Html тілінің құрылымы
<HTML>
<HEAD> <TITLE> құжат тақырыбы </TITLE> </HEAD>
<BODY>
құжат тұлғасы
</BODY>
</HTML>
Көп жағдайларда HTML құжаттардың тақырыптары болады. Олар <Hn></Hn> тэгтер арқылы жасалады, n–нің орнына 1-ден 6-ға дейін сан жазамыз. Осы тегтер ортасына мәтін орналастырсақ, сізге белгілі көлемді тақырып шығады.
<H1>Тақырып</H1>
<H2>Тақырып</H2>
<H3>Тақырып</H3>
<H4>Тақырып</H4>
<H5>Тақырып</H5>
<H6>Тақырып</H6>
Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <P>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тэгі жазылады. Бұл тэгтерді жабу керек емес. Әрине, егер Сіз <P> тэгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:
<P ALIGN=LEFT>Сол жақ шетке түзеу</P>
<P ALIGN=CENTER>Ортаға келтіру</P>
<P ALIGN=RIGHT>Оң жақ шетке түзеу</P>
Ал мәтінге қалын, курсивті, сызықты және т.с.с. түр беру үшін, оны сай келетін тэгтер ортасына жазу керек:
<B>қалын текст</B> |
<I> Курсивті </I> |
<U> Асты сызылған </U> |
<STRIKE> |
<SUP> Жоғарғы индекс </SUP> |
<SUB> Төменгі индекс </SUB> |
Кейбір тэгтер белгілі бір параметрлермен қолданыла алады немесе қолдану тиіс, олар ашылған тэг элементтерінде жазылады (бір тэгте бірнеше параметр беруге болады). Мысалы, ашылып жатқан <FONT> тэгінің (</FONT> жабылатын тэг жазылу тиіс) бірнеше арибуттары болуы мүмкін:
SIZE - шрифттің өлшемін береді (стандартты шрифт өлшемі -"3"). Мәтінді <FONT SIZE=n></FONT> тэгтерінің ортасына қойсақ (бұл жердегі n - цифра) Сіз оған керекті өлшем бересіз:
<font size="1">Мысал 1</font>
<font size="2"> Мысал 2 </font>
<font size="3"> Мысал 3 </font>
<font size="4"> Мысал 4 </font>
<font size="5"> Мысал 5 </font>
<font size="6"> Мысал 6 </font>
<font COLOR="white"> Красный </font>
<font COLOR="#FF0000"> Красный </font>
Сонымен түс туралы басынан айтып кетейік. <BODY> тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып және оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек. Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды.
<BODY BGCOLOR="RED">(түстің аты қолданылған)
<BODY BGCOLOR="#FF0000">(түс 6 орынды кодпен берілген)
Сурет тэгтері.
HTML құжатына сурет салу үшін келесі құрылымды жасау керек. (толық көрсетілген):
<IMG SRC="Сурет аты" BORDER="0" ALIGN="түзеу" WIDTH="Ені" HEIGHT="Биіктігі" HSPACE="1-орын қалу" VSPACE="2-орын қалу" ALT="сұхбат">
Кестелер тэгтері
Кестелерді қолдана отырып, бірнеше бағана құруға және суреттің фоны мен үйлесуін сәндірек етуге болады т.с.с.
Кесте <TABLE> ашылатын тегімен басталып </TABLE> тегімен аяқталады.
<TABLE> тегінде мынадай атрибуттары болуы мүмкін:
Кестенің құрылымын біліп алу үшін, қарапайым мысалды алып қарайық:
Ескерту: Берілген мысалда кестенің ені қолдан берілген (WIDTH="200" пиксель), бірақ пайызбен берген ыңғайлы, себебі бұл жағдайда терезенің көлеміне қарай өзгеріп отырады. | Мұндай кесте былай жасалады: <TABLE BORDER="2" WIDTH="200" BGCOLOR="#00FF00"> <TR> <TD>1 ұяшық</TD> <TD>2 ұяшық</TD> </TR> <TR> <TD> 3 ұяшық</TD> <TD> 4 ұяшық</TD> </TR> </TABLE> |
Кестеде тақырып орналасуы мүмкін, ол <CAPTION></CAPTION> тэгтерінің ортасында орналасады. Ол міндетті түрде <TITLE> тэгінен кейін орналасу керек. Тақырыпқа ALIGN атрибутын қолдануға болады, ол кестеде орналасуын анықтайды:
TOP - тақырып кестенің жоғарғы жағының ортасына жазылады.
LEFT - тақырып кестенің жоғарғы жағының сол жақ шетіне жазылады.
RIGHT - тақырып кестенің жоғарғы жағының оң жақ шетіне жазылады.
BOTTOM -тақырып кестенің төменгі жағының ортасына жазылады.
Ал енді кестенің жолдары мен ұяшықтары туралы. Кестенің жолдары <TR> тэгімен басталады және </TR> тэгімен жабылады, ал әрбір ұяшық <TD> тэгімен басталып </TD> тэгімен аяқталады.
Тізімдер тэгтері.
Нөмірленген тізім:
Бұл жағдайда тізімнің әрбір элементтің алды автоматты түрде нөмірленіп шығады. Нөмерленген тізім <OL> тэгінен басталып, </OL> тэгімен аяқталады. Мысалы:
<OL> <LI> Бір <LI> Екі <LI> үш <LI> Төрт <LI> Бес </OL> | 1. Бір 2. Екі 3. үш 4. төрт 5. Бес |
<OL> тегінің мынадай параметрлері болуы мүмкін:
TYPE - санау түрі:
A - үлкен латын әріптері
a - кіші латын әріптері
I - үлкен рим цифрлары
i - кіші рим цифрлары
1 – араб цифрлары
Келесі мысалда тізім үлкен рим санының сегізінші цифрінен басталып нөмерленген:
<OL TYPE="I" START="8"> <LI> Сегіз <LI> Тоғыз <LI> Он <LI> Он бір <LI> Он екі </OL> | VIII. Сегіз IX. Тоғыз X. Он XI. Он бір XII. Он екі |
Номерленбеген тізім:
Номерленбеген тізім үшін әдетте тізімдегі элементті белгілеуге маркерді қолданады. Ал маркердің түрін, заң бойынша, қолданушы таңдайды.
Номерленбеген тізім <UL> тэгімен ашылып, </UL>тэгімен жабылады. Тізімдегі әрбір элемент <LI> тэгімен басталады. Мысалы:
<UL> <LI> Бір <LI> Екі <LI> үш <LI> Төрт <LI> Бес </UL> |
|
<UL> тэгі өзіне TYPE параметрін қоса алады. Оның disc, circle, square деген белгілері бар.
<UL TYPE=disc><LI> disc </UL> |
|
<UL TYPE=circle><LI> circle </UL> |
|
<UL TYPE=square><LI> square </UL> |
|