Типттік оҚу баҒдарламалар негізінде, зертханалыҚ жҰмыстарды орындау графигіне Әдістемелік нҰсҚаулар
Оқытылатын пән болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және әр түрлі экономикалық есептерді шешуде қолданбалы программалар пакеттерін қолдана білуді үйретүге бағытталған. «Информатика» пәнінің мақсаты студенттерді қазіргі таңдағы информациялық технологиялар негізімен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру. Дербес компьютер құрылысын ұйымдастыруға және жұмыс жасау принциптерін білуге қажет білімді, құжаттарды өңдеу және дайындау үшін дайын программалық өнімдерді қолдану технологияларын пайдалануға қажет білімді, қиындықтары жоғары экономикалық есептерді шеше білуі қажет, деректердің экономикалық қорын жүргізуге білуге қажет білімді қалыптастыру.
1. дербес компьютердің негізгі құрылысын және жұмыс жасау принциптерін білуді қамтамасыз ету;
2. есептерді шешу алгоритмдерін құрастыра білуді қалыптастыру;
3. әлемдік нарықтың қазіргі талаптарға сәйкес келетін жалпы мақсаттағы программалық құралдардың негізгі жұмыс жасау принциптерін білуді қамтамасыз ету;
4. дербес компьютермен жұмыс жасай білудің іс-тәжірибелік біліктілігін қалыптастыру;
5. қолданбалы программалар пакеттерін пайдалана отырып, кәсіби есептерді шеше білуді қалыптастыру;
6. деректер құрылымының әр түрлі екеніне және деректер базасын өңдеу әдістеріне қажет біліммен қаруландыру;
7. желілік технологияларды қолдануға қажет біліммен және біліктілікпен қаруландыру;
8. экономикалық есептерді шешуді автоматтандыру негіздерін білуді үйрету;
9. антивирустық қорғаныс тәсілдерін игеруді үйрету.
СӨЖ МАТЕРИАЛДАРЫ
Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
№ | Тақырып атаулары | Сағат саны |
1. | Информатика пәні және міндеттері. Информатиканың жалпы теориясы. | |
| Информатиканың арифметикалық негіздері. Әр түрлі жүйелердегі әрекеттер. | |
| Информатиканың алгоритмдік негіздері. | |
| Компьютерлік графика негіздері. | |
| Дербес компьютердің архитектурасы. | |
| ЭЕМ даму тенденциясы және жағдайлары. | |
| Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары. | |
| Операциялық жүйелер. Windows операциялық жүйелері. | |
9. | MS DOS операциялық жүйелері. Norton Commander. | |
10. | Программалық жабдықтау сервистері. Архиваторлар. Компьютерлік вирустар. | |
11. | Microsoft Word мәтіндік редакторы. | |
12. | Microsoft Excel кестелік процессоры. | |
13. | MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. | |
| MS Power Point презентация жасау құралдары. | |
15. | MS FRONT PAGE компьютерлік желілер. | |
БАРЛЫҒЫ |
№1 СӨЖ:
Тақырыбы: Информация және информатика
1. Информация дегеніміз не?
2. Информацияның қандай түрлері бар?
3. Информацияның даму тарихы?
4. Информатика дегеніміз не?
5. Информатиканың маңызы қандай?
6. Информацияны өңдеу жолдары қандай?
7. Информацияны тарату жолдары қандай?
№2 СӨЖ:
Тақырыбы: Есептеу жүйелері
1. Есептеу жүйесі дегеніміз не?
2. Есептеу жүйелері не үшін қолданылады?
3. Есептеу жүйелерінің қандай түрлері бар?
4. Есептеу жүйесін қолдану жолдары?
5. Есептеуіш техникаларда есептеу жүйесі не үшін қолданылады?
6. Екілік есептеу жүйесін сипаттаңыз?
7. Сегіздік есептеу жүйесін сипаттаңыз?
8. Он алтылық есептеу жүйесін сипаттаңыз?
№3 СӨЖ:
Тақырыбы: Дербес компьютердің ішкі құрылғылары. Аналық платада орналасқан жүйе. ДК-дің сыртқы құрылғылары.
1. Дербес компьютер дегеніміз не?
2. Принтер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар (айырмашылықтары неде)?
3. Сканер дегеніміз не және олардың қандай сипаттамалар бойынша жіктейді?
4. Модем дегеніміз не және олардың қандай сипаттамалар бойынша жіктейді?
5. Аналық тақшаның атқаратын қызметі?
6. Информацияларды сақтау құрылғылары қандай?
7. Иілгіш магнитті дисктің сиымдылығы қандай?
8. CD дисктердің сиымдылықтары қандай?
9. DVD дисктердің сиымдылықтары қандай?
10. Информацияларды жазу технологияларын сипаттаңыз?
