Тақырыбы: Металлургия. Шойын және болат өндірісі.

234. Бос күйінде кездесетін металл-

A) күміс

B) галий

C) магний

D) кальций

235. Ас түзы қандай шикізатқа жатады?

A) рудасыз

B) рудалы

C) жанғыш

D) табиғи

236. Қай металды оның оксидінен сутегімен тотықсыздандыру арқылы алуға болмайды?

A) алюминий

B) вольфрам

C) мыс

D) молибден

237. Женіл металдарға тән қасиет

A) тығыздығы 5 тең кіші

B) тығыздығы 5 тең үлкен

C) тығыздығы 5-10 аралығы

D) тығыздығы 10 үлкен

238. Ауыр металдардың тығыздығы

A) тығыздығы 5- тен үлкен

B) тығыздығы 5- тен кіші

C) тығыздығы 1-4 аралығында

D) тығыздығын ескермейді

239. Қиын балқитын металл-

A) вольфрам

B) темір

C) цезий

D) алюминий

240. Қайсысы тотыққан кен?

A) темір карбонаты

B) алтын кендері

C) халькопирит

D) қорғасын жылтыры

241. Металдарды олардың тұз ерітінділерінен алу әдісі қалай аталады?

A) гидрометаллургия

B) пирометаллургия

C) алюминотермия

D)электрометаллургия

242. Қалыпты жағдайда темір қандай формада болады?

A) α

B) β

C) γ

D) →γ→δ

243. Шойын және болат өндірісінде шлақтың пайда болу реакциясы

A) 3СаО+Р2О5=Са3(РО4)2

FeS+CaO=CaS+FeO

CaO+SiO2=CaSiO3

B) 2FeS2=2FeS+S2

3Fe2O3+CO=2Fe3O4+CO2

C) Са3(РО4)2+3SiO2+5C=P2+5CO+CaSiO3

D) CaCO3→ CaO+ CO2

244.Металлургия өндірісіндегі тотықсыздандырғышты көрсет.

A) кокс, көміртек, көміртегі (II) оксиді, сутегі

B) метан, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді

C) кокс, күкіртсутек, көміртегі (IV) оксиді

D) сутегі, метан, көміртегі (IV) оксиді

245. Шойын өндірісінде флюс ретінде қандай заттар қолданылады?

A) доломит және ізбес тас

B) сидерит, дала шпаты, ізбес тас

C) гаусманит және доломит

D) ізбес тас және гипс

246. Темір –көміртегі негізінде құймалардың қайсысы болатқа жатады?

A) құрамында 2% дейін көміртегісі бар құйма

B) құрамында 8% дейін көміртегісі бар құйма

C) құрамында 4,3% дейін көміртегісі бар құйма

D) құрамында 2% тен 6,67% дейін көміртегісі бар құйма

247. Темір –көміртегі негізінде құймалардың қайсысы шойынға жатады?

A) құрамында 2% тен 6,67% дейін көміртегісі бар құйма

B) құрамында 20 % дейін көміртегісі бар құйма

C) құрамында 40 % дейін көміртегісі бар құйма

D) құрамында 2% дейін көміртегісі бар құйма

248. Домна пешінің шихта салынатын цилиндрлі бөлігі қалай аталады?

A) колошник

B) горн

C) распар

D) заплечник

249. Болатты 760-9000С дейін қыздырып, берден суға салып, суыту процесі қалай аталады?

A) шынықтару

B) жасыту

C) алитирлеу

D) балқыту

250. Болатты қайта қыздырып, біртіндеп суытса, болат босап-

A) жасиды

B) шынығады

C) алитерленеді

D) балқиды

251. Аз көміртекті болат құрамында неше процент көміртегі болады?

А) < 0,25 %

В) 0,25 % - 0,6 %

C) 0,6 >

Д) болмайды

252. Орташа көміртекті болат құрамында неше процент көміртегі болады?

А) 0,25 % - 0,6 %

В) < 0,25 %

C) 0,6 >

Д) болмайды

253. Жоғары көміртекті болат құрамында неше процент көміртегі болады?

А) 0,6 >

В) 0,25 % - 0,6 %

C) < 0,25 %

Д) болмайды

254. Қай процесс болатты химиялық өңдеуге жатпайды?

А) шынықтыру

В) цементтеу

С) азоттау

Д) алитирлеу

255. Цементтеу процесінде болат беті қай затпен қапталады?

A) көміртек

B) азот

C) алюминий

D) кремний

256. Болаттың бетін көміртегімен сіңірту процесі –

А) цементтеу

В) азоттау

С) алитирлеу

Д) циандау

257. Құрамында 2% тен 6 % дейін көміртегісі бар құйма қалай аталады?

