Html тілінің негізгі ұғымдары

Дәріс. HTML туралы жалпы мәліметтер

HTML элементтері

Текстік құжаттарды форматтау үшін HTML –ді қолдану

Жалпы мәліметтер

1999 жылы дүние жүзі Intеrnet.-тің 30 жылдық мерй тойын атап өтті. ие Intеrnetжеліснің туған күні 1969 жылдың 2 қаңтары болып есептеледі. Міне осы күні АҚШ Қорғаныс Министрлігінің перспективалық зерттеулер Басқармасы ArPA (Advanced research Project Agency) қорғаныс компьютерлерінің байланысын жобалау жұмысын бастады.

Біраз жылдан кейін - 1989 жылы Оксфорд университетін бітірген, физика облысының бакалавры – Ядролық зерттеулердің Еуропалық орталығының қызметкері (CErN) Тим Бернес-Ли world wide webинформациялық қызметін жасап шығарды.. Ол клиент/сервер ( браузер ) қосымшасын жазып шықты. Барлық жүйенің негізіне гипертекст ұғымы, яғни бір-біріне сілтемесі бар жекелеген текстердің жиыны кірген еді. Бұл текстермен жұмыс жасау үшін арнайы HTTP - Hyper Text Transfer Protocol протоколы жасалды. Мұнда html. Тілінің негізгі элементтері белгіленген. Бұл технология желіліердің дамуына көп үлес қосты және желі халықаралық желіге айналды.

Көптеген коммерциялық компаниялар бұл инициативаны лезде қолдап өздерінің браузерлерін шығара бастады

1994 жылы w3C Консорциумықұрылды. Оның негізгі қызметі htmlтілі қолданылатын облыстаworld wide web-тің одан ары дамуына ықпал етуге қажетті стандарттарды жасап, бірегей тәртіп орнату болды.

1996 жылы w3C Консорциумы html 3.2тілінің жаңа версиясын ұсынды. Бұл версия өзара бәсекелес екі фирманы Microsoft и Netscape татуластырып, олардың бірегей шешімдерін бір тұтас етіп қолдану үшін жасалған еді. Бірақ w3C Консорциумыныңбұл табысы даулы болды, өйткені әрбір компания html тіліне өз кеңейтулерін жасап, оларды қолдау үшін өздерінің браузерлерін енгізді.

Соған қарамастан html тілі SGML стандартты жалпылама тілінен дами отыра, текстік құжаттарды белгілеу үшін жасалған оның туындысы болып есептеледі. Осы уақытқа дейін html тілін программалау тілі деп есептеу керек пе керек емсе пе деген дау тоқталмай келеді. Программисттің көзқарасы бойынша оның синтаксисі өте қарапайым ғана және оқып үйренуге өте жеңіл, бірақ басқа жағынан қарағанда – қарапайым қолданушы үшін html тілін үйреніп білу оңайға түспейтіні белгілі.

Программа жасаушылар html –ге интегралданатын интерактивті модульдер жасауда, сол сияқты html–дің бастапқы кодына енгізуге мүмкін болатын программалау тілдерін және мәліметтер базасын қолдайтын құралдар да жасауда. Тіл текстің және графиктердің сыртқы түрі мен мүмкіндіктерін басқару құралдарын жасау үшін де кеңейтілуде. Егер бұрынғы кездері, дербес компьютерлер пайда болысымен, қолданушылар тек қана текстер жазумен және оны принтермен шығарумен айналысса, ал қазір олар көп уақытты интерактивті өзара байланысқа көп бөледі.

Жұмыс стилі де, оларға ену құралдары да өзгеруде. html тілі бастапқы кезден-ақ тәуелсіз-платформа тілі ретінде жасалған. Жаңа технологиялар іс жүзінде барлық жерде қолданылуда және жақын арада world wide webкеңістігі тек қана дербес компьютері бар қолданушылардың үлесінде болмайды, өйткені қазірдің өзінде кейбір қолданушылар көзі көрмейтіндер үшін арналған дауыстық браузерлерді, Бройляазбукасынпайдалануда. Көп жағдайларда мәліметтер компьютер мониторына емес, телевизор экранына немесе телетайпқа немесе монохромды дисплейлерге шығарылуда.

