Жердің топырақ қабатындағы әсерін және өсімдіктер қабатына, жануарлар дүниесіне әсерді бағалау.

Сабақтың мақсаты.Топырақ құнарлығының төмендеу себептерін, топыраққа антропогендік қызмет нәтижесінде жасалатын әсерді бағалау мен өсімдік қабатының бұзылуын, обьекті әсер ететін зонадағы жануарлар дүниесіне сипаттама беру, бағалау жолдарын үйрету.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

Топырақ қабатын өндіргіш күштердің экономикалық категориясына жатқызуға болады, өйткені ол жылу мен ылғалды үйлестірудің нәтижесінде өндіргіш күш ретінде өзін толық мағынада көрсете алады. Әсіресе топырақ ерекше бағаланатын ауыл шаруашылығы дамыған аймақтарда оны ластанудан қорғау жоспарланып отырған шаруашылық қызметтің алдындағы топырақ қабатына әсерді бағалау негізгі проблемалардың біреуі болып саналады.

Топырақ құнарлылығының төмендеуі әртүрлі әсенлерден болуы мүмкін. Оларды механикалық және химиялық деп екі типке бөлуге болады.

Механикалық әсерге тікелей немесе жанама антропогенді әсер етудің нәтижесінде (құрылыс жұмыстары, құрылыс жұмыстары кезіндегі ауыр техниканың іс-қимылы, дұрыс айдалмау нәтижесінде жел және су эрозиясының шиеленісіп кетуі) топырақтың құнарлы қабатының (гумустық қабатының) бұзылуы.

Экологиялық бағалау мен болжаудың негізгі міндеті, жоспарланып отырған қызметті егжей-тегжейлі талдаудың (анализдеудің) нәтижесінде осы жоба үшін таңдалатын жер учаскесіне, тұрақты және өтпелі пайдаланылатын бөлімдерге, құрылыс әдісін және құрылыс соңындағы (рекултивациялау) қайта қопсыту және т. басқаларға ғылыми көзқараста қорытынды шешім беру.

Бұл бағалау тек ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтарға ғана емес, сонымен қатар табиғи фитоценоздар алып жатқан алқаптар мен барлық географиялық зоналарды қамтиды, өйткені топырақтың өсімдік жабындысының бұзылуы, бір-бірімен тізбектеп орналасқан экологиялық кері әсерлердің себебі болуы мүмкін (өсімдіктер алқаптарын су басып кетуі, жануарлар ареалының азаюы және т.б.)

Топыраққа химиялық әсер әр түрлі әдістермен, әртүрлі ластаушы көздер арқылы тікелей немесе жанама жолдармен ластануы мүмкін.

Тікелей ластау ластаушы заттардың топырақ бетіне тікелей түсуі (қатты тұрмыстық қалдықтардың тасталуы, мұнайдың ағуы, түрлі улы сұйықтықтар, тыңайтқыштар, әртүрлі улы химикаттар және т.б.).

Жанама жолмен ластану-ластағыш заттардың аэрогенді жолмен және жер асты суларымен топыраққа түсуі. Бұл ластану түрлерінің әрқайсысы немесе бірнешеуі бірден жоспарланып отырған антропогендік қызметпен байланысты болуы мүмкін.

Әдебиеттерді талдаудың нәтижесінде топырақтың техногенді ластануын бағалаудың толық деп саналатын, әр түрлі кластарға бөлініп қарастырылған түрі 1-кестеде көрсетілген.

Топырақ қабатының техногенді ластануын бағалаудың кластарға бөлінуі

  Бағалау көрсеткіштері Топырақтың геоэкологиялық күйінің кластары
  І-Норма (Н) ІІ-Қауіп (Қ) ІІІ-Кризис (К) ІV-Апат (А)
                Оңай еритін тұздардың мөлшері (%салмақ) Улы тұздардың мөлшері (%салмақтық) Улы химикаттар мен пестицидтер (ШМК-мен) Мұнай және мұнай өнімдері (%салмақтық) Поллютанттар мөлшері (ШМК-мен)     0,6-дан аз     0,3-тен аз     0,1-ден аз     0,1-ден аз     0,1-ден аз     0,6-1     0,3-0,4     1,0-2,0     1,0-5,0     1,0-3,0     1,0-3,0     0,4-0,6     2,0-5,0     5,0-10,0     3,0-10,0   3,0-тен жоғары   0,6-дан жоғары   5-тен жоғары   10-нан жоғары   10-нан жоғары

ТБТКС жүргізуге қажетті топыраққа жасалатын әсерді бағалау үшін төмендегі сипаттамалар мен жұмыстарды ескеру қажет.

