Windows терезесінің құрылымы

Windows амалдық жүйесінің негізгі нысаны терезе болып табылады. Терезе – бейне беттегі жиектермен қоршалған тік төртбұрышты аймақ.
Windows жүйесінде жұмыс істегенде, бірнеше терезені бірден ашып қойып, Тапсырмалар үстеліндегі батырмалар көмегімен ауысып жүруге болады. Терезелердің барлық алуан түрлілігін төрт топқа бөлуге болады: қалталар терезелері, қосымшалар терезелері, сұхбат терезелері, анықтама терезелері.
Қалталар терезелерінде, оларды басқару элементтерімен қатар, басқа да Windows нысандарының белгішелері бар.
Қосымшалар терезелері қосымшаға қотарылған құжат мазмұнын көрсетуге арналған, сондай-ақ терезені басқару элементтерін қамтиды (2.5-сурет). Windows терезесінің құрылымы - student2.ru

Қосымшалардың көбісі өз қажеттіліктері үшін бірнеше терезе аша алады: мысалы, Microsoft Word құжаттар өңдегіші әрбір өңделетін құжат үшін жеке терезені пайдаланады.
Сұхбат терезелері – бұл қосымша ақпарат енгізу үшін қолданылатын арнайы терезелер (2.6-сурет).
Олар әдетте қандай да бір ақпаратты, пайдаланушының қандай да бір әрекеттеріне сұратуды қысқа мерзімге шығару және деректерді енгізу үшін пайдаланылады.
Сұхбат терезелерінде мәзір жолағы, барынша кішірейтуге және барынша үлкейтуге арналған батырмалар болмайды, және олар әрқашан бағдарламаның басқа терезелерінің үстінен шығарылады. Әдетте сұхбат терезесі пайда болған кезде сұратылған әрекет орындалып, сұхбат терезесі жабылғанға дейін сол бағдарламамен ешқандай жұмыс істеу мүмкін емес.
Анықтама терезелері Windows-пен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жөніндегі анықтамалық ақпаратты шығару үшін қолданылады (2.7-сурет).

Windows терезесінің құрылымы - student2.ru
Терезелердің негізгі элементтерін Менің компьютерім терезесін мысалға ала отырып қарастырайық (2.8-сурет).
Терезені төрт жағынан Қоршау жиектері шектеп тұрады. Көптеген терезелердің көлемін өзгертуге болады.
Терезенің жоғарғы жиегінің астында терезенің атын қамтитын тік төртбұрышты аймақ бар. Ол тақырып жолағы немесе тақырып деп аталады.
Тақырып жолағының сол жағында жүйелік мәзір таңбашасы орналасады. Оны шертіп, терезені жылжытып, көлемін өзгерту үшін қолданылатын ең қарапайым терезені басқару

әмірлері тізімін ашуға болады. Windows терезесінің құрылымы - student2.ru

Тақырыптың оң жақ жиегінде терезені тапсырмалар үстеліндегі батырма етіп орап қою, терезенің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру, жабу үшін қолданылатын терезені басқару батырмалары орналасқан.
Тақырып жолағының астында әдетте мәзір жолағы орналасады. Windows терезесінің құрылымы - student2.ru

Пернетақтадан нышандарды енгізу белсенді терезеге қатысты орындалады. Белсенді терезе әрқашан басқаларының үстінде орналасады.
Кез келген сәтте Сіз бір терезеден басқасына өтуіңізге болады. Windows осындай ауысудың бірнеше тәсілін ұсынады.
1. Егер терезе бейне бетте көрініп тұрса, тінтуірмен осы терезенің кез келген тұсын шерту қажет.
2. Егер қажетті терезе Тапсырмалар үстеліне оралып тұрса, тінтуірмен оның атауын шерту керек.
3. Пернетақтаны пайдалануға болады: <Alt> пернесін басып ұстап тұрып, бейне беттің орталығында қажетті терезе атауы пайда болғанға дейін <Tab> пернесін баса беріңіз. Қажетті атау пайда болған кезде пернелерді жібере салыңыз.
4. Ең соңында, қажетті терезеге жеткенге дейін, бағдарламаның келесі терезесіне өткізетін <Alt>+<Esc> пернелер тіркесімін басу қажет.

Наши рекомендации