Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

39. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 16 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 4 сағат.

40. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.

41. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 35/ 17 сағат. «Менің отбасым», «Менің анам – ең сұлу адам» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Жіктік жалғауы: жекеше, көпше түрі. Лексика: орта бойлы, қыр мұрынды, бұйра, қамқоршы, бір-бірімізге, әсерлі кеш, тірегі.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыру-ларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Отбасы мүшелері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: қарапайым жағдаяттарда отбасы мүшелері, олардың сыртқы келбеті жөнінде қысқаша айта алу;

жазылым: отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін сипаттап хат жазу;

тілдесім: күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатыса алу. Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиеті материалдары.

42. «Мен әжеме еркелеймін» -5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Тәуелдік жалғауының жекеше түрі. Лексика: зейін қою,балапаным, қарағым, шырағым, нағашы, тәрбиелеу, ержүрек;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыру-ларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Отбасы мүшелері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: қарапайым жағдаяттарда отбасы мүшелері, олардың сыртқы келбеті жөнінде қысқаша айта алу;

жазылым: отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін сипаттап хат жазу;

тілдесім: күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатыса алу. Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиеті материалдары.

43. «Әкеліңіз, көмектесейін» - 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Тәуелдік жалғауының көпше түрі; Лексика: сыпайылық, апарысу/әкелісу, тәрбие, алғыс айту, сыбырлау, көшірту, қорғау, өтірік айту;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыру-ларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Сыпайылық, сыйластық тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: қарапайым жағдаяттарда сыпайылық, сыйластық, достық көмек жөнінде қысқаша айта алу;

жазылым: сыпайылық, сыйластық, достық көмек туралы қысқаша мәтін жазу;

тілдесім: күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатыса алу. Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиеті материалдары.

44. «Менің досым» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Септік жалғаулары. Атау септік. Лексика: ауру, өрмелеп шығу, иіскеу, ұялу, мінез, мәдениетті, адал\ арам;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өз достарына қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (олардың мінезі мен жақсы қасиеттері туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша баяндау;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттерін сипаттап хат жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қысқаша сөйлемдер арқылы қолдау жасай алу;

Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: халық ауыз әдебиеті материалдары мен дос, достық туралы ұсынылған оқу материалдары.

45. «Досыма электронды пошта жіберемін»­ – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Ілік септігі. Лексика: тінтуір, хабарлама, желісі, іздеу, төлеп тұру, тақырып, ақпарат, мәлімет.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: өзінің е-mail-і, мекенжайына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;

айтылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы баяндау;

жазылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы мәлімет жазу, электронды поштаман хат жазу;

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз е-mail-і, мекенжайы туралы сөйлесу, электронды поштамен хат жазу жөнінде қысқаша сөйлесу.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мәдени-танымдық мәтіндер.

46. «Сыйлық таңдаймыз» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Барыс септігі. Лексика: қалаймын.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Туған күн туралы әнді тыңдап, түсінгенін айту;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Туған күн тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын мәтіндерді тауып оқу. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мәтінге мазмұны бойынша жоспар құру;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, туған күн туралы айту. Күнделікті жағдаяттарға сай қысқаша құттықтау сөз айта алу;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Туған күнмен байланысты іс-әрекеттер туралы жазу. Досының туған күніне арнап құттықтау мәтінін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда туған күнді тойлау жөнінде қысқаша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: туған күнге байланысты оқу материалдары.

47. «Мүшел жастан астым» - 5/3 сағат

1) тілдік бөлім: Табыс септігі. Жатыс септігі. Лексика: мүшел, қулық, жыл санау, биыл, былтыр, мүшелге толдым/мүшелден шықтым.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Мүшел жасқа қатысты мәтін тыңдап, түсінгенін айту;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мәтінге мазмұны бойынша жоспар құру;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, мүшел жас туралы айту.

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу.

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда туған күнді тойлау жөнінде қысқаша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мүшел жасқа байланысты танымдық мәтіндер

48. Оқу-еңбек аясы – 15/8 сағат, «Мен мектептемін» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Жатыс септікті қайталау. Лексика: кезекшілік, қосымша сабақ, ханшайым, таңдау, сән үлгілері, береке.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, мектептегі іс-шаралар туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда мектеп, мектептегі шаралар жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатысып, өз ойын жеткізе білу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ы.Алтынсарин құрған мектеп туралы әңгімелесу.

49. «Менің сүйікті ісім» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Шығыс септік. Лексика: шектеулі, топтама.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы пікірін айту;

жазылым: өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі жөнінде достарымен қысқаша сөйлесу. Диалог-пікірталас;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қызықты және сүйікті істерге қатысты мәтіндер.

