Жұмыстың тақырыбы: Интернет

Жұмыстың мақсатыИнтернет мүмкіндіктерін пайдалануды үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

Интернеттiң негiзгi қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:

есім@ мекеме.домен

Мысалы:

[email protected]

[email protected]

Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат

Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.

Интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)

қосымша://қосымша.мекеме.домен

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары

gov - үкіметтік

org - үкіметтен ,коммерциядан тыс

edu - білім

com -коммерциялық

mil - әскери

net - желілік

Мысалдар:

http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы)

http://www.cnn.com (CNN Компаниясы)

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары

Қосымша ( 2000 ж. қараша айынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers)

museum - музейлер

name - жеке есімдер

aero - авиакомпании

coop - бірлескен, коммерциялық

biz - бизнес

info - ақпараттық

pro - кәсіпқой

Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы

uk - Великобритания

us - США

ru - Россия

se - Швейцария

kz - Казахстан

de - Германия

ua - Украина

fr - Франция

Мысалдар:

http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы)

http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск)

Наши рекомендации