Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Сандық эквивалент балдары | %-дық мәні | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:
Тақырып:Беттік құбылыстар мен хроматография.
№1Тәжірибе:Несептегі өт қышқылдарын ашу
а). Бір пробиркаға 5мл қалыпты, екінші пробиркаға 5мл потологиялық несеп құйып, екеуіне де қалақшаның ұшымен күкірттің ұнтағын салыңдар.
б). Қандай құбылыстар байқалады? Күкірттің ұнтағы ерітіндінің үстінде қала ма, немесе пробирканың түбіне түсе ме?
в). Зерттеген жұмыстың қорытындысын жасаңдар. Несептегі өт қышқылдарын қатысуын.
№2 Тәжірибе: Көмірдің адсорбциялау қабілеті (демонстрация түрінде орындалады).
Екі пробиркаға 5мл-ден метилен көкті құйып, біреуіне 0,3грамм активтелген көмір салыңдар. Пробирканы тығындап, ішіндегісін бірнеше рет сілкіңдер. Қағаз сүзгішпен сүзіп алып, фильтратты екінші пробиркаға ерітіндінің түсімен саластырыңдар. Қорытыңды жасаңдар.
№3Тәжірибе:Колонкада жүретін акдсорбциялық хроматография.
2/3 каолинмен толтырылған хроматографиялық колонканы алып, құрамында Fe3+, Cu2+ катиондардың қоспасы бар 1мл ерітіндіні құйыңдар, штативке тігінен қойыңдар. Қоспа төмен қарай өз бетімен ағып, 15-20 мин кейін түсті зоналар түзеді. Қай ионның адсорбциялық қабілеті жоғары екенін көрсетіп қорытыңды жасаңдар, хроматограмманың суретін салып алыңдар.
№4Тәжірибе:Қағаздағы хроматографиялық әдіспен катиондарды бөлу.
Ұзындығы 12-15см сүзгіш қағазды алып, бір шетінен бастап 1см, 2см, 6см жерлерін көлденең сызықпен сызып қойыңдар.
Қағаздағы қалыңдығы 1см Fe3+, Cu2+ иондардың қоспасы құйылған стаканға бірнеше сызыққа дейін тігінен малып қойыңдар. Қоспа қағаздың бойымен екінші сызыққа өз бетімен көтерілгенде, қағазды дистилбденген су құйылған стаканға тағыда тігінен бірінші сызыққа деін малып қойыңдар. Су қағаздың бойымен үшінші сызыққа дейін көтерілуі керек. Содан кейін қағазды K4[Fe(CN)6] ерітіндісінде үшінші сызыққа дейін 1-2 сек ұстау керек. Қағазда иондар мен K4[Fe(CN)6] реактиві арасында реакция жүріп, түсті зоналар пайда болады. Қорытыңды жасап, хроматограмманың суретін салып алыңдар.
Тақырып №8:Биополимерлердің физико-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы. Ісіну. Аралық бақылау №1
2. Мақсаты: Биополимерлердің физико-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері оқыту.Аралық бақылау №1 жүргізу
3. Оқытудың міндеттері:
Адсорбция мәнін, коагуляция табалдырығын, биополимердің ісіну дәрежесін, криометриялық мәндері бойынша төмен молекулалық заттардың және вискозиметриялық мәндер бойынша ЖМҚ-ның салыстырмалы молекулалық массасын анықтауды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ЖМҚ құрылымы мен жіктелуі.
2. Органикалық және бейограникалық ісіну, ісінудің әртүрлі факторларға тәуелділігі.
3. тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинктің теңдеулері. Қан және басқа да биологиялық сұйықтықтардың тұтқырлығы.
4. ЖМҚ ерітінділерінің осмос қысымы, Галлер теңдеуі.
5. Полиэлектролиттер. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері.
6. Доннанның мембраналық тепе-теңдік. Қан плазмасы мен сарысуының онкотикалық қысымы.
7. Тұздалып тұну, коацервация, оның биологиялық мәні.
8.Сірілену. Синерезис.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
1. Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, есептер мен жаттығуларды шешу.
2. Зертханалық жұмысты орындау және оның есебін тапсыру.
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:
Тақырып: Физико-химиялық биополимерлер
Тәжірибе №1. Бейтарап тұздармен ақуыздарды қайтымды тұндыру (тұздалып тұну). Топпен жұмыс.
Стаканға 8-10 мл жұмыртқа ақуыз ерітіндісін құйып, үстіне аммоний сульфатының ұнтағын қанық ерітінді болғанша аз-аздан қосады. Еру жылдам жүру үшін стакандағы ерітіндіні шайқайды. Ақуыздың ақ үлпек түрде тұнбаға түскені байқалады. Стаканның ішіндегі қоспаның жартысын пробиркаға құйып, үстіне су қосады. Ақуыз тұнбасының ерігені байқалады, ерітіндідегі тұздың концентрациясы азаяды. Қорытынды жасаңыз.