50. «Мектептегі үйірмелер» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Көмектес септігі. Лексика: лақтыру, жоба жұмысы, іздену, материал жинау, талаптану.

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мектептегі туралы тыңдағанын түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мектептегі үйірмелер бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, өзі қатысатын үйірме туралы баяндап айту;

жазылым: мектептегі үйірмелер, өзі қатысатын үйірме туралы жазу. Терме диктантын жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда мектептегі үйірмелер, өзі қатысатын үйірме жөнінде қысқаша диалог-сұхбат құру;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мектептегі үйірмелерге қатысты мәтіндер.

51. Әлеуметтік-мәдени ая – 70/39 сағат, «Құстар – біздің досымыз» - 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Көптік жалғауы. Лексика: қағу, дөңгелектеп, орнату, сап жасау, жалпақ, кенет, жақындау, қашу, дірілдеу, аяу, қону.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Құстар туралы мәтінді тыңдап, түсінгенін айту. оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Құстар туралы мәтіндерді тауып оқу. Сипаттау мәтіндерінің мазмұнын түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, құстар туралы өз ойларын білдіру;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Құстар туралы өз ойын жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда құстар туралы қысқаша сұхбат-диалог. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы айту.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанда мекендейтін құстар туралы мәтіндер.

52. «Жақсыдан үйрен» -5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер. Лексика: әдет, әрекеттер (әдет), өтірік айту, ұрлық жасау, ренжіту, дөрекі сөйлеу, ағартушы,өмір сүрген, жоғары бағалайды, ескерткіш, адалдық, орнату, төре, егілген, түзу/ қисық, ағашты күту.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Әдептілік туралы мәтінді тыңдап, түсінгенін айту. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Әдептілік, ұлы тұлғалар туралы мәтіндерді тауып оқу. Сипаттау мәтіндерінің мазмұнын түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, әдептілік, қазақтың ұлы тұлғалары туралы өз ойларын білдіру;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы өз ойын жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда қазақтың ұлы тұлғалары туралы қысқаша сұхбат-диалог. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы айту;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақтың ұлы тұлғалары туралы мәтіндер.

53. «Тіл үйренемін» - 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Көптік мағынаны білдіретін сөздер. Лексика: шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, тіл ерекшеліктері, мұра, сазгер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсініп, айту. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Сипаттау мәтіндерінің мазмұнын түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, шет тілдерін үйрену туралы өз ойларын білдіру;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарға байланысты қысқаша сұхбат-диалог. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы айту;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның астаналары туралы мәтіндер.

54. «Көлік түрлері. Мен мектепке немен барамын?» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Жұрнақ түрлері. Лексика: ыңғайлы, айналысады, соңғы үлгісі;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде көлікке қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Көлік, көліктің түрлеріне байланысты мәтіндерді тауып оқу; көлікке қатысты өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Хабарландыру, жарнама сипатындағы мәтіндерді түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, Астана тақырыбы бойынша сөз тіркестері мен оралымдарды сөйлеу тілінде қолдану;

жазылым: көлікпен байланысты қысқаша мәтін жазу. Көлік, көліктің түрлері, бағдаршам, оның атқаратын қызметтері, мектепке бару/келу кезінде орындалатын іс-әрекеттер туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда көлік, көліктің түрлері, мектепке бару/келу кезінде орындалатын іс-әрекеттер жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдау. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: көлік қатынасына байланысты мәтіндер.

55. «Астана, туған күніңмен» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Сөз тудырушы жұрнақтар. Лексика: Елорда, қонақ үйлер, ескерткіш, тамашалау, естелік, мерекелік, концерт, қойылымдар, құлпыру, киіз үй;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Астана туралы мәтінді тыңдап, түсінгенін айту. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Астана тақырыбы бойынша мәтіндерді тауып оқу. Сипаттау мәтіндерінің мазмұнын түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, Астана туралы өз ойларын білдіру;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Астана туралы өз ойын жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда Астана туралы қысқаша сұхбат-диалог. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы айту. Диалог-сұрақ, диалог-өтініш. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның астаналары туралы мәтіндер.

56. «Табиғатты қорғайық» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Сөз түрлендіруші жұрнақтар. Лексика: айналаны таза ұстау, сенбілік, көгал, ағаш егі, «Жасыл ел» бағдарламасы, арық, рәсім, бұлақтың көзі, көгалдандыру;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде жиі қолданылған табиғат, экология туралы сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Табиғат, экология тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; табиғат туралы өлеңдерді оқып, түсінігін айту;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, табиғат және экологияға қатысты сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті өмірде қолдану;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Өзі тұратын жердің табиғаты туралы қысқа әңгіме жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда табиғат, экология жөнінде қысқаша сөйлесу. Табиғат туралы диалог-мәлімет. Диалог-қоштау;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ ақындарының табиғат туралы өлеңдері.