11. Бейне тақшаларының сипаттамалары және мүмкіндіктері?
12. Процессор дегеніміз не?
13. Сопроцессор дегеніміз не?
14. Процессордың қандай мүмкіндіктері бар және олардың айырмашылықтары неде?
15. Плоттер дегеніміз не?
16. Графиктік планшет дегеніміз не?
17. Стример дегеніміз не?
18. USB порттардың мүмкіндіктерін сипаттаңыз?
19. Дербес компьютердегі порттарды сипаттаңаз?
20. Жедел жадының қандай түрлері бар?
21. Дисплей дегеніміз не және оның түрлері қандай?
№4 СӨЖ:
Тақырыбы: Операциялық жүйе мүмкіндіктері. MS Windows-98-дің негізгі обектілері мен басқару тәсілдері. Файлдық құрылымына амалдар.
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе түрлері және олардың айырмашылығы қандай?
3. UNIX және LINUX операциялық жүйелерінің айырмашылықтары неде?
4. Windows 2000-да файл сипаттаудың қанша тәсілі бар?
5. Windows 98 және Windows 2000 айырмашылығын түсіндіріңіз.
6. Windows NT желілік қызметін атаңыз.
7. Windows 2000-да ресурстарды ортақ пайдалану мүмкіндігін қандай жағдайда бере алады?
8. Windows 2000 қандай бөліктеріне каталогтардың және файлдардың деңгейін бере алады?
9. Файлдық жүйе түрлері және олардың айырмашылықтары қандай?
10. Windows 2000 жалпы қатынас алу жолдары қалай жүзеге асырылады?
11. Windows 2000 желіні басқару қалай жүзеге асырылады?
№5 ОСӨЖ:
Тақырыбы: Бас мәзірді пайдалану. Windows 98-дің басқару және әшекейлеу элементтерін орнату.
1. MS Windows бас мәзір не үшін қажет?
2. MS Windows бас мәзір мүмкіндіктерін сипаттаңыз?
3. MS Windows басқару элементтерін сипаттаңыз
4. MS Windows әшекейлеу элементтерін сипаттаңыз
5. MS Windows жұмыс орны көрінісін қалай өзгертуге болады?
6. MS Windows экран параметрлерін қалай өзгертуге болады?
7. MS Windows жүйесінде қолданушыларға шектеу қою жолдары қандай?
№6 СӨЖ:
Тақырыбы: Компьютер құрылымы. Компьютерлік вирустар.
1. Компьютер қандай құрылымнан тұрады?
2. Вирус дегеніміз не?
3. Компьютерлік вирустардың қандай түрлері бар?
4. Компьютерлік вирустардан қорғану жолдары?
5. Антивирустық программа дегеніміз не?
6. Антивирустық программалардың қандай түрлері бар?
7. Компьютерлік вирустар қандай жағдайда тарайды?
8. Компьютерлік вирустар қандай зиянды іс әрекеттер жасайды?
9. Резидентті вирус дегеніміз не?
10. «Стандартты жады» дегеніміз не?
11. «Кеңейтілген жады» дегеніміз не?
12. «Қосымша жады» дегеніміз не?
№7 СӨЖ:
Тақырыбы: Коампьютердің программалық қамтамасыз етілуі.
1. Компьютердің жұмысын толық басқаратын программалар түрлері және олардың айырмашылықтары?
2. Жүйелік диск дегеніміз не?
3. Жүйелік дискті қалай құруға болады?
4. Компьютер жинақтағыштарына информацияны жазып қолдануға мүмкіндік беретін программа қалай аталады?
5. Жүйелік программалар дегеніміз не?
6. Программалық қаттамалар дегеніміз не? Олар не үшін қолданылады?
7. Текстік редакторлар түрлері қандай?
8. Графиктерді өңдеуге арналған программалар түрлері?
9. Есептеу жүйелері қандай?
10. Деректер қорымен жұмыс атқаруға арналған жүйелер қандай?
11. Информацияларды сығып сақтауға арналған программалар түрлері қандай?
12. Программалау тілдерінің қандай түрлері бар?
13. Драйвер дегеніміз не?
14. DirectX-тің атқаратын қызметі қандай?
№8 СӨЖ:
Тақырыбы: Қолданбалы және қызметші программалардың жіктелуі
1. Программа дегеніміз не?
2. Программаның қандай түрлері бар?
3. Программа құруға арналған программалау тәсілдерінің қандай түрлері бар?
4. Қолданбалы программа дегеніміз не?
5. Қызметші программа дегеніміз не?
6. Программалау тілдерінің айырмашылықтары неде?
7. Программалау тілдерінің қандай денгейлері бар, олардың айырмашылығы неде?
№9-10 СӨЖ:
Тақырыбы: Қарапайым және жалпы мәтіндік құжаттар құру.
