Пререквизиттер және постреквизиттер

Реквизитке дейінгі: психология негіздері, анатомия-2, коммуникативтік дағдылар-2, патологиялық анатомия, фармакология, клиникаға кіріспе-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары.

Реквизиттен кейінгі:медициналық жедел жәрдем, жалпы дәрігерлік практика, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура.

Пәннің қысқаша мазмұны

Неврология, Психиатрия, Наркология пәні студенттерге науқастарды сұрастыруды, неврологиялық және психикалық статусты зерттеуді; симптомдардан синдромдар құрастырып, топикалық диагнозды анықтауды, емдік және алдын-алу шараларын жүргізуді үйретеді.

БЛОК №1

Дәрістік блок

БЛОК №2 Неврология

Сезімталдық және оның бұзылыстары. Терең және үстірт сезімталдықты тексеру. Бұзылыстың симптомдары мен синдромдары. Ерікті қозғалыс және оның бұзылыстары. Тексеру тәсілдері. Орталық және перифериялық салдар. Деңгейіне байланысты қыртыс-бұлшықет жолының зақымдану семиотикасы. Экстрапирамидалық жүйе. Тексеру тәсілдері. Экстрапирамидалық жүйенің зақымдалу синдромы. Мишық. Қозғалыстың координациясын тексеру және оның бұзылыстары. Бассүйек-ми нервілері. Бассүйек-ми нервілерінің функцияларын тексеру. Альтернациялық синдромдар. Мидың жоғарғы функциялары. Тексеру тәсілдері және зақымдану симптомдары. Вегетативтік нерв жүйесі. ВНЖ сегменттік және сегментүсті бөліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің зақымдану синдромдары. Лимбикалық эмоциональды сақиналар. Клювер-Бюси лимбикалық синдромы.

БЛОК №3 Неврология

Неврологиялық ауруларды қосымша тексеру тәсілдері. Науқастан анамнез жинау және ауру тарихын талқылау. ОНЖ қабыну аурулары. Менингиттер: бактериялық, вирустық және аралас. Туберкулез (туберкулезді менингит, туберкулома). Кенелік вирустық энцефалит. Эпидемиялық энцефалит . Экономо. Полиомиелит. Миелит. НейроЖИТС. Цереброваскулярлық аурулар. Жіктелуі. Қауіп факторлары. Ми қанайналымы бұзылуының өтпелі түрі (гипертониялық криз және өтпелі ишемиялық шабуыл). Ми инфаркті. Миішілік қан құйылулар. Субарахноидальды қан құйылу. Артерия-веналық мальформациялар. Цереброваскулярлық аурулардың салдары. Мидың созылмалы ишемиясы. Перифериялық нерв жүйесінің аурулары. Жеке нервілер, нерв түбіршелері және түйіндердің зақымдануы. Полиневропатиялар. Нерв жүйесінің вертеброгенді аурулары. Эпизодикалық және пароксизмальды естің бұзылысы. Эпилепсия. Жіктелуі (Киото, Нью-Дели). Клиникалық көрінінсі ұстама түріне байланысты. Эпилептикалық статус. Вегетативтік нерв жүйесінің бұзылыстары. Сақина.

БЛОК №4 Неврология

Нерв жүйесінің демиелинизденген аурулары Шашыраңқы склероз. Жіті шашыраңқы энцефаломиелит. Лейкоэнцефалиттер ( Краббе, Девик, Ван-Богарт, Шольц, Шильдер). Мидың дегенеративтік атрофиялары. Альцгеймер ауруы. Пик ауруы. ОНЖ басым зақымдайтын жүйелі атрофиялар. Гентингтон ауруы. Тұқым қуалайтын атаксиялар Пьер-Мари, Фридрейх. Бүйірлік амиотрофиялық склероз. Қозғалыс функцияларының экстрапирамидалық қозғалыс бұзылыстары. Нерв-бұлшықет синапстары мен бұлшықет аурулары: невральдық амиотрофиялар, миопатиялар, миастения. Нерв жүйесінің пренатальдық және перинатальдық зақымдануы. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомдық бұзылыстар. Ісіктер. Сыртқы себептерден болған жарақаттар және салдары. Ұйқының бұзылуы. Соматоневрология: эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылыстары.

БЛОК №5 Психиатрия

Психиатрия пәні және мақсаты. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының этиологиясы мен таралуы. Зерттеу принциптері және диагностиканың қазіргі әдістері. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары. Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары.

БЛОК №6 Психиатрия

Психикалық аурулардың жіктелуі. Симптоматикалық, психикалық бұзылыстар енетін органикалық бұзылыстар. Кем ақылдылық. Жас шамасына қарай ерекшеліктер. Шизофрения және аффектілік бұзылыстар. Жас шамасына қарай ерекшеліктер.

БЛОК №7 Психиатрия

Стресске байланысты невротикалық және соматоформдық бұзылыстар. Физиологиялық бұзылыстармен байланысты мінез-құлық бұзылыстары. Тұлғаның бұзылыстары. Жас шамасына қарай ерекшеліктер.

БЛОК №8 Наркология

Наркология пәні және міндеттері.Психобелсенді заттектер туралы түсінік және жіктелуі. Наркологиялық аурулардың этиологиясы және таралуы. Зерттеу принциптері және диагностиканың қазіргі әдістері.

Наркологиялық көмекті ұйымдастыру.

БЛОК №9 Наркология

Негізгі наркологиялық синдомдар. Маскүнемдік. Металкогольді психоздар.

Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшіліктері. Нашакорлық және токсикомания. Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшіліктері.

Наши рекомендации