Лшеу құралдарына сынақтар жүргізу және өлшеу құралдарының типін бекіту тәртібі

Өлшеу құралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі.

Типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарына сынақ жүргізуге өтінішті, осы өлшеу құралдарын өндірушілер болып табылатын мүдделі және жеке тұлғалар немесе олардың Қазақстан Республикасының аймағындағы уәкілетті өкілдері уәкілетті органға тапсырады.

Уәкілетті органның келісім бойынша өтініш берушілер ретінде өлшеу құралдарының өндірушілері емес немесе Қазақстан Республикасының аймағында олардың уәкілетті болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.

Типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарына сынаулар жүргізу үшін өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

- сынақ бағдарламасының жобасы немесе өзгерту жобасы және типтік бағдарламаларға толықтырулар;

- Қазақстан Республикасының аймағында сериялы өндірілетін өлшеу құралдары үшін ГОСТ сәйкес пайдалану құжаттары, ал Қазақстан Республикасының аймағына енгізілетін өлшеу құралдары үшін, толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар өндіруші фирманың құжаттамалар жинағы;

- салыстырып тексеру құралдары мен әдістемелерін регламенттейтін пайдалану құжаттамасындағы тарау жоқ болғандағы ҚР СТ сәйкес салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы;

- екі данада, немесе жалпы көріністегі суреттермен типті сипаттау жобасы;

- типтің сиапттамасын ашық басылымда жариялау мүмкіндігі туралы өтініш берушінің хаты;

- республика аймаңында сериялы өндірілетін өлшеу құралдарының тәжірибелі үлгілерін алдын ала сынау хаттамалары;

- салыстырып тексеру құралдарымен Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процесіндегі өлшеу құралдарының қамтамасыз етілгендігі туралы мағлұматтар, сондай ақ оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді әске асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтер;

- ұсынылатын салыстырып тексеру аралық интервалдын негізін сақтайтын құжаттар.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарына сынақ жүргізу үшін өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

- типті бекіту туралы сертификат көшірмесі;

- типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау актісінің көшірмесі және бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын соңғы сынау актілері, егер олар жүргізілген болса;

- Қазақстан Республикасының аймағында серилы өндірілетін өлшеу құралдары үшін ГОСТ сәйкес пайдалану құжаттары, ал Қазақстан Республикасының аймағына енгізілетін өлшеу құралдары үшін толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар дайындаушы фирманың құжаттамалар жинағы;

Бекітілген типтегі өлшеу құралдарын модификациялау кезінде бекітілген типке сәйкестікке өлшес құралдарына сынақтар жүргізу үшін ұсынылатын, оның ішінде модификацияға қатысты қүжаттарға барлық толықтырулар мен өзгертулер ұсынылады.

Шет елдік өндірушінің өлшеу құралдарының типін бекіту мақсатында және типінің сәйкестігіне сынаулар жүргізуге құжаттар мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Құжаттар жинағы және сәйкес уәкілетті органмен тіркелгеннен кейін сынау жүргізуші үшін МҒМО-ға өлшеу құралдарын ұсынуы тиіс.

Өтініш беруші өкілінің қатысуымен типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарына сынақ жүргізу үшін, өндірушінің техникалық бақылау қызметімен немесе оны алмастыратын бөлімше қабылданған саннан өлшеу құралдарының үлгілерін іріктеп алады. Іріктеу, үш үлгіден кем емес сынақ бағдарламасымен белгіленген санда, кездей соқ таңдап алу әдісімен іске асырылады.

Дәлелденген жағдайларда өлшеу құралдарының үштен кем емес үлгісін іріктеп алуға болады.

Өлшеу құралдарының типтік өлшемдік қатары бар болса, типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынауға осы қатардың барлық өкілдеріне тән сипаттамалары мен қасиеттері бар қатардың типтік өкілдері болып табылатын өлшеу құралдарының үлгілері іріктеленіп алынуы мүмкін. Мұндай типтік қатардың өкілі жоқ болған жағдайда типтік көлемдік қатардың метрологиялық және сипаттамаларының белгілі үйлескен әр моделінен бір үлгіден іріктелініп алынады.

Өлшеу құралдарының үлгілерін іріктеу актісіне МҒМО және өтініш беруші өкілдері қол қояды.

Өлшеу құралдары шектеулі көлемде дайындалған немесе партиямен енгізілген жағдайда, уәкілетті органның келісімімен өтініш берушінің ұсынған өлшеу құралдарының үлгілерінде сынақтар жүргізуге болады, бұл кезде үлгілер саны бағдарламасымен белгіленген санға сәйкес келуі тиіс.

Типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау сынаудың типтік бағдарламасы бойынша жүргізіледі, онда белгіленген тәртіпте бекітілген өзгерістер немесе толықтырулар негізілуі мүмкін.

Типтік бағдарлама жоқ болған жағдайда өтініш беруші сынау бағдарламасының жобасын ұсынады, ол құрылымы және мазмұны жағынан ҚР СТ 2.6 талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қолданыстағы стандартталған салыстырып тексеру әдістемесі жоқ болса, әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін және оны байқауды қарастыру қажет.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын сынауды типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарына сынаулар жүргізу кезінде МҒМО мен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізеді. Қажет болған жағдайда МҒМО мен бекітілген бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде әске асырылғантексерулердің кері нәтижелерінде іске асырылатын бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын сынау жағдай төмендегі туралы ақпарат түскен сипаттамаларға тексеруді қосатын бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Модификациялау кезіндегі бекітілген типке сәйкестікке сынаулар өлшеу құралдарын дайындау конструкциясына немесе технологиясына енгізілген сипаттамаларға тексеруді қосатын бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Өлшеу құралдарын сынауды осы өлшеу құралдарына нормативтік немесе техникалық құжаттарда регламенттелген метрологиялық және техникалық сипаттамалармен өлшеу құралдарымен сыналатын үлгілеріне сәйкес келмеуінің анықталғанына дейін жүргізу керек.

Сәйкес келмеу табылғаннан кейін сәйкес келмеу тармақтары бойынша үлгілердің екі еселенген санында сынаулар жүргізіледі.

Үлгілердің екі еселенген санындағы сынауда немесе өтініш берушіде өлшеу құралдары үлгілерінің екі еселенген саны жоқ болған жағдайда өлшеу құралдардың сәйкес келмеуі табылса, сынауды тоқтатады және сынаққа қатысқан өкілдер қол қоятын, сынақты жүргізуге еркін пішінде хаттама және сынақты тоқтату себептері көрсетілген екі данада сынақ актісі құрылады. Егер өтініш берушінің өкілі қол қоюдан бас тартса хаттамада және сынақ актісінде « қол қоюдан бас тартты » деген белгі қойылады.

Өлшеу құралдарына жүргізілген сынақтардың дұрыс нәтижелерінде МҒМО Ж қосымшасына сәйкес пішін бойынша екі данада сынақ актісін, сынау бағдарламасының әр тармағы бойынша сынақ хаттамаларын және сәйкес ведомсын құрайды.

Сынаудың теріс нәтижелерінде өтініш беруші өтінішті өлшеу құралдарына сынау актісінде көрсетілген кемшіліктерді шектету бойынша сәйкес түзету іс шараларын жүргізгеннен кейін өлшем құралдарға қайта сынау жүргізу уәкілетті органға өтініш жібере алады. Қайта жүргізілген сынақ нәтижелері қорытынды болып табылады.

Типті бекіту мақсатында бекітілген типте сәйкестікке өлшеу құралдарын сынау нәтижелері бойынша типті бекіту тәртібі.

Сынақ нәтижелері бар сынақ материалдары және өтініш беркшінің сынауға ұсынған құжаттары бекіту немесе өлшеу құралдарының типін бекітуден бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жолданады.

Типті бекіту туралы дұрыс шешімде өлшеу құралдарының типін сипаттауда уәкілетті органның келісімі, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін МҒМО бекітуі іске асырылады, оны әзірлеу кезінде өлшам қүралдарының типін бекіту туралы сертификат және белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу рәсімделеді.

Типті бекіту туралы теріс шешімде өтініш берушіге өлшеу құралдардың типін бекітуде келіспеудің себептері көрсетілген хабарлама жібереді.

Сынақ нәтижелеріне мойындау жүргізу және өлшеу құралдарының типін бекіту тәртібі

Шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін мойындау және өлшеу құралдарының типін бекіту келісімдермен белгіленген немесе нормативтік құжаттармен рәсімделген тәртіпте уәкілетті органмен іске асырылады.

ТМД елдерінде дайындалған сынақ нәтижелерін мойындау және өлшеу құралдарының типін бекіту сәйкес іске асырылады.

Сынақ нәтижелерін мойындау және өлшеу құралдарының типін бекіту уәкілетті органмен МҒМО жүргізген, өтініш беруші ұсынған құжаттарын талдау нәтижелерінің негізінде іске асырылады.

Сынақ нәтижелерін мойындау және өлшеу құралдарының типін бекіту туралы дұрыс шешімде өлшеу құралдарының типін бекітуді мойындау туралы сертификат рәсімделеді және белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі. Типті бекіту туралы теріс шешімде өтініш берушіге сынақ нәтижелерін мойындауда және өлшеу құралдарының типін бекітуде келіспеу себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Наши рекомендации