Даму жолдары

1999 жылдың өзінде әлемде дербес компьютерлерді сату көлемі 40%-ке төмендеп кетті, ал әртүрлі өзімен алып жүретін және қалтада ұстайтын портативті құрылғыларды сату өте қарқындап өсіп кетті. Әрине нарықтың бұл секторына Microsoft. фирмасы қарамай қалған жоқ, сондықтан қолданушылар алдында мынадай сұрақ пайда болып отыр: алдағы уақыттарда барлық өзгерістерге дайын болу үшін қазір тілді үйренгенде көңілді қай жаққа көп бөлген дұрыс?

Жылы w3C Консорциумы html 4,0 версиясын ұсынды, мұнда қай элементтер ескіргені және алдағы уақытта қолдануға болмайтыны көрсетілген (APPLET, BASEFONT,CENTEr, DIr, FONT,ISINDEX,MENU,S, STrIKE и U), және болашақта пайдалануға қажетті жаңа элементтер мен атрибуттар ұсынылды (ABBr, ACrONYM, BDO, BUTTON, COLGrOUP, DEL, FieLDSET, FrAME, FrAMESET, IFrAME, INS, labEL, LEGEND, NOFrAMES, NOSCrIPT, OBJECT, OPTGrOUP, PArAM, SPAN, TBODY, TFOOT, THEAD и Q.

html құжатын көрсетуді анықтайтын барлық атрибуттар (түс, түзету, шрифттер, графика және т.б..) онша қажет те болмай қалды, оның орнына стилдер мен класстар кестесін пайдалану ұсынылды. id және class атрибуттары авторларға стильдер кестесі, сілтемелер, скриптер, объектілерді хабарлау, құжаттарды жалпы өңдеу және т.с.с үшін класс пен аттары туралы информацияларды тағайындауға мүмкіндік береді, сонымен қатар кестелерді көрсетумен жақын арада стильдер кестесі айналысады деп күтілуде.

Html тілінің негізгі ұғымдары

Символдар жиыны

Жалпы айтқанда, html –де пайдаланылатын символдар жиыны құжатта ISO Latin 1 (ISO 8859-1 кодировка деп те аталады) қосу керек,, өйткені ол ISO 8859 стандарттар жиынына жатады және ISO 10646 мен Unicode-мен бірге жұмыс жасай алуы қажет.

Іс жүзінде Сіз тек қана ISO Latin 1 символдар жиынын пайдалануыңыз керек. Қазір және алдағы уақытта да Сіз оның кең таралған қосымшаларына иық тірей аласыз. ISO Latin 1 қолдаушысы барлық браузерлерде жұмыс істеуі қажет, бірақ та кей кезде онымен келіспеген жағдайлар да туындауы мүмкін. Сонымен қатар Сіз ISO Latin 1 символдар жиыны құрамына кіретін ASCII символдар жиынымен де жұмыс істей беруіңізге болады

Html тегтері

html тегтері бірінен кейін бірі белгілі бір тәртіппен орналасқан элементтерден тұрады:· сол жақтағы бұрыштық жақша < ("кіші" символы сияқты белгіленеді); қандай да бір құрылымды жабатын, тегтің ақырғы тег екенін білдіретін онша қажет емес слэштен / тұрады. Сонымен, Сіз / символын тег атының соңы деп оқуыңызға да болады, мысалы, TITLE немесе PrE атрибуттарының. Тег атрибутсыз да болуы немесе бір не бірнеше атрибуттардан тұруы мүмкін, мысалы, ALIGN=CENTEr және қатар оң бұрыщтық жақша > ("үлкен " символы сияқты).

Элементы html

Тегтердің көпшілігі, әрине бәрі емес, қосарланып келуі де мүмкін. Мысалы, <H1>Foreword</H1>. Бұл жағдайларда екі тег және олардың ортасындағы құжат html элемент деп аталатын блокты құрайды. Оны контейнер деп те атайды. Кейбір тегтер, мысалы, . <Hr>, өздігінен –ақ тег элементі болып саналады және олар үшін оқырғы тег керек емес. Алда тегтерді бұрыштық жақшаларды есептемей-ақ өз аттарымен атайтын боламыз.

Aтрибуттар

Әрбір тег үшін көптеген мүмкін болатын атрибуттар анықталған.. Тегтердің көпшілігі бір енмесе бірнеше атрибутты болады, кей жағдайларда атрибутсыз да болуы мүмкін. Атрибуттың спецификациясы келесі ретпен орналасады· атрибут аты, мысалы, wIDTH

Наши рекомендации