A) шойын

B) болат

C) цементтенген болат

D) шыныққан болат

258. Магнитті темір тас (магнетит) формуласын көрсет?

A) Fe3O4

B) FeCO3

C) Fe2O3

D) Fe2O3*nH2O

259. Қоңыр темір тас (лимонит) формуласын көрсет?

A) Fe2O3*nH2O

B) FeCO3

C) Fe2O3

D) Fe3O4

260. Шпатты темір тас (сидерит) формуласын көрсет?

A) FeCO3

B) Fe3O4

C) Fe2O3

D) Fe2O3*nH2O

261. Қызыл темір тас (гематит) формуласын көрсет?

A) Fe2O3

B) Fe2O3*nH2O

C) FeCO3

D) Fe3O4

262. Томас шлак қай уақатта түзіледі

A) металлургия өндірісінің қалдығы, мартен пештерінде түзеледі

B) табиғи минерал жер қойнауында түзіледі

C) тазартылған сүйекті ұнтақтайды

D) фосфор қышқылы өндірісінің қалдығы

263. Домна процесін интенсификациялау үшін –

А) үрленетін ауаға оттегін қосу керек

В) үрленетін ауаны салқындату керек

С) үрленетін ауаға кокс газын қосу керек

Д) кенді өте ұсақ етіп, ұнтақтау керек

264. Пирометаллургия –

А) металдарды жоғары температурада оксидтерінен тотықсыздандыру

арқылы алу

В) металдарды олардың тұз ерітінділерінен алу әдісі

С) металдарды тұз ерітінділерінен электр тогы әсерінен алу

Д) металдарды тұз ерітінділерінен айырып алу

265. Шойын өндірісінде доломит пен ізбес тас не үшін қолданылады?

А) кен құрамындағы бос жынысты байланыстыру үшін

В) домнадағы кокстың жануы үшін

С) жоғары температура алу үшін

Д) тотықсыздану процесін тездету үшін

266. Болатты шынықтыру дегеніміз не?

А) болатты 760-9000С дейін қыздырып, бірден суға салып, суыту

В)болатты қайта қыздырып, біртіндеп қыздыру

С) болаттың беткі қабатын алюминиймен қаптау

Д) болаттың беткі қабатын көміртегімен қаптау

267. Болаттың беткі қабатын алюминиймен қаптау қалай аталады?

А) алитирлеу

В) цементтеу

С) силицилеу

Д) хромдау

268. Болаттың беткі қабатын көміртегімен қаптау қалай аталады?

А) цементтеу

В) алитирлеу

С) силицилеу

Д) хромдау

269. Алитирлеу процесінде болаттың беткі қабаты қай затпен қапталады?

А) алюминий

В) көміртегі

С) азот

Д) кремний

270. Цементтеу процесінде болаттың беткі қабаты қай затпен қапталады?

А) көміртегі

В) алюминий

С) азот

Д) кремний

271. Шойынның тығыздығы нешеге тең?

А) 7

В) 2,3

С) 5

Д) 6,2

272. Қай рудадан шойын алуға болмайды?

А) халькопирит

В) гематит

С) сидерит

Д) магнетит

273. Алюминотермия процесін жүргізу үшін қопарғыш қоспа ретінде

қандай қоспа қолданылады?

А) калий селитрасы мен алюминий пудрасы

В) натрий сульфаты мен магний

С) калий селитрасы мен мырыш

Д) кальций селитрасы мен алюминий пудрасы

274. Шойын өндірісінде доломит және ізбес тас не үшін қолданылады?

А) флюс ретінде

В) еріткіш ретінде

С) тотықтырғыш

Д) тотықсыздандырғыш

275. Флюс шойын өндірісінде не үшін қолданылады?

А) бос жыныс, күлді шлакка айналдыру үшін

В) тотықсыздану процесін тездету үшін

С) тотықсыздану процесін бәсеңдету үшін

Д) қайтымды процесі болдырмау үшін

276. Шойын өндірісінде кальций және магний силикаттарының қоспасы

қалай аталады?

А) алғашқы шлак

В) ақтық шлак

С) бір текті масса

Д) тотықтырғыштар

277. 3СаО+Р2О5=Са3(РО4)2

CaO+SiO2=CaSiO3

Бұл қай өндірісте жүретін реакция.

А) шойын және болат өндірісінде шлактың түзілуі

В) минералды тыңайтқыштың өндірісі

С) қыш бұйымдар өндірісі

Д) цементтің түзілуі

Наши рекомендации