Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.

Полимер мен төмен молекулалық қосылыс үшін молекулалық масса деген ұғым бірдей емес. Кез келген таза төмен молекулалық қосылыстың құрамына сәйкес нақты молекулалық массасы болады,ол алу жолына байланысты емес. Ал полимер ұзындығы әр түрлі макромолекулалардан тұрады. Алу жағдайына қарай макромолекула тізбегіндегі буындар саны,яғни оның молекулалық массасы әр түрлі болады. Сондықтан полимер полидисперсті келеді,оның молекулалық массасы біркелкі болмайды.
Ұзындықтары әр түрлі,бірақ бірдей химиялық буындардан тұратын макромолекулалар полимергомологтар деп аталады. Молекулалық массалары өскен сайын полимергомологтар қасиеттерінің айырмашылығы жоғала бастайды. Жоғары молекулалық полимергомологтардың қоспаларын бір бірінен бөліп,белгілі біл молекулалық массасы бар дербес зат алу мүмкін емес. Мұндай полимерлер орташа молекулалық массамен өрнектеледі. Орташалау әдісіне байланысты молекулалық масса орташасандық, орташамассалық және орташатұтқырлық болып бөлінеді.
Орташа молекулалық массаны М табу үшін полимердегі молекулар санын және әр молекуланың молекулалық массасын М білу қажет. Мыс: молекулалық массасы М1N1, молекула, молекулалық массасы М2, N2 молекула, молекулалық массасы М3, N3молекула және т.б. деп қарастырылады.
Орташасандық молекулалық масса- M̅n барлық молекулалардың молекулалық массаларының қосындысының,яғни полимердің жалпы массасының барлық молекула санына қатынасы.Сонда есептеу үшін әрбір молекулалық массаның мәнін осындай молекулалық массасы бар молекула санына көбейтіп,алынған көбейтінділерді қосады да,барлық молекулалардың санына бөледі:
Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru Орташамассалық молекулалық массаны M̅w әр молекуланың молекулалық массасын Mi осындай молекулалық массаның барлық молекулалық массадағы үлесіне̅Xiкөбейтіп,нәтижелерін бір біріне қосу арқылы табады:

Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Жалпы молекулалық массаны ∑NiMiдесек,әр молекулалық массаның үлесі:

Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Полимерлердің молекулалық массасын орташатұтқырлық молекулалықмассамен де сипаттауға болады.

Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Әдетте орташасандық молекулалық масса орташамассалық молекулалық массаға тең бола бермейді.Көпшілік тура тізбекті полимерлер үшін M̅Ƞмәні M̅w -ға жақын.Молекулалық массасы біркелкі монодисперсті полимерлер үшін M̅w = M̅Ƞ= M̅n;ал полидисперсті полимерлер үшін M̅w > M̅Ƞ> M̅n.
Орташасандық молекулалық масса полимер ерітіндісінің қату температурасының төмендеуі (криоскопия),қайнау температурасының өсуі(эбулиоскопия),осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға не молекула санына тәуелді қасиеттерді өлшеу арқылы анықталады.
Орташамассалық молекулалық масса жарық шашырауының таралуын өлшеу арқылы,ультрацентрифуга және диффузия әдістерімен анықталады.Орташатұтқырлық молекулалық массаны анықтауға вискозиметриялық әдіс қолданылады.

Полимерлерге толық молекулалық сипаттама беру үшін оладың молекулалық массаларымен қатар,макромолекулаларының қаншалықты біртекті екендігін,яғни полидисперстігін білу қажет.Полимердің полидисперстігі интегралдық және дифференциалдық молекулалық массалық таралу(MMT) қисықтарымен сипатталады.ММТ қисықтарын алу үшін полимерді белгілі бір әдіспен бірнеше фракцияларға бөліп,әр фракцияның молекулалық массасын анықтайды.Интегралдық таралу қисығын тұрғызғанда,абсцисса осіне фракцияның молекулалық массасының Mx мәндерін,ал ордината осіне фракцияның интегралдық массалық үлесін (Wx )салад

Молекулалық массалық таралудың интегралдық функциясы алынған функциялардың массалық үлестерінің Wiқосындысыменөрнектеледі:
Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Ал wiәр фракцияның массасының Piбарлық фракциялардың массаларының қосындысының қатынасына тең:
Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Молекулалық массаның дифференциалдық функциясы yx интегралдық функцияны дифференциалдау арқылы алынады:

Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Дифференциалдық қисық интегралдық қисықты дифферециалдау арқылы графиктік жолмен алынады.

Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. - student2.ru

Наши рекомендации