Лшеу құралдарының виртуалды модельдерін бейнелеу

Емес акционерлік

Оғам

Лшеу құралдарының виртуалды модельдерін бейнелеу - student2.ru Лшеу құралдарының виртуалды модельдерін бейнелеу - student2.ru

Инженерлік кибернетика кафедрасы  
Лшеу құралдарының виртуалды модельдерін бейнелеу - student2.ru

МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЛШЕУЛЕР

5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының

барлық оқу түрлерінің студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар

2 бөлім

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: С.Г. Хан, Л.К.Ибраева. Метрология және өлшеулер. 2 бөлім. 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар.- Алматы: АУЭС, 2012.- 45 б.

Әдістемелік нұсқаулар 2010 жылы шығарылған 6 зертханалық жұмыстарының бейнелеуінен тұратын әдістемелік нұсқаулардың жалғасы болып табылады. Ұсынылып отырған зертханалық жұмыстар 5 зертханалық жұмыстардың бейнелуінен тұрады және имитациялық модельдеуді қолданып компьютерде виртуалды жұмыстарды өткізуді негізделген.

Әдістемелік нұсқаулар «Метрология және өлшеулер» пәні бойынша зертханалық жұмыстарын өткізгенде қолданылады.

Бейне 25, кесте 15, әдебиет - 8 атау.

Пікір беруші: техн.ғыл.канд.

“Алматы энергетика және байланыс университет” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

© “Алматы энергетика және байланыс университет” ҚЕАҚ, 2013 ж.

Мазмұны

7 Зертханалық жұмыс. Бір ретті тура және жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу  
8 Зертханалық жұмыс. Фазалық ығысуды өлшеу әдістерін оқу
9 Зертханалық жұмыс. Автоматты потенциометрді тексеру
10 Зертханалық жұмыс. Бір ретті өлшеулер әдісімен термоЭҚК-ің нормалау түрлендіргішін тексеру және сынау  
11 Зертханалық жұмыс. Көп ретті өлшеулер әдісімен термокедергінің нормалау түрлендіргішін тексеру және сынау  
Әдебиет тізімі
А қосымшасы
Б қосымшасы

Зертханалық жұмыс. Бір ретті тура және жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу

Жұмыс мақсаты:тура және жанама бір ретті өлшеулерді жоспарлау және орындаудың дағдыларын алу. Қойылған өлшеу есепті шешуін қамтамасыздандыратын өлшеу құралдарды таңдауын үйрену. Тура және жанама бір ретті өлшеулердің нәтижелерін өңдеу және дұрыс көрсету әдістерін оқу.

Зертханалық жұмысқа тапсырма

- өлшеу құралдарының виртуалды модельдері мен олардың техникалық сипаттамаларын оқыңыз;

- осы өлшеу құралдары көмегімен берілген кіріс шаманы өлшеуге имитациялық тәжірибені өткізіңіз;

- үш өлшеу құралдар (өзіңіздің таңдауыңызбен) көмегімен виртуалды зертханалық стендте өткізілетін тура өлшеулер нәтижелерінің қателіктерін есептеңіз;

- бөлушінің бөлу коэффициентінің жанама әдісімен өлшеу нәтижесі мен қателігін есептеңіз.

лшеу құралдарының виртуалды модельдерін бейнелеу

Виртуалды зертханалық стенд дербес компьютердің жұмыс үстелінде орнатылған Labview-де өңделген компьютерлік модель болып табылады. Стендте келесідей өлшеу құралдарының модельдері бар: магнитэлектрлік вольтамперметрдің моделі; электронды аналогты милливольтметрдің моделі; цифрлік мультиметрдің моделі; универсалды көректену көзінің моделі; ауыспалы тоқтың көректену көзінің моделі; гальваникалық элементтің моделі; кернеу бөлгішінің моделі; коммутациялық құрылғының моделі.

Наши рекомендации