Оқыту нәтижелері. 1.1. Пререквизиттер: Пәннің оқытылуы студенттердің өткен семестр-лердегі математикалық және электротехникалық

Пәннің сипаттамасы

1.1. Пререквизиттер: Пәннің оқытылуы студенттердің өткен семестр-лердегі математикалық және электротехникалық дайындығына және келесі пәндерде алған білімдеріне негізделеді: «Физика», «Электротехниканың теориялық негіздері», «Математика».

1.2. Постреквизиттері: оқытудың соңғы сатысында студенттер мамандығына сәйкес пәндерді оқып үйренеді: «Электр станциялары мен қосалқы станциялар», «Электр энергетикалық жүйелердегі релелік қоғаныс және автоматика», «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау».

1.3. Пәннің түсіндірмесі:

«Электр энергетика» пәні «Электр энергетика» бағытының негізгі тірегіне сай келетін, 5 тараудан тұрады: электр станциялары, электр энергетикалық тораптар және жүйелер, электр энергиясының тұтынушылары және қоректену жүйелері, релелік қорғаныс және автоматика, дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылатын энергия көздері.

1. «Электр станциялары» тарауы: әртүрлі электр станциялардағы электр энергиясын өңдірудің негізгі технологиялық процесстерінің даму тенденцияларымен, жүктеме графигімен және станцияның құрылымдық сұлбаларын салу принциптерімен және де дәстүрлі емес және дәстүрлі емес энергия көздері станцияларының негізгі жабдықтарымен таныстырыды.

2. «Электр энергетикалық жүйелер және тораптар» тарауы: электр энергиясын тасымалдау және тарату аумағындағы негізгі сұрақтармен таныстырыды.

3. «Электр энергиясының тұтынушылары және қоректену жүйелері» тарауы: электрмен жабдықтаудың даму алғышарттары және негізгі сұрақтармен және қазіргі заман жағдайындағы электр энергиясын үнемдеу сұрақтармен таныстырады.

4. «Релелік қорғаныс және автоматика» тарауы: энерго жүйедегі қалыпты емес режимдерді, бұзылуларды автоматты түрде жоюдың әдістерімен, жұмыстың сапалығымен қамтамасыз ету жүйелерімен таныстырады.

5. «Дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылатын энергия көздері» тарауы: әлемдегі қайта жаңғыртылатын энергия көздерінің энергетикасының дамуымен таныстырады.

Пәннің мақсаты

1) «Электр станциялары» тарауы: электр станцияларындағы электр энергиясын өндірудің технологиялық процессін оқыту. Электр станцияларының құрылымдық сұлбаларын құрастырудың негізгі принциптерін игеру.

2) «Электр энергетикалық жүйелер және тораптар» тарауы: электр тораптарының конструктивті ерекщшелігін, электр тораптары элементтерінің шамалары және сипаттамаларын оқыту. Және де электр тораптары мен жүйелерінің қалыптасқан жұмыс режимдерін есептеу әдістерін игеру.

3) «Электр энергиясының тұтынушылары және қоректену жүйелері» тарауы: электр жүктемелерін есептеу әдістері және электрмен жабдықтаудың дамуының алғы шарттары, негізгі мәселелері оқытылады. Энергия сақтауыш технологиялардың негізгі принциптері игеріледі.

4) «Релелік қорғаныс және автоматика» тарауы: релелік қорғаныс және автоматика қондырғыларын құрастыру негіздерін игеру; релелік қорғаныс және автоматика қойылымын таңдау және есептеудің, инженерлік тапсырмаларды өз бетімен шешу тәжірибесін игеру.

5) «Дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылатын энергия көздері» тарауы: Энергия теңдігіне жету мақсатында сарқылмайтын энергетикалық ресурстарды – жел, күн энергиясын, жер жылуын, аз көлемдегі өзендер энергиясының қажеттілігін көрсету, студенттерге сарқылмайтын және қайта жаңғыртылатын энергетикалық ресурстардың меншікті шамаларын бағалауға үйрету, біріншілік энергияны электр энергиясына түрлендірудің техникалық аспаптардың құралдары және жұмыс жасау принциптерін игеру.

Оқыту нәтижелері

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар:

А (білуі және түсінуі). Электр энергиясын алудың негізгі әдістерін, электр станциялардың түрлері мен электр станцияларда электр энергиясын өңдіру технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, энергияны таратудың, тасымалдаудың негізгі принциптерін, энергожүйенің электрлік бөлігіндегі қалыпсыз режимдер мен зақымдануды автоматты жою әдістерін, Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құрамын, электр энергетикалық жүйенің негізгі элементтерінің негізгі жұмыс принциптері мен конструктивті орындалуын, электрлік тораптардың тағайындалуын және олардың негізгі сипатты ерекшеліктерін білуі ажет. Электр энергетикалық жүйе –электр энергиясын өңдіру, түрлендіру, тасымалдау, тарату және тұтыну үшін тағайындалған элементтердің өзара байланысы жиынтығы ретінде.

В (білгенін және түсінгенін қолдану).Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік, мерзімдік және жылдық графиктерді тұрғызуды, электрлік станциялардың негізгі жабдықтарын пайдалануды, ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау сұлбаларын құруды, энергожүйенің бас бағытты (магистральді) желілер мен таратушы тораптарды релелік қорғанысының негізгі қасиетін пайдалануды, энергожүйені зақымданудан және жұмыстың қалыпсыз режимдерінен қорғауды, апатқа қарсы автоматтандырылған құралдармен апаттық бұзылулардың дамуын алдын-алуды білуі қажет.

Электрлік қосалқы станциялардың негізгі жабдықтарын пайдалануды, апатқы қарсы автоматтандырылған құралдар көмегімен апаттық бұзылулардың дамуын алдын-алуды, реактивті қуаттарды компенсациялауды практикалық дағдылану.

С (өз пікірін қалыптастыру). Электр энергиясын өңдіру, түрлендіру және пайдалану әдістері, Қазақстан Республикасының негізгі тұтынушылары, энергожүйе элементтерінің жаңа сандық қорғаныс мен автоматты техникалардың, оперативті ақпаратты кешендердің (ОИК), қосалқы станцияны басқарудың интегралданған жүйесінің жетістіктері туралы өз пікірі болуы қажет.

Д (коммуникативтік қабілеттер). Жаңа технологияларды пайдалану негізінде энергияны тасымалдаудың жаңа әдістерін жобалау және дайындау сұрақтарында, энергетикалық қорларды тиімді пайдалану сұрақтарында, энергияны тасымалдау, тарату, энергожүйенің электр бөлігіндегі қалыпсыз жұмыс режимдері мен зақымдануларды автоматты жою сұрақтарында коммуникативті болуы қажет.

Е (білім алу дағдылары немесе оқуға қабілеттілігі). Қойған мақсатқа байланысты міндеттерін анықтауды және жоспарлауды, кәсіби қызметті шығармашылық қабілетпен орындай білуі, басқармада инициативті болуы, кәсіби білімінің дамуына және кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет.

В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының 3 курс студенттеріне 2016-2017 оқу жылының күндізгі оқыту формасының 5 семестріне арналған

Наши рекомендации