57. «Кім және қайда?» - 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Дара сөздер. Лексика: төр, босаға, құрметті орын, төрге шығыңыз! табалдырық, жаман ырым, тыйым сөздер, басу/баспау, жақсылық.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде жиі қолданылатын отбасы мүшелері арасындағы сыйластық туралы сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластық тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; туыстық атауларға қатысты өлеңдерді оқып, түсінігін айту;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, туыстық атауларға қатысты сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті өмірде қолдану;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластық туралы қысқа әңгіме жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда отбасы мүшелері арасындағы сыйластық жөнінде қысқаша сөйлесу.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ ақындарының туыстық атауларға қатысты мәтіндер

58. «Сүйікті кейіпкерім» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Күрделі сөздер. Лексика: танымал, шын аты, мазақтайды, сатпайды, алдану, сатқын, оқу озаты, оқудан қашу, бұзық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде сүйікті кейіпкеріне қатысты жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. 2 минуттық тыңдаған әңгімені түсініп, айта алу. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Сүйікті кейіпкері туралы күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, сүйікті кейіпкері жайлы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Сүйікті кейіпкері туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда сүйікті кейіпкері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу. Диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

59. «Спортпен айналысамыз» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Күрделі сөздердің емлесі. Лексика: Халықаралық, іс-шаралар, кіреберіс, шешінетін жер, палуан, айналдыру, ептілік, табандылық, жылдамдық, қатал;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде спорт түрлері мен еліміздегі әйгілі спорттық кешендерге қатысты жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. 2 минуттық тыңдаған әңгімені түсініп, айта алу. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Спорт түрлері мен еліміздегі әйгілі спорт кешендері туралы күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, спорт түрлері мен өздеріне таныс спорт кешендері туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Спорт түрлері мен өздеріне таныс спорт кешендері туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда спорт түрлері мен өздеріне таныс спорт кешендері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

60. «Теледидар көремін» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Біріккен сөздер. Лексика: тұрақты, тікелей эфир, көрермен, ерінбе, қарапайым;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде балаларға арналған теледидар бағдарламаларына қатысты жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. 2 минуттық тыңдаған әңгімені түсініп, айта алу. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Балаларға арналған теледидар бағдарламалары туралы күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, балаларға арналған теледидар бағдарламалары туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Балаларға арналған теледидар бағдарламалары туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда балаларға арналған теледидар бағдарламалары жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

61. «Әнші құмдар» - 5/3 cағат:

1) тілдік бөлім: Қос сөздер. Лексика: ұлттық қорық , табиғи ескерткіш, үңгірлер, жер көлемі, мекендейді, қорықшы, төбе, желсіз, жаңбырлы, үн-түнсіз жатады;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде еліміздегі табиғат ғажайыптары: әнші құмдар туралы жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Еліміздегі табиғат ғажайыптары: әнші құмдар туралы күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, еліміздегі табиғат ғажайыптары: әнші құмдар туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Еліміздегі табиғат ғажайыптары: әнші құмдар туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда еліміздегі табиғат ғажайыптары: әнші құмдар жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

62. «Сен білесің бе?» - 5/3 cағат:

1) тілдік бөлім: Қысқарған сөздер. Лексика: шың, қоссайыс, сайыскер, бір мезгілде би билеу, қара жорға, буын биі;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде Гиннес рекордтар кітабына енгендер туралы жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, Гиннес рекордтар кітабына енгендер туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Гиннес рекордтар кітабына енгендер туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда Гиннес рекордтар кітабына енгендер жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

63. «Ол «Қызыл кітапқа» енген» - 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: Тіркесті сөздер. Лексика: қорғау, одақ, өсімдіктер, деректер, сирек, таралу картасы, жойылып кету,тіркелген, талас, көпжылдық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде «Қызыл кітапқа» енген Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері туралы жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, «Қызыл кітапқа» енген Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. «Қызыл кітапқа» енген Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда «Қызыл кітапқа» енген Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

64. «Жаз қызықтары» - 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Күрделі сөздердің емлесі. Лексика: тері аурулары, іш аурулары, сақтану, көңіл бөлу, күн өткізу, аптап ыстық, көлеңке, күннен қорғану;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде жаз қызықтары туралы жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, жазғы демалыс туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Жазғы демалыс туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда жазғы демалыс жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.

Наши рекомендации