1. Мәтіндік құжат дегеніміз не?
2. Қарапайым мәтіндерді құруға арналған программа түрі қандай? Онымен жұмыс атқару жолдары?
3. Күрделі құжаттармен жұмыс атқаруға арналған программалар түрлері және олардың сипаттамалары?
4. Қаріптерді өзгерту жолдары қандай?
5. Мәтіндерге әр-түрлі объектілерді орналастыру жолдары қандай?
6. Құжатқа қолданушылар шектеуін ұйымдастыру жолдары?
7. Құжат парағының параметрлерін өзгерту?
8. Гипер байланыстарды ұйымдастыру жолдарын сипаттаңыз?
9. Парақ бағытын өзгерту?
10. Құжатқа кестелер орналастыру және оларды түзету?
11. Кестелерде математикалық есептеулер жүргізу жолдары қандай?
12. Кесте ішінде мәтінді тік бағытта жазу әрекеті қалай орындалады?
13. Мәтінге басқа программалар объектісін енгізу әрекеті қалай орындалады?
№11 СӨЖ:
Тақырыбы: Электронды кестені экономикалық және бухгалтерлік есептеулерге пайдалану.
1. Электрондық кесте дегеніміз не?
2. Электрондық кестелер қандай жағдайларда қолданылады?
3. Кесте ішінде есептеулер қалай жасалады?
4. Excel-де ұялардың адресін қандай түрде жазуға болады?
5. Excel-де диаграмманың неше түрі бар?
6. Excel-де есептеулер қалай орындалады?
7. Мәндерді бір ғана критерий бойынша сорттау?
8. Бірнеше жолды толық белгілеу жолы?
9. Кітап бетінің көшірмесін жасау?
10. Жасалған кестедегі мәндердің қосындысын Автосумманың көмегімен қалай шығаруға болады?
11. Ұяшықтардың орындарын қалай ауыстыруға болады?
12. Кестеге жол және бағананы қалай қосамыз?
13. Жұмыс кітабына жаңа парақты қалай қосамыз?
14. Бір мезетте бірнеше жұмыс парақтарымен қалай жұмыс жасаймыз?
15. Диаграммаға мәндерді қалай таңдаймыз?
16. Формуладағы ұяшықтардың адресін қалай өзгертуге болады?
17. Электрондық кестенің негізгі элементі қандай?
18. Электрондық кесте ұяшығына қандай мәліметтер енгізуге болады?
19. Excel электрондық кестесінде автотолтыру әрекеті қалай орындалады?
№12 СӨЖ:
Тақырыбы: Электронды кестені деректер қоры ретінде пайдалану.
1. Деректер қоры дегеніміз не?
2. Деректер қорын қалай ұйымдастыруға болады?
3. Деректер қорын электрондық кестелерде ұйымдастыру әрекеттері?
4. Электрондық кестелерде деректер қорын ұйымдастыру арқылы қандай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады?
5. Электрондық кестелерде деректер қорынан жазбаларды жылдам іздеу жолдары қандай?
6. Деректер жазбаларын сұрыптау жолдары?
7. Электрондық кестелердегі деректерді сақтау қалау жүзеге асырылады?
№13 СӨЖ:
Тақырыбы: Сурет салу арқылы күрделі кестелер, схемалар салу.
1. Paint графикалық редакторында салынған суреттің көшірмесі қалай алынады?
2. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
3. Палитра не үшін қолданылады?
4. Paint графикалық редакторында негізгі және фондық түстер қалай таңданылады?
5. Растерлік графика дегеніміз не?
6. Векторлық графика дегеніміз не?
7. WORD ортасында сурет салу режимі арқылы күрделі схемаларды салу жолдарын сипаттаңыз.
8. Басқа редакторларда салынған бейнелерді WORD құжатына көшіру жолы қандай?
№14-15 СӨЖ:
Тақырыбы: MS Power Point – программасының негізгі қасиеттері. Презентация құру.
1. Презентация құруға арналған программа?
2. MS Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
3. MS Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар?
4. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекеттер орындалады?
5. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
6. MS Power Point программасында слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
7. Слайдтар режимі қандай мүмкіндік береді?
8. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
9. Бетке ескертпе жазу режимі қандай мүмкіндік береді?
10. Слайдтарды көрсету режимі қандай мүмкіндік береді?
11. Слайдты безендіру элементтерін атаңыз.
12. Слайдтардың бірінен-біріне өту кезінде ауысудың қандай түрлерін таңдауға болады?
13. Презентацияда слайдтардың барлығының бірдей ауысу параметрі қалай тағайындалады?
14. Құрамдас мәтін анимациясын деген не?
15. Анимациялық эффектілер қосу әрекеті қалай орындалады?
16. Презентацияны көрсету уақытын қалай қадағалауға болады?