НҰсҚа г - бұрыш жалбыз жапырағы

1-кезең

1. Өндірілген өсімдік - Бұрыш жалбыз

Planta productive - Mentha piperita L.

2. Дәрілік өсімдік шикізаты - Бұрыш жалбыз жапырағы.

Materiavegetabilis medicinalis - Folium Menthae piperitae

Тұқымдасы - Еріндігүлділер

Familia - Lamiaceae

3. Бұрыш жалбыз-көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы көлбеу өсіп, оның шашақты тамырлары болады. Тамыр сабағынан көптеген жас өркендер пайда болады. Олардың кейбіреулері жерге тереңдей түсіп тамырсабаққа айналады, ал кейбіреулері жердің бетіне шығып тарамдалған сабаққа айналады. Олардың бірнеше тік өскен сабақтар пайда болады. Сабақтары төрт қырлы, ұзындығы 100см-ге дейін, жалаңаш, сирек түктері кездеседі. Жапырақтары қалың салынған, бұтақтары мен жапырақтары жапырақтары супротивті орналасқан. Жапырақ пішіні - сопақ жұмыртқа немесе қандауыр пішінді болады. Жапырақтарының ұшы үшкірленген, шеті ара тәрізді, сағағы қысқа. Жапырақтардың үсті жалаңаш тек қана жапырақтың астынғы жағынан негізгі жүйкенің бойында сирек кездесетін түктері болады. Лупамен қарағанда жапырақтың бетінен жылтыраған сары эфир майлы бездерін байқауға болады. Гүлдері ұсақ сабақтарының ұштарында шоғырланып масақты гүл шоғырын түзеді. Гүлінің тостағаншалары бір-бірімен кірігіп кетіп, түкке айналып, 5-тісті болады. Күлтелері де бірімен бірі біріккен, воронка тәрізді. Шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Жемісі – жоқ. Жапырақтың үстінгі жағы қанық жасыл, ал астыңғы жағы бозғылт-жасыл. Өзіне тән өткір жұпар иісті, дәмі күйдіргіш, мұздатқыш қасиеті бар. Гүлдері қызыл-күлгін түсті.

2-кезең

1. Жапырақ кесінділері әртүрлі формада және бүтін жапырақтарының ұзындығы 10мм қоспа ретінде гүлдерімен гүлшоғыры болуы мүмкін. Жапырақтың жиектері тісті, біркелкі емес болады. Жапырақтың түсі – ашық-жасылдан қою жасыл түске дейін. Жапырақтарының беті біркелкі тек жүйкелерінің қасында лупамен көрінетін сирек орналасқан жіпшелері болады. Жапырақтың барлық беткі қабатында жылтыр, алтын-сары түсті немесе күнгірт түсті эфир майларының бездері бар. Күшті хош иісі бар. Дәмі ащы, мұздатқыш.

Сан көрсеткіштері. Эфир майының мөлшері 1% -тен кем болмауы керек; ылғалдығы 14%-тен артық болмауы керек; жалпы күлі 14% артық болмауы керек; 10% тұз қышқылында ерімейтін күл 6% артық болмауы керек,қарайған жапырақтары 5% -тен артық болмауы керек; сабақтары 10 % артық болмауы керек; диаметрі 0,5 мм елек торынан өтетін өсімдік бөліктері 8 % артық болмауы керек; органикалық қоспалар 3%-тен артық болмауы керек; минералды қоспалар 1% артық болмауы керек.

3. Дәрілік шикізаты. Жапырақтары (Folia Menthae piperitae) өсімдік гүлдеп тұрған кезде және де өсімдік бойында эфир майы көбейген кезінде жинайды. Кешірілген шикіза, яғни, жапырақтары бүтін немесе сынған жапырақтары. Олар қысқа сағақты, қияқты немесе ұзын-жұмыртқа тәріздес жапырақ жиектері ара тісті. Жапырақтарының ұзындығы 8 см, ені 3 см. .

4. Микроскопиясы..Бұрыш жалбыз жапырағының шикізатынан беткі және астынғы қабаттарынан препарат жасалады. Препаровалдық иненің көмегімен Петри табақшасынан нысананы заттық шыныға көшіреді. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады. Бұрыш жалбыз жапырағының жарықталған беткі және астыңғы беттерінің препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық белгілерді табады: эпидермис, күшті иілген қабырғаларымен, екі жағындада жасушалары бар устьица (лептесік) кездеседі, олар ерінгүлділерге тән лептесік қуысына көлденең орналасқан (диацитті тип).

3-кезең

1. Химиялық құрамы. Бұрыш жалбыз жапырағының химиялы құрамында әсер етуші заттар- эфир майлары (негізгі компоненті моноциклді терпен туындысы - ментол (40-70%), ментон (10-25%), пулегон, ментофуран және оның сірке, валериан қышқылдарымен эфирлері, пинен, лимонен, сонымен қатар терпендер бар: L-лимонен, α-фелландрен, α-,β-пинендер. Бұрыш жалбыз жапырағының химиялық құрамында ілеспелі заттары: флавоноидтар, каротиндер, тритерпен қосылыстары, геспередин, бетаин, урсол және олеанол қышқылдары бар.

