Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс

Жұмыстың мақсаты:Microsoft Excel электрондық кестесі туралы мағлұмат. Мәлiметтердi енгiзу және редакциялау. Автотолтыру. Сан форматтары. Баған және жол қосу. үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

Microsoft Excel электрондық кестесі математикалық амалдарды пайдалана отырып есептеулер жүргізуге, дайын функцияларды пайдалананып күрделі есептерді шешуді жеңілдетуге, түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтер қорын құрып, олармен жұмыс істеуге, сандық эксперимент жүргізуге болатын программа.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Программаны іске қосу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаңыз: Бастау => Бағдарламалар => Microsoft Office => Microsoft Excel (Пуск => Все программы => Microsoft Office => Microsoft Excel).

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін төмендігей терезе пайда болады:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.1 – сурет. MS Excel 2007 мәтіндік редакторының терезесі

MS Excel 2007 электрондық кестесінің терезесінің сипаттамасы:

1. Терезенің сол бұрышында “Office” Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru түймешесі орналасқан. Бұл түймешеде жаңа құжат құру, құжатты ашу, сақтау, баспаға жіберу және т.с.с командалар бар (10.2-сурет).

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.2-сурет.“Office” түймешесі

2. Терезенің келесі қатарында мәзір лентасы орналасқан. Әрбір мәзірде қызметіне қарай топтастырылған батырмалар бар. Оның қандай да бір пунктін таңдау арқылы біз таңбаша түрінде берілген қажетті құралдарды аламыз (10.3-сурет).

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.3-сурет. Мәзір лентасы

3. MS Office 2007-нің барлық қосымшаларында бас менюдің лентасы мен астарлы бетінен басқа жылдам қызмет панелі бар. Ол лентаның жоғарғы жағында "Office" түймешесінің жанында орналасқан. Онда жиі орындалатын операциялар бар (10.4-сурет).

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.4-сурет.

4. Одан кейін формула қатары орналасқан. Формула қатарында ұяшыққа енгізілген мәліметтерді көруге болады (10.5-сурет).

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.5-сурет. Формула қатары

5. Жұмыс алаңы бағаналар мен қатарлардан тұрады. Бағаналар латынның бас әріптерімен белгіленген. Мысалы, A, B, C,…, XFD. Қатарлар араб сандарымен белгіленген. Мысалы, 1,2,3, …, т.с.с. Бағана мен қатардың қилысқан жерін ұяшық дейміз. Әрбір ұяшықтың өзінің адресі бар. Мысалы, А1, В3 және т.б.

6. Ең соңғы қатар қалып күй қатары деп аталады (10.6-сурет).

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.6-сурет. Қалып –күй қатары

Microsoft Excel электрондық кестесін іске қосқанда қалыпты жағдайда кітапта 3 бет болады. Кітапқа бет қосу үшін Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru бет жанындағы жұлдызшасы бар Бет қою (Вставить лист) таңбашасына немесе Shift + F11 батырмаларана басамыз.

Microsoft Excel электрондық кестесіне мәліметтердің 3 типін енгузге болады. Олар: мәтін, сан және формула. Формула енгізу үшін міндетті түрде тең батырмасына (=) басамыз. Керек формуланы енгізіп, Enter батырмасына басамыз.

Бағананың енін өзгерту үшін бағана тақырыптарының ортасын тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып созып үлкейтеміз немесе керегімізше кішірейтеміз. Осылай қатарлардың ұзындығын өзгертеміз.

Ұяшықтың 3 түрлі адресі бар. Олар: салыстырмалы, абсолюттік және аралас.

Салыстырмалы адрес. Салыстырмалы адрес ішінде формуласы бар ұяшыққа салыстырмалы орналасуына негізделген ұяшыққа мезгейді. Салыстырмалы адресті көшірген кезде ол өзгеріп, ұяшықтың ішіндегісі ауысады. Салыстырмалы сілтеме баған әріптері мен жол санынан тұрады, мысалы, А1, В3, С14 және т.б.

Абсолюттік адрес. Абсолюттік адрес деген – мәні абсолютті болып қалатын, басқаша айтқанда, көшіру барысында ұяшықтың ішіндегі мәні өзгермейтін адрес. Мұндай адрестің ішінде екі $ (доллар) таңбасы бар. Абсолюттік адресті табу үшін F2 пернесін басу арқылы ұяшықты редакциялау режіміне кіріп, абсолюттік болдырғыңыз келген адрестің тұсына

меңзерді әкеліп, F4 пернесін басыңыз. Абсолюттік адрес $A$1, $E$4 және т.б. түрінде жазылады.

Аралас адрес. Аралас адрес дегеніміз – жартылай абсолютті ұяшықтың адресі, мәселен, $E1 – баған бойынша, ал A$2 жол бойынша абсолютті. Аралас адрестің бір $ (доллар) таңбасы бар. Адресті аралас ету үшін F4 пернесін қайта басыңыз.

1-тапсырма.Компьютердің құрылғылары туралы мәліметтерді енгізіп, есептеулер жүргізіңіз. Ол үшін Е2 ұяшығына =C2*D2 формуласын енгізіп, Enter батырмасына басыңыз. Барлығын есептеу үшін Бастапқы (Главная) лентасындағы Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru Сумма батырмасын пайдаланыңыз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.7-сурет.

2-тапсырма.Қала билеттері туралы мәліметтерді енгізіп, есептеулер жүргізіңіз. Барлығы қатарын есептеу үшін Бастапқы (Главная) лентасындағы Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru Сумма батырмасын пайдаланыңыз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.8-сурет.

3-тапсырма.y1=x2-1; y2=x2+1; y=k(y1/y2) функциясын есептеңіз. Мұндағы k=10.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.9-сурет.

4-тапсырма. Фирманың жалпы пайдасы саудалық кірістен саудалық шығыстың айырымына; барлық шығын жалақыға кеткен шығын, жарнамаға кеткен шығын және фирманың қосымша шығындарының қосындысына; өндірісітік кіріс жалпы пайда мен барлық шығынның айырымына тең. Сонымен қатар жылдық қорытынды есептеңіз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.10-сурет.

Ұяшық адрестерінің 3 түрі бар. Олар: салыстырмалы, абсолютті және аралас.

5 - тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз.

P=2(a+b) формуласымен тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз;

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru формуласымен трапецияның ауданын табыңыз;

a) Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

формуласымен екі нүктенің ара қашықтығын есептеңіз;

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын табыңыз;

Тік бұрышты үшбұрыштың а және в катеттерінің ұзындықтары берілген. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен ауданын табыңыз Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru ; Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru .

6 - тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.11-сурет.

7 - тапсырма. Аты – жөні бағанасына 10 адамның аты –жөнін енгізіңіз. Алаша ақша бағанасына 70 000 – 150 000 аралығындағы сандарды енгізіңіз. Мұндағы Аванс - алаша ақшаның 40% пайызын, Зейнетақы – алаша ақшаның 10% пайызын, Салық ақша – алаша ақша мен зейнетақының айырымының 12% пайызын құрайды. Алатын ақшаны есептеңіз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.12-сурет.

8 - тапсырма. Абсолютті адрес арқылы көбейту кестесін толтырыңыз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.13-сурет.

9 - тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс - student2.ru

10.14-сурет.

Наши рекомендации