Amp;4. Баспа құралдарының көмегімен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптар

47. Құжат мәтіні А4 және А5 пішінді бланкіде компьютер техникасының құрылғылары көмегімен мөлшері 14 Аrial немесе Тіmеs New Roman харіптерімен жоларалық бір интервалда басылады. Кейбір жағдайларда харіп мөлшері мен жоларалық интервал басқаша болуы да мүмкін.
Басылымға дайындалатын құжат мәтіні жоларалық екі интервалмен басылады.
Жазу машинкасында құжат мәтіні А4 пішінді бланкіде жоларалық бір жарым интервалмен, А5 пішінді бланкіде - жоларалық бір интервалмен басылады.

48. Құжат мәтiнiн басқан кезде тыныс белгілерінен кейін аралық орын қалдырылады. Цифрлық тәсiлмен ресiмделген құжатта уақыт элементтерiн бөлетiн нүктеден кейiн аралық орын қалдырылмайды.

49. Құжаттың бірнеше жолдан тұратын деректемелері жоларалық бiр интервалмен басылады. "Хат алушы", "бекiту белгiсi" және "келiсу белгiсi" деректемелерiндегi мекен-жай, "БЕКІТЕМІН" ("БЕКІТІЛДІ", "БЕКІТІЛГЕН") және "КЕЛІСІЛДІ" ("КЕЛIСКЕН", "КЕЛIСIЛГЕН") сөздері басқа құрамдас элементтерiнен жоларалық екi интервалда (компьютерлік техниканың баспа құрылғыларында) және жоларалық бір жарым интервалда (жазу машинкасында) бөлектенеді.

50. Құжатты нөлдік белгіден ресімдеген кезде мәтіндік жиектің сол жақ шегiнен мынандай деректемелер басылады:
1) жоғары тұрған органның ресми атауы;
2) ұйымның ресми атауы;
3) құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жерi;
4) қосымшаның бар-жоғы туралы белгі;
5) қойылған қолы;
6) келісу белгісі;
7) келісу бұрыштамасы;
8) орындаушы туралы белгі;
9) құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі;
10) құжаттың электрондық көшірмесінің идентификаторы (сәйкестендiргiшi).
Мәтiндегi "ТЫҢДАЛДЫ", "СӨЗ СӨЙЛЕДІ", "ШЕШТІ", "ҚАУЛЫ ЕТТІ", "БҰЙЫРАМЫН" және тағы басқа сөздер осы үлгiде орналасады.
Құжат түрінің атауы, құжаттың тіркеу нөмірі және мәтінге қойылған тақырып ортаға қарай теңестіріледі.
Құжат мәтінінiң бірінші жолы абзацтан басылады. Абзац мәтiндiк жиектiң сол жағынан бес баспа белгiсiнен кейін басталады.
Мәтіндік жиектің оң жағына мынандай деректемелер басылады:
1) құжаттың уақыты;
2) құжатқа қол жеткiзудi шектеу белгісі;
3) адрес;
4) бекіту белгісі;
Қалған деректемелерді, сондай-ақ бланкіде ресімделген құжат деректемелерін басудың басталу және аяқталу ретi олардың құжат бланкiсiндегi белгіленген орындарына қарай анықталады.

51. Екі және одан да көп ұйымдар әзірлеген құжаттарды (бірлескен бұйрықты, бірлескен шешімдi, бірлескен хатты) ресімдеген кезде бланк пайдаланылмайды. Дәрежелерi тең екі және одан да көп ұйымдар әзірлеген бірлескен құжатты ресімдеген кезде ұйымдардың ресми атаулары ұйым атауларының әлiпбилiк ретiне қарай бiр деңгейде орналастырылады. Екi және одан да көп ұйымдар әзiрлеген бiрлескен құжатты ресiмдеген кезде ресми атаулары ұйымның бағыныстылығына сәйкес кiшiрею жағына қарай жазылады. Бiрнеше ұйым әзiрлеген құжат мiндеттi түрде ұйымдардың мөрлерiмен куәландырылуы тиiс.

52. Iс жүргiзу тiлi мемлекеттiк тiл болып табылады, қазақ тiлiмен тең дәрежеде ресми түрде орыс тiлi қолданылады, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңында қарастырылған кейбiр жәйттерге сәйкес басқа да тiлдер қолданыста болады. Мемлекеттiк тiлдегi және онымен бiр мезгiлде жасалған өзге тiлдегi теңтүпнұсқа құжаттардың әрқайсысы жеке бланкiлерде (жеке парақтарда) басылады және бiрдей:
1) уақытпен;
2) тіркеу нөмірімен;
3) қол жеткiзудi шектеу белгісiмен;
4) бекіту белгісімен;
5) қосымшасы бар-жоғы туралы белгімен;
6) сол лауазымды тұлғаның қойған қолымен;
7) келісу белгісімен;
8) келісу бұрыштамасымен;
9) орындаушы туралы белгімен;
10) мөрмен ресiмделедi.

53. Құжатты екі немесе одан да көп парақта ресiмдеген кезде екінші және одан кейiнгi парақтары нөмірленеді. Өкімдік құжатқа және ілеспе хатқа тіркелген қосымшалардың парақтары дербес нөмірленеді. Нөмірлер араб цифрларымен парақтың жоғарғы жиегi ортасынан тыныс белгісiнсіз қойылады.
54. Өкімдік құжаттардан басқа құжаттарды парақтың қайырма бетін пайдаланып басуға рұқсат етiледi.

Наши рекомендации