттық теңсіздікті еңсеру де мектептерді компьютерлік жарақтандыруды арттыру үшін жағдайлар жасау, Интернетке қосылған мектептер санын ұлғайту, электрондық оқу құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептерді қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасына қосу жолымен білім беру жүйесін компьютерлендіру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың компьютерлік техникасын оларды ауыстырған кезде мектептерге беру тәжірибесін енгізу көзделеді.

Аталған іс-шаралар Үкіметтің 2003 жылғы 18 ақпандағы №168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі орындалған іс-шаралар мониторингін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды дамыту индикаторларының әзірленген жүйесі негізінде іріктеліп алынған әлеуметтік сауал салу тұрақты ұйымдастырылатын болады.

Халықаралық бағдарламалар шеңберінде ақпараттық технологияларды пайдалану саласында тәжірибе тарату жөнінде ынтымақтастық жандандырылатын болады.

Негізгі әдебиет: [1] с.3-7, [2] с.4-:5, [3] с.3-5.


Қосымша әдебиет: [8] с.13-28, [9] с.35-44.


Бақылау сұрақтары:

1. Е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру?

2. ҚР Электрондық үкімет бағдарламсының іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі?

Дәріс №5

Тақырыбы:Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi

Мақсаты:Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерiн түсіндіру.

Жоспары:

1. Үкiметтiң қызмет аясымен оны жеткiзудiң тәсiлдерiн өзгерту себептерi

2. Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi


Интернеттiң әсерiнен және онымен байланысқан технологияларда адамдар арасындағы қатынас тәсiлiнiң өзi өзгередi. Макроэкономиканың маңызды субъектiлерiнiң бiрi-үкiмет қызметiне бұл процестердiң қалай әсер ететiнiн бақылау маңызды болып саналады. Мұнда бiрлестiктi басқарудағы сипаттарға жуық сондай өзгерiстер пайда болды. Iрi бiрлестiк ретiнде мемлекеттiң баяндалуы өте жаңаша. Қайтадан американ әлеуметтанушысы Д.Ноукт тәсiлiнiң өзектiлiгiн сызып көрсетуге болады, ол саяси жүйенi әлеуметтiк желi ретiнде қарастырып, осыған сәйкес дауыс беру, әлеуметтiк қозғалыс, таңдаулы топтың рөлi, халықаралық қатынастар және т.б. әлеуметтiк-саяси феномендi оқыр үйрену үшiн құрылымдық талдауды қолдануды ұсынады. Осыған орай саяси жүйенiң жеке бөлiктерi желiлiк тәсiл арқылы 1-шi кестеде көрсетiлгендей қарастырылады.


Кесте 1
Саяси жүйе буындарының талдауы (желiлiк тәсiл)

Талдау деңгейi Желiлер Билiктiк өзара қатынас
әсерi басымдылығы
Жеке адам Дараланған желi Сенiм Әлеуметтiк қолдау
Топтар Туыстық және алғашқы байланыстар Нормативтi әлеуметтануы Өзара әрекет
Қозғалыстар, класстар Таңдаулы топ Идеология Қорларды жұмылдыру
Заңды ұйымдар Қызметi және жауапкершiлiгi Корпоративтi мәдениет Коалицияның басымдылығы
Салалар Өнеркәсiптiк трансакция Бәсекелестiк Дербестiк және тәуелдiлiк
Саяси құрылымдар Ұжымдық әрекеттер Саяси өзара әрекеттер Реттеу және ұжымдық шешiмдер
Ұлттық мемлекеттер Әскери одақтар, сауда қарым-қатынастары Сәдени әсерлер Соғыс және қолдау