1. Обьекті әсер ететін зонадағы топыраққа сипаттама (физика-химиялық қасиеттері, құнарлылығы), топырақ қабаты күйінің бағалануы.

2. Обьекті әсер ететін зонасындағы топырақты қолдануға, оның сапасын төмендетуге шектеулер қою.

3. Топырақ қабатын территорияның өндіріс қалдықтары және басқа ластағыштармен ластануын ескеріп, әсеріне сипаттама (қауіптілік класы, түрі, улылығы, қалдық көлемі, қалдықтар жиналған алаң ауданы т.б.).

4. Топырақтың обьекті құрылысы кезінде сыдырылып алынатын құнарлы қабатын тасымалдау жән сақтау жөніндегі шешімдердің үйлесімділігі.

5. Топырақ қасиеттерінің төмендегілердің әсерінен өзгеруінің болжамы.

-жаңа рельефтер жасау үшін территорияны қайтадан түзету;

-табиғи процестер активтілігінің өзгеруі;

-территорияның құрылыс қалдықтарымен және уақытша өндіріс қалдықтарымен ластануы.

6. Апат бола қалған күнде топырақ қасиетінің өзгеруін болжау.

7. Жобаның шешімдерін іске асыру кезіндегі топырақтағы мүмкін болатын өзгерістер.

8. Әсер етілгн территорияны қалпына келтіру жұмыстары.

9. Қалдықтарды залалсыздандыру және жою жұмыстары.

10. Территорияны су басып кетуден инженерлік қорғау жұмыстары.

11. Бұзылған топырақтарды қалпына келтіру жұмыстары (ағын қалдық сулардың жиналуы, техникалық және биологиялық өңдеу), қайта қалпына келтіру мерзімдері.

12. Негізгі топырақ пайдаланғышқа жобаны іске асыруда табылатын пайдасын қосып есептегендегі келтірілген шығынның көлемі.

13. Табиғат қорғау жұмыстарының көлемі және компенсациялық жұмыстардың қайта қалпына келтіру және апат болған жағдайдағы жұмыстарды ескеріп құнын бағалау.

Өсімдіктер қабатына әсерді бағалау. үсімдіктер дүниесі алғашқы тақырыптарда айтылғандай, адамзат тіршілігі үшін толып жатқан шаруашылық мәні бар, мысалы, қажетті қоректік заттардың 80-85%-і, дәрі-дәрмектер, құрылыс ағаштары мен рекриациялық талабын, ғылыми эстетикалық талаптарын қамтамасыз етеді.

Жер шарындағы өсімдіктер бірлестігі биосфераның негізгі бөлшегінің бірі. Өсімдіктерсіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес және оның ауасының тіршілік үшін толып жатқан шаруашылық мәні бар. Өсімдіктер планетаны оттегімен байытады, тіпті жердегі ауа райы, ауаның қозғалысы, жердің ылғалдануы, топырақтың эрозиядан қорғанысы, көптеген химиялық элементтердің айналуы сияқты құбылыстар өсімдіктер тіршілігімен тығыз байланысты. Ол құбылыстардың бәрінің табиғи ырғағы өсімдіктердің қатынасуынсыз жүрмейді. Бұған қоса өсімдік адам үшін дәрі, тағам, киім, баспана, жол-қатынасы және т.б. көзі болып табылады.

Өсімдіктер қабатын қорғау-ең маңызды және өте жауапты әрі қиын жұмыс.

Кез-келген антропогендік іс-әрекеттің өсімдіктер дүниесіне әсерін бағалауда, оның алдымен адамзаттың тіршілігі мен ландшафттардың өмір сүруі үшін тікелей және жанама ролін ескерген жөн.

Сімдіктерге ассимиляциялық органдары арқылы поллютанттардың аэротехногендік жолмен кіруі, ластағыштардың әсерімен орман биогеоценоздарының деградациясына жол ашады, әсіресе металлургиялық өндірістердің бұл орайда зияны орасан. Бұл өндіріс орындары төңірегіндегі өсімдіктердің ассимиляцияланушы органдарының құрамында металдардың жиналуы ластану шамасына байланысты өседі. Ал басқа металдар (өндірістен бөлінбейтін) территория бойынша біркелкі таралады. 2-кестеде ормандық экожүйенің биохимиялық көрсеткіштері көрсетілген.

Наши рекомендации