2. Эфир майының бөлінуі:эфир майын суда булау әдісі арқылы бөліп алу. Ұсақталған шикізат мөлшерін а –кең ауызды, домалақ түпті немесе жалпақ түпті 1000 мл колбаға салады, 300 мл су құяды, б – кері шарикті тоңазтқышы бар резеңке тығынмен тығындалады. в - тығынның төменгі жағынан метал ілгіштерін орнатады, ілгіштерге жұқа сым арқылы г – градусты қабылдағышты іледі, тоңазытқыштың аяғы қабылдағыштың воронкаға ұқсас кеңдеу жеріне, қабырғаларына тимей судан 50мм жоғары тұру керек, қабылдағыштың градусқа бөлшектелінген бөлігінің бағасы 0,025 мл. Колбаны ішіндегісімен қыздырады және ДӨШ нормативті – техникалық құжатта көрсетілген уақытқа сәйкес қайнатады. Қабылдағыштың бөлшектелген бөлігіндегі майдың көлемін айдап болып, бөлме температурасына дейін суыған соң өлшейді.

нҰсҚа г - бұрыш жалбыз жапырағы - student2.ru Гинзберг әдісі

1-домалақ түпті колба

2-қабылдағыш

3-тығын

4-кері тоңазытқыш

4-кезең

1. Кептірілген бұрыш жалбыз эфир майына сараптама. Эфир майларына органолептикалық талдау:

· Түсін және мөлдірлігін (10мл майды диаметрі 2-3 см болатын түссіз цилиндрге салып жарық толқынында анықтайды);

· Иісін 0,1мл (2 тамшы) эфир майын ұзындығы 12 см, ені 5 см болатын фильтр қағазына салып, әр 15 минут сайын стандарт үлгінің иісімен салыстырады, 1 сағатта иісі жоғалмауы керек.

· Дәмін фильтр қағазына тамызылған тамшыны тілге тақап не 1 тамшы майды қант пудрасының 1 г қосып тілмен дәмін көру арқылы.

Эфир майларын анықтау үшін реактивті таңдап алады.

· Бөліндіге 4-5 тамшы натрий пруссиді ерітіндісін сілтілі ортада қосады. Шайқаған кезде конденсірленген эфир майларының бар екенін айқындайтын қызыл түс пайда болады.

· 1 тамшы пара-диметиламинобензальдегид ерітіндісін қосады (1 г пара-диметиламинобензальдегидті 4 тамшы суда жібітеді, кейін 3 мл концентрлі күкірт қышқылын қосады), нәтижесінде айқын сары түс түзіледі, 2-3 тамшы су қосқаннан қызыл түске боялады.

· 1-2 тамшы концентрлі күкірт қышқылындағы 1% ванилин ерітіндісін қосады, 1 мл су қосқаннан малина қызыл түс пайда болады.

2. Сандық анықтау.Аналитикалық үлгіні диаметрі 2мм тесігі бар сүзгіден өтетіндей етіп ұсақтайды. Эфир майын 15 г ұсақталған шикізатты 1 немесе 2 ҚР МФ басылымы әдісімен анықтайды.Айдау уақыты 1 сағат.

1әдіс - Гинзберг әдісі

5-кезең

1. Тұнбаны жалбыз жапырақтарынан (Flores Menthae piperitae ) 1:5 қатынасында дайындайды, экстрагент-40% спирт, перколяция тәсілімен алады.

Тұнбаны дайындау процесі мынадай сатыларын тұрады:

1. Ұсақтау. Шикізатты 0,5-1 мм ірілікте ұсақтайды, таразыда өлшеп экстракторға жібереді.

2.Спиртті сұйылту. Сұйылту арқылы 40% спирт алынады.

3. Перколяторды жүктеу.Ұсақталған шикізаттың аздаған бөліктермен экстрактрге салып, мұқият 40%-дық спиртте араластырады. Қоспаны ісіну үшін 30 мин бөлме температурасында қалдырады.

4. Ығыстыру. Өсімдік шикізаты экстрагентпен толық қапталуы үшін, перколяторға ауыстырады және жай бөлме температурасында перколяциялайды. Перколяция процесін бөліндінің мөлшері 1:5 қатынасына жеткенше ұсақтайды.

5. Тұндыру және стандартизациялау. Тұнбадағы құрғақ қалдықты тексереді, ауыр металдарға анықтама жүргізеді, спиртке сандық анықтама жүргізеді, сондай-ақ тұнбаның микробиологиялық тазалығын тексереді.

6. Сүзгілеу және өлшеп орау.Бөтелкелерге құяды, бөтелкелерді бірден қалпақшалармен және бітеушелермен қымтап жабады және бөтелкелерге этикетка жабыстырады.Қолданылуы. Бактерицидті және өт айдағыш әсер етеді.

2. Бұрыш жалбыз препараттарын медицинада қолдану.Медицинада қолданылуы: тұндырмасы өт айдау үшін, ас қорытуды жақсартуға, асқазан – ішек спазмдарында, лоқсуда, жүрек айнығанда және антисептикалық, тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. бұрыш жалбыз жапырағы көптеген асқазанға, өт айдауға, тыныштандыруға арналған жинақтар тұндырмалар құрамына кіреді, комплексті препараттарына – корвалол, валокордин, пектусин, меновазин, бороментол дәрілері жатады. Сонымен қатар бас сақинасына қарсы қарандаштар, жағылмаларда, мұрын бітелгенде тамызатын тамшы құрамына, ингаляциялық құрамдарда кездеседі.

Нұсқа Д - Дәріханалық түймедақ

1-кезең

1. Өндірілетін өсімдік – Дәрілік түймедағы – Matricaria recutita L

2. Дәрілік өсімдік шикізаты– Дәрілік түймедағы - FloresMatricaria recutita L

Наши рекомендации