1-кестеден сол бiр ғана үлгiлi микродеңгейден макродеңгейге жеткiзудегi өзгерiстердi байқауға болады. Экономикалық теорияда жеткiлiктi жүзеег асырылатын желiлiк тәсiлдi жиi қолдана отырып, микроқұрылымды талдайтын ғылыми аспапты, макроқұрылымды талдауға қолдануға болады.
Ақпараттық қоғам жағдайында: басқарудың жаңа түрiн қолдану тәсiлiмен өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде фирмалар алдында тұратын мiндеттер секiлдi, қазiргi мемлекет алдында да сондай мiндеттер басқару жүйесiн өзгерту мағынасында пайда болады. Осыған сәйкес мемлекет фирмалар қолданатын әдiстерге ұқсас әдiстердi қолданады. Мысалы, дәл осылайша, қазiргi фирма өзiнiң ұдайы тапсырыс берушiлерi туралы көбiрек бiлуге, жекелеген маркетингтi дамытуға талпынса, мемлекет өзiнiң азаматтары туралы ақпаратты көбiрек бiлуге және өзiнiң конституциялық мiндеттерiн тиiмдi жүзеге асыруға тырысады "Мемлекеттiк басқару саласында әр түрлi желiлiк тәсiлдер қалыптасуда; көптеген авторлар бұл туралы өз ойларын айтуда, шамадан тыс орталықтанған құрылымдар қазiргi әлемнiң өзгерiстерiне қажеттi жылдамдықпен әсер ететiндей жағдайда болмай шықты, бұл әрi жеке фирмаларға да, үкiмет пен ұлтқа да қатысты".
Ақпараттық технологияларды тарату кезiнде қоғам өмiрiмен қоса, онда басты болып есептелетiн үкiметтiң орындайтын рөлi де өзгередi. Үкiметтiң қызмет аясымен оны жеткiзудiң тәсiлдерiн өзгертуге итермелеген бiрнеше себептердi бөлiп көрсетуге болады.
Бiрiншiден, тыңшылық процестердiң күрделiлiгi ескерiлсе. Берiлген саладағы қоғамдық қызметке жұмыстың жинақылығы мен икемдiлiгiне сұраныстар туындайды. Экономикалық теорияда "алтын талаптар" деп аталатын талаптар жүйесi бар, ол қалаған салық жүйесiне көрсетiледi (икемдiлiк, тазалық, бейтараптық, әкiмшiлiк қарапайымдылық және басқа) және салық төлеушi мен салық органдарының қатынасындағы трансакциялық шығынды қысқарту жолымен әлдеқайта тез жүзеге асыруға ақпараттық технология мүмкiндiк бередi.Жабық қоғамның (әкiмшiлдiк, әмiршiлдiк жүйедегi) есте қаларлық белгiлi оқиғалары ақпараттың таралуын шектеуге тырысуы едi. Сондықтан, қазiргi жариялылық құрылымдағы қоғамның технологиялық негiзi Интернет туралы айту орынды. Бiрақ осыған орай, электрондық үкiмет жариялыққа бiр мезгiлде жеткiзедi деп түсiнбеген жөн. Технологиялар реттеу түрiн өзгерткенiмен, мәнiн өзгертпейдi.
Ақпараттың электрондық ашықтығы, егер ол жариялылығы жоқ елдердiң жағдайында бiр жақты сипатта болса, онда нәтижесiнде қоғамдық қатынастардың ымырашылдылығына емес, қоғамға деген мемлекеттiк органдар тарапынан қатаң бақылаудың күшеюiне әкелуi мүмкiн. Бұл басқаруда электрондық әдiстi тиiмдi қолдану бойынша жетекшiлiк еткен, бiрақ өзi жариялылық дәстүрдегi ел қатарына саналмайтын Сингапурды мысалға алғанда бiлiнедi. Электрондық технологиялар мемлекеттiк органдар үшiн бақыалу мүмкiндiгiне рұқсат алуы мүмкiн, бiрақ осы жағдайда көрсетiлген органдардың азаматтар алдындағы есеп беру дәрежесiн көтермейдi.
Барлық осы болып жатқан процестердiң жауабы мемлекеттi электрондық басқаур немесе электрондық үкiметтiң пайда болуында. Ғылыми әдебиеттерде электрондық үкiмет тұрғысында ненi түсiнедi? Бұл ұғым тұрғысында бiрнеше анықтамалар бар, бiрақ төменде көрсетiлгендей, жеткiлiктi кең баяндайтын болсақ: бұл-қазiргi ақпараттық технологияны кең қолдануды қалайтын мемлекеттiк басқару жүйесi.
Әдетте (онлайн категориясын) қарастырғанда, электронды кеңiстiктiң қандай бөлiгiн жеке сегмент түрiнде қабылдаудың дұрыстығын дәлелдеу 2-шi кестеде көрсетiлген.
Электрондық кеңiстiк төңiреiгнде өзара әрекет ететiн әр түрлi әдiстердiң бар екенiн көруге болады. Мысалы, тұтынушылар тауарды не қызметтi бiр-бiрiне (С2С) немесе бизнеске (С2В) жеткiзуi мүмкiн. Кейбiр елдерде үкiмет мемлекеттiк қамсыздандырушылыққа, (В2G) жеке бөлiмдерге рұқсат бередi. Үкiмет электрондық технологияны ақпаратты беур үшiн (G1B, G2C) және салық және басқа да төлемдермен (C2G) байланысты шығындарды, транзакциялық шығындарды төмендету үшiн қолданады. Әр түрлi басқару деңгейлерi (G2G) арасында үйлесiмдiк жүзеге асуы мүмкiн. Алайда, өзара әрекеттiң негiзгi үлесi В2В және В2С бағытын бiрiктiретiн электрондық коммерцияға сәйкестеледi. Егер де электрондық кеңiстiктi 2-кестеде көрсетiлгендей өзара әрекет етуi бойынша сегемнттерге бөлсек, онда электрондық үкiмет жоғарғы жолға жазылады, яғни G2G, G2B, G2C сегменттерiнiң өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ керi байланыстар сызық бойынша G2G және B2G көрсетiлген.
Кесте 2
Электрондық кеңiстiк сегменттерi

Наши рекомендации